Бақыт концептісінің концептілік құрылымы
Презентация қосу
Ақын Серікбай Оспановтың
шығармашылығына
концептілік талдау
Серікбай Оспанов поэзиясының концептілік
құрылымы
«Бақыт» «Сағыныш» «Өлең»
«Бақыт» концептісінің концептілік құрылымы:
1. Фреймдік құрылымы: «бақыт құсы», «бақыт таңы», «бақытты
шақ», «баянды бақыт»
2. Схемалық құрылымы: «бақыт-өмір», «бақыт-достық», «бақыт-
жарың», «бақыт-сенім», «бақыт-ырыс»
3. Ойсурет арқылы берілуі: «бақытқа жету», «сыйластық»,
«жүрек қалауы», «өмірдегі үлес», «бақыт үшін күрес»
4. Сценарийлік құрылымы: «Баянды бақытқа жету», «Әр күнің, әр
минутың бақыт деп санау», «Бақыт – елдің кәдесіне жарау», «Ел
ырысын жасай білу – бір бақыт», «өз бақыты үшін күресе білу»
«Бақыт» концептісінен туындаған схемалық
құрылым:
«Бақыт - «Бақыт -
өмір» ырыс»
«Бақыт - «Бақыт -
достық» сенім»
«Бақыт -
жарың»
«Бақыт - өмір» когнитивтік моделі. Ақын шығармашылығында
«бақыт - өмір» когнитивтік моделі арқылы бұл дүниеде өмір сүрудің өзі
бір бақыт деп түсіндіреді. Алла Тағаланың өлшеніп берілген өмірінде
жақсы әрекеттермен айналысып, жақсылық жасап, тек қана жақсы өмір
сүрудің өзі бір бақыт деп көрсетеді. Оны төмендегі өлең жолдарынан
көруге болады.
Бақыт – өмір,
Өмірдегі үлесің,
Болашаққа жету үшін күресің.
Қусаң ғана тәттілігін сезесің,
Қалай жету керектігін білесің. («Ардақ әлем» 92-бет)
«Бақыт - достық» когнитивтік моделі. С.Оспанов шығармашылығында
кездесетін «Бақыт - достық» когнитивтік моделі адам баласының досқа деген
адалдығын, бірге жүріп бірге тұрған досыңның болғанының өзі бір бақыт деп
көрсетеді. Бір үзім нанды бөліп жейтіндей дәрежедегі досыңның болғаны өте
жақсы, ондай достыққа қолы жеткен адам бақытты адам деп көрсетеді. Оны
төмендегі мысалдан көруге болады.
Бақыт – достық,
Қуанта алу жүректі, -
Деп бір құрбым мына жайды сыр етті:
Бақытың сол – көңілің өссе көркейіп,
Бақытың сол – жаныңа кім шүл екті?! («Ардақ әлем» 91-бет)
«Бақыт - жарың» когнитивтік моделі. Қазақ халқының таным – түсінігінде
мінезінен мін таба алмайтын, сымбатына сын таға алмайтын қазақ қыздарын жас
кезінен – ақ сәукелесін сәнді кигізіп, бұрымын бұраңдатып өсірген. Ақын
шығармашылығындағы «Бақыт - жарың» когнитивтік моделі адам баласының отау
құрып, өмірінің соңына дейін бірге болатын жанжары, жұбайы жақсы болса, ол өмірдегі
бақытты адам деп көрсетеді. Ақын жарының пәк күлкісі мен ақ көңілін даланың
дарқандығына теңеп, маңдайына жазылған бақыты деп санайды. Оны төмендегі өлең
жолдарынан көруге болады.
Бақыт – жарың,
Сыйластығы адамның,
Пәк күлкісі,
Талпынысы балаңның.
Ақ көңілі,
Ақ алғысы анаңның,
Сал самалы,
Дарқандығы далаңның! («Ардақ әлем» 90-бет)
«Бақыт - сенім» когнитивтік моделі. Ақын С.Оспанов поэзиясындағы
«бақыт - сенім» когнитивтік моделі арқылы өз – өзіне, өз күшіне сене
білудің өзі бақыт деп көрсетеді. Оны төмендегі мысалдардан көруге болады.
Бақыт – сенім,
Сене білу кісіге,
Сене білу, өз күшіңе, ісіңе.
Өзіне – өзі сене алмаған пенденің,
Өңі түгіл кірмес бақыт түсіне! («Ардақ әлем» 92-бет)
«Бақыт - ырыс» когнитивтік моделі. Ақын шығармашылығындағы
«Бақыт - ырыс» когнитивтік моделі арқылы адамның ырысы, несібесі оның
бақыты деп түсіндіреді. Төмендегі мысалдан оны анық көруге болады.
Бақыт – ырыс,
Мынау жатқан дария, -
Деп нұсқады егін жайды қария.
Анау тауың, мынау жоның, жасыл ну,
Бәрі бақыт,
Жанға жақын әрі ұя! («Ардақ әлем» 92-бет)
Сонымен қатар, ақын С.Оспановтың шығармашылығында «Бақыт»
концептісі әртүрлі мақсатта жұмсалады. Мысалы, төмендегі өлең
жолдарынан «бақыт» деген концепті арқылы адам өзінің туған елінің
кәдесіне жарай білсе, елі үшін пайдалы іс-әрекеттер жасай алса, соның өзі
бақыт деп түсіндіреді.
Талпына біл, биіктейді аласаң,
Бақыт – елдің кәдесіне жарасаң.
Тереңірек түсінесің бақытты,
Жан – жағыңа ойлы көзбен қарасаң! («Ардақ әлем» 93-бет)
«Сағыныш» концептісінің концептілік құрылымы:
1. Фреймдік құрылымы: «аңсау сезімі», «сағыныш сазы», «сағыныш
сезімі», «сағыныш тұлпары», «жүрек мұңы», «қашықтық»
2. Схемалық құрылымы: «анаға деген сағыныш», «туған жерге
деген сағыныш», «жастық шаққа деген сағыныш», «жеңіске деген
сағыныш»
3. Ойсурет арқылы берілуі: «сезім», «ғашықтық», «құмарлық»,
«аңсаушылық», «жаны қалау», «жалғыздықтан жабығу»
4. Сценарийлік құрылымы: «жан ананы сағыну», «туған жерге
деген тұлпар сағыныш», «сағындырған сәбилік», «жеңіске деген
сағыныш»
«Сағыныш» концептісінен туындаған схемалық
құрылым:
Анаға деген Ғашық жанға деген
сағыныш сағыныш
Туған жерге Жеңіске деген
деген сағыныш сағыныш
Жастық шаққа
деген сағыныш
«АНАҒА ДЕГЕН САҒЫНЫШ»
Ана! Осынау ардақты есімді атаудың өзі қандай бақыт! Үш-ақ әріп, дүниені нұр шуағына
бөлеп, жылуын бөлген күндей, өмірдің тұтқасындай болған асыл жан - Ана.
«Ананың махаббаты, ананың жүрегі – бәрі-бәрі судай мөлдір, жібектей нәзік, шынайы. Оның
құшағы - ең жылы. Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың құшағы, сондықтан да ол-сәби үшін
ең жылы ұя» деп дана халқымыз бекер айтпаған.
Ақын Серікбай Оспановтың шығармаларында кездесетін «Сағыныш» концептісінің бір
компоненті ол «анаға деген сағыныш». Ақынның шығармаларында «анаға деген сағыныш сезімі»
ерекше дәріптеледі. Мысалы:
Бала жанды – жан анамды сағындым,
Өтіңдерші, тырналар – ай, тыраулап.
Балам үні емес пе деп
Анамның
Түсер ме екен аруағы бір аунап?! («Аңсау» өлеңі. «Қараторғай» 10-бет)
деген өлең жолдарынан анық байқауға болатын құбылыс.
«ТУҒАН ЖЕРГЕ ДЕГЕН САҒЫНЫШ»
Ақын туған жер, өскен елінің көз тартар табиғатын, көркем көріністері көңілінде
мәңгі сақталып қалған өзен-көлдері мен құба бел, құм төбелерін, жасыл жайлауы мен
орман-тоғайларын, қыраттардан құлап ағып жатқан таза бұлақтарын ыстық сезіммен,
перзенттік махаббатпен жырлап, өлең жолдарына моншақтай мөлдіретіп, ақ
маржандай айшықтап түсіреді. Мысалы:
Көргендер түсінеді ел баласын,
Сағынып қалыпты – ау бұл кең даласын.
Қаладан келген ұлдың
Сынағандай
Жұлқынып барады, әне, жел жағасын. («Өмір – ай?...» өлеңі. «Арман әлем»
35-бет)
Сезімім күнде жүр қалғып,
Қалмады бойда жалын түк.
Сағынышымды тұлпар ғып
Торғайға жеттім сабылтып. («Қараторғай» 4-бет)
ЖАСТЫҚ ШАҚҚА ДЕГЕН САҒЫНЫШ
Жастық шақ адам баласының өміріндегі ең бір тәтті кезең. Жастық жағында
адам ешқандай уайым – қайғыны білмей, ата – анасына еркелеп өседі. Ер жете келе
адам есейіп өмірдің ащы-тұщысын татып, қиналған сәттерінде сол сәби кезін,
балалық шағын сагынары сөзсіз. Ақын С.Оспановтың шығармашылығында да
«жастық шаққа деген сағыныш» өте жақсы көрініс тапқан. Мысалы,
Еңбек етіп, талпынып,
Тағы... Тағы...
Өмір істің тиегін ағытады.
Пенделігің сонда бір сезіледі,
Сәбилігің сонда бір сағынтады. («Арман әлем» 5-бет)
деген өлең жолдарынан ақынның балдай тәтті балалық шағына деген
сағынышын анық байқауға болады. Сонымен қатар,
Өкініштен өзегің өртенгенде,
Таныс біреу танауын көтергенде,
Сәбилігің – пәктігің сағындырып,
Көз алдыңнан көлбеңдеп өтер демде. («Арман әлем» 5-бет) деген өлең
жолдарынан ақынның сәби шағын аңсау сезімін анық көруге болады.
ЖЕҢІСКЕ ДЕГЕН САҒЫНЫШ
Ақын шығармашылығындағы «сағыныш» концептісінен тараған «жеңіске деген сағыныш»
моделі арқылы ақын халықтың атынан сөйлей отырып, елдің жеңіске сағынышын, жеңісті аңсауын
анық көре аламыз. Төмендегі өлең жолдарында ақын елдің, халықтың жеңісті аңсау сезімін ерекше
сипаттап береді:
Неткен ғажап құдіретті сөз еді,
«Жеңіс!», «Жеңіс!» елді аралап кезеді.
Осы сөзден қуат алып,
Жалғанды
Сағыныштан елдің талған өзегі. («Жан аңсаған жалғыз сөз» өлеңі. «Арман әлем» 8-бет)
«Жеңіс!», «Жеңіс!» -
Еліме ыстық берді леп,
Қуанды ауыл бақыт қайта келді деп.
«Жеңіс!» - деді ақ жаулықты аналар,
«Жеңіс!» - деді көкте тулар желбіреп («Жан аңсаған жалғыз сөз» өлеңі. «Арман әлем» 6-бет)
деген өлең жолдарынан халықтың аңсап, сағынып жеткен жеңіске жетіп қуанышқа бөленген сәтін
анық көре аламыз.
ҒАШЫҚ ЖАНҒА ДЕГЕН САҒЫНЫШ
Адам баласы үшін өмірде орны бөлек жандардың бірі – оның ғашық болған жаны екені
белгілі. Ақын С.Оспанов өзінің ғашық болған жанына деген сағынышын төмендегіше
жырлаған:
Сағыныштың сезіп ем талайын мен,
Сағынысу басқа екен ағайынмен.
Сағынысу басқа екен сүйіктіңмен,
Қайдан іздеп, қалқам-ау, табайын мен? («Арман әлем» 441-бет)
Және де ақын өз сағынышын ерекше сезіммен әсерлі етіп жеткізе білген. Мысалы:
Ұмыттым қазір әнімнің бәрін,
Сенен де сұлу лағылдың барын.
Елтітер мені,
Ерітер мені
Көзіңнің отын сағындым, жаным («Сағындым сені», «Арман әлем» 503-бет)
«Өлең» концептісінің концептілік құрылымы:
1. Фреймдік құрылымы: «өлең - ару», «ардақты өлең», «қасиетті
өлең», «өнер жолы», «өнердің шыңы»
2. Схемалық құрылымы: «өнердің жолы қиын жол», «өлеңмен егіз
туған ақын», «жырға жаны ғашықтық», «ерекше дарыған талант»
3. Ойсурет арқылы берілуі: «қасиетті қара өлең», «шабытпен
жырланған жыр»
4. Сценарийлік құрылымы: «табиғатынан дарыған талант»,
«ақындық өнерге деген ғашықтық», «поэзияға деген сүйіспеншілік»,
«өлеңді, өнерді ардақтау»
«Өлең» концептісінен туындаған схемалық
құрылым:
Өлеңмен егіз туған Ерекше дарыған
ақын талант
Өнер жолы Қасиетті қара сөз
Жырға ғашықтық
Ақынжанды адамдарды өлеңге, жырға, өнерге ғашық жандар
деуге болады. С.Оспанов шығармашылығында:
Өлең, өнер – ардағым, арман әлем,
Жасымнан – ақ сен мені арбаған ең.
Жарық етіп жолымды жүрсең демеп,
Шабыт мініп биікке самғаған ем. («Арман әлем» 4-бет)
– деген жолдар арқылы ақынның өнерді ардақтап, қастерлеп,
қадір тұтқанын байқауға болады.
Ақынның өлеңге, өнерге деген ерекше сезімін төмендегі өлең жолдарынан да
байқауға болады.
Сорлы да ақын емес ем, соңғы да ақын,
Бормен ғана жазылар болды ма атым?!
Серікбай – ау, өбекте Өлең – Ару,
Қодар ма едің сұлуды қор қылатын?! («Арман әлем» 28-бет)
Және де:
Шабытты кейде шағымда
Өлең боп қолын бұлғайды.
Жеткізбейді қолды жанымда,
Уақыт болып зырлайды. («Арман әлем» 32-бет)
Сонымен қатар, ақын өнердің жолы әрқилы болып келетіндігін, қазақтың
қара өлеңін қастерлеу керектігін тілге тиек етеді.
Жол үстіндеміз!
Өнердің жолы бір басқа,
Көңілдің жолы ол,
Тазарту қиын кір басса!
Өмірдің жолы ол,
Өлеңнің жолы ол әр қилы,
Ақтарар шынын, кезігіп жұртым сырласса.
(«Арман әлем» 43-бет)
Ал, ақынның ерекше сезімін білдіретін төмендегі жолдардан ақын өзін
өлеңмен егіз жанмын деп суреттейді.
Өлеңменен жаралған жан ол егіз,
Қолтығын демемедік неге біз?!
Ішкі рухын таптағанын азаптың
Түсінбедік, елемедік неге біз? («Арман әлем» 46-бет)
Және де:
Келеді жалғап ән күнмен,
Өмірім «сол бір өлеңің».
Өлерімде де бәлкім мен
Өлеңіңді айтып өлемін! («Ардақ әлем» 62-бет) – деп жырлайды.
Қорытынды
Қорытындылай келе, ақын Серікбай Оспановтың
шығармашылығын талдай келе, «Бақыт», «Сағыныш», «Өлең»
концептілері талдауға түсті. Әрбір концептінің концептілік
құрылымы жасалды. Оның ішінде фреймдік құрылымы, схемалық
құрылымы, ойсурет арқылы берілуі, сценарийлік құрылымы
талданды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Сүлейменова Э.Д, Мәдиева Т., Шаймердеонова Н. Және т.б: жалпы ред. бастқ,
Сүлейменова Э.Д. Тіл білімі сөздігі. –Алматы: Ғылым, 1998. –540б.
2. Стернин И.А. Лексическое значение слова в речи. –Воронеж, 1985
3. Абақан Е.М. Тілдің мәдени философиясы. –Алматы: Айкос, 2002
4. Салқынбай А.Б. Тарихи сөзжасам (Семантикалық аспект). Монография –Алматы:
Қазақ университеті. 1999.–309 б.
5. Маслова В.А. Языковая картина мира и культура / В.А.Маслова // Когнитивная
лингвистика конца ХХ века. Материалы международной научной конференции (в
трех частях).- Ч.1. –Минск, 1997
6. Гиздатов Г.Г. Когнитивные модели в речевой деятельности –Алматы.: Ғылым, 1997
7. Дворецкий И.Х. Латинско- русский словарь. –Москва.: Русский язык, 1976. –
1069б.
8. Тілеубердиев Б.М. Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері. –
Алматы: Арыс, 2007. – 280 б.
9. Ислам А. Ұлттық мәдениет контекстіндегі дүниенің тілдік суреті: филол.ғыл.
докт. ... дисс. – Алматы, 2004. – 229 б.
10. Ильясова Нагима Абзельбекова. Филология ғылымдарының докторы
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған «Қазіргі қазақ тіліндегі
қатысымдық бірліктер: когнитивтік аспектісі» атты авторефераты.
11. Исаева Жазира Исақызы Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған «Дүниенің паремиологиялық бейнесі
лингвомәдениет танымдық аспект» атты авторефераты.
12. Әмірбекова Айгүл Байдебекқызы Филология ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған «Концептілік құрылымдардың
поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі» атты авторефераты.
13. Байғұтова Ақлима Мархабатқызы Филология ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған « «Қазақ әйелі» концептісінің
этномәдени сипаты» атты авторефераты.
14. С.Оспанов «Қараторғай». Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Жазушы, 2004
жыл. – 232 бет.
15. С.Оспанов «Ардақ әлем». Қостанай, «Шапақ» ЖШС. 2012 жыл. 524 бет. 2
– бөлім.
16. С.Оспанов «Арман әлем». Қостанай. «Шапақ» ЖШС. 2012 жыл. 524 бет. 1
– бөлім.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz