Діни архитектура


Slide 1

Діни архитектура

Slide 2

Діни ғимараттар - дін парыздарын өтеуге, Құдайға ғибадат қылуға арнап салынған құрылыстар. Олар әр-түрлі дінде әрқалай аталады. Мыс., мешіт, қылует, шіркеу, собор, синагога, монастырь, кирха, погода, т. б.

Slide 3

Діни ғимараттарға діни оқу орындарының ғимараттары (медресе, мектеп, дәрісхана, т. б. ) олардағы оқушыларға арналған жатақханалар (хужра), қажылыққа барушылар мен сопыларға арналған тегін қонақ үй-әкиелер және әулие-әнбиелердің, аса танымал діндарлардың қабірі басына орнатылған ескерткіштер, зияратханалар да жатады.

Slide 4

Діни архитектуралардың ерекшеліктері.

Құрылыс материалына әр түрлі материалдар (күйдірілген кірпіш, ағаш, соқпа балшық, т. б. ) қолданылды. Түрліше қалыпта күйылған және күйдірілген кірпіштер бетіне өрнектер салынып, жазулар жазылады. Қабырғалары түрліше әдіс тәсілдермен өрілуі мүмкін. Мыс., «екібасар», «өріп қалау», «сұқпа», «оймыш қалау», т. б. діни ғимараттардың ішінде михраб, мінбар сияқты арнаулы орындар болады.

Slide 5

Ислам дінінің енуіне байланысты VII - VIII ғасырларда мешіттер салу үрдісі ең алдымен Қазақстанның оңтүстік батысында басталды. Қазақстандағы ең ежелгі әрі көрнекті мешіт пен Қожа Ахмет Иасауи кесенесі Түркістан қаласында салынған, ал қазіргі кездегі ең көрнекті мешіттер Алматы, Астана, Павлодар қ-ларындағы Орт. мешіттер.

Исламдық ғибадатхана - мешіттің ішкі төріндегі қуыс - михраб Меккедегі Қағба бағытына каратылып салынады. Діни ғимараттардың ұшар басына мұсылмандар жарты ай, басқа діндегілер өз белгілерін орнатады. Қазақстан жеріндегі діни ғимараттардың ең көне түрлеріне қорғандар, дыңдар, көрханалар, мұнаралар, т. б. жатады.

Исламдық ғибадатхана.

Slide 6

Католиктік ғибадатхана

Лютерандық ғибадатхана

Провославтық ғибадатхана

Христиандық ғибадатханалар

Христиан діні - Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін.

Әлем бойынша ең көп таралған дін. Шамамен 2. 2. млрд христиан. Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдың ұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді. Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді.

Slide 7

Буддизмдік ғибадатхана

Будда - будда дінінің негізін қалаған әулиенің лақап аты. Шын есімі - Гаутама Сиддһартһа. Солтүстік Үндістанда (бүгінгі Непал жерінде), шак (сақ) халқы патшасының отбасында дүниеге келген. Будда (біздің заманымыздан бұрынғы 623 - 544 жылдары; санскритше Буддһа көкірегі ояу, көзі ашық деген ұғымды білдіреді) сол кездері Үндістанда үстемдік құрған Веда ілімін мойындамай, аһимсаны (тіршілік иелеріне жамандық жасамауды) уағыздаған.

Будда -буддизм іліміндегі - айқындыққа (бодхиге) жеткенді айтады. Сиддхартха Гаутама (айқындыққа жеткен кезден Будда Шакьямуни есім алған), біздің заманымыздан бұрын шамамен 623-543 жылдары өмір сүрген, және бодхиге 588 ж. жеткен болатын, ең алғашқы да, ең соңғы будда да болып саналмайды. Буддизм ілімінің көзқарасы бойынша, будда деп кез келгеннің карманың жақсы, яғни оң санын айтарлықтай мол жинаған және ақиқатқа (дхармаға) көз жеткен тірі жанды айтады.

Slide 8

Яһуди діні немесе - ежелгі діндердің бірі. Еврейлер арасында таралған. Яһуди діні сеніміндегілердің басым көпшілігі Израиль мен АҚШ мемлекеттерінде шоғырланған. Б. з. б. 13 ғасырда батыс семит көшпелі тайпаларын Египет перғауыны Палестинадан далалы аймаққа ығыстырды. Палестинадан қуылғандар Яхве атты Құдайға сенетін тайпалық одаққа бірігіп, “Израил” атын алды. Б. з. б. 622 жылы Иудей патшасы Иосия діни реформа жасады да, жергілікті әулиелердің шырақтарын жойып, Иерусалим ғибадатханасын Яхве Құдайға құлшылық етудің орталық деп жариялады. Содан бастап дүниеде бір Құдай бар, ол - Яхве, ол әлемді билеп, өз халқы - еврейлерге қамқорлық жасайды деп уағыздалды.

Синагога (грекше synagoge - жиын) - иуда дінінің ғибадатханасы. Синагога толық мәніндегі храм емес, онда садақа беруге, құрбандық шалуға рұқсат етілмейді. Негізінен ол қауым болып бас қосып, ғибадат жасайтын, қоғам мәселелерін шешетін үй болып саналады. Оның өз қазынасы, мүлкі бар. Еврейлер қауымдарын раввиндер басқарады. Раввинді беделі мен біліміне қарай қауымның өзі сайлайды.

Қазақстанда Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда қалыларында синагогалар бар. 1998 ж. Алматыда еврей мәдени орталығы ашылып, ондағы синагогаға Леви Ицхақ аты берілді.

Иудауизм ғибадатханасы

Slide 9

Назарыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Домалақ ана кесенесі
Топ басшыларының сайысы
Өнердің түрлері
Архитектура стильдері
Ислам өркениеті
Рухани мәдениет
Дербес электронды есептеу техникасының архитектурасы және құрылымы
Реформация философиясы
Қазақстан қала мәдениетінің дамуындағы Ұлы жібек жолының рөлі
Әлем халықтарының этнологиясы пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz