Сөзжасамдық тәсілдер


Slide 1

Сөзжасам

Slide 2

Сөзжасамдық ұя

Сөзжасамдық ұя дегеніміз - бір түп негіз сөзден сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған жүйеге түскен, номинация қызметін атқаратын, белгілі құрылымдағы туынды сөздер жиынтығы.

Негіз сөз бен туынды түбір сөздің жиынтығы сөзжасамдық жұп деп саналады.

Сөзжасамдық тізбек - бір түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын туынды сөздер тобы.

Slide 3

Сөзжасамдық тарам дегеніміз - бір негізден бір сатыдан жасалған туынды сөздер.

Сөзжасамдық саты сөзжасамдық ұядағы бір мүшесі ұяда жаңа сөз жасайтын негіз сөз бен туынды сөз болғандықтан олар сөзжасамдық сатыны құрайды.

Slide 4

Өн 1. Өсімдіктің тамыр тартып көгеріп шығуы; өсуі.

2. Өсу, туу, пайда болу.

3. Ауысп. Істің нәтижелі болуы, ілгері басуы.

Өн: өн бойы - а) тұла бойы, бүкіл денесі; ә) түгелімен, тұтасымен.

Slide 5

Өн

Істің

нәтижелі болуы, ілгері басуы.

1 саты

2 саты

3 саты

4 саты

өнді

өндір

өндіргіз

өндіргізу

өндірт

өндірту

өндіріс

өндірістік

өндіргіш

өндіріс анархиясы

өндіріс қуаты

өндіріс құрал-жабдықтары

өндіріс әдісі

өндірістік қатынас

өну

өнім

өнімді

өнімділік

өнімсіз

өнімсіздеу

өнімсіздік

Slide 6

Өн

1 саты

2 саты

3 саты

4 саты

өнім

өнімтал

өнімталдық

өнгіш

өнгіштік

өндір

өндіру

өндіруші

өнік

өнікті

өніктілеу

Slide 7

Туынды сөздердің мағыналары

Өнді - өнімді болу, маңдау

Өндір - бір нәрсені құлшына, жігерлене істеу

Өндіргіз - бірнәрсені өндірту

Өндіргізу- бірнәрсені өндіргізу

Өндірт - бірнәрсені өндіру

Өндірту - бірнәрсені өндірту

Өндіріс - тұтынуға арналған материалдық игіліктерді, құнды заттарды жасап шығаратын өнеркәсіп саласы.

Өндіріс анархиясы - тауар өндірісінің жоспарсыздығы, қоғамдық шаруашылықтың бет-бетімен кетуі.

Slide 8

Өндіріс қуаты - өнеркәсіп салаларының кәсіпорын, оның бөлімшелерінің белгілі бір уақыт өлшемі ішінде барынша көп, сапалы өнім шығаруы.

Өндіріс құрал-жабдықтары - еңбек жұмсалатын зат пен сол затты өңдейтін құрал

Өндіріс әдісі - өндірістік қатынастардың өндіргіш күштермен біртұтастығы

Өндірістік - өндіріске тән, өндіріске қатысты

Өндірістік қатынас -

Өндіргіш - өндіріс құрал-жабдықтары мен қоғамның материалдық байлығын жасайтын адам еңбегі

Өну - өсу, ілгері басу

Өнім - белгілі бір уақыт аралығында дүниежүзінде, елде, кәсіпорында өндірілген өнімдердің бүкіл көлемі.

Өнімді - шығымды, өнімі мол

Өнімділік -

Өнімсіз - нәтижесіз, мардымсыз

Slide 9

Өнімділік - түсімді мол берушілік, нәтижелілік

Өнімсіздеу - өнімді емес, мардымсыздау

Өнімсіздік - өнбей жатқан, нәтижесіз

Өнімтал- жақсы өнім беретін, өсімтал

Өнімталдық - өсімталдық, өнгіштік

Өнгіш - жақсы өнетін, тез шыққыш

Өнгіштік - жақсы өнетіндік, тез шығатындық

Өндіру - бір нәрсені жасау, өндіру

Өндіруші - белгілі бір өнім өндіретін адам

Өнік - өнімді, қарқынды, нәтижелі

Өнікті - пәрменді, қарқынды

Өніктілеу - қарқындылау, пәрменділеу

Slide 10

Статистика

Туынды сөздер саны - 31

Сөзжасамдық жұп - 31

Сөзжасамдық тарам - 3 тарам

Сөзжасамдық тізбек - 30

Сөзжасамдық саты : көлденең - 4

тік - 2

Slide 11

Сөзжасамдық ұядағы сөзжасамдық тәсілдер саны

Синтетикалық тәсіл

Аналитикалық тәсіл

Лексика - семантикалық тәсіл

25

5

1

Slide 12

Сөзжасамдық тәсілдер

Синтетикалық тәсіл

Өнім - туынды сөз, синтетикалық тәсіл арқылы жасалған.

Өн - істің нәтижелі болуы, ілгері басуы.

-ім - етістіктен зат есім тудырушы жұрнақ.

Өнім - егілген дәнді дақылдан алынатын түсім.

Slide 13

Аналитикалық тәсіл

Өндіріс қуаты - аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөз.

Өндіріс - тұтынуға арналған материалдық игіліктерді, құнды заттарды жасап шығаратын өнеркәсіп саласы.

Қуат - күш, әл, дәрмен.

Өндіріс қуаты - өнеркәсіп салаларының кәсіпорын, оның бөлімшелерінің белгілі бір уақыт өлшемі ішінде барынша көп, сапалы өнім шығаруы.

Slide 14

Өнім - лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөз.

Өнім - егілген дәнді дақылдан алынатын түсім.

Өнім экон. термин - белгілі бір уақыт аралығында дүниежүзінде, елде, кәсіпорында өндірілген өнімдердің бүкіл көлемі.

Лексика - семантикалық тәсіл

Slide 15

Өндірістік қатынас - синтетика-аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөз.

Өндіріс - тұтынуға арналған материалдық игіліктерді, құнды заттарды жасап шығаратын өнеркәсіп саласы.

-тік - зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақ.

Қатынас - қарым-қатынас, байланыс.

Өндірістік қатынас - қоғамның экономикалық базисі болып табылатын материалдық игіліктер өндірісінің процесіндегі адамдардың біріне-бірінің қатынасы.

Синтетика - аналитикалық тәсіл

Slide 16

Көрме - синтетика - семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөз.

Көр - қарау, көз салып байқау.

-ме - етістіктен етістік тудырушы жұрнақ

Көрме - қоғамның не жеке адамның материалдық я рухани жетістіктерін жұртқа көрсетін орын.

Көрме - етістіктің болымсыз түрі.

Синтетика - семантикалық тәсіл

Slide 17

Сауда орталығы 1) белгілі бір аймақтағы үлкен сауда жасау орнына айналған елді мекен.

2) экон. термин құрамына дүкендер, қоғамдық тамақтандыру орныдарымен қатар, халыққа тұрмыстық және басқа да қызмет көрсету мекемелері кіретін сауда қызметінің бір телімге орналасқан, бір-бірімен өзара байланыста болатын кәсіпорындарының біртұтас кешені.

Аналитика - семантикалық тәсіл

Slide 18

Сөзжасамдық тип

Айыптаушы, арандаушы, барлаушы, дайындаушы, дәнекерлеуші, емдеуші, жазалаушы, жаттықтырушы, жәбірленуші, жобалаушы, жүргізуші, жөнелтуші, қорғаушы, қағушы, асыраушы, бояушы, жамаушы, бастаушы, тергеуші, орындаушы, нұсқаушы

22

Slide 19

1

2

3

Бояушы, қағушы

Қорғаушы, асыраушы, тергеуші, бастаушы, нұсқаушы, барлаушы

Айыптаушы, арандаушы, жүргізуші, жазалаушы, жобалаушы, жөнелтуші, орындаушы, дайындаушы

4

Дәнекерлеуші, жәбірленуші

Емдеуші, жамаушы

жаттықтырушы

Сөзжасамдық үлгі

5

6

Slide 20

Назарларыңызға рақмет!


Ұқсас жұмыстар
Сөзжасам жүйесі
Сөзжасамдық тәсілдер тілдің сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтарының біріне жататыны
Сөзжасам тіл білімінің дербес саласы
Сөз құрамы
Есерсоқ тау, есерсоқ тық
Сөзжасамдық калька
Шық сөзіне байланысты сөзжасамдық жұп
Сөзжасамдық тәсіл
Аға редактор
Атаудың жасалу, қалыптасу процесі - сөзжасамның негізгі зерттеу нысаны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz