Қазақ тілі оқыту әдістемесі



Пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі

Жоспар:
І КІРІСПЕ.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1. 1 Пәнаралық байланыс ұғымы.
1. 2 Пәнаралық байланыстың оқушы құзыреттілігін арттырудағы рөлі.
1. 3 Пәнаралық байланыстың тиімділігі, маңызы.
1. 4 Қазақ тілі сабағын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске асырудың педагогикалық мәселелері.
1. 5 Қазақ тілі сабақтарында пәнаралық байланысты жүзеге асыру әдістемесі.
1. 6 Сыныптарда қазақ тілін пәнаралық байланыс негізінде жаңа технология элементтерін пайдалану түрлері.
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Қазақ тілі сабағынан білім берудің мемлекеттік стандартында үзіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасын қалыптастырудың құнды негізі екендігі анықталған. Осы бағытта пәнаралық байланыс жекелеген пәндер ең алдымен оқушыда мәдинеттің базистік қырларын қалыптастыруда, оның жеке бас тұлғасын тәрбиелеуге қызмет еткендіктен білім мазмұнының инегративті, біртұтастығын қамтамассыз етудің маңызы зор.

Қазақ тілі сабағынан білім берудің мемлекеттік стандартында үзіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасын қалыптастырудың құнды негізі екендігі анықталған. Осы бағытта пәнаралық байланыс жекелеген пәндер ең алдымен оқушыда мәдинеттің базистік қырларын қалыптастыруда, оның жеке бас тұлғасын тәрбиелеуге қызмет еткендіктен білім мазмұнының инегративті, біртұтастығын қамтамассыз етудің маңызы зор.

Зерттеудің мақсаты: Сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында пәнаралық байланыстың тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері: Сыныптарды оқыту барысында пәнаралық байланыс арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиттермен, жаңашыл педагогтардың тәжірбиелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдістерін қолдану, өзіндік жұмыстарының түрлерін ұсынып нәтижесін көрсету. т. б.

І КІРІСПЕ
Қазақ тіл ғылымының бастауы тіл табиғатын жан-жақты зерделеген ғылыми еңбектермен қатарласа қалыптасқандықтан, оның теориялық бірліктері мен ұстанымдары да, бағыт-бағдары да белгілі бір ережеге бағына, жүйелі реттілікте сақтай отырып жүзеге асты деп айта алмаймыз. Тіл болмысын, оның қызметін адамзат атаулының тұрмыс-тіршілігімен, таным-қабылдауымен, пайым-түсінігімен байланыстыра зерделеу арқылы өзектелген пәнаралық сабақтар алғашқыда пәлсапа мәселелерінің тілдік тұжырымдарға етене арласуымен өзгешеленсе, одан кейінгі кезекте мұнда ғылымдардың ара-жігін ашуға ұмтылу, тілдің құрылымдық жүйесін сұрыптау, ал экстра факторларды екінші кезекке қалдыру әрекеттері көбірек байқалды, сол себепті аталмыш зерттеулерде танымдық ұстанымдардың деңгей-дәрежесі де бір қалыпты дамыған жоқ.

Тіл шындықтың, ғылымның және ол жөніндегі ақыл-ойдың танылуы немесе олардың адамдар ұғымынан орын алып, жүйеге келуі. Олай болса, өмір шындығынсыз мидың қызметі болуы мүмкін емес, сол сияқты мидың қызметінсіз тіл немесе тілдегі ой мен ұғым болуы мүмкін емес. Ондай жүйеге келген ғылымдар мектебімізде ең алдымен сол өзінің ана тілінде оқытылады.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2. 1 Пәнаралық байланыс ұғымы, ғылымға ену кезеңі
Дүние жүзіндегі ғылыми-техникалық прогресстің ілгерілеуі - әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім беру жүйесінің, оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісін дұрыс ұйымдастыру технологиясының жаңа сатыға көтерілуін талап етеді. Елбасымыз кезекті Жолдауында: «Ғаламдану жағдайында қазақстандықтардың интеллектуалдық қабілеттері біздің жоспарларымыздың негізгі факторлары болып табылады. Кез келген «ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады», - деп атап көрсетеді.
«Сабақ өту - жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер», - дейді Ж. Аймауытов.

Пәнаралық байланыс - түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі. Пәнаралық байланыстың қазіргі оқыту-тәрбиелеу, білім беру жүйесінде оқушылардың дүниетанымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесуі ғылыми педагогикалық дәлелдеме ретінде танылады. Оқушылардың әртүрлі пәндер бойынша берілетін теорияларды түсініп-білуі, олардың жалпы ақыл-ойына серпін туғызып, танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімін жүйелейді. [2. 42]

Пәнаралық байланыстың классикалық педагогикадағы қалыптасқан идеясының өзіндік даму тарихы бар.
ХҮІ - ғасырдан бастап батыстың ұлы педагогтері Я. А. Коменский (1592 - 1670), Л. Локк (1632 - 1704), Ф. И. Гербат (1776 - 1841), Ж. Ж. Руссо (1712 - 1778), И. Г. Песталоцци (1746 - 1827) өздері өмір сүрген замандардан бері педагогика ғылымының күрделі мәселесі ретінде пәнаралық байланысқа баса назар аударған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына жолдауында «…ғаламдану жағдайында қазақстандықтардың интеллектуалдық қабілеттері біздің жоспарларымыздың негізгі факторлары болып табылады», ал кез келген «…ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады» деп атап көрсетеді.

2. 2 Пәнаралық байланыстың оқушы құзыреттілігін арттырудағы рөлі
Қазақ тілі мен басқа пәндер арасында, әсіресе, әдебиет, орыс және шетел тілі пәндерінің арасында, сондай-ақ тарих, география т. б. пәндері арасында тығыз байланыс болады. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы тіл мен әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнемі түзетіп отыруға (дауыс ырғағын дұрыс қоя білу т. б. ) жол ашылады.

Әдістеменің мынадай міндеттері бар:
1) бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, ерекшелігін, мазмұны мен көлемін, құрылымын, бөліктерінің бір-бірімен ұштасуы мен бірізділігін анықтау, оқу материалын сыныптарға бөлу;
2) оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді және тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқылатын материалдың ерекшеліктері мен оқушылар құрамының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда қолданылатын әдіс-тәсіл варианттарын) зерттеу және сипаттау;
3) қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін (ғылым негізін) оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары туралы мәселелерді талдап шешу, яғни материалды дәл қабылдаудың, айқын түсінудің, оны практикада қолдана білудің шарттары туралы мәселелерді талдау.

Оқу пәндерінің бірігуі төмендегі шарттарға байланысты:
- зерттеу нысандарына сәйкес келуі немесе өзара жақын болуы;
- кіріктірілген оқу пәндерінде зерттеу әдістерінің бірегейлігі немесе ұқсастығы;
- кіріктірілген оқу пәндерінің жалпы заңдылық, жалпы теориялық тұжырым негізінде құрылуы.

Кіріктіру - ХХІ ғасыр талабы. Осы талапты орындауға шындап кірістім. Ең маңыздысы оқушылар мамандықты игеру барысында ынтасы жоғары болуы керек.
Артықшылықтар:
- ұстаз үлкен ізденіс жұмыстарын жүргізеді (түрлі ақпарат көздерінен, интернеттен, т. с. с. ) ;
- оқушылардың сабаққа, пәнге қызығуы;
- басқа пәндердің қажеттілігін оқушылардың түсінуі;
- сабақ барысында барлық мүмкіндікті пайдалану (компьютер, ОТҚ - Ы, т. б)
Кемшіліктер:
- сабақты тек белгілі бір шектеумен түсіндіруге мәжбүрсің;
- әр мұғалім өзінің сөзін айтады, бірақ байланыстың жоқтығынан оқушылар тек белгілі байланыстармен шектеліп қояды;
- нәтиже күтпейміз. Сабақ сол сыныпта ғана өткізіледі.

2. 3 Пәнаралық байланыстың тиімділігі, маңызы
Материалдық әлемнің тұтастығын, оның құбылыстарының күнделігі мен қарама - қайшылығын оқушылар мектеп пәндерімен танысқан кезде бірте-бірте сезіне бастайды. Алайда, бұл білімдерді синтез жасамаған жағдайда бөлек-бөлек болып қала береді. Жүйелі білімдерді қалыптастыру, дүниетанымдық идеяларды түсіну үшін пәнәрылық байланыстарды орнату маңызды. Пәнаралық аралық байланыстырады пайдалану жалпы тарих курсының бір тұтастығын және маңызды түсініктер мен дүниетанымдық идеяларды меңгеруді қамтамасыз етеді.
Пәнаралық байланыстар пәндерге ортақ фактілер, түсініктер, идеялар, іскерліктер мен дағдыларға орай қалыптастырылуы қажет. Сондай -ақ пәнаралық байланыстар әмбебаптық сипатта болады. Өйткені олардың қызметі мен ықпалы барлық пәндерге жалпы, ортақ болып келеді.

«Білім беруді ізгілендіруде пәнаралық байланыстар арқылы жеке тұлғаның дамуын қалыптастыру» мақсаты: «Оқытудың инновациялық әдістемелері негізінде, білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып жеке тұлғаны қалыптастыру».
Оқушының сана сезім, ақыл-ой қызметінің дамуына ықпал жасай отырып, шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу
Оқушылардың алған білім, білік дағдыларын одан әрі дамытып, терендету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу
Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, интеллектуалдық дамуын жетілдіру
Пәнаралық байланыстар арқылы жеке пән әдістемелерінің бір-бірімен байланысын ашу, ғылыми білім негіздерінің бірлігін көрсету және оқушының ізденісін арттыру

Пәнаралық байланыс тиімділігі:
- Оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, пәнаралық байланысын сақтау;
- Жеткіншектердің ойының тиянақталуына, қиялдауына, ұғымды меңгеруге, ойда сақтауына мүмкіндіктер тудырып, жағдай жасау.
- Оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастыруда, оқытудың тиімді әдістерін іздестіру жолдары пәнаралық байланысты күшейтуге себебін тигізеді;
- Дербес компьютерді қолдану, оның графикалық мүмкіндігі арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы артады;
- Жұмыс түрлері топпен, жеке дара, ұжымдық түрде ұйымдастырылып, оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасы нығаяды, әрі үйрету, шешім қабылдау, зерттеу қабілеттері қалыптасады;
- Теорияда алған білімдерін практика жүзінде қолдана білу арқылы іскерлік қабілеттері және тәжірибелік біліктілігі артады, бүкіл дүниемен, табиғатпен, қоғаммен қатынасы жүзеге асады;
- Политехникалық оқыту және кәсіби бағдар беру жұмыстары пәнаралық мазмұндағы есептерді шығару мен орындау барысында жүзеге асады. [6. 124]

Оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай оқушыларда түрлі икемділік пен дағды пайда болады. Профессор Т. Сабыров оларды бірнеше топқа бөледі.
Интелектік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, кітаппен жұмыс істеу, т. б. ) ;
Еңбекке икемділік пен дағды (сызба, оқи білу, еңбек құралдарымен жұмыс істей білу, т. б. ) ;
Спорттық икемділік пен дағды;
Өнерге деген икемділік пен дағдылар, т. б.

Пәнаралық байланыстың маңызына мыналар жатады:
Ж. Нұржанова Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары атты еңбегңнде пәнаралық байланыстың бірнеше тиімділігін атап көрсетеді:
Оқу пәндер арасындағы өзара байланыстың болуы - ғылымдар негізін меңгерудің және білім жүйесінің дамуының қажетті шарты.
Диалектикалық көзқарастың қалыптасуы білім мазмұнының барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.
Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық салаларын комплексті жүзеге асыруға ықпал жасайды.
Пәнаралық байланыс педагогикалық еңбектің ғылыми негізінде тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі.
Педагогикалық ұжымның барлық іс-әрекетінің бір-бірімен келісімді және демократиялық негізге жүріп отыруына әсер етеді.

Пәнаралық байланыс тәсілдерінің мынадай түрлерін атап көрсетуге болады:
а) бір пәннің материалын екінші пәннің материалымен салыстыра отырып, мазмұны жағынан үқсас тақырыптардыд пәнаралық байланысын жасау;
ә) жеке пәндер материалдарын меңгерту бары-сында өзге пәндер материалдарын негізгі мәселені толықтыру мақсатында пайдалану;
б) жеке материалдарды терең меңгерту тұсында ғана пәнаралық байланыстылықты жүзеге асыру;
в) пәнаралық байланысты әдіс ұқсастықтарына қарай жүргізу;
г) бір пәннің материалын екінші бір пәнге практикалық жаттығу ретінде пайдалану;
ғ) оқулық материалын өмірдегі әр алуан міндеттермен байланыстыру.

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мынандай:
• Әрбір жеке пәнді оқытқана басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу; • Түрлі пәндерді оқып үйренуде - өтілетін материалдарды уақыт жағынан үйлестіріп отыру. • Окушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруің, олардың жинақтылығымен әдістерімен, дағдыларымен сабақтастыра қалыптсатыру. • Жалпы теориялыьқ білім алуды және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асыру. • Оқушыларға (білім алу, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру барысында) бірдей талап қою. • Оқушылардың бір пәннен білім алуға икемі мен дағдыларын пайдалана білуге әдеттендіру. • Әр түрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақтық ерекшеліктерін көрсете білу. • Әр пән сабақтарында оқылатын құбылыстардың өзара байланысын ашып, дұрыс дидактикалық дүниетаным қалыптастыру.

2. 4 Қазақ тілі сабағын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске асырудың педагогикалық мәселелері.
Білім беру қазіргі ғылымның, мәдениеттің, ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуы керек. Жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару процесіне тікелей ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі таңда мектептегі оқыту процесінде пәнаралық байланыс ерекше көкейтесті орын алып отыр және жалпы педагогикалық маңызға ие болуда.
К. Д. Ушинский қандай да ғылым болмасын беретін білімдер мен идеялар әлемге және өмірге табиғи түрде қабысып, жақын мүмкіндігіне қарай кең құлашты көзқарас дарытуы керек деп есептеді.

Сонымен бірге шығыстың ұлы ойшылдары Әл - Фараби (870 - 968), Ибн Синаның (930 - 1037) және Жүсіп Баласағұнидың (1021) т. б. мұраларында, ал бертін келе қазақтың ағартушылары мен педагогтерінің еңбектерінде пәнаралық байланыс идеяларына мән бергенін көреміз.
Қазақ халқының ортамызға қайта оралған ірі зиялылар Ж. Аймауытов (1889 - 1931), А. Байтұрсынов (1873 - 1937), М. Дулатов (1885 - 1935), М. Жұмабаев (1893 - 1938), Ш. Құдайбердиев (1858 - 1931) т. б. бұл мәселені қарастырған.

2. 5 Қазақ тілі сабақтарында пәнаралық байланысты жүзеге асыру әдістемесі
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы Тіл білімімен байланысы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты нысаны оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Өйткені мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде белгіленеді. Яғни қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылуы мазмұнын анықтау әдістемесінің міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарына сүйенеді. Атап айтқанда, фонетиканы оқыту әдістемесі, лексиканы оқыту әдістемесі т. с. с. аталудың өзі тікелей қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені өз-өзінен түсінікті. Сондай-ақ, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар - әдістемелік тәсілдер, ал бұл атаулардың өздері және мазмұны тіл біліміне тән. Ендеше қазақ тілін оқыту әдістемесі өзінің бұдан былайғы даму барысында тек педагогикалық қана емес, белгілі дәрежеде тіл білімдік ғылым болып та қалыптасуда.

Педагогикамен байланысы. Жалпы тұрғыда педагогика жас ұрпақтарға білім, тәрбие берудің мәні, мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлері туралы ғылым ретінде сипатталады. Дидактика педагогиканың маңызды бір бөлігі - оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің негізі болып табылады. Әдістеме дидактика ұсынған оқыту принциптеріне, оқыту әдістерінің теориясына сүйенеді. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында ұрпақ тәрбиелеу проблемаларын талдап-шешуге қатысады, қазақ тілі сабақтарында берілетін тәрбиенің жолдарын (бұл тәрбиеге мазмұны сәйкес материалды, мысалдарды сұрыптау, көркем шығарма материалын пайдалану т. б. ) тіл құралдары арқылы іске асыруды жан-жақты қарастырады.

Психологиямен байланысы. Психология оқушының психоло¬гиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары жүйке жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп қазақ тілін оқытуға байланыс¬ты әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді.
Философиямен байланысы. Тіл білімі, біріншіден, методологиялық қағидалар жағынан байланысса, екіншіден зерттелетін ортақ проблемалары жағынан жақындасып байланысады.
Логикамен байланысы. Логика ғылыми дәл ойлау, дұрыс пікірлеу заңдылықтарын үйретеді. Сөйлемнің дұрыс құрылуын ойластырады. Түрлі тілдік фактілердің дәл болуын қарастырады, мұғалім мен оқушы сөзінің анық болуын қамтамасыз етеді.

Қазақ әдебиеті 1) тәрбиелік мақсатта. Ол үшін, а) тілдік фактілерге мысал ретінде әдебиет сабақтарында өтілген көркем шығарма мәтіндерін пайдалану, ә) жеке сөздердің, грамматикалық формалардың, синтаксистік құрылымдардың, сөйлемдегі байланыс тәсілдері мен мәтіннің бөліктеріне байқау жүргізу. 2) тіл ұстарту екі пәнге де ортақ (мазмұндама, шығарма жазуға, оқығанын өз сөзімен айтып беруге үйрету) .
Орыс тілі - шет тілі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz