Аударма сапасын анықтаудағы адекваттың және баламаның рөлі


Slide 1

Еуразия гуманитарлық институты

Аударма сапасын анықтаудағы адекваттың және баламаның рөлі

Орындаған:Әмірова Л. Б

Тексерген:Давлетова С. Е

Топ:Пдк 1701

Slide 2

Балама аударманы қалай түсінеміз?

Slide 3

ЖАЛПЫ АЙТЫЛҒАНДА АДЕКВАТТЫ МЕН БАЛАМАЛЫ ЕКЕУІ БІР ҰҒЫМ

Қазіргі таңда кейбір зерттеушілер «адекватный перевод» деген тіркесті «балама аударма» (А. Алдашева ), «дәлме-дәл аударма», кейде аудармай «адекватты аударма» (Дуанина), «деңгейлестік аударма» (Ә. Тарақ), «эквивалент» ұғымын «саймасай» (Ж. Дадебаев пен С. Абдрахманов) деп аударып жүр. С. Абдрахманов «адекваттылықты» «барабар» деп атай отырып, оның саймасай аудармадан айырмашылығы «түпкі нәтижеге бағдар ұстайтындығында» деп көрсетеді.

Slide 4

Адекватты аударма және балама аударманың байланысы

Slide 5

Мысал келтіретін болсақ. . .

Ақылың мен қайратың екі жақтап (Абай), - деген өлең жолдарының аудармасындағы (Веру в себя укрепляй, чтоб вдвоем, разум и труд выводили на свет; аударған М. Сұлтанбеков) «выводили на свет» - бір жағынан, түпнұсқадағы тіркестің баламасы

Slide 6

Ғалымдардың пікірі

А. Алдашеваның айтуы бойынша, балама (эквивалент) - тілдік құралды тең мағынада, тең функцияда толық алмастыра алатын толық әлеуетке ие, тұрақты, екітілді лексикографиялық сөздіктерде норма ретінде ұсынылатын сөз тіркесі. Бұндай балама контекске тәуелсіз бола­ды; сондықтан оны кейде тіларалық си­ноним деп те атайды.

Slide 7

Белгілі аудармашы ғалым Ә. Сатыбалдиев балама аударма жөнінде: «Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым ана тілі­нің бүкіл қазынасы аударылып-төңкеріліп отырады. Соның арқасында тіл қазынасының қалтарыстарындағы не бір байырғы сөздер, кейде тіпті, ұмытылып бара жатқан атаулар да жазу, сөйлеу қызметіне жегіледі де, әдеби тілдің тұлғасы болып шыға келеді.

Slide 8

Көркем әдебиеттегі аударманың 3 саласы

Slide 9

БАЛАМАЛЫ АУДАРМА ЕҢ ҚИЫН АУДАРМАНЫҢ ТҮРІ

Аударманың үшінші тәсілі - балама (адекват) аударма. Бұл - ең қиын түрі. Мұны екі тілді жетік білумен қатар, сол түпнұсқаның жан-жүрегін, ішкі сырын сарқа түсінетіндер қолданады. Оның үстіне аударманың бұл тәсіліне автордың стилін, жазу мәнерін, тіл мүсінін қалтқысыз, жете ұғынатындар ғана барады.

Slide 10

ҚОРЫТЫНДЫЛАЙ КЕЛЕ

Қорытындылай келе, балама аударма - жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің жай ғана теңбе-тең түсуі ғана емес, сондай-ақ, мағыналық жақтан, оқырманға әсер ету жағынан, тіпті дыбыстардың үндесуі жағынан, стиль жағынан да түпнұсқамен сайма-сай келетін аударма болуға тиіс. Балама аударма жасау үшін түпнұсқаның жан-жүрегін, ішкі сырын, авторды сарқа түсіну қажеттілігі сияқты талаптардың орындалуы қажет. Жоғарыда көріп отырғанымыздай баламалық мәселесі әлі де зерттеуді қажет ететін тақырып. Өйткені, баламалық теориясының әлі де орныға қоймағанын байқап отырмыз.

Slide 11

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Жаңа гуманитарлық білім
Педагогикалық квалиметрия және оның білім сапасын анықтаудағы рөлі
ЖАЗБАША ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН БАҒАЛАУ МӨЛШЕРІ
Аудармашыға нұсқау
Аударманың психологиялық ерекшелігі
Аударма кә сібінің лингвистикалық ерекшеліктері
Аударма сапасына қойылатын талаптар
Ресейдегі аударма тарихы
Аудармашыға қойылатын талаптар
Жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz