Соғыс концепциясы


Slide 1

Жазушы Софы Сматаевтың шығармашылығындағы «Соғыс» концепциясы

Slide 2

Адамзат баласының тарихында орын алған түрлі шайқастар адам санасында сақталып, әр уақыт сайын жаңғырып отыратын белгілі. Сан ғасырлар бойы жүргізілген соғыстар әрбір тіл иесінің тілдік қолданысында да түрлі ассоциациялармен көрініс табады. Осыған орай, жазушы Софы Сматаевтың шығармашылғында «соғыс» концептісі негізгі концептілік жүйені құрайтын когнитивтік құрылым болып табылады. Жазушы туындыларында түрлі қырынан танылған «соғыс» концептісі композициялық құрылымы мен сюжеттік мазмұнына қарай түрліше көрініс тапқан. [1, 11бет]

Slide 3

Ғаламның тілдік бейнесінде «соғыс» концептісінің таңбалануы

Slide 4

Жалпы тілдік қолданыста "соғыс" концептісінің бейнеленуі

Slide 5

Жазушы Софы Сматаевтың шығармашылығында "соғыс" концептісі түрлі қырынан танылып, жазушының өзіндік көзқарасын қалыптастырған. Шығармашылығына арқау болған қазақ пен жоңғар арасындағы соғыс және Ұлы Отан соғысы. Адамзат баласына үлкен қасірет пен қайғы әкелген соғысты шығармашылығында көрсетуде автор өзінің аялық біліміне сүйеніп, оқырман қауымға жеткізе білген.

Slide 6

Фрейм. Лингвистикада фрейм ұғымының негізін қалаған ғалым - Ч. Филлмор. Фреймдік модель адам санасы мен жадының психологиялық негізі болып табылады, сол себепті ғалымның фреймдік теориясы декларативті және процедуралық ілімдердің сабақтасуына негізделе келе, 3 түрлі сатылық байланыспен ерекшеленеді. [2, 71 бет]

Ч. Филлмор

1929-2014

Slide 7 Slide 8

«Соғыс» концептісінің фреймдік құрылымы жазушы Софы Сматаевтың шығармашылығында көрініс табуы

Slide 9

Мысалы: Қазақтар жағынан көшелі жирен айғырға мінген нар тұлғалы батыр атын ойқастатып ортаға шыға берді. Манадан талмай соққан қолдары сылқ түсіп, жігіт шоқпарын тағы да үйіріп төніп қалған Жомарттың қанталаған көзіне тура қарады.

-Апырай, аға, оңдырмай ұрдыңыз-ау! Жомарт қалт тоқтады.

- Кім едің? Не дедің? Аға деймісің?

- Қорабай деген қырғыз ініңізбін, - деп жігіт қайта қайыруға тілі келмей, опырылып құлап бара жатты. [С. Сматаев. Елім-ай. ; 8 бет]

1 - фрейм. Сұм соғыс. Шығармада «соғыс» макроконцептісін құрайтын өзара шектес, байланысты «қақтығыс», «күрес», «жеңіс//жеңіліс», «жорық», «шапқыншылық», микроконцептілері алуан түрлі тілдік бірліктер арқылы репрезенттелген. [1, 11бет]

Slide 10

2 - фрейм. Шайқас, сұрапыл соғыс. «шайқас», «өлім», «билік», «байлық» концептілері бірінен кейін бірі орын алатын ұласпалы процестерді білдіретіндіктен, ажырағысыз бірлікте беріледі. Соғыс жауласушы екі жақтың арасындағы күрделі, шиеленіскен саяси жағдай болғандықтан, оның басталу себептері, зардаптары мен салдарлары екі түрлі сипатта болады. Соғысты бастаған жақ, әдетте күші басым, дайындығы да жеткілікті алпауыт ел өзінен біршама әлсіз мемлекеттің немесе хандықтың жерін басып алу, елін құл қылу, байлығын иелену мақсатын көздеуі мүмкін. [1, 11бет]

Мысалы: Шыңғыс ханның баласы Төле әулетінен тараған хандарына тәуелді боп келген осы қалың жоңғар он төртінші ғасырдың аяғында Жеті хошуын Халханың әміршісі Әлібек ханның тұсында өз алдына жеке ту көтерді. [С. Сматаев. Елім-ай. ; 14 бет]

Айласын тауып қашып шыққан Эсельбейн-хя кейін қол жиып барып Хутухтай-Сеценді өлтіріп, кегін қайтарды. Алтын хан аталған Жеті хошун Халханың Шолой-Убаши хонтайшысы Жоңғарияға тіпті қырғидай тиісіп еді, көп ұзамай Кукунор көліне жетіп, сол маңайды жайлай бастады. [С. Сматаев. Елім-ай. ; 17 бет]

Slide 11

Бұл мысалдар да «соғыс» концептісі «шайқас-өлім-билік» тізбегі түрінде көрініп отыр. Яғни жеңілген қолбасшы өлім құшса, жеңген хан жаңа билікке қол жеткізеді. Келтірілген мысалдар соғыс - жаңа жерлер мен байлыққа, билікке қол жеткізудің, қол астындағы құлдар санын көбейтудің, яғни мемлекеттегі, хандықтағы еңбек күшін арттырудың да бір құралы екенін дәйектейді. [1, 13 бет]

Slide 12

3 - фрейм. Соғыс, неміс. «кек», «ыза», «зұлымдық», «жетім», «қайғы» арқылы ассоциацияланып, таңбаланған.

Мысалы: Құбаштың күреңіткен дөңгелек жүзінде болар-болмас толқын төменнен жоғары қарай жүгіріп өтті. Қиық көзге ұшқындап кек тұнды.

Не-міс-с! Жалғыз сөз түйткілді кеудеден жауығып шықты да, заматта дәу жұдырық тарс түйіліп, талдырмаш дененің томпиып білініп қалған құс төсіне бар салмағымен сарт етті. [С. Сматаев. Қайран жастық. ; 218 бет]

Дас ист айне Гемайнхайт! Флейчер! Құбаш өртеніп туған кекшіл қарасын өзгертпей шұбалаңдап орнынан тұрды. - Неміс!-деді тағы да шеге қаққандай нығарлай тістеніп. [С. Сматаев. Қайран жастық. ; 219 бет]

Slide 13

Схема - фразеологизмдердің мағыналық құрылымын үлгілеуде қолданылатын тəсіл. (Когнитивтік психология мен жасанды интеллект туралы еңбектерде осы схема сөзі «фрейм» орнына қолданылған) . Əдете зат пен құбылыстың кеңістікте контуры, сұлбасы, (геометриялық пішіні) фигура болады. Когнитивтік санада сыртқы сингалдар мен ішкі сезімдер көмегі арқылы жинақталған ақпараттарды бір құрылымда танытуда схеманың өзіндік рөлі бар. [2]

Slide 14

Жазушы Софы Сматаевтың шығармаларындағы схеманың қолданысы төмендегідей

Slide 15

1. Ыржың-ыржың, екі езуі екі құлағында. [С. Сматаев. Қайран жастық. ; 8 бет]

Екі езуі екі құлағында. Өте көңілді, көңілі көтеріңкі, қуанышты, мәз-мейрам. [ҚТФС, 201 бет]

2. Дәл осы арада Жомарттың өз адамындай сөйлеп, от тастап отыр. [С. Сматаев. Елім-ай. ; 30 бет]

От тастады. Шағыстырды, айдап салды, араздастырды. [ҚТФС, 201 бет]

3. Көкірекке нан піскен қызбалық сабырлық табардай сөз айтылды. [С. Сматаев. Елім-ай. ; 42 бет]

Көкірекке нан пісті. Кеудесін керді, мақтанды. [ҚТФС, 201 бет]

4. "Жоспарды қайттім?"деп бармағын тістеп бастық бүлінеді. [С. Сматаев. Қайран жастық. ; 9 бет]

Бармағын тістеп. Өкінді, аса қатты қынжылды. [ҚТФС, 117 бет]

5. Сол білікті журналист, белгілі жазушыларыңның бір де біреуінің Бәукеңе баруға жүрегі дауаламай отыр. [С. Сматаев. Қайран жастық. ; 342 бет]

Жүрегі дауаламай. Батылы бармады, қаймықты, тайсалды. [ҚТФС, 278 бет]

Slide 16

6. Омбының генерал-губернаторы дуанға келеді деген хабар қала ұлықтары тұрмақ, бүкіл бір ояздың даладағы бай мен биін, болысы мен шонжарын да төрт аяғынан тік тұрғызып, дүрбелеңге салып қойды. [С. Сматаев. Қайран жастық. ; 93 бет]

Аяғынан тұрғызды. Мазасын алды, өре түрегелдірді; құрметтеп күттірді. [ҚТФС, 96 бет]

7. Ара-жігі бөлінбей, шоғырлана қоныстанған Арғын, Қоңырат, Дулат жұртының төскейде малы, төсекте басы қосылған соң той-дүрмегі көбеймей қайтсін. [С. Сматаев. Қайран жастық. ; 402 бет]

Төскейде малы, төсекте басы. Ағайын-туысты, ынтымағы, бірлігі бар, қонысы ортақ жұрт болды. [ҚТФС, 690 бет]

8. Соғыс та бітер. "Қой үстінде бозторғай жұмыртқалар заман" да келер. [С. Сматаев. Қайран жастық. ; 256 бет]

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалады. Тыныштық, бейбіт заман орнады. [ҚТФС, 444 бет]

9. Сен маған бүгін тағы біраз әңгіме айтып, құлақ құрышымды қандырарсың. [С. Сматаев. Қайран жастық. ; 222бет]

Құлақ құрышы қанды. Әбден естіп мейірленді, айызы қанды, тыңдап құмардан шықты. [ҚТФС, 473 бет]

Slide 17

Ойсурет - концепт қалыптастыру операциясының ең күрделі формасы. Ойсурет суреткердің қиялдау, суреттеу, ұқсату шеберлігінен туындайды. Санадағы фантазиялау таланты басым болса, концептіні ойсурет құрылымында таныту деңгейі жоғары болады. [2, 74 бет]

1. Киелі ақ сүт - ана көңілдің шарқұраған аңырауы, аңсауы. [С. Сматаев. Елім-ай. ; 5 бет]

2. Қазақтың басында - күні, табанында - топырағы тұрғанда ән мен күй тоқтамас! Күйі - тоқтағанда - күні сөнер. Әні біткенде - топырағы таусылар. Жүректің үні жоқ дейміз. Ол бекер. Жүрек тілі - әні мен күйі. Егіз тілі, егіз сиқыры. Көл - тұмадан, сай - жырадан, ел - ұланнан құралады. [С. Сматаев. Елім-ай. ; 76 бет]

Slide 18

3. Ерлік рухын, ашу-кегін, жауынгер айбатын, намыскер қайратын ду-ду қоздыратын жалғыз сөз екі жақтан да суылдаған жебедей борап, өшіккен үндерді түу-түу қиянға алып қашып жатыр. [С. Сматаев. Елім-ай. ; 8 бет]

4. Қаратау - үміт бейнесі. Қаратаудың ар жағы - қалың ел. Қазақ жұрты. Қаратаудан асса - азаптан құтылады. [С. Сматаев. Елім-ай. ; 49 бет]

5. Қара күштің қаруы - өлім. [С. Сматаев. Елім-ай. ; 239 бет]

6. Дүние -толқын. Лықсып туып, ығысып шегінеді. Адам - лек, ұрпақ - лек ауысып жатады. [С. Сматаев. Қайран жастық. ; 393 бет]

7. Шын би - халық қамқоры, ел тірегі. Шын батыр - халық перзенті, ұлт мерейі. [С. Сматаев. Қайран жастық. ; 398 бет]

Slide 19

Мысалы:

1. Шилі өзен, қамысты көл - елім еді. Елім-айым еді. Ошағында от жанғанда, отауынан ән төгілетін сауықшыл қазақ ошағы қаңсып, отауы қаңырап зар кешті. Қаңсырап кешті. [С. Сматаев. Елім-ай. ; 6 бет]

2. Қаратаудан көш емес, босқын шұбаған. Қара көзден жас емес, қан аққан. Төл тірсектер тілініп, төбенің басында қалған. Төл сәбилер ілініп, жебенің ұшында қалған. Ақ сүт көк аспанға атып, қызыл қан қара жерді суарған. [С. Сматаев. Елім-ай. ; 6 бет]

Скрипт - концептілік құрылымның бір типі. Скрипт қалыптастыратын басты элемент фрейм. Скрипттің санадағы көрінісі - сценарий құрылымының кеңейтілген формасы. [2, 19 бет]

Slide 20

4. Қоңыр саз қоңыраудай сылдырады. Қоңыр қаздай мамырлады. Бипыл әуен бал тамызды. "Саймақтың сары өзені" сарқырап ағып, "Ноғайлы-қазақтың айрылған күйі" көлеңдеп өтті. Көлеңдеп өтті де, көп жанарға шық түсірді. Бұлардан соң қоңыр күй кең толғап "Асан қайғыға" "Бұлан жігітті" ерітті. Сырлы саз тегіс отырғандарды тегіс баурап алды. Сергек әуен шер саумалап, аңыздан әңгіме өрбітті. Өткен сыр қозғап көлденең тартты. Егес - серпіндей толқын атты. Күйініш - зардай сүйек сырқыратты. Өкініш - армандай ер азаматты күйзелткен ел әбігерінен хабар әкелді. Қыз болып жылады. Жігіт боп кек қуды. Абыз ата Асан боп жерұйық іздеді. Ажалдан тайсалмай, аспандағы айға қол созған ұланды жоқтады. Ел бірлігін аңсады. Қоңыр саз қоңыр қаздай мамырлады. [С. Сматаев. Елім-ай. ; 74 бет]

Slide 21

Қайран домбыра! Қазақтың қуанышы мен қайғысындай қат-қабат жүретін көңіл күйін қос шегіңде қалай ғана ұстап қалғансың! Құлақ-күйіңді қайыра білу - ат құлағында ойнаудан қиын-ау. Тиегін дұрыс қойып, пернесін дөп баса алсаң, он саусақ он түмен, он лек қолдан кем бе? Анау, анау, бір дірілдеген ешкі шегі дүние үні боп дүрілдеп тұр. Үзіліп кетпесе екен! Мына үндер жоғалса шаһит боп кеткен жандардың тіріліп келіп, табысып жатқан сәті бірге үзіледі-ау! Тоқтама, үзілме домбыра! Бір шегіңнен туған жерге сүйіспеншілік білдірсең, екінші шегіңнен жауға деген өшпеңділігіңді айғақтадың-ау! [С. Сматаев. Елім-ай. ; 77 бет]

Жазушы Софы Сматаевтың шығармасында бұл жолдар «соғыс» концептісінің мәнін ашатын скрипт құрайды. Берілген жолдардағы Қаратау, елім-ай, қоңыр қаз, қайран домбыра сынды тіркестер жекелей қолданыста фрейм болса, бірлесіп келіп «соғыс» концептісінің мәнін ашатын бірлік болып табылады.

Slide 22

Сценарий. Бұл қандай да бір кеңістік-уақыттық контекстіде өрістейтін және қандай да бір мақсатқа тәуелді әрекеттердің реттелген, тізбектілігі. Сценарийдің вербалды репрезентациясының құрылымы ереже бойынша бірнеше компоненттерден тұрады, оның ішінде міндеттісі объект, кеңістік, нәтиже және субъект, ал уақыт, жағдай, себеп, құрал факультативті слот болып табылады. [2]

Мысалы:


Ұқсас жұмыстар
АҚШ ПЕН МЕКСИКА АРАСЫНДАҒЫ СОҒЫС, СОҒЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Қажеттілік иерархиясы
ДЕМОКРАТИЯ САЯСИ МӘДЕНИЕТТІНІҢ ТҮСІНІГІ
Мәдениет философиясы
Ұтымды тамақтану. Салмағы артық адамдардың тамақтану принциптері
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР
Қажеттіліктер иерархиясы теориясы
Әлеуметтік топтар, қатынастар
Бюрократияның түсінігі және ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz