Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасындағы Жүрек және Тұлпар концептілерінің концептуалдық талдауы


Slide 1

Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасына концептуалды талдау жұмысы

Slide 2 Slide 3

«Жүрек» концептісінің фреймдік құрылымы:

Ит етінен арман көр,

Жұрт бұзақар залымды.

Қағазда заула арман сөз,

Жас жүрекке жалынды. («Қаламға», 20-бет)

2. Қырдағы қара сойыл бақандаған,

Қалада қара жүрек қаһарланған.

Тұсында сері болсын, пері болсын,

Ұнайды өмірімен Ақан маған. («Құлагер», 277-бет)

3. Тулаған тоңды жүрек, қыз-болды мұз.

Құбылған құйын сезім қолды қағып,

Еңкейіп оң жағынан жұлды жалбыз. («Мақпал», 181-бет)

4. Мен сонда көріп тұрып сол суретті,

Мастанған махаббатпен жер мен көкті,

Жылаған мұны күтіп жылдар, айлар,

Дер едім жұмсақ жүрек сертке жетті! («Алатау», 162-бет)

Slide 4

«Жүрек» концептісінің схемалық құрылымы:

Елікті алып, ес шығарып, екілентіп,

Көңілді көбелектетіп, ойды ұмтылтып;

Қанды қозғап, тамырды солқылдатып,

Көңіл мұңын, жүректің лебін тінтіп . («Бұлбұлға», 7-бет)

2. Ұйықтап жатқан көңілді өлең түртер,

Қайғы, зарын, қуанышын жақсы тінтер.

Жүрегімнің айнасын шаң басқанда

Орамалым осы өлең бетін сүртер. («Жанды сөз», 10-бет)

3. Кең теңізде шашылып,

Көк жүзіне көлбеген.

Көпіріп көкке бір шығып,

Жүректің жарын қусырып,

Күңіренген де, тербеген. («Айдаушы», 162-бет)

Slide 5

«Жүрек» концептісінің ойсурет арқылы берілуі:

Тамырды солқылдатып, ойды қозғап,

Жүректі тебірентіп, ішті жылытар.

Қайғылы, мұңды, өнерлі, шерлі жанға

Ой салар, ойын түртер, жыбыршытар. («Әншіге», 6-бет)

2. Қойлар маңырап, қозылар жамырап,

Бұзау мөңіреп, енесі аңырап,

Көңіл елбіреп, жүрек желбіреп,

Ішің елжіреп, көзің мөлдіреп. . («Біздің жазда», 21-бет)

3. Кеше ғана үйге енген

Кеткен тоқал сүйгенмен.

Жүрегі сыздап,

Бой мұздап,

-Үһ-деді

Іші күйгеннен. («Жүдек жүрек», 131-бет)

Slide 6

«Жүрек» концептісінің сценарийлік құрылымы:

Бір үйде домбыра да ыңыранған,

Қыр күйі құлдыраған, бұлдыраған;

Қос шек «Қосбасарды» сылқылдатып,

Жүректі жұлып жеуге күй жынданған («Құлагер», 286-бет)

2. Тіл бітсін қара тасқа, жүрегі исін,

Ұшағы ұлы желдің жылы тисін,

Елжіреп жар жүрегі махаббаттың,

Қайыңды құшағына ап ыстық сүйсін. («Алатау», 162-бет)

3. Таза тас сияқтанған күміс кесек,

Жапырақ секілденген таза төсек,

Жүрегін жуықтаса жаралаған:

Кір өмір, тікен тұрмыс, улы өсек. («Құлагер», 280-бет)

4. Жасымнан жырлап едім тауды талай,

Гималай, Кавказ, Жөңке, Алтай, Алай.

Ордасы ой, кқңілімнің ала асқарлар,

Жырлатпай жүрегімнен жатсын қалай? («Құлагер», 274-бет)

Slide 7 Slide 8

Тұлпар концептісінің фреймдік құрылымы:

Ұзаққа жүгіретін өрен жүйрік,

Секілді тыз етпеге қақпай күйбік,

Көсіліп өресі ұзақ поэмаға,

Жай тастап, кең құаштап желдей жүйткіп. («Құлагер», 273-бет)

2. Жүйрік ат, сонар саят, қыз-қырқынмен

Өмірді өткізген жан өз ырқымен.

Өмірдің ащы емес, тұщысын да

Қызықтап жігіт ойын, қыз күлкімен. («Құлагер», 280-бет)

3. Жиынға оя мінген бір арғымақ,

Тыншымай мамаағашта тұр қарғылап.

Тұқымы тобылғыдай тор қасқаның,

Алынған француздан англо-арап. («Құлагер», 286-бет)

Slide 9

Тұлпар концептісінің схемалық құрылымы:

Қазақты Құлагерді көп айтады,

«Серінің серігі еді» деп айтады.

«Ат сыры иесіне мәлім» деп жұрт,

Тегінді мал көрмесе, неге айтады. («Құлагер», 277-бет)

2. «Ой, қалқа, біздің көңіл қайда жатыр,

Толқыған он төртінші айда жатыр.

Ат тұрса, атан тұрса көз салмаймын,

Арғымақ, асыл тұқым тайда жатыр. («Құлагер», 294-бет)

3. Сүзілген құйрық, жалы өңшең жайдақ,

Балалар бәйшешектей шыттар байлап;

Бәйгеде бәсекемен бақ сынасқан

Қалың ат көлді айнала кетті қайнап. («Құлагер», 306-бет)

Slide 10

Тұлпар концептісінің ойсурет арқылы берілуі:

Салбырап тұр Құлагер балауында,

Қарасып Құланың бас, аяғына:

-Осы ма, Құлагерің?-деседі жұрт,

-Жүйрігі жануардың қай жағында.

(«Құлагер», 289-бет)

2. Сөзіне Күреңбайдың жұр таң қалды,

Не сыншы, не сұңғыла ортаға алды.

Жылқының қырағысы, шежіресі-

Күреңбай көзін сүзіп тұрып қалды.

(«Құлагер», 290-бет)

Slide 11

Тұлпар концептісінің сценарийлік құрылымы:

Барымта - ел шулатып жылқы қуған,

Әупілдек атыр шыққан әр рудан.

Ел құнға жұма сайын бір жығылып,

Қара нар, қалы кілем бітім қылған. («Құлагер», 277-бет)

2. Жасынан иеленген баласындай,

Талпынып Көкшетауға анасындай.

Көліне бетін жуып, ат суарған,

Арқаның бір сиқырлы айнасындай. («Құлагер», 279-бет)

3. Күн батты, жұлдыз шықты жабылды ымырт,

Шөгісті, қонды асқарға мұнар, бұлт.

Ел жатты. Жылқы жусау. Тоғай тынды.

От сөнді. Қатын қайтты қайнатқан құрт. («Құлагер», 180-бет)

Slide 12

Назарларыңызға

рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Жансүгіровтің Құлагер поэмасындағы Ақан бейнесі мен Құлагер тағдыры: әдеби талдау және сабақ жоспары
Ілияс Жансүгіровтің Күй, Күйші, Құлагер поэмаларының лексикасы: архаизмдер, кірме сөздер және стильдік ерекшеліктері
Ілияс Жансүгіров: өмірі, шығармашылығы және саяси қуғын-сүргін
Серікбай Оспанов поэзиясындағы Бақыт, Сағыныш және Өлең концептілерінің концептілік құрылымы мен когнитивтік талдауы
Ілияс Жансүгіров лирикасының көркемдік ерекшеліктері мен сөз жасауы
Ілияс Есенберлиннің өмірі мен Көшпенділер трилогиясының тарихи-әдеби талдауы
Ілияс Жансүгіров (1894-1938): өмірі мен шығармашылығы
Онтология мен метафизика: болмыс теорияларының тарихи және концептуалдық талдауы
Үш бәйтерек: Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы
Тілдік бейнедегі жүрек концепті: лексика-семантикалық және концептуалдық зерттеу (Абай поэзиясы мен фразеология, мақал-мәтелдер мысалында)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz