Орталық Азияда орналасқан мемлекет


Slide 1

Орталық Азия мемлекеттерінің географиялық орналасуы жағдайы.

Slide 2

Орталық Азия

Орталық Азия - Азияның ішкі аумағында орналасқан табиғат аймағы. Батысы мен солтүстік-батысында ТМД елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан), солтүстігінде Моңғолия, Қытайдың солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігін Ауғанстан, Пәкстан, Үндістанның солтүстік бөліктері, орталығы мен шығысын Қытай алып жатыр.

Slide 3

Қазақстан Республикасы - Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені. Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде және батысында Ресеймен, оңтүстігінде - Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстан, ал шығысында - Қытаймен - шектеседі. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады. 2019 жылдың 1 тамызында елдегі тұрғындар саны - 18 528 900, бұл әлем бойынша 64-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²) . Елдің астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі.

Қазақстан

Slide 4

Өзбекстан

Өзбекстан Республикасы Орталық Азияда орналасқан мемлекет. 1992 жылы 8 желтоқсанда қабылданған конституциясы бойынша - президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Президент 5 жылға сайланады. Жоғары заң шығарушы органы (Олий Мажлис) - қос палаталы парламент заң шығарушы палата (төменгі палата) және Сенаттан (жоғарғы палата) тұрады. Атқарушы органы - Министрлік Кабинет. Әкімшілігі жағынан бір автономиялық республикаға (қ. Қарақалпақстан) және 12 облысқа бөлінеді.

Slide 5

Қырғызстан

Қырғызстан (қыр. Кыргызстан), ресми Қырғыз Республикасы (қыр. Кыргыз Республикасы) - Орта Азияда орналасқан мемлекет. Жер аумағы - 198, 5 мың км2. Халқы - 6 миллион адам. Астанасы - Бішкек қаласы . Конституциясы бойынша - Президенттік басқару нысанындағы мемлекет. Заң шығарушы органы (Жогорку Кенеш) 2 палатадан тұрады. Ресми тілдері - қырғыз және орыс тілдері. Ұлттық мерекесі - 31 тамыз - Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі - сом. Әкімшілік-аумақтық мағынада ол 7 ауданға және республикалық маңызы бар 2 қалаға бөлінген, Бішкек және Ош. Экономикалық-географиялық жағынан, Орталық Қырғызстан, Солтүстік және Оңтүстік өңірлер.

Slide 6

Түрікменстан - жер көлемі 488, 1 мың км² алып жатқан, батыстан шығысқа 1100, солтүстіктен оңтүстікке 650 км созылып жатқан Орталық Азиядағы мемлекет. Жер аумағы бойынша әлемде 52-ші орын.

Ресми тілі:Түрікмен тілі.

Елордасы :Ашхабад.

Ірі қалалары:Ашхабад, Түрікменабад, Ташховуз, Балканабат, Мары, Түрікменбашы.

Үкімет түрі:Президенттік республика.

Президенті:Құрбанқұлы Бердімұхамедов

Мемлекеттік діні :Ислам

Түрікменстан

Slide 7

Тәжікстан

Тәжікстан- Орталық Азиядағы мемлекет. Оңт-нде Ауғанстанмен, солүстік мен батысында Өзбекстанмен, солтүстігінде Қырғызстанмен, шығысында Қытаймен шектеседі. Жер аумағы - 143, 1 мың км2. Халқы - 9 000 030 миллион (2018Астанасы - Душанбе қаласы (608 мың адам) (2000) . Ресми тілі - тәжік тілі. 1994 жылы қабылданған Конституциясы бойынша - президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Заң шығарушы органы - меджлис. Тәжікстан құрамына Таулы Бадахшан автономиялы облысы кіреді. Тәжікстан әкімшілік жағынан 3 облысқа бөлінеді. Ақша бірлігі - сомони.

Slide 8

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
ШЕТЕЛДІК АЗИЯ
Азия елдерінің мамандану саласы
Отан үшін күрес – ерге тиген үлес
Әлемді география арқылы таны
Өзбекстан индустриалды - аграрлы мемлекет
Әлем елдері экономикасы
Унитарлы мемлекеттер
Халықаралық және Еуропалық қайта құру банкі
Мемлекеттік Рәміздер - мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері
Кеңес Одағының ыдырауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz