Ішек шикізатының ақаулары және оны алдын алу шаралары


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ КАФЕДРАСЫ

Тақырыбы:Ішек шикізатының ақаулары және оны алдын алу шаралары.

Орындаған:Айтмуратова. Н. Н

Тобы: ВС-505

Тексерген:Қойгельдинова. А. С

Семей 2019жыл

СӨЖ

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

2. 1 Ішек шикізатының ақаулары және оны алдын алу шаралары.

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Ішек қабырғаларының жұмсаруы. Бұл ақау ішектің нашар майсызданғанында және жоғарғы температурада (10-120С) жабық ыдыста сақтағанда, ішектің майы тотығуға және гидролизге ұшырайды. Ол кезде ішектің түсі өзгеріп, стеариннің иісі шығып кетеді. Ол шұжық дайындағанда соған шығып кетуі мүмкін. Сондықтан ондай ішектерді жуып, иісін кетіреді. Иісі кетпеген жағдайда утилденеді.

Slide 4

Шіру үрдістері. Бұндай үрдістер тұздау технологиясының бұзылғанында (әлсіз тұз, ірі тұз түйіршіктерін пайдалану, тұздау уақыты дұрыс ұсталмағанда), ыдырау үрдісі кезінде тұздау және ішектерді жоғарғы температурада ұстағандықтан пайда болады. Ішектегі шіру үрдістері белоктардың ыдырауымен, қабық беріктігінің нашарлауымен және шіріген иістің болуымен сипатталады.

Slide 5

Шіру үрдістерінің алғашқы сатысында, егер де ішек қабырғасының беріктігі сақталған жағдайда, біраз желдеткіште ұстап иісін кетірген соң, не болмаса 0, 01-0, 25% марганец, калий қышқылы ерітіндісінде ұстаған соң қайтадан пайдалануға болады. Сапасыз ішектерді утилдейді.

Slide 6

Көгеру (зең саңырауқұлақтарының әсерінен) сақтау талаптарын сақтамаған жағдайда, әсіресе ішектерді дұрыс кептірмей, ылғалдығы жоғары бөлмеде ұстаған жағдайда зең саңырауқұлақтары өсіп-өнуі мүмкін. Егер ішектің аз ғана көлемі зақымданса, онда зең саңырауқұлақтарын аластайды, не болмаса 7% сірке қышқылы сіңген мақта тампонымен сүртіп, артынан шошқа майымен майлайды да, әрі қарай пайдалануға болады. Егерде қара саңырауқұлақтар пайда болып және ішектің ішіне өтіп кеткен жағдайда ішектің беріктілігі нашарлап, жағымсыз иіс пайда болады. Ондай өнімдерді техникалық утилизацияға жатқызады.

Slide 7

Ішектердің тоттануы. Тұздалған ішектердің бет жағында бұдырлы қоңыр-сары дақтар немесе ұзындығы 2-8мм, ені 1-3мм сары-қоңыр жолақтар пайда болғанында, оны ішектің тоттануы деп саналады. Оған көбінесе қой ішектері ұшырайды. Тоттанудың себептері - ішектерді ұзақ уақыта 100С-тан жоғарғы температурада ұстаған жағдайда және кальций мен темір тұздарынынің қатысуымен болатын галофилді микрофлоралардың дамуымен байқалады. Тоттанудың адам өміріне қауіпі жоқ. Сондықтан да, егер тоттану аз мөлшерде ғана болса, 1-2% тұз, сірке, не сүт қышқыл ерітіндісімен 3 сағат өңдеп, шайып, сонынан 2% сілтімен бейтараптап кептіреді. Егер де көп мөлшерде зақымданса, ондай жерлерін кесіп алып тастайды.

Slide 8

Ішектің қызаруы. Ішектің қызаруы галофил бактериясы дамуының салдарынан болады. Қызарудың қоздырғыштары 100С - тан жоғары температурада және оттегі көп болған жағдайда дамиды. Ішектер бұндай қоздырғыштармен қоздырғыштары бар тұз, аспаптар және адам қолы арқылы зақымдануы мүмкін. Қызару үрдісінен кейін негізгі шіру үрдісі жүреді. Сондықтан да, егер ішектің қызаруы алғашқы сатысында байқалса, алдын ала жуып тазалаған соң (0, 01-0, 25% марганец калий қышқылы ерітіндісімен тазалап, не 2% тұз қышқылында 1-2 сағат батырылған) таза сумен және 15-20% - тік тұздықпен шайылған соң тағамға пайдалануға болады, ал қызыл дақтарды кетіре алмаған жағдайда, ішектерді техникалық утилизацияға жатқызады.

Slide 9

Құрғақ ішектерде насекомдарда болуы мүмкін. Олар: тері жегіш қоңыздар, күйе шыбыны және олардың балаңқұрттары, т. б. өте көптеген кенелер. Бұл паразиттер ішек қабырғасын тесіп тастайтындықтан, ондай ішектерді шұжық жасауға қолдануға болмайды.

Slide 10

Бір жануардан алынған өңеш, барлық ішек және несеп қуығының жиынтығы ішек кешені деп аталады. Мысалы, ірі қара ішегіне өңеш, он екі елі ішек, тоқ ішектер және несеп қуығы жатады. Ауыл шаруашылығы малдарының ішектерінен шұжықтардың қабын, кетгут және ішекті аспаптардың қылын (ішегін) жасайды.

Ішектерді шарбыдан ажыратқаннан, ішек-қарын жынынан, майынан тазартады, ішіне қарай айналдырып сиыр мен жылқының ішегінің кілегейлі қабатын, ал шошқа мен қой ішегінің кілегейлі, бұлшық етті және сірілі қабығын ажыратады.

Сонан соң тоңазытып, сорттап, реттеп, өлшеп түйінге орап, ыдысқа салып, белгі соғып сақтайды.

Егерде жаңа ішектерді өңдеу мүмкіндігі болмаса, оны ас тұзымен, мұздату және кептіру әдістерімен сақтайды.

Slide 11

Тұздалған ішектерді аузы жабылған бөшкелерде 10 0С - тан жоғары емес температурада 3 айдан асырмай сақтайды, егер температура 0-5 С болса, 6-8 ай сақтауға болады.

Өңделген жылқы және сиыр ішектері аузы жабылған бөшкелерде 0-5 0С -та 2 жыл, шошқа, қой және ешкі ішектері 0-10 0С - та 12 айдан асырмай сақтауға болады.

Түктерге буылған және жәшіктерге салынған құрғақ ішектерді ылғалдылығы 65 жоғары емес құрғақ бөлмелерде 1 жыл сақтауға болады.

Slide 12

Ішек-қарынды тексергенде, онда қанталау, некроз, жаралар бар ма, жоқ па, соған көңіл аударады. Сірілі қабаттың үстіңгі қабығында көптеген түйіндер болуы мүмкін (эзофагостом, буностомдар) . Бұлар адамға қауіпті емес, бірақ балаңқұрттар босатқан соң, ол жерде некроз ошақтары, не жара пайда болуы мүмкін. Ішек бұндай аймақтарын кесіп, аластау қажет. Ал егер кесуге келмесе, ішекті азыққа пайдаланбайды

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Былғары шикізаты. Жібіту үрдісі
Былғары шикізатының ақаулары
БЫЛҒАРЫ ШИКІЗАТЫ
Кеңес беруші
Қан тамырларының аурулары
Жүрек қан-тамырлар жүйесінің аурулары
Синкопе кезінде шұғыл көмек көрсету
Менингитте байқалатын симптомдар
Асқорыту жолы
ІШЕК ПЕН ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz