Әлем елдері экономикасы


Slide 1

Әлем елдері экономикасы

ЖІӨ бойынша ең бай және ең төмен дамыған елдер

Slide 2

Әлемнің ең бай 10 мемлекеті

Дүниежүзінде экономикасы мығым және табиғи байлығы мен адам капиталы, жалпы жылдық табыстың жан басына шаққандағы мөлшерін, сондай-ақ ұлттық вальютаның сатып алу мүмкіншілігін есептей келе ең бай 10 мемлекеттің тізімін назарларыңызға ұсынады.

Slide 3

1. Катар

1, 7 млн. ғана халқы бар Парсы шығанағында орналасқан бұл мемлекет 2015 жылдың алғашқы жартысында тұрақты және ең көп мөлшерде табиғы мұнайды өндіретін елдердің қатарынан табылып отыр. Оңтүстік-батыс Азияда орналасқан Катар астанасы Дохада жұмыссыздық атауымен жоқ деп танылған. Катар табиғи газ қоры жөнінен дүнежүзінде 3-орында тұрса, табиғи газ экспортынан 6- орынды иеленеді. Мұнда ЖІӨ жан басына шаққандағы жылдық мөлшері - 88 222 долларды құрайды.

Slide 4

2. Люксенбург

Сырт көзге территориясы кішкене ғана қала-мемлекет болып көрінуі мүмкін. Алайда мұндағы ЖІӨ жан басына шаққандағы мөлшері - 87 541 доллар. Осындай көрсеткішпен Люксенберг рейтингте екінші сатыға жайғасқан.

Slide 5

3. Сингапур

Әлем елдері ішінде тек экономикалық жағынан емес, сондай-ақ, білім-ғылым саласында да қарқынды дамып келе жатқан Сингапур ең бай мемлекеттер арасында үшінші орынға жайғасқан. Сингапур халқының жалпы ішкі өнімін жан басына шаққанда, бір жылда әр сингапурлық тұрғын - 56 498 доллар табыс табады екен.

Slide 6

4. Норвегия

Әлемдегі аса ірі мұнай ресурстарын иемденіп отырған тағы бір мемлекет - Норвегия. Норвегиялықтардың жылдық табысы - 51 959 доллар. Осындай көрсеткішпен олар рейтингте төртінші орында тұр.

Slide 7

5. Бруней

Әлемнің ең бай мемлекеттері арасында үздік бестікті Бруней түйіндейді. Норвегиямен салыстырғанда Брунейліктер де өздерінің аса ірі мұнай және газ қорларымен мақтана алады. Тіпті, мұнда мемлекеттің ЖІӨ-нің 90 пайызы кен орындарының есебіне тиесілі.

Slide 8

6. БАӘ

1950 жылдардың бас кезеңінде БАӘ қаржы дағдарысынан қатты әлсіреген, экономикасы тұрақсыз, халқы кедей елдердің қатарында болған. Алайда, БАӘ геотерриториясынан аса ірі мұнай қорын тапқан соң, бәрі өзгерген. Бүгінде БАӘ әлемнің ең бай 10 мемлекетінің қатарынан табылып отыр. Мұнда ЖІӨ жан басына шаққандағы жылдық табыс мөлшері - 47 694 долларды құрайды.

Slide 9

7. АҚШ

Дүниежүзінде алпауыт саналатын АҚШ рейтингтің жетінші сатысынан бірақ шықты. Экономикалық, әскери, еңбек капиталы жөнінен АҚШ әлемді өзіне мойындатқан мемлекет. Мұнда жылдық табыс мөлшері - 46 874 доллар.

Slide 10

8. ГОНКОНГ

Соңғы жылдарда Гонконг қарқынды дамып келе жатқан үздік сегіздік қатарынан табылп жүр. Мұнда тиімді экономикалық саясат, арзан салық реформасы еркін сауда-саттыққа жол ашқан. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен инвесторлар тарту үшін де тиімді. Сондықтан, Гонконг көбіне туристік қала саналап кеткен. Десе де, мұндағы жылдық табыс мөлшері - 44 996 долларды құрайды.

Slide 11

9. ШВЕЙЦАРИЯ

Рейтингтің тоғызыншы орнына Швейцария мемлекеті жайғасқан. Себебі, Швейцария тек шокалад және әйгілі сағаттарымен ғана емес, өздерінің блімділік коефиценттері арқылы да әлем елдерінен оқ бойы озық шығуда. Мұнда тұрғындардың 98 пайызы жоғары білімді және Швейцарияда банк секторы мықты дамыған.

Slide 12

10. НИДЕРЛАНДЫ

Нидерланды - тек табиғи байлықтарға ғана бай мемлекет емес. Сондай-ақ, ол геосаяси, территориялық маңызды аймақта орналасқан. Еуропаға өтетін барлық жолдар Нидерланды арқылы өтеді. Нәтежиесінде Нидерландылықтардың жылдық табысы - 42 918 долларды құрап отыр. Бұл оныншы орын үшін жаман көрсеткіш емес.

Slide 13 Slide 14

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ КЕДЕЙ 5 МЕМЛЕКЕТІ

ЖІӨ көрсеткіші 765 доллардан төмен елдер кірісі аз мемлекеттер қатарына жатады. 2019 жылдың бірінші жартысындағы қортынды бойынша, мұқтаждық күйін кешкен әлемдегі экономикасы ең төмен елдердің қатарына көз жүгіртсек.

Slide 15

1. ЛИБЕРИЯ

Либерия- ЖІӨ адам басына шаққанда 680$. 1990 жылдан бастап кедей мемлекеттердің көшін бастап келеді. Жұмыссыз жандар халықтың 85%- ын құрайды. Экономикалық құлдыраудың, кедейлердің себебі үздіксіз азаматтық қақтығыстар болды.

Slide 16

2. КОНГО

Конго - халық саны 77, 433 млн адам. Жан басына шаққанда ЖІӨ 648доллар. Орталық Африкадағы Конго Республикасы әлемдегі экономикалық жағдайы жағынан ең кедей мемлекет. Елдегі валютаның құнын жоюы, азаматтық соғыстар мен қарулы қақтығыстар, 1998 жылғы мұнай бағасының төмен құлдырауы ел экономикасын ең төменгі дәрежеге жеткізді.

Slide 17

3. БРУНДИ


Ұқсас жұмыстар
Үшінші әлем - және төртінші әлем елдері
АФРИКА ЕЛДЕРІ
Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары
Дамыған елдердегі экономикалық өсу ерекшеліктері
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі ҚАЗАҚСТАН
ХВҚ жалпы түсінік
Үшінші әлем елдері
Қара нәсіл өкілдері
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz