Жобалап оқыту технологиясының шығу тарихы




Презентация қосу
Жобалап оқыту
технологиясының
шығу тарихы
Жобалау технологиясының
бастау тарихы
Жобалау технологиясы ХІХ ғасырдың 2-ші
жартысында АҚШ ауылшаруашылығы
мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған
психолог, педагог, философ Джон Дьюи. Дьюидің
ілімін жалғастырушы профессор Уильям Херд
Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының
жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге
дайындау – бұл технологияның негізі. "Өзіне
көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық.
Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын
аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек
үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп,
тігіп кисе – бұл мысал жобалау технологиясының
нағыз типтік үлгісі" – деп тұжырымдайды
Килпатрик.
Жобалап оқыту технологиясы жөнінде
негізгі идеялар

Жобалап оқыту технологиясы жөнінде Дьюи, Торндайк, Лай сынды
американдық ғылымдар негізгі идеяларын ұсынды.
Ондағы негізгі идеялар:
Дьюи: Бала өзі таңдаған іс-әрекетті жоғары қызығушылықпен орындауы
тиіс.
Торндайк: Балалар таңдаған іс-әрекеттерін бірігіп, ұйымшылдықпен
топтасып орындауы тиіс.
Лай: Балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу, тек
біржақты ойланып қана қоймай, қосымша мәліметтер іздену.
Сонымен қатар танымдық прагматизм
философиясының өкілі Девей жобалық
жұмыстың ғылыми және саяси
концепциясының іргетасын қаласа, оның
әріптесі Килпатрак жобалау әдісін
ауқымды мағынасына қарай тәрбиеге
қатысты философия ретінде бағалады.
Осыған байланысты Килпатрак жобаны
«әлеуметтік ортада өткізілетін жүректен
Рейхвейн шыққан мақсатты әрекет» ретінде
қарастырады .
Рейхвейн (1951) теория мен тәжірибенің
байланысын жоба десе, Б.Отто жалпы
сабақтардың концепциясында басты
рөлді сұхбат алады дегенді айтады.
Кершенштайнер (1968) еңбек мектебінен
жобалау идеяларын немесе осы бағытта
дамуды байқауға болатынын
тұжырымдады.
Б.Отто
Негізін салушы Карл Фрей
Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы
Карл Фрей өзінің “Жобалау әдісі” атты кітабында
(Бельц қаласы, Германия, 1977 ж.) жобалау әдісі
туралы былай түсіндіреді:
Оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан
болсын практикалық маңызы бар бір жоба (проект)
ұсынылуы тиіс.
Жобаға қатысушылар оқыту түрі, міндеттерді
атқару туралы өзара келіседі. Оқушылар алған
білімдерін танымдық және практикалық
міндеттерді шешуге пайдаланады. Жеткіліксіз
білімді әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше оқып
үйренеді. Оқушылар ұжымда жұмыс істеп
үйренеді. Зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау,
ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау,
жорамал жасау, қорытындылау) меңгереді.
Оқушылардың жүйелі ойлауы дамиды.
Жобалап оқыту технологиясы В.В.Давыдов
ТМД елдерінің оқыту
жүйесінде де кең өріс алып
жатқаны белгілі. Жобалап
оқыту технологиясының
теориялық алғаш негіздеген
Ресей ғалымдарынан
В.П.Беспалько, В.В.Давыдов, В.П.Беспалько
В.К.Дьяченко, Л.В.Занков,
П.Я.Гальперин,
Н.В. Кузьмина т.б.
ғалымдардың теориялық
зерттеулерінің нәтижесінде,
сонымен қоса Е.Н.Ильина,
С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов
т.с.с. әдіскерлердің
практикалық тәжірибелерінің
негізінде қарастырылған.
В.К.Дьяченко
Л.В.Занков
Жобалау әдісінің кең тарауы
Бұл әдістің әлемнің көп елдерінде кеңінен қолданылу
себебі оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімін
проблеманы шешу кезінде біріктіруге көмектесуінде,
алған білімді практика жүзінде қолдана алуында, ол
кезде жаңа идеялар пайда болады. Жоба әдісі белсенді
әрі жетістікпен АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия,
Израиль, Финляндия, Германия, Италия, Бразилия,
Нидерландия және т.б, көптеген елдерде нақты
проблеманы шешуде қолданылып, теориялық білім
мен оның практикада қолданылуын қамтамасыз етті.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Жобалап оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі
Модульдік оқыту Мультимедиялық технологиясы оқыту технологиясы
ТЕХНОЛОГИЯ технологиясы
Мультимедиалық оқыту технологиясы
Оқыту технологиялары
Технологиялық жобалаудың түрлері
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын пайдалану
Деңгейлеп оқу тапсырмаларының оқыту
Мұғалім әрекетінің кезектілігі
Пәндер