ЗАҢНАМА ТІЛІ




Презентация қосу
ЗАҢНАМА
ТІЛІ
Әр елдің төл сипаты мен өзіндік ерешеліктерін ескере
отырып, қоғамдық қатынастарын реттейтін заңнамасы оның
тәуелсіз дамуының іргетасы болып табылады. Егемен елімізде
де Тәуелсіздікке қол жеткен 27 жыл ішінде Ата Заңымыздан
бастап, жүздеген төл заңдарымыз жазылып, қолданысқа
енгізілді.

Заңның, әлбетте, тілмен бейнелетіні, тіл арқылы
азаматтардың еркі мен санасына ықпал ететіні мәлім. Алайда
заңның мазмұнына тікелей әсер етпегенмен, тілдің байлығы,
жетіктігі мен жатықтығы заңның айқын, ұғынықты болып
шығуына әсер етпей қоймайтыны да түсінікті.
Құқық әлемі сөзбен баянды етілетіндіктен, сөз
қолданудың құқық шығармашылығы үшін маңызы аса
зор. Заңнама шығару қызметі жобалау-конструкторлық
жұмысқа ұқсайды. Осы қырынан алғанда, құқықтану -
қоғамдық өмірдің техникасы, заңгерлер - оның
инженерлері, ал айтылған немесе жазылған сөз олардың
құрал-жабдықтары сияқты.

Сөз қолданудың немесе ғылым тілімен айтсақ, сөздік
технологияның маңызы ағылшындардың заңгерлер
туралы әйгілі анекдотында жақсы айтылады.
Қарапайым халықтың тілімен: «Саған мына апельсинді
беремін», - деп, жай ғана айта салатын тіркесті
заңгерлер былайша тәптіштейді екен:
«Осы келісім арқылы мен саған өз мүддеме,
құқығыма, мәртебеме және талабыма сәйкес осы
апельсинді қатты қабығымен, жұмсақ қабатымен,
етімен және шырынымен қоса, сондай-ақ аталған
апельсинді тістеуге, кесуге немесе өзгедей тұтынуға
немесе одан құтылуға барлық құқықтарымен немесе
соңынан осы Келісімге тіркелетін барлық түзетулерге
сәйкес аталған апельсинді үшінші жақтың билік
етуіне қатты қабығымен, жұмсақ қабатымен, етімен
және шырынымен немесе қатты қабығынсыз, жұмсақ
қабатынсыз, етсіз және шырынсыз беру құқығымен
беремін, сыйға беремін және біреуден беріп
жіберемін».
Нормативтік құқықтық актінің мазмұнына, соның
ішінде оның жазылу тіліне қойылатын талапты
орындау үшін сөздік технологияны жетік меңгеру
ауадай қажет. Міне, сондықтан да ол қазақ тілінде
заң әзірлеу мәселесінде алғашқы орынға шығады.
Әрине, мемлекет тілінде заңнама әзірлеу ісінде
бұдан басқа да толып жатқан шешілмеген
мәселелер бар. Алайда олардың бәрі де заңды
тікелей жазумен, яғни мемлекеттің еркі мен билік
өкілеттіктерін сөздік технологияны мүлтіксіз
сақтай отырып, заң тілі арқылы жеткізумен
салыстырғанда екінші қатарға ысырылатын
мәселелер.
Заңнама мәтінінде ең жиі қолданылатын
тілдік бірлік - терминдер. Жалпы ереже
бойынша, нормативтік ұғымды неғұрлым
толық білдіретін термин - жақсы термин,
ал ұғымның шынайы мағынасын
тұмшалайтын термин - сәтсіз термин.
Ұғымдық айқындық және соған сай
келетін терминологиялық дәлдік құқық
нормасын мәтіндік ресімдеудің аса
маңызды принципі.
Қазіргі кезде құқықтық нормалар тілінде
шеттен сөз алудың үш түрі байқалады.
Ұлттық заңнама терминология
ындағы өзекті мәселе -
нормативтік құқықтық
актілердегі атау сөздердің,
терминдердің бірізділігі
проблемасы.

Ұқсас жұмыстар
Эстония
Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары ұғымы бойынша азаматтық процестік құқық саласының ғалымдарының пікірлері
Қарым - қатынас дағдыларының маңыздылығы
Қазақстан Республикасындағы Отбасы құқығы және Неке
Дамыған елдердегі баға құрудың және бағаларды реттеудің заңдылықтары мен тенденциялары
«Ақ жол» ҚДП
ЗИЯН КЕЛТІРУ САЛДАРЫНАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Қазіргі әлемде заң кеңесшісі - Әдетте юриспруденция ұйымның құқықтық бөлімінің саласында жоғары білімі бар қызметкері
Құқық бұзушылық
Тіл мәдениетін жетілдіру
Пәндер