Түркі тілдері



Тақырыбы:
ҚАЗАҚ ТІЛІ - ТҮРКІ ТІЛІН САҚТАҒАН БАЙЫРҒЫ ХАЛЫҚ

Түркі тілдері
Түркі тілдері - Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Түркі тілдер жанұясы Алтай тілдері әулетіне жатады. Қазақ тілі соның бірі боп табылады

Көрнекті түркітанушы Н. А. Баскаков Түркі тілдері-нің фонет., граммат. ерекшеліктерін сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихи даму, геогр. орналасу жағдайымен ұштастыра отырып, бұл тілдердің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөледі:

Алайда оның екі дәуірі болғанын тұспалдап айтуға болады:

Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді. Сөзге жұрнақ пен жалғаулар бірінің артынан бірі қосылу арқылы сөз формасы өзгертіледі. Сөйлем бастауыш-толықтауыш-баяндауыш ретінде құрылады.
Жүз жылдар бойы түркі халықтары көшпелі өмір салтын өткізгендіктерінен, өзара және де басқа тілдес халықтармен араласып, өз тілдеріне және көршілес халықтардың тілдеріне зор әсер еткен. Әсіресе моңғол, славян және парсы тілдерімен ықпалдасу өте терең болған. Бұл ықпалдасу әр бір тіл тобы мен топ ішіндегі тілдердің тарихи дамуын біраз өзгерткен салдарынан, түркі тілдерінің классификациясының бірнеше жүйесі бар. Бүгінгі күндері ең кең қабылданған классификация жүйесі А. Н. Самойловичтің классификациясы боп танылғанмен кейбір жағдайлар әлі де пікірталас тудыруда.

Қазақ тілінің туыстас тілдер ішінде алатын орны
Қазақ тілі түркі тілдері тобына енеді. Қазіргі кезде отызға жуық түркі тілі бар. Түркі тілінде сөйлейтін халықтардың көпшілігі бұрынғы ССРО-да, жеке-жеке республикаларда, Ресейдін құрамындағы республика-ларда, автономиялы облыстарда тұрады. Олар:

Түркі тілінде сөйлейтін халыктардың біразы Түркия, Иран, Ауғанстан, Қытай, Монғол Халық Республикасында, т. б. жерлерде де тұрады.
Қазак тілі - Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа туысқан республикаларда, сондай-ақ шетелдерде (Қытай, Ауғанстан, Монғолия, т. б. ) де тұратын қазақтардың ана тілі.
Түркі тілдері өзара туыстас болғандықтан, олардың бір-бірімен жақындық-тары, ортақ қасиеттері мол. Қазақ тіліне ең жакындары - ноғай, қарақалпақ, қарашай-балқар, қырғыз, татар, башкұрт, құмық тілдері. Түркі тілдерінің туыстастығы олардың лексикалық құрамынан, фонетикалық (дыбыстық) жүйесінен, грамматикалық құрылысынан байқалады. Көптеген сөздер түркі тілдеріне ортақ болып келеді. Оны кестеден көруге болады.


Қазақ тілінің шығу тарихы
Бұл кезде қыпшақ және басқа қазақ тайпалары Алтын Орда мемлекетінен бөлініп шығып, "Қазақ" деген этникалық атпен өз алдына этнос болып қалыптасқан. Орта ғасырларда қоңырат, қыпшақ, алшын, үйсін, дулат, арғын, найман, керей, жалайыр т. б. тайпалардың, олардың бірлестіктерінің ауызекі сөйлеу тілімен қатар жазба әдеби тілі болған, ол ауыз әдеби тілімен қатар өмір сүрген. Ескі Қазақ тілінің негізінде Қазақтың халық тілі, одан кейін қазіргі ұлттық тілі дамып қалыптасқан

Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына үлкен үлес қосқан рулар мен тайпалардың, ұлыстар мен халықтардың өз заманында қолданған тілдері - қазіргі қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуының қайнар көзі. Олар X - XV ғғ. өмір сүрген бұлғар, қыпшақ, оғыз және қарлұқ сияқты басты-басты тайпалар одақтарының құрамына еніп, солардың тілінде сөйлеген. Басты бір фонетикалық заңдылықтар д-з-й (адақ - азақ - айақ), н-ң-й (қон-қоң-қой), ғ мен г дыбыстарының й, у болып өзгеруі немесе айтылмай түсіп қалуы т. б. осы кезде қалыптасқан (д, з, н, ң, ғ, г дыбыстарын қолданатын тілдер не көне, не ескі болып есептеледі, осыған орай қазақ тілінде адақтау - айақтау, суғар - суар, жаз-жай сияқты сөздер кездесе береді) . Орта ғасыр түріктерінің, соның ішінде қоңырат, қыпшақ, алшын, дулат, арғын, керей, найман, жалайыр т. б. рулар мен тайпалардың, олардың одақтық бірлестіктерінің ауызекі сөйлеу тілі мен қатар жазба әдеби тілі де болған, ол ауыз әдеби тілімен қатар өмір сүрген. Сол тілдерде жазылып қалған (немесе айтылып жүрген) нұсқалар мен ескерткіштер де аз емес: "Едіге", "Ер Сайын" жырлары (алшындар тілінде), "Ер Көкше", "Қабанбай батыр" (керейлер тілінде), "Мұхаббатнаме", "Алпамыс" (қоңыраттар тілінде), "Орхон - Енисей ескерткіштері" (дулаттар тілінде), "Наһдж-ул-Фарадис" (кердерілер тілінде), "Кодекс куманикус" (қыпшақтар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz