Есерсоқ тау, есерсоқ тық



Сөзжасамдық ұя
Сөзжасамдық ұя- бір түп негіз сөзден сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған, жүйеге түскен, номинация қызметін атқаратын, белгілі құрылымдағы туынды сөздердің жиынтығы.

Есалаң
Есалаңдан
Есалаңдау
Есалаңдық
Ессіз
Ессізден
Ессіздеу
Ессіздік
Ессіз-түссіз
Ес
Ес-түс
Есті
Естілік
Естірек
Естияр
Естиярлан
Естиярлау
Естиярлық
Естиярсы
Есуас
Есуастан
Есуастық
Есуастау
Есір
Есірік
Есіріктен
Есіріктеу
Есіріктік
Есер
Есерлен
Есерлік
Есерсоқ
Есерсоқтау
Есерсоқтық
Естен
Есте сақтау
Еске түсіру
(адамның естігін, көрген-білгенін ойда сақтау қабілеті; ақыл-ой)

Сөзжасамдық тәсілдер
Синтетикалық тәсіл (негіз сөз + сөзжасамдық жұрнақ)
Аналитикалық тәсіл екі (я онан да көп) сөз бір-бірімен тіркесіп, жаңа лексикалық мағыналы сөз жасайды. Түрлері: 1. сөзқосым; 2. қосарлау; 3. тіркестіру; 4. қысқарту
Лексико-семантикалық тәсіл сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, көп мәнді, ең бастысы омонимдік қатарда келуі арқылы жасалады.

Берілген сөзжасамдық ұяда синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер:
Ес+тен;
Ес+ті, есті+лік, есті+рек;
Ес+сіз, ессіз+ден, ессіз+деу, ессіз+дік;
Ес+ір, есір+ік, есірік+тен, есірік+теу;
Ес+ер, есер+лен, есер+лік.

Берілген сөзжасамдық ұяда аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер:
Есалаң
Естияр
Есерсоқ
Ес-түс
Ессіз-түссіз
Бірігу арқылы
Қосарлану арқылы

Берілген сөзжасамдық ұяда аналитикалық-синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер:
Есалаң+дан, есалаң+дау, есалаң+дық;
Естияр+лан, естияр+лау, естияр+лық, естияр+сы;
Есерсоқ+тау, есерсоқ+тық

Берілген сөзжасамдық ұяда лексико-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер:
Есалаңдық
Есте сақтау
Еске түсіру

Ес - адамның естігін, көрген-білгенін ойда сақтау қабілеті; ақыл-ой.
Ес-түс - ақыл-ой.
Естен - оң-солын тану, есі кіру.
Есті - ақылды, саналы, парасатты; білімдар, ойшыл.
Естілік - ақылдылық, саналылық, парасаттылық.
Естірек - ақылдырақ, саналырақ, парасаттырақ.
Ессіз - ес-түссіз, есінен айырылған; жарымес, есер.
Ессізден - есінен айырылу, есінен тану.
Ессіздеу - әумесерлеу, делқұлылау.
Ессіздік - әумесерлік, делқұлылық, ақылсыздық.
Ессіз-түссіз - есеңгіреген, есінен айырылған.
Есалаң - есі ауысқан, есуас, есерсоқ.
Есалаңдан - есінен айырылу, есуастану, есерсоқтану.
Есалаңдау - есуастау, есерсоқтау, ақымақтау.
Есалаңдық - есуастық, есерсоқтық, ақымақтық; психологиялық термин.
Естияр - ержеткен, ересек, үлкен; түйсігі бар.
Естиярлан - ержету, есею, естену.
Естиярлау - ересектеу, үлкендеу.
Естиярлық - ержеткендік, үлкендік, ақылы толғандық.
Естиярсы - үлкен болғансу, ер жеткенсу.

Есуас - кіресіл-шығасыл есі бар, жарымес.
Есуастан - жарыместену, есерсоқтану.
Есуастық - жарыместік, есерсоқтық, есерлеу.
Есуастау - жарыместеу, есерсоқтау, есерлеу.
Есір - есерсоқтану, есеңгіреу.
Есірік - есерсоқ, есуас, ақымақ; есінен адасқан.
Есіріктен - есуастану, ақымақтану.
Есіріктік - есерсоқтық, жындысүрейлік.
Есіріктеу - есерсоқтау, есуастау, ақымақтау.
Есер - ақымақтау, әңгілеу.
Есерлен - ақымақтану, әумесерлену.
Есерлік - есіріктік, әумесерлік, ақымақтық.
Есерсоқ - есалаң, алаңғасар.
Есерсоқтау - ақымақтау, әумесерлеу.
Есерсоқтық - алаңғасарлық, ақымақтық.
Есте сақтау - психологиялық термин.
Еске түсіру - психологиялық термин.

Сөзжасамдық ұяның құрылымдық бірліктері
Сөзжасамдық тарам
Сөзжасамдық тізбек
Сөзжасамдық жұп
Сөзжасамдық саты

”Ес” сөзіне байланысты сөзжасамдық жұп:
Ес - ес-түс;
Ес - естен;
Ес - есті; есті- естілік; есті - естірек;
Ес - ессіз; ессіз - ессізден; ессіз - ессіздеу;
ессіз - ессіздік; ессіз - ессіз-түссіз;
Ес - есалаң; есалаң - есалаңдан;
есалаң - есалаңдау; есалаң - есалаңдық;
Ес - естияр; естияр - естиярлан; естияр - естиярлау; естияр - естиярлық;
естияр - естиярсы;
Ес - есуас; есуас- есуастан; есуас - есуастық; есуас - есуастау;
Ес - есір; есір- есірік; есірік - есіріктен; есірік - есіріктеу; есірік - есіріктік;
Ес - есер; есер- есерлен; есер - есерлік; есер - есерсоқ;
есерсоқ - есерсоқтау; есерсоқ - есерсоқтық.
Ес - есте сақтау.
Ес - еске түсіру.
”Ес” негізгі түбірден жасалған сөзжасамдық ұяда 36 сөзжасамдық жұп.

”Ес” сөзіне байланысты сөзжасамдық тізбек:
Ес - ес-түс;
Ес - естен;
Ес - есті - естілік;
Ес - есті - естірек;
Ес - ессіз - ессізден;
Ес - ессіз - ессіздеу;
Ес - ессіз - ессіздік;
Ес - ессіз - ессіз-түссіз;
Ес - есалаң - есалаңдан;
Ес - есалаң - есалаңдау;
Ес - есалаң - есалаңдық;
Ес - естияр - естиярлан;
Ес - естияр - естиярлау;
Ес - естияр - естиярлық;
Ес- естияр - естиярсы;
Ес - есуас - есуастан;
Ес - есуас - есуастық;
Ес - есуас - есуастау;
Ес - есір - есірік - есіріктен;
Ес - есір - есірік - есіріктеу;
Ес - есір - есірік - есіріктік;
Есер - есер - есерлен;
Ес - есер - есерлік;
Ес - есер - есерсоқ - есерсоқтау;
Ес - есер - есерсоқ - есерсоқтық.
Ес - есте сақтау
Ес - еске түсіру

”Ес” сөзінен тараған сөзжасамдық тарам:
Ес-түс
Естен
Есті
Ессіз
Есалаң
Естияр
Есуас
Есір
Есер
Есте сақтау
Еске түсіру

”Ес” негізгі түбірінен жасалған сөзжасамдық ұяда:
11 сөзжасамдық тарам
36 туынды сөз
3 көлденең саты, 4 тік саты
36 сөзжасамдық жұп
27 сөзжасамдық тізбек
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz