Дәрілік заттардан улану




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы:Дәрілік заттардан улану

Тексерген:Билялов.Е.Е
Орындаған: Ақжолова А.А.
Тобы: ВС-503
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III. 1. Дәрілік заттардан улану
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер.
Дәрілік заттар – химиялық және физикалық құрылымнан
құралған, емдік мақсатта қолдануға болатын, адам ағзасына
енгізуге болатын дәрілік сипаты бар заттарды атайды.
Дәрілік заттарды өз мөлшерінде қолданбау малдарды уландыруы
мүмкін. Улана қалған жағдайда негізінен орталық жүйке жүйесі,
тыныс алу орталығы және ішкі мүшелер (бауыр, бүйрек, ас
қорыту жолы және тағы басқа да мүшелер) зақымданады.
Тыныс алу жүйесінің зақымдануы - тыныс
алудың жіті жетімсіздігіне әкеліп соқтырады.
Тыныс алу зақымдануының 3 түрі бар.
1) Орталық (неврогенді)
2) аспирационды-обтурационды
3) Өкпедегі патологиялық процестер.
1.Тыныс алу жүйесін зақымдаушылырға невротоксикалық улар тән.
Уланған жер бұлшық еттері параличі және тыныс алу орталығының
әлсіреуі тыныс алу ритмін бұзады, кейде дем жетпеуден мал өліп кетеді.

2.Аспирационды - обтурациялық зақымдану (механикалық асфекция) –
малдар кома жағдайында болғанда, тыныс алу жолына бөгде зат тұрып
қалуынан, тіл тартылып қалғанда бронх бездерінің гиперсекрециясы
кезінде, көп мөлшерде бөлінуден болады..;

3.Өкпенің токсикалық ісінуі- өкпе мембранасына улы заттардың әсер
етуіне байланысты пайда болатын қабынулар мен өкпе ұлпаларының
ісінуімен ерекшеленеді. Өкпенің зақымдалуы азот тотығымен фосген,
түтін т.б ингаляциялық жолмен енген улар заттар әсерінің нәтижесі.
Улану нәтижесінде жүрек қан тамыр жүйесі жұмысының бұзылуы – барлық
жіті улануларда байқалады.
Организмге жоғарғы дәрежелі улы заттардың көп мөлшерде түскен малдарды
өлім-жітімге ұшыратады немесе коллапс қалыптасады.
Коллапс екіге бөлінеді.
Алғашқы токсикогенді коллапс- экзотикалық шок түрінде өтеді.
Улану кезіндегі психоневрологиялық зақымдану – психикалық,
неврологиялық және сомотовегетативтік зақымдану белгілері бар токсикалық
энцефалопотия түрінде білінеді.
Жіті улану кезіндегі психоневрологиялық зақымданудың аса ауыр белгілері –
ол кома және интоксикациялық психоз.
Кома – (сыртқы тітіркендіргішке қарсы жүйке
жүйесінің аса жоғары дәрежеде қозып, жауап беруі,
естен тану) – наркотикалық заттармен улануда
қалыптасады. Токсикалық кома кезінде уланудың
айқын белгілері білінбейді, егер улы заттардың
организмнен бөлінуін тездетсек зардап шеккен адам
немесе малдың көңіл-күйі жақсара бастайды.
Интоксикациялық психоз – атропин, кокаин,
тубазид, этиленгликоль т.б уланғанда, ыстан (түтін)
пайда болады және әртүрлі психопатологиялық
белгілер көрсетеді (галмоцинация есі ауып қалу).
Самотовегетативті зақымданудың әртүрлі белгілері бар: мысалы, миоз
(көз қарашығының кішіреюі), терлеу, гипотермия сияқты белгілері
алкогольмен, барбитураттармен, ФОС-пен уланғанда көрінеді.Меңдуана
(беладона) алколоидтармен асматол, аэронмен уланғанда мидриоз (көз
қарашығының үлкеюі), гиперемия, терінің құрғақтануы, гипертермия
секілді белгілері байқалады.

Нейротоксикалық заттармен (ФОС, пахикорпин, бромды метил)
уланғанда жүйке жүйесі бұлшық еттерінің өткізгіштігі бүлініп, парез,
параличтер қалыптасады, ал асқынуы –миофибриляцияға (діріл)
ұласады.
Оған тән ерекшеліктер: тері қабатында діріл, көгерген
ісіктер байқауға болады, ұстаған кезде дененің
салқындағаны, ентігу, тахикардия, гипотензия (ослаб.чувст-
ть), тіршілікке осы қажетті функциялардың, соның ішінде
қан айналудың бұзылуы жетімсіздігі шоктың ерекше
белгілерінің бірі.

Улы заттар ыдырап, организмнен бөлінгеннен кейін екінші
дәрежелі коллапс дамиды. Бұл жүрек қан тамыр жүйесінң
компенсаторлық мүмкіндігінің тежелуімен: бауыр, бүйрек,
тыныс алу жүйесі жұмыстарының бұзылуымен, асқынумен
сипатталады.

Улы заттар жүрекке тікелей әсер етіп, бұлшық еттерінің
өткізгіштік қасиетін нашарлатып, соғу ритмін бұзады. Кәрі
малдарда өкпе ісінуі байқалады.
Ал бауыр зақымданғанда 3 дәрежелі
(токсикалық гепотопатия) айқын
белгілері байқалады.
Өлген малдарда патологиялық
тексергенде – бауыр үлкейген, сарғаю,
гемаррогиялық диатез анықтауға
болады. Бүйрек зақымданғанда бел
аумағын басқанда ауырсынады,
олигурия. Ауыр түрде өтуі бауыр,
бүйрек жетіспеушілігімен
ерекшеленеді.
Ас қорыту жүйесінің зақымдануы –
диспептикалық бүліну (айну, құсу),
гастроэнтерохолит, іш құрылыстың күюі,
қан ағу (қышқылмен, сілтілермен
уланғанда) секілді клиникалық белгілері
көрсетеді. Уланған кездегі құсу организмге
жақсы әсер етіп, улы заттың бөлінуіне әсер
етеді. Бірақ кома кезінде, күйдіретін улы
заттармен жұтқыншақ зақымданғанда
(стеноз) құсу қауіпті.
Ас қорыту жүйесі уланғанда организмнің
дегидратациясы және электролиттік
балансы бұзылады.
Аминазин және т.б фенотиазин туындыларымен
улану – бұл дәрілер нейролептикалық заттар.
Организмді тыныштандырады. Мөлшері көбейіп
кеткенде уланып, жалпы әлсіздік, ауыздың кебуі, жүрек
айну, бас айналу, қарашықтың тарылуы, естен тану
секілді белгілер көрсетеді. Сонымен қатар тері
дерматитін, экзема, т.б аллергиялық аурулар байқауға
болады.
Емі.қарынды әлсіз тұзды сумен шаю, В1-6 %-2мл,
коллапс кезінде кофеин бензонат натрий 10%-1мл, 5%
2мл эфедрин гидрохлоридін, йод қолдану керек.
Антибиотиктер –микробтардан, өсімдіктерден және мал
өнімдерінен алынатын микробтарға қарсы заттар.
Адамға егілетін мөлшері- стерептомицин 0,1мг/м3,
тетрациклин 0,1мг/м3 олармен жанасу теріні зақымдайды
(бөртпе, дерматит, экзема), коньюктивит, ринит, астма, жиі
несеп бөлу, есту қабілетінің нашарлауы, бас айналу сияқты
белгілер білінеді.
.
Қорытынды

Дәрілік заттардың көп дәрежеде қасиеттері химиялық құрылысына,
функционалдық
. белсенді топтастардың бар болуына,олардың
молекуласының өлшеміне байланысты болады
Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Токсикология: оқулық / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М.,
2. Малдың азықтан уланулары: Оқу құралы. / Қожанов К.Н., Тойкина Г.Н.
Семей 2010.
3.Айтжанов Б.Д., Көбдікова Н.К., Байнязов А.А. Токсикология. Дәуір-2011,
Алматы.

Ұқсас жұмыстар
Тамақпен улану
Дәрілік заттардың әсер ету түрлері
Дәрілік заттармен улану және емдеудегі негізгі принциптері
Бауыр анатомиясы
Улануды емдеудің жалпы принциптері
Ветеринарияда пайдаланатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар
Жедел жәрдем шаралары
Дәрілік заттармен улану
Пестицидтер әсерінен туындайтын уланулар
Дәрілермен жедел улануды емдеудің негізгі ұстанымдары
Пәндер