Шығармашылық тапсырмалар


Slide 1

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының дидактикалық, педагогикалық, писихологиялық негіздемесі С. Рубинштейн, Л. С. Выготскийдің, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, Ю. К. Бабанский, Б. П. Беспалько, В. М. Монахов т. б. ғалымдардың ғылыми-теориялық идеяларына негізделіп жасалған.

Ж. А. Қараевтың «деңгейлеп саралап оқыту технологиясының» негізгі идеясы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында оқушыны өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады.

Slide 2

Даралап - саралап оқыту технологиясы оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қабілетін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Оқушының білімі мен білігіндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, мұғалім өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді. Сонымен қатар даралап - саралап оқыту барысында оқушылар да өзінің оқу жұмысындағы жетістіктер мен жіберген кемшіліктері туралы мәліметтер алып, өз еңбегіне талдау жасайды.

Slide 3

Ең бастысы, оқудан ләззат алуға, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі түрде орындап болғаннан кейін ғана, келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылардың арасында өзара жарысу және оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғарғы деңгейге көтерілуіне жағдай туғызады. Сондықтан да мұғалімдерге саралап - даралап оқыту технологиясын қазақ тілі сабағында пайдаланған өте тиімді.

Slide 4

Деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар - өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарын арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі, деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер, сөзжұмбақтар, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесін қамтиды. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы, әрі оқу бағдарламасы оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.

Slide 5

Н. П. Гузик

Slide 6

Ж. Қараев

Slide 7

Г. Ғ. Еркибаеваның

Slide 8

1 деңгей - оқушылық деңгейде өтілген тақырыптың анықтамасын білу талап етіледі. Сынып бағдарламасына байланысты лексикалық тақырыптар мен тілдік ережелер, жазба жұмыстарын орындайды, мәтінмен жұмыс жасайды.

Slide 9

Берілген мақалдарды етістіктермен толықтырыңыз.

Талапты ерге нұр . . .

Ел үмітін ер . . .

Ер атағын ел . . .

Аңдамай . . . ауырмай өледі.

Жаманға сырыңды . . .

Сырыңды айтсаң да, шыныңды . . .

Ақылсыз адам . . . келеді,

Жан-жағын жайпай келеді,

Ақылды адам жай-жай келеді,

Жан-жағын . . . келеді.

2. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.

Қалада

Әдемі

Кең

Киім- кешек

Slide 10

2 деңгей - алгоритмдік деңгейде өз білімдерін түрлі өзгертілген жағдайда қодана білуі, оқу материялын талдау іскерлігі талап етіледі. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтерді қанағаттанарлық дәрежеде, ынтасы жоғары болады. Оқушының сөйлеуі, хабарды түсінуі, қабылдауы, жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлде қайда жоғары болады.

Slide 11

«Залдың ортасында өңкей ажарлы қыздар, әрлі әйелдер отыр»

(Синоним сөздерді тауып, синтаксистік талдау жасаңыз)

«Біздің қарамызды көрген соң, олар қолын бұлғап шақырды»

(Омоним сөздерін тауып, синтаксистік талдау жасаңыз)

«Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады»

(Антоним сөздерді тауып, синтаксистік талдау жасаңыз)

Slide 12

3 деңгей - ізденімдік деңгейде оқушылар танымдық-ізденімдік сипаттағы тапсырмаларды орындайды. Хабарлау, суреттеу, бейнелеу тапсырмаларын орындайды. Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диолог құрады. Мәтін бойынша сұрақ қояды. Талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық - «іздену» (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды ізденіп өз бетімен орындайды.

Slide 13

1. Мақал - мәлелдерден сөздің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратыңыз.

Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер.

Өнерлінің өрісі кең.

Аузы күйген үріп ішер.

Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.

2. Асты сызылған сөздердің омонимін табыңыз.

Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас. (Абай)

Арық атқа қамшы ауыр тиеді.

Slide 14

4 деңгей - шығармашылық деңгейде оқушылар өз бетімен зерттеушілік әдісті пайдаланып, білімдерін қалыптан тыс шығармашылық жағдайында қолдана білуге жұмыстанады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушының өз мақсатын қояды, әдістерін іздейді, нәтижеге жетеді. Жазба жұмыстарын орындайды.

Slide 15

Шығармашылық тапсырмалар:

«Мектепте өткен спорттық сайыс туралы» деген тақырыпта шағын ойтолғау жазыңыз.

«Оқушы» тақырыбында бес жолды өлең құрастырыңыз.

Зат есім;

Екі сын есім;

Үш етістік немесе көсемше;


Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық тапсырмалар бала белсенділігін арттырудың негізі
Деңгейлік тапсырмалар тиімділігі
Білім беру мазмұнының компоненттері
Еңбекке баулу сабақтарындағы шығармашылық жұмыс түрлері
ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ТУРАЛЫ
Шығармашылық Қабілетіне қабілеті артады қарай
Оқушылардың танымдық саласы
ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРҒА МҰҒАЛІМ
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Шығарма шылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz