Жай сөйлемді оқыту әдістемесі


Slide 1

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Филология факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Жай сөйлемді оқыту әдістемесі

Курстық жұмыс

Ғылыми жетекші:.

Қостанай, 2017

Slide 2

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І. Қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесі

1. Синтаксисті оқыту негіздері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5

1. 1. Жай сөйлемді ізгілендіру технологиясы арқылы оқыту әдістемесі. . . . . . . . . . . . . 9

Негізгі бөлім

ІІ. Жай сөйлемді оқыту әдістері

2. 1 Жай сөйлемнің түрлерін оқытудағы әдіс-тәсілдер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13

2. 2 Қазақ тіліндегі жай сөйлемдерді виртуализациялау. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31

ІІІ. Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 35

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 36

V. Қосымшалар.

Slide 3

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ тілін оқытуда баланың танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, бала жанына, жүрегіне жылылық ұялату мақсат етіледі. Осы тұрғыдан келгенде, бірінші, жай сөйлемді оқытудың жаңа жолдарын тәжірибеге кеңінен енгізу жақсы нәтиже береді. Екінші, білімді ізгілендіру технологиясын қолдана отырып, тілдің қатысымдық қызметін ескеру оқу жүйесін жақсартады. Осы айтылғандар тақырыптың өзектілігін дәлелдей түседі және ізгілендіру технологиясының зерттеу бағытын айқындайды.

Slide 4

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысымның мақсаты - тілге қатысты ғылыми-практикалық жаңалықтарға сүйене отырып жай сөйлем синтаксисін оқыту барысында тіл дамыту жұмысын жүргізудің мазмұнын, жолдарын, әдіс-тәсілдерін белгілеу.

Алдыма қойған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қажеттілігі ескерілді:

Жай сөйлем синтаксисінің лингвистикалық және әдістемелік тұрғыдан зерттелуіне көшу;

Оқушылардың тіліне қойылатын талаптар мен жай сөйлем синтаксисін оқыту барысында оқушылардың тілін дамытудың жолдары мен әдістерін қарастыру;

Slide 5

Курстық жұмыстың ғылымилығы: Жаңа технология негізінде қазақ тілін оқытудың ерекшеліктері анықталып, ізгілендіру технологиясы арқылы жай сөйлемді оқытудың жолдары көрсетілді. Қазақ мектебінің оқушыларына жай сөйлемді жаңа технология арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік негізі айқындалды.

Slide 6

Оқушыларға қазақ тілінің белгілі бір саласынан (курсынан) жүйелі де терең білім беру үшін, алдымен тілдің сол саласы жайында бас-аяғы жинақталған қысқаша түсінік берудің мәні зор. Себебі тіліміздің белгілі бір саласы жайында түсінік беруге арналған мұндай кіріспе сабақта, біріншіден, оқушылар оқытылайын деп отырған курстың мақсаты мен мәнін саналы ұғады; екіншіден, алдағы уақытта осы курстан өтілетін оқу материалдарын білуге олардың ықыласы мен ынтасы артады. Міне, осыны ескергендіктен де, жай сөйлем синтаксисін оқытқанда, алдымен кіріспе сабақта синтаксис туралы жалпы түсінік беруді қажет деп санаймыз.

І. Қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесі

1. Синтаксисті оқыту негіздері

Slide 7

Синтаксис туралы жалпы мәліметті оқушыларға әңгіме әдісімен де, лекция арқылы да түсіндіруге болады. Қандай әдіспен түсіндірілсе де, мұғалім синтаксистің өзіндік ерекшелігін оқушыларға саналы білдіру үшін, оны тілдің өтілген басқа салалары фонетика, лексика, морфологиямен салыстыруды ұмытпағаны жөн. Ол бөлімдердің қарастыратын мәселелерін оқушылардың есіне қысқаша түрде түсіре отырып, синтаксистің нені зерттейтінін саралап айтып берсе, оқушылар жақсы меңгереді және тілдің басқа салаларынан синтаксистің айырмашылығын жете біледі. [1, 141-142 бет] .

Slide 8

Жай сөйлемді оқыту

Біздің зерттеуіміз жай сөйлемнің түрлерін өтпей тұрып, алдымен жай сөйлем дегеннің не екені жайында оқушыларға арнайы білім берудің, оның қандай өзіндік белгілері барын түсіндірудің пайдасы мол екенін дәлелдеді. Сол себепті жай сөйлем жайында арнайы дерек берген жоқ. Ол үшін мұғалім арнайы тақтаға немесе көрнекі құралға мына тәрізді үш сөйлемді жазып, оқушыларға талдату керек: Түсіндім. Адал болу - әр адамға тән қасиет. Совет елінде социализм толық және түпкілікті жеңді.

Slide 9

Сонан кейін осы сөйлемдер ойды білдіруі мен құрамына қарай қандай сөйлем екенін, әр сөйлемнің неше сөзден жасалғанын, ол сөздердің қандай сұрауларға жауап болып, сөйлемнің қандай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын, сөйлемнің қай мүшесі, қай сөзбен (сөйлем мүшесімен) және қалай байланысқанын оқушылардан сұрастырады.

Осындай сұраулар қойып сөйлемдерді талдату арқылы мұғалім, біріншіден, өтілген материалды жаңа материалмен байланыстырады; екіншіден, оқушылардың білімін жаңғартады; үшіншіден, жаңа білім, яғни, жай сөйлем жайында жалпы түсінік, беруге дайындық жасайды.

Slide 10

Жай сөйлем жайында нақты дерек беріп алғаннан кейін, онан берік дағдысы бөлу үшін, оқушыларға мына тәрізді жұмыстарды орындату тиімді: берілген текстегі жай сөйлемдерді табу және олардың неліктен жай сөйлем делінетінін дәлелдету; жеке сөздерден жай сөйлем құрату; бір ғана немесе бірнеше сөйлем мүшелері бар жай сөйлемдерді ойдан жазғызу; жай сөйлемнің құрылысын схемамен көрсету; берілген схема бойынша жай сөйлемдер құрастыру; бірыңғай жай сөйлемдермен мазмұндама, шығарма жаздыру; тыныс белгісі қойылмай берілген текстегі жай сөйлемдердің ара жігін ажырату, тиісті тыныс белгілерін қойып жазу.

Slide 11

М. Жұмабаев педагогикалық оқулығында ізгілендіру идеясын былайша түсіндіреді: «Адамға қалай болса да, қашан болса да пайда келтіретіндей ой һәм іс ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу - адам жаратылысының өзінде бар нәрсе. Кімде-кім өзін, туыстарын, өз елін сүйсе, әсіресе бүткіл адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп атаймыз. Адамның шын мағынасымен адам болу үшін, өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт» - деген. Демек, адамдар арасындағы сүйіспеншілігі, бір-біріне деген сезімі, пейілі, ынтасы олардың жақсы, ізгі қарым-қатынасы арқылы қалыптасады. Дұрыс қарым-қатынас барысында дұрыс сөйлеу қабілеті мен мәдениеті де дамып отырады. [16, 181-182 бет] .

1. 1. Жай сөйлемді ізгілендіру технологиясы

арқылы оқыту әдістемесі

Slide 12

Ізгілендіре оқытудың түпкі мақсаты - білім алу барысында оқушының, яғни жеке тұлғаның ерік-жігерімен өмір сүруге бейімдейтін кез келген жағдайлардан жол таба алатын, өз пікірін ұсына және қорғай алатын гуманист азамат қалыптастыру. Ізгілікті бағыт мектептің назарын баланың тұлға ретінде дамуына, оның ашылмаған қабілеттері мен жан-дүниесіне үңіле білуге аударады. Мектептің міндеті - осы ішкі мүмкіндіктер мен қабілеттерді оятып, өміршең ету.

Жай сөйлемді оқытудың лингвистикалық негізін зерттеуге арналған әдебиеттерді қарастыруда тілші-әдіскерлердің және тіл білімі мамандарының (Ғ. Мұсабеков, І. Кеңесбаев, К. Аханов, А. Әбілқаев, С. Исаев, Р. Әміров, Т. Сайрамбаевтың, т. б. ) пікірлері мен көзқарастары басты рөл атқарады.

Slide 13

Жай сөйлем және оның түрлерін оқытудағы басты мақсаттардың бірі баланы сауатты сөйлеуге төселдіру, өз ойын жатық жеткізу қабілетін қалыптастыру, баланың бойында ізгі қасиеттердің дамуына септігін тигізу болып табылады. [3, 19-20 бет] .

Жай сөйлем және оның түрлері - басқа да грамматикалық категориялардан елеулі айырмашылығы бар күрделі синтаксистік бірлік. Біріншіден, сөйлем барлық бірліктерден коммуникативті қызметі жағынан ажыратылады. Екіншіден, өзіне тән құрылымдық үлгісі болады, ол - бастауыш, баяндауыштық құрылым. Үшіншіден, сөйлемге предикативтілік, интонация, модальділік қасиеттер тән. Бұл проблемалар тіл фактілері негізінде осы бөлімде баяндалады.

Slide 14

Жай сөйлемді ізгілендіру технологиясы арқылы оқыту барысында оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көңіл бөлінді. Ойлау - бала өміріндегі ерекше құбылыс. Адамның ойы сөйлем түрінде айтылғанда ғана түсінікті болады. Жай сөйлем түрлеріне берілген жаттығу жұмыстарын орындау арқылы баланың ойлау қабілеті дамиды. [25, 130 бет] .

Жай сөйлем синтаксисін 8-сынып оқушыларына меңгертудің педагогикалық негізінде К. Д. Ушинский, А. Макаренко, И. Н. Баженова, Р. М. Қоянбаев, Ж. Әбиев сияқты педагог ғалымдардың пікірлері талданды. Қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисін ізгілендіру технологиясы арқылы меңгерту әдістеме ғылымындағы дидактиканың ұстанымдарын басшылыққа алу арқылы өрістейді. Осы бөлімшеде педагогиканың дидактикалық ұстанымдары арқылы 8-сынып оқушыларына жай сөйлем, оның түрлерін меңгертудің негізгі ерекшеліктері анықталды, оның тиімділігі көрсетілді.

Slide 15

Қазақ тілі пәнінен оқушылардың дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сөйлеу тілін дамыту мақсатында жаттығулар мен тапсырмалар берілді. Сол арқылы оқушының қабілеті анықталып, білімін тереңдетіп, белсенділігін арттыруға мүмкіндік туды. Жай сөйлемді оқытуға байланысты ұсынылған кешенді жұмыстардың өзіндік ерекшелігі бар: бірінші, жаттығулар мен тапсырмалардың белгілі бір жағдаят сипатында ұйымдастырылуы ескеріліп отырылды; екінші, жаттығулар мен тапсырмалар өтілген тақырыптарды қайталауға негізделіп жасалды; үшінші, ұсынылған кешенді жұмыстар жүйесі оқушылардың шығармашылық біліктерін дамытуға негізделді; төртінші, кешенді жұмыстардың логикалық жүйелілігі ескерілді; бесінші, кешенді жұмыстар жүйесінің ізгілік, имандылық, адамгершілік т. б. -қасиеттерді дамыта білуі қарастырылды. [2, 7-11 бет] .

ІІ. Жай сөйлемді оқыту әдістері

2. 1 Жай сөйлемнің түрлерін оқытудағы әдіс-тәсілдер

Slide 16

Атаулы сөйлемді оқушыларға танытқанда, алдымен оның өзіндік белгілерін түсіндіріп алып, оларды тілдік фактілермен дәлелдеуге де болады; керісінше, алдымен мысалға сөйлемдер келтіріп, ондағы тілдік фактілерді талдап алып, солардың негізінде оның өзіндік белгілерін, анықтамасын танытуға да рұқсат етіледі. Мұның қайсысын таңдаса да мұғалімнің еркі.

Оқушыларға атаулы сөйлемнен берік дағды беру үшін, мынадай жұмыстардың орындатылғаны дұрыс; текстен атаулы сөйлемдерді табу; адам портретін жасауда, табиғат көрінісін суреттеуде қолданылған атаулы сөйлемдерді оқыған шығармадан теріп жазу; ойдан табиғат көрінісін суреттейтін атаулы сөйлемдер жазу; атаулы сөйлемнің құрылысын схемамен көрсету; атаулы сөйлемдерді ендіріп шығарма жазу. [1, 199-200 бет] .

Атаулы сөйлемді оқыту

Slide 17

Атаулы сөйлемді оқушыларға танытқанда, алдымен оның өзіндік белгілерін түсіндіріп алып, оларды тілдік фактілермен дәлелдеуге де болады; керісінше, алдымен мысалға сөйлемдер келтіріп, ондағы тілдік фактілерді талдап алып, солардың негізінде оның өзіндік белгілерін, анықтамасын танытуға да рұқсат етіледі. Мұның қайсысын таңдаса да мұғалімнің еркі.

Slide 18

Атаулы сөйлемді мынадай жаңа әдістер арқылы оқытуға болады. Технологияларды пайдаланып, қазіргі заманауи талаптарға сәйкес интерактивтік тақтаны да қолданамыз. 1-кезең: Атаулы сөйлемді оқытқанда қызығушылықты ояту үшін мындай қызықты тапсырмаларды беруге болады: 1. Қанша сөз табар екенсің? 2. Мына сөздерден атаулы сөйлем құрап көр. (тақтада әртүрлі әріптер беріледі)

2-кезең: 1. Құрылымы жағынан әр түрлі болып келген атаулы сөйлемдерге мысал жаз. Мысал мынадай мәселелерді керек: а) мезгілдік, ә) мекендік, б) табиғат құбылысын білдіретін атаулы сөйлемдер.

Slide 19

3-кезең: Жай сөйлемнің барлық түрлерін қатыстырып «Ұлттық ойындар» тақырыбында шағын әңгіме жаз. Мәтін бойынша сұрақтар дайында. Сабақ аяқталған соң, сабақты бекіту кезеңінде осы страетегияны қолдануға болады. Оқушылар сабақ бойында қандай жұмыс жасады, қандай нәтижеге жеткендерін өздері қорытындылау алады. Тақырыпты өтпей тұрып атаулы сөйлем туралы не білді? Атаулы сөйлемнің тек қана бір сөйлем мүшесінен тұрып затты жалпы түрде тек атауын білдіретін сөйлем. Ал енді оның басқа да жай сөйлемнің құрылымдық типтерінен қандай айырмашылық бар екенін сабақ барысында жаңа нәрсе етіп қабылдайды. Ал егер балалардың сұрақтары болып, күмәнданатын жағдайлары болса, оны мысалдар арқылы дәлелдеп түсіндіру міндетті. Түсініксіз жерлері болса да, қайталау арқылы түсіндіру.

Slide 20

1. Мәтінді оқи отырып, әр сөйлем тұсына белгі қойып отыру керек; 2. Мәтінді оқып болдыңыз, енді не туралы оқығаныңызды бір сәт елестетіңіз, бұған дейінгі білетіңізбен сәйкес келді әлде керісінше. Осы әдістердің барлығын замануи технологияларды пайдаланып көрсетіп, қолданамыз. Мысалы, әртүрлі схема, кестелерді, тапсырмалар, суреттерді интерактивті тақтада барлық оқушыларға бірдей бір уақытта көрсетіп уақыт үнемдеуге көмектеседі. [23, 51-58 бет] .

Slide 21

Жақты, жақсыз сөйлемдерді оқушыларға таныту үшін, мынадай жұмыстарды орындатқан жөн:

Мұғалім жақты сөйлемге бір-екі мысал (мәселен, Біздің заманда халықкөркем әдебиетті көп оқиды. Жұмыстан кейін киноға барды), жақсыз сөйлемге бір мысал (мәселен, Командирдің айтқанын орындамауға болмайды), келтіріп, қай сөйлемде грамматикалық бастауыштың барын, қацсысында түсіп қалғанын, қайсысында атымен жоғын оқушылардан сұрайды.

Бастауышы бар немесе түсіп қалып тұрған сөйлемнің жақты, грамматикалық бастауышы жоқ сөйлемнің жақсыз сөйлем деп аталатынын түсіндіру.

Жақты, жақсыз сөйлемдерге арналған төмендегідей көрнекі құралға сүйеніп, олардың әрқайсысының өзіндік белгілерін және жақсыз сөйлемнің баяндауышының формаларын таныту.

Slide 22

«Жақты сөйлем» тақырыбын оқытқанда, оқушыларға бұрыннан таныс қиысу және бастауыш тақырыптарынан алған білімдерін естеріне түсіру керек. Сол арқылы бастауыш қатысқан сөйлем әрқашан жақты сөйлем болатындығын, баяндауыштан бастауышқа кім? не? деген сұрақ қоя отырып, ол сөйлемнің жақты сөйлем екендігін дәлелдеуге болатындығын айту қажет.

Жақты сөйлемнің бастауыштың қатысына қарай, бастауышы бар және бастауышы түсіп қалып айтылған жақты сөйлемдер болып екіге бөлінетіндігі жөнінде де түсінік бере кеткен артық болмайды. [8, 86-87 бет] .

Slide 23

«Жақсыз сөйлем» тақырыбы оқушыларға біраз қиыншылық туғызады. Шынында да, мына сияқты сөйлемдерді бірден «жақсыз» деп тап басып айту қиынға соғады. Қыздың есіне бүгін аспаз екені түсті. Аспаздың қарадан-қарап ән салғысы келіп кетті. Көгілдір белден гүл тергім келеді.

Жақсыз сөйлем бастауыштың жоқтығына және оны баяндауышы арқылы іздеп табуға болмайтын жай сөйлемнің түрі болса, оның жасалу жолы баяндауышының құрылысы - күрделі, сол себепті жақсыз сөйлем көп жаттықтыруды қажет етеді.

Жақсыз сөйлемді әуелі жақты сөйлеммен салыстыра, әрқайсысының ерекшеліктерін көрсете таныту қажет.

Slide 24

Мысалдар

Баяндауыш формалары

Жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келер.

Жұрт мақтарлық атақты таққым келер.

а) тәуелдік жалғаулы қалау рай және кел етістігі

Бірлесіп кітап оқуымыз керек.

Бұл жерде суға түсуге жарамайды.

ә) тұйық етістік (атау, барыс с. ) бол, жара, керек, тиіс, лайық, жөн, мүмкін сөздері.

Саған аздап досыңның желігін басуға тура келер.

б) тұйық етістік (барыс с. ) тура келеді (келер, келді)

Қолым тимейді. Ымырт жабылды.

в) идиомалық сөйлемдер

Жақсыз сөйлем

Slide 25

Жақсыз сөйлемге арналған таблицаны талдау арқылы мұғалім оның мынадай өзіндік белгілерінің барын оқушыларға түсіндіреді:

Жақсыз сөйлемнің бастауышы (грамматикалық) мүлде болмайды.

Жақсыз сөйлемде тұрлаулы мүшеден тек күрделі баяндауыш қана болады.

Жақсыз сөйлемнің баяндауышы тәуелді жалғаулы, -қы, -ғы, -кі, -гі

жұрнақты қалау райлы етістікке кел, бол, шығар көмекші етістіктерінің тіркесуі арқылы, атау, барыс септікті тұйық етістікке бол, жара, керек, тиіс, лайық, жөн, мүмкін, тура келеді сөздерінің тіркесуі арқылы және идиома сөздерде жасалады.

Slide 26

Х. Арғынов арнайы тәжірибе жұмысын жүргізіп, жақты, жақсыз сөйлемдерді бір сабақта салыстыра отырып оқытудың тиімді екендігін айтқан болатын. Мен де осы пікірді қолдай отырып, оқулықта жақты және жақсыз сөйлемдердің теориясы жеке-жеке тақырып ретінде берілгенімен, мұғалім бұл екеуін бір сабақта салыстырмалы түрде өтуіне болады деймін. Салыстырмалы оқыту жақты және жақсыз сөйлемдерді тақтаға қатар жазып, сөйлем мүшелеріне талдау жүргізу жолымен іске асады.

Бастауышы бар немесе жасырын тұрған бастауышы баяндауышы арқылы тауып алуға болатын жақты сөйлем оқушылар оңай-ақ түсінеді.

Slide 27

Жақты, жақсыз сөйлемдерге байланысты мынадай жұмыс түрлерін жүргізген тиімді: бастауышы бар жақты сөйлемдердің бастауышын түсіріп, бастауышсыз жақты сөйлемдер жасау; керісінше, бастауышы жасырын келген жақты сөйлемдердің бастауышын тауып жазу; жақты сөйлемді жақсыз сөйлемге, жақсыз сөйлемді жақты сөйлемдерге айналдыру; берілген сөздерді күрделі баяндауыш етіп, жақсыз сөйлемдер құрау; жақты, жақсыз сөйлемдердің жасалу жолдарын түсіндіріп айту (не жазу), мәтін құрау, т. б.

Slide 28

Толымды және толымсыз сөйлемдерді оқушыларға таныту онша қиындыққа соқпайды, сондықтан олар жайында теориялық білімді бір-ақ сабақта беруге болады.

«Толымды және толымсыз сөйлемдерді» түсіндіргенде, алдымен, жалаң және жайылма сөйлемдер жайында алған білімдерін естеріне түсіріп алған жөн. Өйткені оқушылар сөйлемнің бұл түрлерін бір-бірінен шатастырады. Сөйлемнің жалаң я жайылма болуы тұрлаусыз мүшенің қатысу-қатыспауына байланысты екенін ескертіп алғаннан кейін, толымды және толымсыз сөйлем болудың шарты одан басқаша екендігін, яғни ойға қатысты айтылуға тиісті мүшелері контекске (өзінен бұрын тұрған сөйлем немесе диалог) байланысты түсіп қалса, толымсыз сөйлем болатыны салыстырмалы мысал арқылы түсіндірілуі тиіс.

Slide 29

Толымды, толымсыз сөйлемдерді түсіндіру үшін, бастауышы да, баяндауышы да бар бір сөйлемді, тұрлаулы мүшелерінің біреуі ғана бар бір сөйлемді, бастауышы да, баяндауышы да жоқ, бірақ олардың түсіп қалғаны тұрлаусыз мүше арқылы білініп тұрған бір сөйлемді мысалға келтіріп, олардағы тілдік фактілерді талдау керек.

Мәселен, мысалға мынадай үш сөйлем келтірілген екен делік: - Кеше сен қайда болдың?

Кітапханада болдым.

Кітапханада?!

Slide 30

Осы үш сөйлемнің біріншісінде бастауышы - сен, баяндауышы - болдың, екіншісінде бастауышы - түсіп қалған мен деген есімдік, баяндауышы - болдым, ал үшінші сөйлемде бастауышы да, баяндауышы да түсіп қалған, алайда олар қай сөздер екені кітапханада деген пысықтауыш арқылы білініп тұр. Міне, осындай тілдік фактілердің негізінде тұрлаулы мүшелері түгел жай сөйлем толымды, тұрлаулы мүшелерінің біреуі я екеуі бірдей түсіп қалған жай сөйлем толымсыз сөйлем деп аталатынын мұғалім түсіндіріп, олардың бір-бірден ғана өзіндік белгілері барын дәлелдеуі керек:

Толымды сөйлемнің құрамында бастауыш та, баяндауыш та болады.

Толымсыз сөйлемде тұрлаулы мүшенің біреуі, кейде екеуі бірдей түсіп қалып айтылады.

Slide 31

Толымсыз және толымды сөйлемдерді оқытқанда келесі әдістерді пайдалану тиімді және қызықты деп қарастырдық. «Кубизм» стратегиясы. Кубизм стратегиясы да оқыту стратегиясына жатады. Кубизм өтілетін тақырыпты түрлі қырынан қарастыруға көмектеседі. Бұл стратегияда ойлау, оқу, жазу әрекеттері қатар жүреді. Шаршының көлемі 15-20 см . Шаршының әр бетінің аты болады. Оқушылар кубикті айналдырып, берілген тапсырмаларды орындайды. Бірінші беті:«САЛЫСТЫРЫҢЫЗ». Венн диаграммасы арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын тап. Толымды және толымсыз сөйлемдерді салыстыр.

Slide 32

Екінші беті: «АЯҚТАҢЫЗ». Оқушыларға толымсыз сөйлемдер жазып беріп, оларды толымды сөйлемдерге жасап аяқтау тапсырылады. 1. Айжан кеше келді. 2. Әжем Астанада болды. 3. Мен оқушымын. Үшінші бетте: «АНЫҚТАҢЫЗ». Белгілі бірнеше толымсыз сөйлемді алып, олардан бірнеше үлгіде толымды сөйлем жасау. Үлгі: 1. Анам келді - Анам дүкеннен келді. Анам кеше дүкеннен келді. Анам кеше дүкеннен құрбысымен келді. 1. Асқар күлді. 2. Мұғалім тапсырды. 3. Оқушылар жүгірді.

Slide 33

Төртінші бетте: «СӘЙКЕСТЕҢДІРІҢІЗ». Екі қатарға толымды, толымсыз сөйлемдерге сәйкес болатын мысалдар жазу, сызықша арқылы оқушылар қай сөйлем қай сөйлем түріне сәйкес екенін анықтайды. Толымды Асан келді. Толымсыз Айгүл Астанадан ағасымен келді. Толымды Мұғалім емтихан сұрақтарын берді. Толымсыз Анам кеше дүкеннен кеш келді. Толымды Мен емтихан тапсырдым. Толымсыз Апам ертең қалаға бармақшы. Бесінші бетте: «СУРЕТТЕҢІЗ». Әр заттың түріне, қасиетіне қарап суреттеукерек. Не болмаса сыныптағы оқушының мінезін, түр-әлпетін суреттеу. Алтыншы бетте: «ТАЛҚЫЛАҢЫЗ». Қолданыңыз не қарсы шығыңыз, өз ойыңызда тұрыңыз, дәлелдеңіз. [21, 20бет] .

Slide 34

Оқушылар бастауыш кластаран-ақ практикалық түрде жалаң сөйлем мен жайылма сөйлемді біліп келеді. Қазақ тілі мұғалімінің жоғары кластағы осы тақырыпты оқытуға байланысты басты міндеті - жай сөйлемдердің жалаң, жайылма болып бөлінуіндегі заңдылықтарды білдіру.

Жалаң және жайылма сөйлемдерге қатысты мынадай жұмыстар жүргізген пайдалы: жалаң сөйлемді жайылмаға, жайылманы жалаң сөйлемдерге айналдырып, айырмашылығын аңғару; жалаң, жайылма сөйлемдердің жақты, жақсыз, толымды, толымсыз сөйлемдер болып келетінін дәлелдеу; мазмұндама, шығарма, бақылау жұмыстарын, тест жазғызу; сөйлемдерге толық синтаксистік талдау жасау, т. б.

Slide 35

«Оқшау сөздерді» оқыту барысында алдымен оның мағынасын, мәнін жете ұқтыру қажет. Яғни сөйлемдегі ойға белгілі дәрежеде қатысы бола тұра, сөйлем мүшелерімен грамматикалық байланысқа түспейтіндігін, жеке сөз немесе сөздер тобын оқшау сөздер деп айтатындығын мысалдарды көбірек пайдалана отырып меңгерту керек. [8, 70-71 бет] .


Ұқсас жұмыстар
Гипербелсенді бала әдістемесі
Шылаулар Шылау сөздер
Тәрбиесі қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері туралы ақпарат
Қазақ тілінің синтаксистік жүйесін оқыту
11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдістері мен тәсілдері
Жай бөлшектердің жазылуы
Мектеп психологының мақсаты
Бастауыш Баяндауыш Тұрлаулы мүшелер
Теореманы логикалық дидактикалық талдау және теоремамен жұмыс істеу әдістемесі
Лепті сөйлемді тап
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz