ЖІКТІК ЖАЛҒАУЫН ҚАТЫСЫМДЫҚ БАҒЫТТА ОҚЫТУ
Презентация қосу
ЖІКТІК ЖАЛҒАУЫН
ҚАТЫСЫМДЫҚ БАҒЫТТА ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ халқының аса көрнекті ғалымы, ұлы педагог
Ахмет Байтұрсынов:
«Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ.
Олақтық, яғни жалқаулық белгісі – бір ғана әдісті білу,
шеберліктің белгісі – түрлі әдісті білу, қажет болса
жоқ әдісті табу да қолынан келу.
Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды
өзіне сүйеніш қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы
керек», – деп жазған еді.
1 Қатысымдық бағыт – қазақ тілін оқытудың тиімді жолы
1.1 Қазақ тілін қатысымдық бағытта оқыту әдісі
Қазақ тіл білімінде қатысымдық әдістің алғаш ғылыми
негіздемесін жасаған профессор Ф.Ш.Оразбаева оқылым,
тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім процестерінің сөйлеу
және ойлау механизмдеріне байланысты аспектілерінің
әдістемелік жүйесін қалады. Ғалым: «Қатысымдық әдіс
дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы
арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін
қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік
категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың
жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра
келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын
әдістің түрі», - деген анықтама береді [1, 8].
1.2.Қазақ тілін оқытудағы қатысымдық бағыттың тиімділігі
Сөз болып
Аталған принциптердің
отырған әдіске
қай-қайсысы
қатысты негізгі
да қатысымдық
идея, бастыәдістің
өзек – нақтылы
қатысым ерекш
болы
Оқу әрекетінің маңызды құрылымдық элементтерінің
бірі – қатысымдық тапсырмалар тіл үйренушілердің
орындайтын дәстүрлі тілдік, грамматикалық
тапсырмаларындай емес, қатысымдық дағдыларды
қалыптастыруға бағытталып, сөйлеу әрекетінің барлық
түрін дамытуға негізделе жүргізіледі. Құбылыс немесе
объекті, үдеріс туралы ақпараттың бір бөлігінің толық,
екінші бөлігінің белгісіз болып берілуі жолымен
жасалған қатысымдық тапсырмалар тіл үйренушінің өз
бетімен ізденуі, қатысым әрекетіне түсуі нәтижесінде
оқытудың тұлға аралық белсенді сипат алуын көздейді.
2 Жіктік жалғауын оқытудағы маңызы
Сөз құрамын мектепте оқытудың үлкен маңызы
2.1. Қазақ тілінде сөздердің жіктелуі
зор. Атап айтсақ, сөз құрамы грамматиканың негізгі
саласының бірі болып саналатын морфология
курсының бастамасы, оның объектісін танытатын
негізгі бөлім болып саналады.
Жалғау- қосымшаның бір түрі. Тілімізде төрт түрлі жалғау бары
айтылып, олар сөз бен сөзді өзара байланысқа түсіріп тұратыны
түсіндіріледі. Жіктік жалғау- жалғаулардың ең соңында тұратын
күрделі қосымшаның бірі. Бұл жалғаудың басқаларға
қарағанда,өзіндік ерекшелігі мол. Оқушылардың түсінігіне қиын
тиетін грамматикалық категория. Жіктік категориясы- қазіргі
қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш
болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның
ішінде есімдерге де тән қасиет. Олай дейтін себебіміз-
баяндауышы жіктеу есімдіктерінен болған сөйлемде баяндауыш
болатын сөз(қай сөз табынан болуы шарт емес) әрқашан
баяндауышпен жақтасып, тиісті жіктік жалғауды қабылдайды.
Егер сөйлемнің бастауышы есімдіктен емес, басқа бір жалпы я
жалқы есімнен болатындай жағдайда, оның баяндауышы,
әдеттен, үшінші жағында тұрады (мысалы: Ол отыр- бала отыр;
ол келді- бала келді; ол көрсін- бала көрсін; ол оқыпты- бала
жазыпты т.б).
Қазақ тілінде жіктік жалғауы кім? қандай? нешінші? деген сұрақтарға жауап
беретін сөздерге қосылады деп мысалдар келтіруге болады:
Жекеше Көпше
Мен жүйрікпін Біз жүйрікпіз
Сен жүйріксің Сендер жүйріксіңдер
Сіз жүйріксіз Сіздер жүйріксіздер
Ол жүйрік Олар жүйрік
Мен алтыншымын Біз алтыншымыз
Сен алтыншысыңСендер алтыншысыңдар
Сіз алтыншысыз Сіздер алтыншысызда
Ол алтыншы Олар алтыншы
Зат есімнің жіктелуін түрліше оқытуға болады: бірақ жалғаудың өзін жеке
жаттатудың қажеті жоқ. Зат есімнің жіктелуін жаттықтыруда есім
баяндауышты сөйлемнің түрі бірге өзгертіледі. Осындай жаттығу жұмыстары
бірінші сыныптан бастап жүргізіледі: мен оқыдым, ол келді, біз оқушымыз.
Жіктік жалғауды қолдану дағдысын қалыптастыруда сұрақ-жауап ретінде,
сурет арқылы әңгімелесу,ұлттық ойындар, тақырыпқа шығарма жазу сияқты
түрлі жұмыстар жұмыстар жүргізу өте қажет. Тілдің грамматикалық
категориялары сөйлемдегі ойдың байланысын білдіреді[6,163-168].
Жіктік
2.2. жалғауы
Жіктік жалғауының септік жалғаулары
өзіндік ерекшеліктерін таныту сияқты кез-келген сөз арасын
байланыстыра бермейді, тәуелдік жалғауы тәрізді арнаулы бір тіркесті
ғана байланыстырады. Атап айтсақ, бастауыш пен баяндауышты өзара
қарым-қатынасқа түсіреді. Тәуелдік жалғауы өзі жалғанып тұрған
сөзін ілік жалғаулы сөзге тәуелді етіп тұрса, жіктік жалғаулы сөз өзі
жалғанып тұрған сөзінің кім? не? қандай? қаншасыншы? екендігін
білдіретіні, сонымен қоса, іс-әрекеттің, қимылдың қай жақта
істелгенін, істелетінін білдіретіні салыстыру әдісі арқылы
түсіндіріледі. Тақтаға мұғалім деген сөзді жазып, оған тәуелдік
жалғауын қосып, мұғалім сөзінің оқушыларға тәуелді екені айтылады.
Осыдан кейін мұғалім сөзін тақтаның орта тұсына жазып қойып, оған
ең алдымен -мін қосымшасын жалғап, мұғаліммін сөзінің кіммін?
Деген сұраққа жауап болып тұрған мағынасын аңғартамыз.
Мұнан соң –мін қосымшасынан мен сөзінің ұғымы туып тұрғанын
түсіндіріп, мен сөзін мұғаліммін сөзінің алдынан жазып қойып,
мұғаліммін деген сөздің астынан мұғалім сөзін қайта жазып, оған -сің
қосымшасын қосып жазып, қандай өзгеріс болғанын оқушылардың
өздеріне айтқызып, -сің қосымшасынан сен деген ұғымның туып
тұрғанына көздерін жеткізіп, сен сөзін мен сөзінің астына мұғалімсің
дегеннен бұрын жазып қоямыз. Жіктік жалғауының қалған
жалғауларын да түсіндіріп І, ІІ, ІІІ жақтарға бөлінетінін білдіреміз.
Сөйтіп бұл мысал арқылы жіктік жалғауы жалғанған сөзінің кім? не?
қандай? қаншасыншы? нешінші? екендігін аңғартатын категория
екенін танытсақ, келді, оқыды деген етістіктерді үш жаққа қойып: І
жақ мен келдім,оқыдым; ІІ жақ сен келдің,оқыдың, сыпайы сіз
келдіңіз,оқыдыңыз; ІІІ жақ ол келді, оқыды деген тұлғаларда
түрлендіріп айтуға болатынын көрсетіп, жіктік жалғаулары
қимылдық ұғымды білдіретін сөздерег жалғанғанда, қимылдың, іс-
әрекеттің қай жақта болатынын, не болмағандығын білдіретінін
айтамыз.
2.3. .Жалғауларды оқытудың тиімді жолдары
Жалғауларды оқытуда мынадай мақсат қолданылады: жалғаудың сөздерді
байланыстыратын категория екендігін таныту, сөз бен сөзді байланыстырудағы
қызметін меңгерту. Жіктік жалғауын өткенде, жалғаудың қандай жалғау
екендігі түсіндіріліп, жіктік жалғау жалғанған сөздің үнемі баяндауыш
болатындығынан мағлұмат беріледі. Жалғау түрлерін меңгертуде тірек-
сызбалар мен кестелерді пайдалану тиімді. Тиімді, өте пайдалы деп саналынған
оқыту әдіс-тәсілдері кәсіпшілікке ұсынылады. Немесе белгілі бір мектеп
тәжірибесіне енгізіледі. Сондықтан методиканың дамуына байланысты оның
зерттеу әдістері де жетілдіріліп, дамып отырады. Қазір ғылым мен техниканың
соңғы табыстарына байланысты ең таңдаулы деген сабақ үлгілері немесе озат
мұғалімнің іс-тәжірибесі телесабақ түрінде ұйымдастырылып, болмаса магнит
ленталарына жазылып, кең зерттеу жасауға мүмкіншіліктер жасалып отыр.
Әрине, қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми- зерттеу әдістері жеке- дара
күйлеріне пайдаланылмайды. Олар бір- бірімен байланысты, қатарласа
жүргізіледі, демек бір-бірімен қарым-қатынаста ғана іске асырылады.
Эсперимент әдісі- бұл методикада мектеп
тәжірибесіне байқау жасап, белгілі бір ұсынылған
әдістің тиімділіне әбден көз жеткізу мақсатында, соны
тексеру үшін пайдалы. Қазақ тілі сабақтарында
эксперимент жұмысы сабақта қолданылған әдістердің
тиімділігін байқау үшін қолданылады. Мұндай
мақсатта эксперимент қатар кластарда жүргізіледі.
Эспериент және бақылау (тексеру) жасау
кластарындағы нәтижелер салыстырылады, оның
пайдалылығы жөнінде ұсыныстар жасалынады. Ол
әдістің тиімділігін дәлелденеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ тілін жеделдете үйрету тілдік тұлғаның
қатысымдық құзыреттілігін дамытуды, қазақ
тілінің мемлекеттік мәртебесін жоғары көтеріп,
оның қолданылу аясын кеңейтуді, қарым-қатынас
деңгейін көтеруді көздейді. Жеделдету жолымен
0
тіл үйретуде ең тиімдісі - қатысымдық бағдармен
оқыту екендігі бүгінгі күні дәлелденді, ендігі
кезекте оқытушылардың алдына қойылатын
міндет – осы бағыттағы әдістемелік шеберліктерін
шыңдап, нақты нәтижелерге қол жеткізу.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz