Отандық тарихи дереккөздердің әдіснамалық дағдарысы: себептері мен шешу жолдары


Slide 1

Тарихи дереккөздің әдіснамалық мәселелері

Slide 2

Дағдарыс себептері:

Заманауи отандық тарих ғылымында орын алып отырған әдіснамалық дағдарыс себептері турасында қоғамдық ой тарапынан туындар заңды сұраққа жауап ретінде төмендегі мәселелерге көңіл аударғым келеді: Біріншіден, тарих ілімі философия тарихымен жиі шатастырып жататын тарих философиясы пәніне тиесілі, ғылымның барлық түрлерінің ішінара әрекеттесуін қамтамасыздандырушы шектес аралықта орналасқан әдіснама, тіпті, арнайы шұғылданбаған кәсіби тарихшылар үшін де ауыр сала болып саналады.

Slide 3

Бүгінгі тарихшылар арасында әдіснаманы көбінесе дереккөздер пайдалану әдісімен байланыстырып, болмаса әдіснамалық аппаратты құрайтын, этимологиялық жағынан бір-біріне сабақтас «ілім» (теория), «әдіснама» («методология»), «әдіс» («метод») және «әдістеме» («методика») терминдерінің аражігін ажырата алмайтын зерттеушілер де аз емес. Дегенмен, бұл да заңды құбылыс. Себебі, кешегі Одақ құрамында саналы түрде жүргізілген саясатқа сай, отандық тарихшыларымыздың әлемдік тарихи ойдан оқшау даму үдерісінің орын алуы, одан қалды, қазақстандық ғылымда жоғары талапты ілімдік зерттеулер жүргізуге арнайы бағыт-бағдар берердей белгілі бір дәстүр, мектептер қалыптастыру тәжірбиесінің жоқтығы, сонымен қатар, мамандықтар номенклатурасында тарих ілімі - 07. 00. 01 шифрлы мамандығының мүлдем ескерілмеу фактісі заманауи зерттеушілеріміздің өз әдіснамалық таным ауқымын тек қана түрлі ақпарат құралдары арқылы қабылданған мәліметтер негізінде кеңейтуге мәжбүр болғандығын астын сыза айта кеткен жөн.

Slide 4

Екіншіден, соңғы жиырма жыл ішінде, отандық тарихшылар Ресей ғалымдары сияқты әлемдік тарихтың ілімі мен әдіснама мәселелерін талқылау ісіне белсенді араласа қоймағанымен, қазақ халқының тарихы мен мәдениеті заңдылықтарының алуан түрлілігін ашуға құзіретті ғылыми таным құралдарын іздестірумен шұғылданды. Жалпы алғанда, зерттеушілер арасында классикалық, классикалық емес, постклассикалық, постмодернистік парадигмалар жайлы түсінік орнықты, бірізді, унитарлы-сатылық парадигма іргетасы болып табылар қоғамдық-экономикалық формациялар теориясымен қатар, әмбебапты-плюралистік ұстаным негізіне алынған салыстырмалы өркениеттер теориясы, әлемдік жүйе, әлемдік экономика, т. с. с. әдіснамалық ұстанымдар туралы азды-көпті талданымдар, зерттеулер баршылық деп қаншама ауыз толтыра айтқанымызбен, жаңа зерттелімдер әлі де болса, әдеттегі сандық көрсеткіштер, фактілер мен жетістіктер желісін баяндаумен шектелуден түпкілікті арыла алмай келеді.

Slide 5

Заманауи зерттеушілердің жаһандық тарихи таным құрал-саймандарымен жеткілікті дәрежеде қаруланғандығы, қазақ халқының рухани және материалдық құндылықтары жайлы сансыз куәліктер немесе, мирас ретінде жеткен мемлекеттілікке тиесілі атрибуттарына қарамастан, осы уақытқа дейін, төл өркениетіміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси жүйелері дамуының ішкі ерекшеліктерін қарапайым да және дәлелді тұрғыда қалың көпшілікке түсіндіре алмай келеміз.

Slide 6

Тарихтың екі қилы тағыдырын ажырата қарастырған белгілі антрополог Клод Леви-Стростың: «одна история - поступательная, приобретающая, аккумулирующая находки и изобретения для возведения цивилизаций, а другая история, возможно, равно деятельная и исполненная таланта, но ей не достает дара синтеза, являющегося преимуществом первой» деген тұжырым мәнін өзімізге қатысты түйсіну аса маңызды. Одан қалды мемлекеттік бағдарламалар нәтижесінде жан-жақтағы ғылыми ой мұрасының орасан зор бөлігін жүйелендіру кезеңі аяқталды, тарихи дереккөз ретінде ауызша тарих тарих айту дәстүрі үлгілерін қолдану мәселесінің лайықты ғылыми негізі қаланды деп ұйғарғанымызбен, ұлттық тарихымызда қазықты болып табылар осы бір бағыт әлі де болса түпкілікті меңгерілмей қалып отыр.

Ауызша тарих проблемалары:

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Дау-дамайдың пайда болу себептері мен шешу жолдары
Саяси шиеленістер мен дағдарыстардың типологиясы, себептері және шешу жолдары: Қазақстан жағдайы
Этносаяси жанжалдар: теориясы, себептері және шешу жолдары
Топырақтың экологиялық проблемалары: жіктелуі, себептері және шешу жолдары
Менеджменттегі дау-жанжал: түрлері, себептері және шешу жолдары
Тұлғааралық қақтығыстар: себептері, функциялары және шешу жолдары
Педагогикалық дау-дамайлар: түрлері, себептері және шешу жолдары
Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздық: себептері, деңгейі және шешу жолдары
Геоэкология және ғаламдық экологиялық мәселелер: пайда болу себептері, салдары және шешу жолдары
Мемлекеттік билік қызметіндегі құқықтық конфликттер: түрлері, себептері және шешу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz