Агглютинация реакциясы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тексерген:Нуркенова. М. К

Орындаған: Әділханова. Д. С

Тобы: ВС-503

Тақырыбы:Агглютинация және преципитация реакциясы.

СӨЖ

Slide 2

Жоспар

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім

Агглютинация реакциясы.

Преципитация реакциясы.

ІІІ. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Агглютинация (. agglutinatio - жабысу) - арнайы антиденелердің (агглютининдер) әсерімен корпускулдық антигендердің (бактериялар, қан клеткалары, басқа клеткалар) бір-біріне жабысуы және тұнба (агглютинат) жасауы. Қанның қызыл және ақ түйіршіктері бір-бірімен кейбір жұқпалы ауру қоздырғыштарыныц (мысалы грипп парагрипп вирустары) әсерінен де жабысады. Бұл тәнді реакция, сондықтан бактерия және вирустар туғызатын ауруларды анықтау үшін кеңінен қолданылады.

Slide 4

Агглютинация реакциясы. Агглютинация, немесе микробтардың жабысуы, ағзада агглютининдердің барымен белгіленеді.

Осы серологиялық реакция жануарларда және адамдарда бруцеллез ауруын анықтағанда (Райт, Хеддельсон реакциялары), сүзек, сальмонеллез ауруларын (Видальреакциясы) анықтағанда, ағзадан бөлініп шығарылған қоздырғышты анықтағанда өткізіледі.

Slide 5

Аглютинация реакциясы осы реакциямен екі жағдайда қолданады:

зертханада белгілі антигеннің көмегімен

ауру ағзадан алынған

сары суды зерттегенде

зертханада болған белгілі сары судың көмегімен ауру ағзадан бөлініп шығарылған белгісіз микробты зерттегенде.

Slide 6

Реакцияны өткізу үшін қажетті заттар:

Slide 7

Қолданылуы

•Агглютинация реакциясының әр түрлі нұсқаларымен қолданады: жәйілім, беттеу және т. б. Ауруларда антиденелер анықтау үшін жәйілім агглютинация реакциясын қояды: аурудың қанының езілген сары суына өлтірілген микробтардың суйықтығын (диагностикум) қосады. +37 градуста бір неше сағат ұстап жаратылған тұнбаны байқайды.

Агглютинацияның сипаттамасы және жылдамдығы антигеннің және антидененің түрімен байланысты. Мысалы О- және Н-антигендердің ерекше антиденелермен қарым қатынасу ерекшеліктері: О-диагностикуммен (жылытумен өлтірілген бактериялар) агглютинация жапалақтары ұсақ болады, Н-диагностикуммен (формалинмен өлтірілген бактериялар) агглютинация жапалақтары ірі болып реакция тез өтеді.

Slide 8

Аурудан адамнан бөліп алған қоздырғышты анықтау үшін агглютинация

реакциясын қояды. Осы реакцияда диагностикалы антиденелермен қолданады,

басқаша айтқанда қоздырғыштың серотипін анықтайды. Беттеу реакциясын шыны

үстінде өткізеді. Диагностикалы иммунды сары судың 1:10 немесе 1:20 көлемі

артырылған бір тамшысына ауру адамнан бөлініп алынған қоздырғыштың таза

дақылын қосады. Жапалақты тұнба пайда болса, келесі реакцияны диагностикалы

сары судың көлемін тағын да арттырып, әр бір мөлшерге қоздырғыш бар

дақылдың 2-3 тамшысын қосып сынауықтарда өткізеді. Жапалақты тұнба түскен

реакцияның мөлшеріне қарап реакцияны бағалайды.

Жұмыс барысы

Slide 9 Slide 10

ПРЕЦИПИТАЦИЯ РЕАКЦИЯСЫ - ерекшелік антиденемен молекулярлы антигеннің кешені қалыптасып тұнбаға түсу реакциясы.

Slide 11 Slide 12

Сақиналы преципититация реакциясын қою үшін диаметрі 0, 5 см жіңішке пробиркаға 0, 1мл табиғатты микробты немесе басқа түрлі антигендерге қарсы диагностикалық сарысудықұяды. Содан кейін пробирканың қабырғасы арқылы пастер пипеткасымен зерттелетінматериалды құяды. Реакция нәтижесін 1-2 минуттан кейін бақылайды. Реакция оң болған жағдайда зерттелетін материал мен сарысу шекарасында ақ сақиналы преципитат пайда болады.

Slide 13

Гельдегі преципитация реакциясы еритін антигендердің күрделі құрамының немесе зерттелетін жүйедегі преципиттеуші антиденелердің реакциясын жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл әдістің принципі бойынша, антиген мен антидене гельде әсерлесіп ақ сызық ретінде көрінетін преципитат түзеді. Антиген+антидененің әр жұбы тәуелсіз преципитация сызығын түзеді, бұл зерттелетін заттардың антигенді құрамын салыстыруға мүмкіндік береді.

Slide 14

Қорытынды.

Жалпы ПР қою үшін антигенді преципитирлеуші қан сарысуының үстіне немесе астына абайлап қабаттайды. Реакция енсіз шыны түтіктерде немесе капиллярларда айқын байқалады. Реакцияның оң нәтижесі кезінде антиген мен преципитиреуші қан сарсысуының жанасу шекарасын ақсұр сақина пайда болады. ПР-ына жоғарғы дәлдік пен сезімталдық тән.

Slide 15

Пайдаланылған әдебиеттер.

Булашев. А. Иммунология, Астана, 2002

Омарбеков Е. О. Вирусология пәнінің зертханалық сабақтары. Семей, 2001

Толысбаев Б. Т, Шоқанов Н, Булашев А, Бияшев Қ, Мал дәрігерлік микробиология. Алматы, 1999


Ұқсас жұмыстар
Реакцияның қолданылуы
Аглютинация реакциясы
Агглютинация реакциясын қою әдістері
Серологиялық реакция түрлері және олардың қолданылуы
СЕРОЛОГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР
Тығыз қоректік орта
Қан тобы жүйесінің факторлары
Спецификалық қорғаныс механизмдер
БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ АНТИБИОТИКТЕРГЕ СЕЗІМТАЛДЫҒЫН ДИСКТЕР ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ
Қанның құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz