Рафаэль Ниязбек лирикасындағы Қазақ концепциясы


Slide 1

Концептілік жүйе - концептілік құрылымдардың реттелген формасы. Концептілік құрылымдар санадағы бейнені интерпртациялайды. Когнитолог -ғалымдар құрылымның элементтері - концептіге жақын келетін семалар тізбегі деп түсінеді. Бірақ концептілік құрылымдар тек семалық топтардан ғана емес, ұғымның белгілерін, қасиетін, орнын, кеңістігін, уақытын бейнелейтін таңбалар тізбегінен де құрылады.

Концептілік жүйе

Slide 2

Концептілік құрылымдардың санада бейнеленуі әртүрлі формада көрініс табады. Олар:

Slide 3

Рафаэль Ниязбектің поэтикалық тілінде «қазақ» концептісінің мәнін ашатын мынадай ұғымдарды қолданған: өр қазақ, Ұлы дала, нар қазақ, намысшыл қазақата жолы, байтақ дала, бейбітшілік, егемендік, көк бөрі т. с. с

Мысалы: сыйласу, ата жолын қуу, көк аспан, тыныш өмір сүру, қадірлеу т. б.

Slide 4

Рафаэль Ниязбек лирикасындағы «Қазақ» концепциясы

Slide 5

Қазақ концептісі - макроконцепт құрайды. Қазақта ұлт та, дін де, тіл де, егемендік пен азаттық, ұлттық таным да бар.

«Қазақ» концептісі. Метафизикалық концепт қатарына жатады. Ол -(егемендік, азаттық, батырлық, ерлік, дархандық, ұлттық таным) ақиқат немесе бейақиқат дүниедегі абстракцияның, жоғары дәрежедегі құндылықтарын танытатын ментальді мазмұн метафизикалық концептілер перцептивтік, сенсорлық қабылдау, яғни сезіну әрекеті арқылы рухани құндылықтарды тану нәтижесінде ғана хабарланады. [Оразалиева Э. Н. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік парадигма. Докт. дисс. авторефераты, 10 бет]

Slide 6

«Қазақ» концептісінің фреймдік құрылымы Рафаэль Ниязбектің поэтикалық мәтінінде көрініс табуы:

Slide 7

Схемалық құрылымы

Схема - фразеологизмдердің мағыналық құрылымын үлгілеуде қолданылатын тәсіл. Рафаэль Ниязбек шығармаларындағы схеманың қолданысы төмендегідей:

Ала алмаған қаланы көп дұшпаны,

Қалай деме күлінің көкке ұшқаны.

Алты бақан ала ауыз болса ағайын,

Қалың елдің ішінен өрт шыққаны. [Р. Ниязбек. Жібек жолы. ; 7 бет]

КҮЛІ КӨККЕ ҰШТЫ - Быт-шытын шығарды, талқандады, құртты. [ҚТФС, 160 бет]

АЛТЫ БАҚАН АЛА АУЫЗ - қырғи қабақ таныту. [ҚТФС, 17 бет]

Қабырғасын жаулардың күйреткенмін,

Шыбын жанын шыңғыртып сүйреткенмін.

Бөрі қала атанып, өзім туған

Бөлтірікті тістелеп үйреткенмін. [Р. Ниязбек. Жібек жолы. ; 15 бет]

ШЫБЫН ЖАН - көне. Өмір, тірлік мағынасында. (Діни ұғым бойынша кісі өлгенде «жан» шыбын тәрізді ұшып кетеді-мыс. ) [ҚТФС, 316 бет]

Slide 8

Көсегесі онда елдің көгереді,

Жалғанды да атандай шөгереді.

Қасиетті қазақтың бола білген

Қайғысын да қайыспай көтереді. [Р. Ниязбек. Жібек жолы. ; 22 бет]

КӨСЕГЕСІ КӨГЕРУ - Өркендеп өсті, бағы ашылды. [ҚТФС; 157 бет]

Шаңырағын шайқалтып іргелі елдің,

Оу, уақыт, тізгінін кімге бердің?

Арыстарды жазықсыз жапа шеккен

Жүрмін іздеп ішінен түрмелердің. [Р. Ниязбек. Жібек жолы. ; 81 бет]

Қазақ халқының танымында шаңырақ - ас киелі де, қастерлі ұғым. Бұл отбасыны, отбасындағы бірлікті, татулықты, бейбітшілікті білдіретін кең ұғым. Үлкендердің «шаңырағың биік болсын!», «шаңырағың шайқалмасын!» деп бата беретіні де сондықтан болар. Рафаэль Ниязбек өлеңдерінде қолданыс тапқан шаңырағы шайқалу тұрақты тіркесі ел басына қиын - қыстау күн туғандығын аңғартады.

Slide 9

Стереотипке тән ерекшелік - тұрақтылығы. Стереотип - адамдардың қоршаған орта, өмір, дүние туралы қабылдаған, ой-таным түсініктерінің қайталануынан тұрақталған іс - әрекеттері мен дағдылары. [Қожахметов Ф. «Ғаламның тілдік бейнесінің құрылымының концептілік жүйеде талдау» (конф. материалдарынан), 72 бет]

Стереотип

Slide 10

Ұлттық - мәдени концептілер тек ұлттық танымда ғана жан-жақты ақпаратымен жүйеленіп, сол ұлттың мәдени құндылығын көрсететін концептілер.

Зерттеушілер стереотиптердің өзіндік белгілеріне қарай бірнеше топтарға бөледі:

Slide 11

Соның ішіндегі ұлттық стереотип -ол белгілі бір халықтың яғни ұлттың ұлттық ерекшеліктерін қамтиды. Мәселен, ақынның лирикасындағы «Қазақ» концептісінің мәнін ашатын ұлттық стереотиптер болып халық танымын білдіретін тілдік бірліктер де бар. Олар мыналар:

Slide 12 Slide 13

Ойсурет - санада бейне, метафора, символ көмегімен танылатын концепт қалыптастыратын ең күрделі форма. [Қожахметов Ф. «Ғаламның тілдік бейнесінің құрылымының концептілік жүйеде талдау» (конф. материалдарынан), 74 бет]

«Қазақ» - намысшыл, өршіл, егемен, көк бөрі, іргелі ел, таза жанды, азат сынды сөздерге балап қолданылған.

Автор поэтикалық тілінде бір ғана қазақ сөзіне бірнеше баламалары табылып, бірнеше тілдік бірліктерге теңеген. Мысалы, «қазақ - нар қазақ», «қазақ - ұлы қазақ», «қазақ - Алаш ұлы», «қазақ - дархан», «қазақ - мұхит» «қазақ- алып кеме», «қазақ - теңіз», «қазақ - қарағай»т. с. с.

Slide 14

Нұр шашқан жасыл белеске,

Шашырап сәуле жебесі.

Қазақтар мұхит емес пе

Айдында жүзген кемесі. [Р. Ниязбек. Жібек жолы. ; 147 бет]

Қазақ халқы - кең жүректі дархан халық. Осындай жүректі елді алып мұхитқа теңеген.

Сол құдырет әлі де өзіңде ме,

Туған елге түспейді көзің неге?

Дала - мұхит болса егер, қайран қазақ

Алыстарға жол тартқан кеме емес пе. [Р. Ниязбек. Жібек жолы. ; 4 бет]

Берілген өлең жолдарында қазақ жұртын алыс сапарға, еркіндікке, жарқын болашаққа бет алған алып кемеге салыстырып қолданып тұр. Метафора әдісі арқылы жасалған бұл мысал қазақ концептісінің ойсуретін танытады.

Бұның бәрі санамызда қазақ халқын бейнеленетін тіркестер. Мысалы, ақын өлеңінде:

Дала жұрты, әрине, қарапайым,

Болашаққа бірге еріп барады Айым.

Суық желдің өтінде қалған талай

Әрбір қазақ - қара нар қарағайым. [Р. Ниязбек. Жібек жолы. ; 103 бет]

Қарағай ағашы - биік әрі мықты ағаш. Еліміздің мықтылығын да осы ағашқа орынды теңеген.

Slide 15

Скрипт - күрделі формадағы концепт типі. Скриптті қалыптастыратын басты элемент -фрейм. Скрипттің санадағы көрінісі - сценарийлік құрылымның кеңейтілген формасы. Скрипт көзбен көрген, нақты тәжірибеден өткен оқиғалар арқылы, балалық шақтан келе жатқан стереотиптік ақпараттары арқылы жинақталған ақпараттардан құралады. Яғни санадағы дайын сценарийлер мен фреймдерді топтастырып ұғыну. Скрипттің күрделілігі ақиқат дүниені тануда басқа бір оқиғаларды ой елегінен өткізіп, одан концептінің бір қырын танытатын үзіктерін автоматты түрде салыстырып, не ойша ұқсатып сол дүниенің бүтін бейнесін жасауда байқалады [Қожахметов Ф. «Ғаламның тілдік бейнесінің құрылымының концептілік жүйеде талдау» (конф. материалдарынан), 19-б] .

Slide 16

Ата жұртын өлеңмен мүсіндеген

Неге ақынның ұшады құсы төмен?

Елдер ғана езілген езге айналып,

Ер халықтың жүрегін түсінбеген. [Р. Ниязбек. Жібек жолы. ; 26 бет]

Арғымағы таңасқан қаңтарылып,

Абыздарға сыр шерткен ақтарылып,

Қазақ ұрпақ өсіріп өркен жайған,

Мұз төсеніп жатса да, қар жамылып. [Р. Ниязбек. Жібек жолы. ; 37 бет]

Майданға ерлер аттанып елде жүрген,

Шырақ аз ба мезгілдің желі өшірген.

Қасиетін сіңіріп көк бөрінің,

Қайран атам бөрі етіп мені өсірген. [Р. Ниязбек. Жібек жолы. ; 81 бет]

Рафаэль Ниязбектің поэтикалық тілінде бұл шумақ «қазақ» концептісінің мәнін ашатын скрипт құрайды. Өлең тармақтарында берілген мұз төсену, өркен жаю, шырағын өшіру, көк бөрінің қасиеті, абызға сыр шерту сынды тіркестер жекелей қолданыста фрейм болса, өлең тармақтарымен бірлесіп келіп «қазақ» концептісінің мәнін ашатын скрипт болады.

Slide 17

Рафаэль Ниязбектің когнитивтік құрылымындағы «қазақ» концептісінің сценарийі мынадай:

Шұғылаңа бет шайып жуған шынар,

Сардар болған қашанда сынға шыдар

Нұрың сенің түскен соң, Елбасы боп,

Нұрсұлтаны қазақтың туған шығар. [Р. Ниязбек. Жібек жолы. ; 4 бет]

Тамырында тулаған қаны тасып,

Қазақ қайда жүрмеген жалын шашып,

Жолаушыға мінгізген жалғыз атын.

Келе жатқан алыстан арып-ашып. [Р. Ниязбек. Жібек жолы. ; 176 бет]

Тұла бойы сомдалған қайғы, азаптан,

Қайсарлықты таппадың қай қазақтан

Бойын намыс қысқанда тайсақтамай.

Мерт болакрын білсе де айға шапқан. [Р. Ниязбек. Жібек жолы. ; 103 бет]

Ел басына төнгенде қатерлі күн,

Қайқы қылыш қазақтың Ата Ерлігін

Шежіреден табасың,

Жырға айналған

Уақыттың бетке айтып қателігін. [Р. Ниязбек. Жібек жолы. ; 13 бет]

Берілген өлең жолдары қазақ концептісінің сценарийін құрайды. Яғни, өлең шумақтарында белгілі бір оқиға суреттеліп тұр.

Slide 18

«Қазақ» концептісінің мәнін ашатын қасиеттер:

Елін жауға қимаған батырлар жайында, ерлік туралы:

Ақ семсері от шашып жарқылдаған,

Сардар мінген қай ат та алқынбаған.

Жау қайда деп ер жігіт шаба ала ма

Атқа мықты тартпасы тартылмаған. [Р. Ниязбек. Жібек жолы. ; 6 бет]

Қалың жаумен қасарып егескенде,

Қорғанына айналған белес бел-де,

Желпілдегентұлымы туға айналып,

Қан қырғанда Жеңістің желі ескенде. [Р. Ниязбек. Жібек жолы. ; 7 бет]

Сүңгітсе де көк сүңгі бал таңдайға,

Қарсы тұрдым талтайып талтайғанға.

Қала болғам еңкейген еңкейгенге,

Қала болғам шалқайған шалқайғанға. [Р. Ниязбек. Жібек жолы. ; 15 бет]

Бүгілмейтін тізені бүктіргенмін,

Басын төмен идіріп, күттіргенмін.

Шіренгендер төріме түкірсе егер,

Тілін кесіп, мата етіп сүттіргенмін. [Р. Ниязбек. Жібек жолы. ; 16 бет]

Аздығымды ескермей,

Арыстан айбатпен айқастым.

Көптігінен жаудың сескенбей,

Жолбарыс жүрекпен шайқастым. [Р. Ниязбек. Жібек жолы. ; 17 бет]

Slide 19

Қазақ халқының бірлігі, ынтымағы жайында:

Бірлікте ұстап өз жұртын жүдетпеген,

Қай жауды да жерег илеп, білектеген.

Алты бақан ала ауыз болса ағайын,


Ұқсас жұмыстар
Ақын жайлы көркем шығармалар
Леонардо да Винчи кескіндемесі
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі
Ұтымды тамақтану. Салмағы артық адамдардың тамақтану принциптері
Абайдың Қыс өлеңінің шығу тарихы
Қазақ мәдениетіне қосқан үлесі
Auto Cad графикалық жүйесі, оның ерекшеліктері мен артықшылықтары
Қайта өрлеу кезеңінің сәулет өнері
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Рухани креоционизм консепциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz