Стероидты гликозидтер


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Құрамында гликозидтері бар өсімдіктер.

Тексерген:Билялов. Е. Е

Орындаған: Әділханова. Д. С

Тобы: ВС-503

СӨЖ

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Гликозидтерге жалпы түсінік.

Құрамында гликозидтері бар өсімдіктер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 3

Сумен қосылып ыдырағанда глюкоза және «аглюкондар» (углеводсыз компонент) түзетін, эфирге ұқсас, азотсыз, органикалық қосылыстар. Улылық қасиеті түзілетін “аглюкондарға” байланысты.

Олар альдегидтер, қышқылдар, алкалоидтар т. б болуы мүмкін. Гликозидтер фермент энзимінің әсерінен суға еріткенде, белгілі бір жылулықта, механикалық әсер еткенде оңай ыдырайды. Әрбір энзим гликозидтің тек бір белгілі түрін ғана ыдырата алады. Гликозидтерді бөлшектеу үшін олардың сілтідегі немесе қышқылдағы ерітіндісін қыздыру керек. Әсіресе тұз қышқылымен ерітіндісінде жақсы ыдырайды.

Гликозидтердің мал асқазанында жақсы ыдырауын осымен түсіндіруге болады.

ГЛИКОЗИДТЕР.

Slide 4

Гликозидтер құрамына қарай үш топқа бөлінеді:

Slide 5

Ең көп тараған гликозидтердің түрлері сапониндер. Олар өсімдіктердің 700-ден астам түрлерінде кездеседі және оларды өсімдіктердің барлық бөліктерінен табуға болады.

Судағы ертіндісі көпіршіп тұратындықтан «сапонин» атанған (sapo-сабын) . Сапониндер клетка улары.

Кілегей қабықтарды, тері рецепторларын тітіркендіреді.

Қарын мен ішектердің қабыну процесініңбелгілері байқалады (құсу, ішөту және т. б) .

Сапониндер қанға түскенде қызыл қан түйіршіктерін ерітеді (гемолиз) .

Көптеген сапониндердің әсерлерін ас қорыту жүйесіндегі бактерия ферменттері әлсіретеді немесе жойып жібереді.

Slide 6

Гликозидтер гидролиз кезінде бөлінген минеральды қышқылдардың (in vitro) немесе (in vivo) әсерінен қантты (гликондар - глюкоза, фруктоза, галактоза, мальтоза, рамноза, дигитоксикоза) немесе қантсыз (агликондар - органикалық қышқылдар, алкаголдар, альдегидтер, терпендер, фенол туындылары, стероидтар) бөлігіне ыдырайтын, өсімдік тектес, эфир тәрізді, күрделі органикалық қосылыстар.

Жануарлар ағзасында гликондар тотығып, энергия көзіне айналады. Ал агликондар мүшелер мен жүйелерге әсер етіп, биохимиялық реакциялар тудырады. Таза күйінде гликозидтер ащы дәмі бар, кристалды аморфты немесе шайыр тәріздес қатты зат.

Slide 7

.

Ғалымдардың зерттеу деректері (А. К. Голосницкий) бойынша, токсикологиялық мәні бар барлық гликозидтер 4 топқа бөлінеді:

Slide 8

Қалқанша безін зақымдайтын гликозидтер.

Гликозидтердің арасында қалқанша безінің қызметін тежеп, иодтың игерілуін және тироидты гормондардың түзілуін бұзатын түрлері де кездеседі. Нәтижесінде гипотироидизм пайда болуы мүмкін.

Шаршы гүлді (крестоцветные) өсімдіктер тұқымдасының құрамында тиоксазалидон туындысы болып табылатын гликозидтер бар.

Екінші дүние жүзілік соғысының тұсында бірқатар Еуропалық мемлекеттерде және Канадада күнжаралармен азықтандыру нәтижесінде қойлардың арасында жаппай улану жағдайлары кездескен.

Slide 9

Құрамында аллилді - қыша майы бар гликозидтер. Шаршы гүлдер тұқымдасына жататын көптеген өсімдіктердің тұқымдарында ерекше түрдегі гликозидтер кездеседі. Олардың құрамына циан топтарынан басқа күкірт кіреді. Тұқымындағы мирозин ферменттерінің әсерінен және белгілі бір температура мен ылғалдылық жағдайларына байланысты, бұл гликозидтер аллилді - қыша майына ыдырайды. Бұл майдың иісі қатты тітіркендіріп әсер етеді. Әсіресе теріге, кілегейлі қабыққа әсері айтарлықтай. Қара қышада мұндай гликозидтер -синигрин деп аталады

Slide 10

Кумарин типті гликозидтер. Көптеген өсімдіктер құрамында кумаринді гликозидтер кездеседі. Өсімдік құрамында кумарин, олардың гүлдеу кезеңінде және жеміс сала бастаған кезінде түзіледі. Мұндай гликозидтерге эскулин, мезерин және ерекше уытты агент дикумарин жатады. Жауынды күндері немесе бұзылған азық құрамындағы кумарин өте уытты зат дикумаринге тез айналып кетеді. Дикумарин бауырда жинақтала келе К витаминінің синтезін, протромбиннің түзілу процессін бұзып, нәтижесінде қан нашар ұйығыш келеді. Сонымен қатар, жүйке жүйесін айтарлықтай зақымдайды. Бұл гликозидтердің көбісінің әсер ету механизміәлі белгісіз.

Slide 11

Стероидты гликозидтер. Өсімдіктер құрамындағы көптеген гликозидтердің мөлшері күрделі стероидты құрылымға ие. Олардың барлығы бұрынғы уақыттан бері жүрек-қан тамырларын емдейтін емдік заттар тобына жатады. Құрамында осы гликозидтері бар өсімдіктерге оймақгүл, жалынгүл, інжугүл, олеандр және т. б. жатады.

Slide 12

Сапониндер.

Құрылымы жоғарыдағы гликозидтер секілді күрделі, бірақ әсер ету сипаты басқаларға қарағанда ерекше гликозидтер. Сапониндер қанның формалық элементтерін зақымдайды.

Атап айтқанда, эритроциттерді зақымдап гемолиз тудырады.

Зақымданбаған кілегейлі қабықтары арқылы қанға таралуы айтарлықтай емес, бірақ кілегейлі қабықты қатты тітіркендіріпәсер етеді.

Slide 13

Нитрилгликозидтер. Өзінің ыдырауы кезінде гидролизденіп, нәтижесінде синил қышқылын түзетін гликозидтер. Цианоагенді гликозидтер деген атпен белгілі. Сау, қалыпты дамып келе жатқан өсімдіктерде бос синил қышқылы өте аз болады. Өйткені ол өсімдік құрамындағы өзіне сәйкес келетін ферменттер әсерінен жойылып отырады. Ал жағымсыз жағдайларда өскен өсімдіктердің құрамында бос синил қышқылдарының мөлшері көптеп кездеседі.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
ГЛИКОЗИДТЕР КУМАРИН ТИПТІ ГЛИКОЗИДТЕР
Құрамында гликозидтері бар өсімдіктерден улану
Карденолидтер. Буфадиенолидтер
Жануарлардың гликозидтермен улануына токсикологиялық сипаттама
Құрамында күкірті бар эфир майлары
Өсімдік токсикологиясы
Жүрек гликозидтері агликондары
Тритерпенді сапониндер
Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктерге жататын дәрілік өсімдіктер тізімі
Моносахаридтер мен дисахаридтер алмасуының тұқым қуалаушы ауруларындағы өзгерістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz