Орта ғасырлардың ұлы ғалымы
Презентация қосу
«Ибн
Сина - адам
зат
тарихында
қалдырған
жарқын
Өмірбаяны
Әбу Әли әл-Кұсайын ибн
Абдаллах ибн әл-Хасан ибн Әли
ибн Сина 980 жылы Бұқар
қаласының маңайындағы
Афшана деген жерде, тәжік
отбасында туды. Оның әкесі өз
заманының әрі ауқатты, әрі
мәдениетті адамы болған.
Саманидтер әулеті Нух ибн
Мансурдың сарайында,
Мусавфи диуаңында
(мемлекеттік қаржы
басқармасында) қызмет
атқарады. Ибн Сина бес жасқа
толғанда, әкесі өз отбасымен
сол кездегі феодалдық
Бұқар ол кезде шығыстың аса
маңызды мәдени орталықтарының бірі
болатын. Көптеген ата-аналар
өздерінің балаларын Бұқарда оқытуға
тырысатын. Сондай ата-аналардың бірі
- Ибн Синаның әкесі болған. Өзі сарай
маңында қызметке орналаскан ол,
баласы Құсайынды бастауыш
мұсылман мектебіне оқуға береді.
Кішікене Құсайын бес жасынан-ақ
өзінің зеректігі және тапқырлығымен
маңайындағының бәрін таңқалдырады.
Бұқарға келгенде ол бүкіл құранды
жатқа біледі екен. Оның соншалықты
білімді болып өсуіне өз отбасындағы
мәдениетті өмір де елеулі әсер етті.
Оның үйіне Орта Азиядан, Таяу
Шығыстан, тіпті сонау алыстағы араб
елдері - Мысырдан (Египет) қонақтар
келіп, әкесі солармен ұзақ түндер бойы
түрліше ғылым-білім тақырыбында
әңгіме шертіседі екен.
Ғылымға барар жолда
Ибн Сина геометрияны Эвклидтің теориясы бойынша, астрономияны
Птолемейдің «Алмагестасы» бойынша оқиды. Ол оқудан, үйренуден, ізденуден
ешбір жалықпай, күн-түп демей жұмыс істеп отыра беретін болған.
Ибн Сина ескі грек философиясымен, логика, физика, астрономия және тағы
басқа ғылымдармен терең танысады. Сонан кейін медицинаны қолға алады.
Ерте заманның ұлы дәрігерлері Гиппократ пен Галеннің шығармалары,
Шығыс ғалымдарының медицина туралы түрлі еңбектері оның қолынан
түспейтін болады. Осылайша, медицинаны теория жүзінде меңгергеннен кейін
медицинамен тәжірибе жүзінде айналысады, яғни маңайындағы ауырған
адамдарды емдеу ісімен шұғылданады. Бұл жұмысты көбінесе тәжірибе алу
үшін ақысыз-пұлсыз жүргізеді.
Осы кезде Бұқардың өмірі Нух ибн Мансур қатты ауырып қалады.
Сарай маңайындағы дәрігерлер оған еш ем жасай алмайды. Сонсоң
Ибн Синаны шақыртады. Жас дәрігер әмірді табан астында жазып
жібереді. Сонан кейін әмір Ибн Синаға көптеген сыйлықтар береді
және сарай маңындағы кітапханадан кітап алып тұруға рұқсат етеді.
Мұнда өзінің мазмұны және құндылығы жағынан дүние жүзіиде өте
сирек кездесетін кітаптар болыпты. Ол заманның ғалымдарының
көпшілігі мұндай кітаптарды көрмек түгіл, өмірде ондай кітаптардың
болуы мүмкін деп те ойламаған. Міне, Ибн Сина осы кітаптарды
мұқият оқып, одан өзіне қажетті ғылым-білімдерді ала білген.
Ең танымал еңбектері.
Ибн Сина Хорезмде жүрген жылдары өзінің аса
күрделі екі еңбегін жазған. Оның бірі - «Медицина
ғылымының заңдары» («Канон»), екіншісі -
«Саулық сақтау кітабы» («Кітап аш-шифа») деп
аталады. Бірінші кітапта дәрігерлік, емдеу
мәселелері сөз болса, екінші кітап - физика,
математика, астрономия, логика және басқа да
қоғамдық ғылымдарға арналған. Міне, осы екі
еңбек Әбу Әли ибн Синаның атағын бүкіл дүние
жүзіне жаяды, оған өлмес даңқ әпереді.
«Канон» - медицина энциклопедиясы
Ибн Синаның медицина саласындағы ең күрделі
еңбегі - «Медицина ғылымының заңдары» («Канон») .
Бұл еңбегін ол 1010-жылы бастап, 1020-жылы аяқтаған.
«Канон» сол кездің ғылым тілі - араб тілінде жазылған.
Медициналық ілімдердің нағыз энциклопедиясы деп
танылған бұл еңбек сол кездегі медициналық білімдердің
екшелеп, сараланған және бір жүйеге келтірілген
анықтамасы. Орта ғасырлық тарихында бұған тең
келетін әдебиет, ғылыми еңбек жоқ десе болады.
«Канон» ерте кездің өзінде-ақ латын тіліне аударылып,
әуелде Италияға, Испанияға, сонан соң бүкіл Еуропаға
қолжазба күйінде таралады. XIII ғасырдан бастап
Еуропаның барлық дәрігерлерінің қолынан түспейтін
кітабына айналады. Кітап басу ісі жолға қойылысымен-
ақ, «Канон» да бірнеше рет кітап болып басылып
шығады.XVIII ғасырға дейін «Канон» жоғары оқу
орындарында оқу құралы ретінде пайдаланылды.
Біздің елімізде бұл кітап орыс және өзбек тілдеріне
аударылып, басылып шықты. Сөйтіп Ибн Сина еңбегі
арада он ғасыр, өткенде, өз Отанында тұңғыш рет жарық
көрді. Мұның өзі біздің елімізде Отандық ғылым
қазынасына қаншалықты мән берілетінін көрсетеді.
Аристотельдің жолын қуған
Ибн Синаның философиялық еңбектері
қайшылықтарға толы. Ол өзінің табиғатқа,
қоғамға көзқарасында идеалистік бағыт
ұстаған. Сонымен бірге оның ілімінде
материализмнің де көптеген элементтері бар.
Ол бір жағынан Аристотельдің жолын қуып,
соның ілімін дамытса, екінші жағынан
Платонның және басқа да идеалистердің
көзқарастарын мақұлдайды. Сол сияқты, ол
бірде философия мен дінді келістіруге
тырысса, екіншіде материяның мәңгі екенін
айтады. Мұның өзі сол кездегі діншілдердің
дүниенің жаратылуы туралы түсінігіне мүлдем
қарама-қайшы келетіні мәлім. Сондай-ақ, Ибн
Сина табиғатта себепті заңдылықтың
барлығын айтады. Бұл да «бәрі тәңірдің
әмірімен» деген діншілдердің кертартпа
теориясына қарама-қарсы келеді. Соның үшін
де діншілдер Ибн Синаны «құдайдан безген»,
«қауіпті адам» деп санап, ұзақ жылдар бойы
қуғынға ұшыратты.
Ибн Синаның жемісті ғылыми жұмысы 1017-жылы кенеттен тоқталып қалады. Өйткені, Ғазна
шахы Махмуд Ғазнауи Хорезмнің ішкі ісіне араласып, оны басып алады. Осыған байланысты Хорезм
ғалымдары куғынға ұшыратылады. Соның бірі - Ибн Сина болатын. Ибн Сина өзінің 20 жылға
созылған қуғын-сүргін өмірі ішінде үлкенді-кішілі жүзден астам ғылыми еңбек жазады. Бірақ,
өкініштісі сол, олардың көпшілігі біздің заманымызға жетпей жоғалған. Соның ішінде «Әділеттік
кітабы» («Кітап Әл-Инсаф») деп аталатын 20 томдық философиялық шығармасы да жоғалып кеткен.
20 жыл бойы қуғында жүріп, жоқшылық пен таршылықтың зардабын тартқан ғалымның
денсаулығы барған сайын нашарлап, әл-қуаты кемиді. Ақырында, Орта Азияның даңқты перзенті,
«ғалымдар атасы» аталған атақты оқымысты, асқан дәрігер 1037 жылы маусым айында шет елдерде
жүріп қайтыс болады. Денесі Иранның Хамадан деген қаласының маңына жерленеді.
Қорытынды.
Орта ғасырлардың ұлы ғалымы
Әбу Әли ибн Сина табиғат пен
қоғам құбылыстарының өз
замандастарына белгісіз көптеген
құпияларын ашты, адамның ақыл-
ойын фанатизм мен жоққа
сенушіліктен құтқаруға тырысты,
табиғатты танып, оны адамзатқа
қызмет еттіруге ұмтылды. Соның
үшін де адамзат қоғамы Орта
Азияның асқан ғалымы, ұлы
ойшылы, тамаша табиғат
танушысы Ибн Синаның есімін
ғасырлар бойы құрметтеп келеді.
Назарыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz