Сүтті Роз - Бенгал сынағымен зерттеу



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Тексерген:Нуркенова. М. К
Орындаған: Әділханова. Д. С
Тобы: ВС-503
Тақырыбы:Бруцеллезді серологиялық балау.
СӨЖ

Жоспар
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім
Бруцеллалардың антигендік құрылымы.
Сүтті Роз-Бенгал сынағымен зерттеу.
Бруцеллезді болдырмау шараларын ұйымдастыру.
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Бруцеллез (brucellessis) - жануарлар мен адамдарда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Көптеген жануарларда іш тастаумен және шуы түспеумен, ені қабынумен, өмір сүру қабілеті жоқ төлдердің тууымен және қысырлықпен байқалады.
Бруцеллездің қоздырғыштары 1866 жылы ешкілер мен қойлардың мальта безгегі (Brucella melitensis) ауруына себеп болған ешкі сүтінде табылған бактерияларды анықтаған Д. Брюс атымен аталған Brucella тобы болып табылады. Бруцеллез әлемнің көптеген елдерінде - Африкада, Орталық және Оңтүстік Америкада, Азия және Еуропаның, оның ішінде ТМД-ның кейбір елдерінде (Украина, Ресей, Қазақстан) кең таралған.

Бруцеллалардың антигендік құрылымы.
Бруцеллезбен ауырған не бруцелла микробын еккен жануарлардың қанында тиісті аниттелалар түзіледі. Көптеген өзімізге белгілі организмнің осы қасиетін ауруды анықтап, бруцеллалардың түрлерін табу үшін пайдаланады. Агглютинация реакциясы арқылы бруцелланың сыртқы қабатындағы антигендерді анықтап, диссоциацияға түскен R формасымен диссоциацияға түспейтін S формасын ажыратуға болады. Меер мен Фезье (1921) осы бағытта жұмыстар жүргізгенде жай агглютинация (РА) реакциясымен қатар Кастелланидің агглютининдерді адсорбциялау әдісін пайдаланады.

Бруцеллезге жаппай тексеру үшін әлбетте әртүрлі серологиялық әдістерді қолданады, олардың ішінде ресми тестілердің нәтижелері ең дұрысы деп саналады.
Бруцеллездің диагностикасы үшін ресми тестілер болып комплементі байланыстыру реакциясы (КБР) және иммуно-ферменттік анализ (ИФА) табылады. Ал іш тасталған төлді бруцеллездің антигенін табу үшін биологиялық сынама қойып бактериологиялық зерттеулер жүргізіп тексереді.

Бұл реакция негізінен ірі қара мен қой және ешкі малдарының қаймағы алынбаған жас сүтін сарыпқа қарсы зерттеуге негізделген. Сондай-ақ әдейі формалин қосып сақталған сүттерді де реакцияға қолданылуға бола береді. Ол үшін 10 мл сүтке 1 тамшы - 0, 03мл 10%-тік формалин ерітіндісін қосқан жөн. Сонымен бірге желінсаумен ауырған малдардың, сүтін суалып кеткен немесе тууға жақын қалған және туғаннан соң алғашқы 12-тәулік аралығында алынған сүттерді бұл реакциямен зерттеуге болмайды.
Сүтті Роз-Бенгал сынағымен зерттеу.

Реакцияны қою үшін негізінен қанның сарысуын Розбенгал әдісімен зерттегендегі құрал-саймандар қолданылады және оған қосымша мына дәрмектерде қажет:
тексерілуге алынған сауын сиырдың сүті;
бенгаль қызғылтымен бояуланған сарып антигені;
7%-тік ас содасы (натридің сукабонаты) ;
ірі қара малдың сарыпқа оң реакция көрсететін сары суы;
физиологиялық ерітінді;
тазартылған су.

Реакцияны таза әдейі арналған, бір немесе бірнеше ойық шұңқыры бар, ақ пластинкаларда, бөлме температурасында қояды. Пластинканың әр бір шұңқырына 0, 03мл тексерілуге алынған сүтті микропипетканың жәрдемімен тамызады. Әр бір жеке сүтті тамызып болғанан соң микропипетканың ұшын үш рет таза дистерленген сумен немесе ауыз сумен шайып соңынан сүзгіш қағаздармен кептіріп отырады.

Реакцияның барлық қоспаларын жоғарыда айтылған құрал арқылы тағы бір рет тыңғылықты біртүсті болғанша араластырып шығады. Бұдан кейін 4 минут уақыт бойы реакцияны қолмен немесе автоматтық құралдың көмегімен қисайтып қозғап араластырып тұрады. Арналған уақыт өткеннен соң реакцияның көрсеткішін жай көзбен көріп оқиды. Ол үшін реакция қойылған пластинка сәл ғана қисайтып ұстаса болғаны.
Егер де реакцияның сұйығы сәл мөлдірленсе және де оның ішінде үлкенді-кіші аглютинациялық қызғылт түсті түйіршіктер пайда болса, онда реакцияны «оң» деп есептейді.

Негізгі реакцияның дұрыс жүруіне қадағалау үшін 3-шұңқырға тексеру реакциясын жүргізеді. 1) сүттің ұюын тексеру (0, 03мл сүтке 0, 015мл натридің, сукарбонатын қосып араластырады да үстіне 0, 015мл антиген тамызады) . 2) Антигеннің кездейсоқ, ішкі себептерден болатын аглютинациясын тексеру (0, 03мл антигенге 0, 03мл физиологиялық ерітінді қосады) . 3) Сүтті тексеру (1 мл сау сиырдың сүтіне 2 тамшы сарыпқа оң реакция беретін қанның сары суын қосады) .

Алдын алу
Бруцеллезге қарсы күрес жүргізгенде мал дәрігерлік - санитарлық және ұйымдастыру - шаруашылық шараларды іске асыру үшін мал арасында аурудың таралуы және даму бағыттарына сәйкес әр шаруашылықты, мал фермалары мен елді мекендерді шартты түрде екіге бөледі: мал іші бруцеллезден таза және таза емес шаруашылықтар.
Мал іші бруцеллезден таза табындарда, фермаларда, шаруашылықтарда, елді мекендерде, аудан және облыстарда кезекті тексерулерде ауру малдар бөлінбейді. Егер ауру малдар тұрғылықты бөлініп тұрса ол аурудан таза емес деп аталады.
Ал алдыңғы тексерулерде ауру мал анықталмай, соңғы тексергенде ауру малдар шықса, онда ол табынды, ферманы немесе шаруашылықты мал іші аурудан таза емес деп есептеп, аудандық атқару комитетінің қарарымен бекітеді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz