Қазақстан мен Орталық Азияда Кеңес үкіметін орнату



Қазақстан мен Орталық Азияда Кеңес үкіметін орнату

Кеңес үкіметі ұғымы
Кеңес үкіметі, немесе Кеңестер билігі - бұрынғы Ресей империясында (1917 жылдың 1 қыркүйегінен Ресей Республикасы) Уақытша үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан төңкерісінен кейін орнатылған билік жүйесінің атауы; кейде “Кеңес үкіметі” ұғымы Кеңес Одағындағы жалпы билік жүйесінің атауы ретінде де қолданылады. “Кеңес” (орыс тілінде Совет) сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы - Жұмысшы депутаттары кеңесі түрінде 1905 - 07 жылғы бірінші орыс революциясы барысында пайда болған.

Кеңес үкіметінің орнауы.
1917 жылдың 24-25 қазанында Ресейде большевиктер партиясы басқарған төңкеріс болып, Уақытша үкіметі құлатылды. Қысқа мерзімде большевиктер Петроград, Мəскеу, Иваново- Вознесенск, Төменгі Новгород, Тверь, Ярославль, Екатеринбург жəне тағы басқа өнеркəсіп орталықтарында жаңа Кеңес өкіметін орната бастады. Төңкеріс кезінде жұмыс істеген Кеңестердің Бүкілресейлік II cъезінде большевиктердің ықпалымен Жер жəне Бейбітшілік туралы тарихи Декреттер қабылданып, В. И. Ленин басқарған бірінші Кеңес үкіметі Халық Комиссарлар Кеңесі құрылды . Сонымен қатар Кеңестердің съездер аралығында елдегі өкіметтің жоғарғы органы болып Бүкілресей Орталық Атқару Комитеті сайланды .
Большевиктер билікке келсімен оларға қарсы бағытталған «ақтар қозғалысы» қарулы күрес бастап, Ресейде азамат соғысының оқиғалары орын алды. Кеңес өкіметі жаңа орнығып жатқан кезде көпұлтты Ресейде ыдырау үрдістері басталды, соған байланысты Финляндия, Польша, Əзербайжан, Армения, Грузия, Эстония, Латвия жəне Литва өздерінің тəуелсіздіктерін жариялады . Сонымен қатар Украинада Орталық Рада, Қазақстанда «Алаш Орда», Түркістанда Қоқан автономиясының үкіметтері құрылды, олар жергілікті халықтардың мүддесін қорғайтын саяси күштер болды .
Бірақ Қазан төңкерісіне дейін Ресейді «халықтар түрмесі» деп олардың бостандығын жақтаған В. Ленин, И. Сталин жəне тағы басқа большевиктердің көсемдері өздері билікке келгеннен кейін, «ұлы державалық» пиғылдарын анық көрсете бастады. 1918-1919 жылдары большевиктер басшылығы, Қызыл Армияның күшімен, Украинадағы, Қазақстандағы жəне Түркістандағы ұлттық үкіметтерді талқандап, құғынға ұшыратты, олардың орнына аталған аймақтарда Кеңес өкіметі орнатыла бастады.

Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауының басталуы
Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:
Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.
Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда - қарулы күрес жолымен.
Перовск (Қызылорда жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын. Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады.
Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси - экономикалық және әкімшілік орталағы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда қарулы күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша - желтоқсан айларында Кеңес үкіметі Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады.

Қазақстанда кеңес үкіметінің толық арнауы.
Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 жылы 12 қарашада Уақытша революциялық комитет құрылды. Төрағасы И. Д. Дубинин болды, құрамына Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков және т. б кірді. Дегенмен, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак - орыс және офицер - старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті.
Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 - нан 17 - не қараған түнде көшті.
1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz