Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығындағы Тағдыр және Жүрек концептілеріне концептуалды талдау


Slide 1

Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығындағы

«Тағдыр» концептісіне концептуалды талдау

«Тағдыр» концептісінің фреймдік құрылымы: «шын өмір», «дүние», «алдамшы дүние», «дүние», «ақырет».

«Тағдыр» концептісінің схемалық құрылымы: «өмір бойы», «дүниеде жасап, оқып, білу», «сұм дүниенің азабы».

«Тағдыр» концептісінің ойсурет арқылы берілуі: «дүние - өзен», «дүние - жеу», «дүниеден көңілі суып», «өлмейтін өмір», «бір жұмалық өмір».

«Тағдыр» концептісінің сценарийлік құрылымы: «өмірде неше түрлі уды іштім», «өмірдің бұл түрінде ешбір әкім», «атын дүние тану», «дүниеден сыр табу», «қызықты дүниеден өмір күткен», «дүние мен үшін жаралғандай», «дүние толған бақытсыздық».

Slide 2

«Тағдыр» концептісінің фреймдік құрылымы:

Ол ойым кешікпей-ақ болуы анық,

Көзім жетті сәулесі күннен жарық.

Шын өмір, шын әділдік сол күнде орнап,

Мен секілді қуанар миллион халық.

(«Ағайынның азғандығы», 44-бет)

Әттең, дүние-ай, көп сөз бар, тамағым деп,

Сыбырлап қой мінбеге барып жақын.

Міне, халық тамағым айтқызбады деп,

Сонан кейін шегініп жөтел, қақыр.

(«Таныстыру», 71-бет)

Адам аз ба түк еңбек қылма отырып,

Өмір бойы көрмеген қарны ашып.

Еңбекші тамақ таппай отырғанда,

Жүретін сән-сауыққа ақша шашып.

(«Кеше шал келмеді ме қайыр сұрап», 116-бет)

Slide 3

«Тағдыр» концептісінің схемалық құрылымы:

Арманым сол өмірді көрсем екен

Соған дейін адам болып жүрсем екен.

Өмір бойы тілеген осы тілек,

Сарғайтып сағындырмай келсең екен.

(«Сол кезде сөйлесерміз қаймықпастан», 45-бет)

Жеткізетін жолы деп, оқу бақтың,

Соқыр наныс жоғалды, бәле таптым.

Дүниені жасап-оқып білген сайын

Жолы алыстап барады бақыт жақтың.

(«Адасқан өмір», 103-бет)

Сайдауыттай алты ұл бар Мақан шалда,

Оларда да жасынан дамыл бар ма?

Өмір бойы өгізде жегіліп жүр,

Не себепті бермеді оларға алла?

(«Үмітсіздік», 115-бет)

Slide 4

«Тағдыр» концептісінің ойсурет арқылы берілуі:

Жан иесі жегелі бірін-бірі,

Өлмеу үшін ауызын ашқан заман.

Дүние-өзен, ағысын кңм тоқтатар?

Ағып кете баратын мен бір салам.

(«Адасқан өмір», 101-бет)

Дүние алдау екен, алдасуда,

Өз обалым өзіме, қалсам кейін.

Дүние-жеу, жегізу майданы екен,

Жеңе алсам жеймін демей мен не дейін.

(«Адасқан өмір», 105-бет)

Туғаны-мынау тұрмыс, әкесі-мен,

Қалайша оларға бақ болсын жуық?

Мен секілді әкесін о да қарғар,

Тудырды деп, дүниеден көңілі суып.

(«Адасқан өмір», 107-бет)

Slide 5

«Тағдыр» концептісінің сценарийлік құрылымы:

Өмірде неше түрлі уды іштім,

Неше түрлі азапқа, жаным, түстің.

Ағайынның ішінен ала шықса,

Жау ішінде бар ма екен сонан күштің.

(«Ағайынның азғандығы», 44-бет)

Деп билеткен ел бар ма кемеңгерге?

Түрме бар дар ағаш бар ондай ерге,

Өмірдің бұл түрінде ешбір әкім,

Мүмкін емес әділдік қылуға елге.

(«Адасқан өмір», 91-бет)

«Кетсем енді қайтеді, деп ойладым, -

Даңқ, атақ алатұғын істі қуып».

Атымды дүние таныр, шежіре ұмытпас,

Атақты істер қалса менен туып».

(«Адасқан өмір», 92-бет)

Slide 6

Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларындағы

«Жүрек» концептісіне талдау

«Жүрек» концептісінің фреймдік құрылымы: «жас жүрек», «сүйген жүрек», «ақ жүрек», «жұмсақ жүрек», «саяз жүрек», «қара жүрек», «ет жүрек».

«Жүрек» концептісінің схемалық құрылымы: «жүрек сыры», «жансыз жүрек», «жүректегі ыстық қан», «жүрек майы», «жүрек қаны», «жүректің іші», «жүрек жұлқып».

«Жүрек» концептісінің ойсурет арқылы берілуі: «жүрегі жұлқыну», «жүрегі жек көру», «жүректегі құр елес», «тулаған жүрек», «жүрегі жарылу», «жүрегі елжіреу», «жүректегі ойы».

«Жүрек» концептісінің сценарийлік құрылымы: «мұздаған елдің жүрегі», «жас жүректің толқыны асты», «түр мен сымбат еріткен жүрек сырын», «ой талғап, жүрек тыңдау», «жүрек сүйіп басталған құп ұнату».

Slide 7

«Жүрек» концептісінің фреймдік құрылымы:

Жас жүрек, қайда сенің ыстық қаның,

Тап мұндай мұздауыңның айтшы мәнін.

Тәтті үміттің қиялы сәуле беріп,

Ұйықтатпайтын толқынның жойдың бәрін.

(«Жас жүрек», 10-бет)

Сондықтан, оның ойы он бес бөлек,

Қайғымен күйік тартқан сүйген жүрек,

Зарыққан Күләймені көрген сайын,

Дертіне ем таба алмай көңілі жүдеп.

(«Күйеуі Күләйменің теңі емес», 57-бет)

Қазақта мұндай жігіт көрмедім деп,

Ардақты қарт Потанин лепес еткен.

Ақ жүрек, алғыр олы, адал жан деп,

Тумай жатып жастарға даңқы кеткен.

(«Таныстыру», 61-бет)

Slide 8

«Жүрек» концептісінің схемалық құрылымы:

Жас уақытта теңдесін тисе тауып,

Жүрек сырын болмайды қолмен жауып.

Қараңғы жерде өсіп қайрат қылып,

Шыдауына менің тұр көңілім ауып.

(« . . . ҒА», 17-бет)

Адасқан, теңін таппай мен бір жалғыз,

Құр дене қимылдаған жүрек жансыз;

Шілдеде мұздай болып қатқан көңіл,

Сүйе алмас жүректегі ыстық қансыз.

(«Елде егер жүрсең келмей, ұмытпассың», 62-бет)

Кешегі қара күнге болмап па еді,


Ұқсас жұмыстар
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920): өмірі мен шығармашылығы
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920): өмірбаяны мен әдеби мұрасы
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920): өмірі, шығармашылығы және әдеби-қоғамдық көзқарастары
Сұлтанмахмұт Торайғыров: өмірбаяны, шығармашылығы және поэма жанрына қосқан үлесі
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Кедей поэмасын оқу және талдау сабақ жоспары
Қара бұлт өлеңі арқылы Ахмет Байтұрсынов пен Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларын талдауға арналған сабақ жоспары
Сабақ: С. Торайғыров пен А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын талдау
Софы Сматаев шығармашылығындағы ән концептісінің фреймдік және когнитивтік талдауы
Бухгалтерлік есептің концептуалды негіздері, қағидалары және негізгі әдістері
Тағдыр концептісі: лингвомәдени, әдеби және діни репрезенттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz