Софы Сматаевтың шығармашылығында көрініс табуы




Презентация қосу
Жазушы Софы Сматаевтың
шығармашылығындағы
«ән» концепциясы
Қазақ халқының өмірінде «ән» концептісі ерекше
орын алады. Ошағында от жанғанда, отауынан ән
төгілетін сауықшыл қазақтың, тілге тиек етіп
жырлағаны да ән болған. Бар күйініші де, қуанышы да,
қайғысын да ән арқылы жеткізе білген.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «ән» сөзіне
мынадай анықтама берген:
Ән 1. Әуені, сазы бар музыкалық шығарма.[ҚТТС,89б]
«Ән» концептісінің фреймдік құрылымы жазушы
Софы Сматаевтың шығармашылығында көрініс табуы
Фрейм. Лингвистикада фрейм
ұғымының негізін қалаған ғалым
– Ч.Филлмор. Фреймдік модель
адам санасы мен жадының
психологиялық негізі болып
табылады, сол себепті ғалымның
фреймдік теориясы декларативті
және процедуралық ілімдердің
сабақтасуына негізделе келе, 3
түрлі сатылық байланыспен
ерекшеленеді.[1,71 бет]
Ч.Филлмор
1929-2014
«Ән» концептісінің фреймдік құрылымы жазушы Софы
Сматаевтың шығармашылығында көрініс табуы

1 – фрейм. "өшпес рух", "нұрлы өлең", "асау ән", "шерлі
әуен. Шығармада «ән» концептісін құрайтын өзара шектес,
байланысты «домбыра», «күй», «жыр», «өлең»
микроконцептілері алуан түрлі тілдік бірліктер арқылы
репрезенттелген. [1, 11бет]
Мысалы: Ат жетпес кекті бебеулеп боздап, ән салып, күй шалып іздеген.
[С.Сматаев. Елім-ай.; 5 бет] Қай-қай заманда да адамзат құсасын да, қысасын да ән
мен күйге шаққан! [С.Сматаев. Елім-ай.; 5 бет]. Өшпес рухты ән жетелесе,
мұқалмас жігерді ән жебеген. [С.Сматаев. Елім-ай.; 5 бет] Ән жағалап, домбыра
қолдан-қолға өтіп кезек қонақ жігітке де жетті. Жат тілеу жауыздық шақырса,
нұрлы өлең кең дүниеге бастайды. [С.Сматаев. Елім-ай.; 75 бет] Асқақтап
басталған шер шеменнің куәгері – асау ән асау қанның намысшыл тасуымен
шырқап көтерілді де, бірте-бірте майда баяулап, желпи есе жөнелді. [С.Сматаев.
Қайран жастық.; 102 бет] Шерлі әуеннен тебіренген қаяу көңілі іштегі
аласапыран толқынын жанардан тысқа лықсытып, қос маржанын лақтырып
жіберді де ме екен? [С.Сматаев. Қайран жастық.; 329 бет]
2 – фрейм. Қасиетті домбыра. Әкем қара домбырасын алды .[Қайран
жастық.; 4 бет]. Домбыра бір сарыннан ауыспайды. [С.Сматаев. Қайран
жастық.; 5 бет] Домбыра тайпалғанда еңкейген бас, құлаған қанжар,
сұлқ түскен қол болмайды. [С.Сматаев. Елім-ай.; 76 бет] Кішкене
домбырасын қолына ап, құлақтарын қайта-қайта бұрап тыңқ-тыңқ
шертті де, тез күйттеп алды. [С.Сматаев. Елім-ай.; 87 бет] Домбыра
безектеп тұр. Ықылым заманнан қазақтың қайғысы мен қуанышын
тербеген көне аспабы оқшау топты үнсіз мүлгітіп түп-түптеп қозғап
тұр. [С.Сматаев. Елім-ай.; 92 бет] Домбыра сыр шертеді. [С.Сматаев.
Елім-ай.; 93 бет] Жүйрік домбыра күмбірінің күрмелгеніне де үш жыл
болды. [С.Сматаев. Қайран жастық.; 92 бет]
3 – фрейм. Сағыныш. Махаббат әні.
Мысалы: Неге екенін білмеймін, осы ән әлдебір
сағыныш па-ау, сағыныштан да нәзік сезімді ме-ау
шымырлата созғандай болды. [С.Сматаев. Қайран
жастық.; 27 бет] Балауса құрақ әлсіз ғана шайқала түсіп,
әсем ырғақ сазды әуенмен бірге ырғалады. Маңайда
сорғалап төгіліп тұрған мейірім үні, құйқылжып
шарықтап кеткен махаббат әні. [С.Сматаев. Қайран
жастық.; 27 бет]
Схема – фразеологизмдердің мағыналық құрылымын
үлгілеуде қолданылатын тәсіл. (Когнитивтік психология
мен жасанды интеллект туралы еңбектерде осы схема сөзі
«фрейм» орнына қолданылған). Әдете зат пен құбылыстың
кеңістікте контуры, сұлбасы, (геометриялық пішіні) фигура
болады. Когнитивтік санада сыртқы сингалдар мен ішкі
сезімдер көмегі арқылы жинақталған ақпараттарды бір
құрылымда танытуда схеманың өзіндік рөлі бар. [1]
Мысалы: Ән шырқағанда, көңіл шешіледі. [С.Сматаев.
Қайран жастық.; 93 бет] Күй сазымен сыр ашып, күй
жебеуімен қол қысысты, орамал алысты. [С.Сматаев. Елім-
ай.; 163 бет] Намыс дерті мені басқанымен, сенің аспаныңа
бұлт оралған жоқ екен. [С.Сматаев. Қайран жастық.; 104
бет] Әнші үнсіз болғанымен, ой жүйрік, қиял ұшқыр.
[С.Сматаев. Қайран жастық.; 105 бет] Әлі келмейтіні –
әнші көкрегіндегі ызғар ғана. [С.Сматаев. Қайран
жастық.; 134 бет] Көзімнің жасы, көңілімнің шері жетелеп
келеді. [С.Сматаев. Қайран жастық.; 142 бет]
Ойсурет – концепт қалыптастыру операциясының ең
күрделі формасы. Ойсурет суреткердің қиялдау, суреттеу,
ұқсату шеберлігінен туындайды. Санадағы фантазиялау
таланты басым болса, концептіні ойсурет құрылымында
таныту деңгейі жоғары болады. [1,74 бет]

Сергек әуен шер саумалап, аңыздан әңгіме өрбітті. Егес – серпіндей толқын
атты. Күйініш – зардай сүйек сырқыратты. Өкініш – армандай ер азаматты
күйзелткен ел әбігерінен хабар әкелді. Қыз болып жылады. Жігіт боп кек
қуды. Абыз ата Асан боп жерұйық іздеді. Қоңыр саз қоңыр қаздай
мамырлады .[С.Сматаев. Елім-ай.; 74 бет] Қазақтың басында – күні,
табанында – топырағы тұрғанда әні мен күйі тоқтамас! Жүрек тілі – әні мен
күйі. [С.Сматаев. Елім-ай.; 76 бет] Ән өрлегенде, кеуденің көп түкпірінен бас
көтеріп небір әдемі, сұлу суреттер туындайды. [С.Сматаев. Қайран
жастық.; 95 бет] – Ақсақал, жол серігім – жан серігім – домбыра еді.
[С.Сматаев. Қайран жастық.; 109 бет]
Сценарий. Бұл қандай да бір кеңістік-уақыттық контекстіде
өрістейтін және қандай да бір мақсатқа тәуелді әрекеттердің
реттелген, тізбектілігі. Сценарийдің вербалды
репрезентациясының құрылымы ереже бойынша бірнеше
компоненттерден тұрады, оның ішінде міндеттісі объект,
кеңістік, нәтиже және субъект, ал уақыт, жағдай, себеп,
құрал факультативті слот болып табылады. [1]
Мысалы: 1. Қайран домбыра-ай! Қазақтың қуанышы мен қайғысындай қат-қабат жүретін
көңіл күйін қос шегіңде қалай ғана ұстап қалғансың! Құлақ-күйіңді қайыра білу – ат
құлағында ойнаудан қиын ау. Тиегін дүрыс қойып, пернесін дөп баса алсаң, он саусақ он
түмен, он лек қолдан кем бе? Анау, анау бір дірілдеген ешкі шегі дүние үні боп дүрілдеп
тұр. Үзіліп кетпесе екен. Мына үндер жоғалса шаһит боп кеткен жандардың тіріліп келіп,
табысып жатқан сәті бірге үзіледі-ау! Тоқтама, үзілме домбыра! Бір шегіңнен туған жерге
деген сүйіспеншілік білдірсең, екінші шегіңнен жауға деген өшпенділігіңді айғақтадың-ау!
Мұнша ғажап әсемдікті қуыс бойыңа сыйдырған көне аспап – қарағай домбыра – көңіл
хоштығы дда, ықылас-ынтығы да, еміреніп-егілуі де бір өзіңнен табылған қазақтың
өзісің...Құланиек таңда бесік жырымен ана көңілінен құйылған махаббат есейіп кеткенде,
алдымен сүндет тойын, содан күйеу кезіңді, қынамендені, айт пен тойды түгел тірілтіп
жүрер жолды нұсқаған сенің күмбір-күмбіріңнен қайта оралады екен-ау! [С.Сматаев. Елім-
ай.; 75 бет]
2. Сайра, домбыра! Жүрекпен, мінезбен, әдетпен, тірлікпен тапқан
көңіл-күйін, жан сезімін аялай бер! Жас үйірілген жанарды сенім
беріп тұтатып кет! Ойсызды шайқа, саналыны шамырқант. Егіз
шегіңнің тұтастығындай намыс, қайрат сеп! Қол қышысын, тақым
қызсын, қан тасысын! Тоғыз пернедей тоғыз тараптан үндесіп,
үйлесіп келіп бір арнаға саятын, тілсіз табыстыратын туыстық
әкел. Әр бұлақтың түбінде, әр төбенің үстінде, әр қорғанның
астында қалған аталардың арауағына бас игіз. Төбеден күн
туғанда, қорғанға көлеңке түскенде бұлақ сылдырлары жапан түзді
жаңғыртады. [С.Сматаев. Елім-ай.; 77 бет]
3. "Дүниеде мұң жоқ. Уайым-қайғы жоқ. Шаттық бар, шадыман
тірлік бар. Теңселіп барып, лықсып қалып жол беретін ән мен әуен –
серінің серігі ғой. Ескек желдей құтырып, атой үніндей дауылдап,
шығандап барып атырап пен атыраптан мың сан қауымды дүрілдете
тік өргізіп әкелетін ән құдіретін мен тапсам, ол осынау шуақ
көңілдің алаңы жоқ тазалығынан ғана болар. Саумал көлдің майда
желпіген лебіндей қалың жұрттың жүрегіне тұнған кіреукені серпіп
бір кетсем, сергітіп бір тастасам, одан артық сыбағаны қалар ма
едім. Әнмен уантып, әуенмен көңіл көлеңкесін қуалай білсем –
дүниенің басқа бәсіне таласарым болмас-ау!" . [С.Сматаев. Қайран
жастық.; 95 бет]
Жазушы С.Сматаевтың шығармашылғына
концептуалды талдау жүргізу барысында «ән» концептісі
күрделі құрылым екені анықталды. «Ән» концептісін
лексикалық, фразеологиялық және паремиологиялық
бірліктер де концептуалдық қырынан таңбалайтыны
анықталды. Жазушы шығармашылғы арқылы «ән»
концептісінің ішкі құрылымы мен ұлттық ұғым
түсініктердің танымдық элементтерін ұғынуға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қожахметов Ф. «Ғаламның тілдік бейнесінің құрылымының концептілік
жүйеде талдау» (конф.материалдарынан)
2. 6. Софы Сматаев "Елім-ай" романы 1 том. Алманар баспа үйі. Алматы, 2009. –
426 бет.
3. Софы Сматаев «Қайран жастық» .Елорда . Астана, 2001. – 405 бет.

Ұқсас жұмыстар
Соғыс концепциясы
Сен соған үйлен - депті
Бақыт концептісінің концептілік құрылымы
Қазақ тіл білімінде когнитивті лингвистиканың зеріттелуі
ДӘРІС СҰРАҚТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕР ҚОЙНАУЫ ҚОРЫН БАСҚАРУ
Кожа Ахмет Яссауи туралы
Киімдегі сән бағытының көрініс табуы
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ
Құқықтың нысаны
Мәдениет және жеке тұлға
Пәндер