Ет пен сүт өндіріс орындарын дезинфекциялау: заттар, қолдану тәртібі және сапаны бағалау


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ КАФЕДРАСЫ

Тақырыбы:Ет сүт өндірісі орындарындағы дезинфекциялық заттар. Олардың түрлері мен қолдану реті. Құрал-жабдықтардың, өндіріс орындардың дезинфекциялық сапасын бағалау.

Орындаған:Әділханова. Д. С

Тобы: ВС-503

Тексерген:Қойгельдинова. А. С

Семей 2019жыл

СӨЖ

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

2. 1 Ет сүт өндірісі орындарындағы дезинфекциялық заттар. Олардың түрлері мен қолдану реті. Құрал-жабдықтардың, өндіріс орындардың дезинфекциялық сапасын бағалау

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Дезинфекция деп сыртқы ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырушылары - зардапты микробтарды жою шараларын айтады. Ет-сүт өндірісін дезинфекциядан өткізу үшін химиялық, физикалық және биологиялық заттар қолданылады.

Дезинфекциялаушы заттар тобы - сілтілер, хлорактивті препараттар және тағы да басқа микроб клеткасына әсер ете отырып, онда биохимиялық және морфологиялық өзгерістерге әкеліп соғады

Slide 4

Дезинфекциялық шараларды жүргiзу үшiн келесi жабдықтар болу керек

1. гидропульт (чехолмен) ;

2. эмальденген шелектер немесе 1, 5 және 10л деген жазуы бар ыдыстар;

3. дезинфекциялаушы камераға заттарды тасымалдау үшiн кленкалы қаптар;

4. дезинфекцияланатын затқа арналған үлкен ыдыс;

5. таза заласызданған ветошь;

6. қолданылған ветошьтар және қолданылған арнайы киiм комплектерiнiң кленкалы қаптары;

7. сортировкасы жасалған дезинфекциялық заттар;

8. арнайы киiм: халаттар, қалпақтар, респираторлар, қорғайтын көзiлдiрiк, резиналы перчаткалар;

Slide 5

Газбен дезинфекциялау

Газдардың әсерімен әр түрлі заттарды газ камераларында зарарсыздандыруға болады жэне аэрозольдік дезинфекция тэрізді бұл әдіспен қора-жайды да зарарсыздандырады. Дезинфекциялық камераларда әсіресе булы формалин камераларында жүмыс киімдерін зарарсыздандыру кеңінен тараған. Өйткені бұл әдіс оңай және матадан жасалған заттарды бүлдірмейді. Бұл үшін ОКЭМБ (окись этилена-бромистый метил) пайдаланылады. Ол этилен тотығының бір салмақ бөлігінен және бромды метилдің 2, 5 салмақ бөлігінен түрды. Оны болаттан жасалған балондарда шығарады. Қайнау температурасы қалыпты атмосфералық қысым жағдайында 8, 5°С болғандықтан өте тез газ күйіне ауысады. ОКЭМБ газы аса улы, онымен противогаз киіп жұмыс істейді.

Slide 6

Химиялық заттар. Сенімді зарарсыздандырушы әсері бар, құрылғыларды зақымдамайтын, суда жақсы еріп және онда тұрақты ерітінді түзетін, өткір жағымсыз иісі жоқ, сонымен қатар адам мен жануарлыр өміріне қауіпсіз, арзан әрі тасымалдауға оңай дезинфекциялаушы байланысты қолдану тиімді болып табылады. Бірақ осы аталған сұраныстарға жауап беретін әмбебап зат әзірше жоқ. Сондықтан дезинфектант таңдаған кезде әрбір нақты жағдайды ескерген жөн.

Slide 7

Ветеринария тәжірибесінде дезинфекциялау үшін:

Slide 8

Сілтілер (Alcalia) - бұл суда еритін, теріс зарядталған гидроксильді аниондар бөліп шығаратын қосылыстар. Ветеринарлық дезинфекцияда күйдіргіш натрий, күйдіргіш калий, сөндірілген әк, көмірқышқылды натрий (сода), көмірқышқылды калий (поташ), аммиактың судағы ерітіндісі сияқты сілтілер қолданылады.

Slide 9

Сілтілер микробтардың ph дәрежесін жоғарылатып, протоплазмасының бұзылуына әсер етеді.

Сілтілердің 70% ерітіндісі әсіресе күйдіргіш натрий аусыл, шошқа обасы, жылқының инфекциялық анемиясы өте күшті залалсыздандырғышәсер етеді.

Slide 10

Қышқылдар (Acida) - құрамында сутегі бар, металлдармен байланысқан тұз түзе алатын қосылыстар. Мал шаруашылығы нысандарын дезинфекциялау үшін тұз-, сүт-, сірке- және құмырсқа қышқылдары қолданылады.

Slide 11

Хлорлы заттар. Бұл препараттар қатарына хлорлы әк, хлорамин, гипохлориттер және ерітіндіде тек қана хлор емес, сонымен қатар оттегін де бөліп шығаратын тағы да басқа қосылыстар жатады.

Хлорлы әкті мал шаруашылығы ғимараттарын, жануартектес шикізаттарды, ауыз және сарқынды суларды, көңді, көң садырасын сақтауға арналған қоймаларды және жануарларды тасымалдағаннан кейін вагондарды дезинфекциялау үшін пайдаланады.

Спора түзбейтін микроорганизмдер бар нысандарды дезинфекциялау үшін хлорлы әктің құрамында 2% белсенді хлоры бар ағартылған ерітіндісі, ал спора түзуші микрооргаизмдерге қарсы - 5% белсенді хлоры бар ерітіндісін қолданады.

Slide 12

Бір хлорлы йод - өзгеше иісі бар, суда түгел еритін, сарғыш қоңыр түсті сұйық зат. Оны лаборатория жағдайында шыны ыдыста 10 г йодты қышқылды калий мен 11г иодты кальцийді 875 мл езілмеген тұз қышқылында шайқап араластырады да 1л жеткізіп су құяды. Бұны 100%-ға балайды да, қажетінше ерітінді әзірлейді. Қысағаны емдеу және тоңазытқыштағы зеңді (плесень) жою үшін 7%-ды ерітіндіні пайдаланады. 10%-ды ерітінді топалаң қоздырушысының спорасын өлтіреді.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Сүт пен балық өнімдерінен сынама алу әдістері және сапаны органолептикалық-физика-химиялық бағалау
Сүт сауылатын ыдыстар мен мүліктерге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар және жуу-дезинфекциялау тәртібі
Ет және сүт өндіріс орындарында дезинсекция, дератизация және лас суларды тазалау мен зарарсыздандыру
Қалпына келтірілген сүт: өндіріс технологиясы, құрам мен қолдану ерекшеліктері
Ет пен ет өнімдерінің бұзылуы: микробиологиясы және жастығын органолептикалық бағалау
Зертханалық шыны ыдыстарды дезинфекциялау және стерилизациялау әдістері мен жұмыс тәртібі
МЕСТ стандарттары бойынша сүт пен сүт өнімдеріне қойылатын талаптар
Тағам өнеркәсібіндегі биотехнология: ет, сүт, нан және сыра өндірістеріндегі қолданбалары
Квалиметрия: теориясы, құрылымы және сапаны бағалау әдістері
Тамақ өндірісіндегі биотехнология: тағам құрамдары, уыт өндірісі және ет, балық, сүт пен крахмал өнімдерінің технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz