Шық сөзіне байланысты сөзжасамдық жұп


Slide 1

Сөзжасамдық ұя - сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөзжасамдық ұя дегеніміз-бір түп негіз сөзден сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған, жүйеге түскен, номинация қызметін атқаратын, белгілі құрылымдағы туынды сөздердің жиынтығы.

Slide 2

Сөзжасамдық тізбек-бір сөзжасамдық ұядан немесе негізгі сөзден тараған туынды сөздер тізбегі, яғни бір түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы.

Сөзжасамдық саты деп негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұратын сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің жасалу ретін білдіретін тілдік бірлік аталады.

Сөзжасамдық жұп - сөзжасамдық ұяның ең кіші мүшесі, негізгі сөз бен туынды түбір сөздің жиынтығы. Сөзжасамдық ұя қанша сөзден құралса да, онда сөзжасамдық жұп болады. Сөзжасамдық ұяның ең кішісінде бір, екі сөз болады.

Сөзжасамдық тарам (парадигма) деп тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген туынды сөздердің жиынтығы аталады.

Slide 3

«Шық» негізгі түбір сөзінен жасалған сөзжасамдық ұя

Шық - 1. Шығып кету, кетіп қалу.

2. Өсу, өну, көктеу.

3. Баспа бетінде жарық көру, басылу, жариялау.

Slide 4

Шық

(Шығып кету, кетіп қалу)

1-саты 2-саты 3-саты 4-саты

Шығар шығарғыш шығарғыштық

шығарма шығармалық

шығармашылық

шығарт

шығарттыр

шығартқыз

шығару

шығарушы

шығарушылық

шығарыңқыра

шығарыс

Шығасы

шығасылы

шығасысыз

Шығу

шығушы

шығушылық

Шығым

шығымды

шығымдылық

шығымсыз

шығымсыздық

шығымтал

шығымталдық

Шығын

шығында

шығындал

шығындан

шығындандыр

шығындат

шығынды

шығынсыз

Шығыңқы

шығыңқылау

шығыңқыра

Шығыс

Шыққысыз

шығындар

шығар - шыққанынша

шығар-шықпастан

шығасылы-кіресілі

Slide 5

«Шық» сөзінен лексика-семантикалық тәсіл арқылы

жасалған туынды сөздер

Шығар - модальді сөз.

Шығарма - белгілі бір автордың жазған әдеби, ғылыми т. б. туындысы.

Шығынды - матем. Шешу, жауап, қорытынды, нәтиже.

Шығыс - экон. Шығасы жұмсалған, ұсталған ақшалай-заттай шығын.

Шығыс: шығыс септік грамм. - қимылдың кімнен, қайдан басталғандығын, шыққан орнын білдіретін септік түрі.

Slide 6

«Шық» сөзіне байланысты сөзжасамдық тізбек:

Шық → шығар → шығарғыш → шығарғыштық;

Шық → шығар → шығар-шыққанынша;

Шық → шығар → шығар-шықпастан;

Шық → шығар → шығарлық;

Шық → шығар → шығарма → шығармалық;

Шық → шығар → шығарма → шығармашылық;

Шық → шығар → шығарт → шығартқыз;

Шық → шығар → шығарт → шығарттыр;

Шық → шығар → шығару → шығарушы → шығарушылық;

Шық → шығар → шығарыңқыра;

Шық → шығар → шығарыс;

Шық → шығасы → шығасылы →шығасылы-кіресілі;

Шық → шығасы →шығасысыз;

Шық → шығу → шығушы → шығушылық;

Slide 7

15. Шық → шығым→шығымды→ шығымдылық;

16. Шық → шығым → шығымсыз → шығымсыздық;

17. Шық → шығым → шығымтал → шығымталдық;

18. Шық → шығын → шығында → шығындал;

19. Шық → шығын → шығында → шығындан → шығындандыр;

20. Шық → шығын → шығындат;

21. Шық → шығын → шығынды;

22. Шық → шығын → шығынсыз;

23. Шық → шығыңқы → шығыңқылау;

24. Шық → шығыңқы → шығыңқыра;

25. Шық → шығыс;

26. Шық → шыққысыз.

Slide 8

«Шық» сөзіне байланысты сөзжасамдық жұп:

Шық - шығар, шығар - шығарғыш, шығарғыш - шығарғыштық;

Шық - шығар, шығар - шығар - шыққанынша;

Шық - шығар, шығар - шығар-шықпастан;

Шық - шығар, шығар - шығарлық;

Шық - шығар, шығар - шығарма, шығарма - шығармалық;

Шық - шығар, шығар - шығарма, шығарма - шығармашылық;

Шық - шығар, шығар - шығарт, шығарт - шығартқыз;

Шық - шығар, шығар - шығарт, шығарт - шығарттыр;

Шық - шығар, шығар - шығару, шығару - шығарушы, шығарушы -шығарушылық;

Шық - шығар, шығар - шығарыңқыра;

Шық - шығар, шығар - шығарыс;

Шық - шығасы, шығасы - шығасылы, шығасылы-шығасылы-кіресілі;

Slide 9

Шық - шығасы, шығасы - шығасысыз;

Шық - шығу, шығу - шығушы, шығушы - шығушылық;

Шық - шығым, шығым - шығымды, шығымды - шығымдылық;

Шық - шығым, шығым - шығымсыз, шығымсыз - шығымсыздық;

Шық - шығым, шығым - шығымтал, шығымтал - шығымталдық;

Шық - шығын, шығын - шығында, шығында - шығындал;

Шық - шығын, шығын - шығында, шығында - шығындан, шығындан - шығындандыр;

Шық - шығын, шығын - шығындат;

Шық - шығын, шығын - шығынды;

Шық - шығын, шығын - шығынсыз;

Шық - шығыңқы, шығыңқы - шығыңқылау;

Шық - шығыңқы, шығыңқы - шығыңқыра;

Шық - шығыс;

Шық - шыққысыз.

Slide 10

«Шық» сөзінен тараған сөзжасамдық тарам:

Шығар

Шығасы

Шығу

Шығым

Шығын

Шығыңқы

Шығыс

Шыққысыз

«Шық» негізгі түбірінен жасалған сөзжасамдық ұяда 44 туынды сөз, 26 сөзжасамдық тізбек, 8 сөзжасамдық тарам, 65 сөзжасамдық жұп бар.

Slide 11

Шығар - 1. Затты бір нәрсенің үстіне көтеріп қою, тысқа шығару. 2. Өлең шығару, ән шығару.

Шығарғыш - өлең шығарушы.

Шығарғыштық - өлең шығаруға икемі бар, қабілеті мол.

Шығар-шыққанынша - кетер-кеткенше, шығып кеткенше.

Шығар-шықпастан - шықпай жатып, шыға салысымен.

Шығарма - 1. Белгілі бір автордың жазған әдеби, ғылыми т. б. туындысы. 2. Әдебиет сабағында оқушылардың белгілі бір тақырыпқа жазатын шығармасы.

Шығармалық - автордың әдеби шығармасына қатысы бар, соған байланысты.

Шығармашылық - ақыл-ой арқылы мәдени, материалдық игілік жасауға бағытталған адамның қызметі.

Шығарт - затты бір нәрсенің үстіне көтертіп шығарту.

Шығартқыз - затты бір нәрсенің үстіне, жанына өзге адамға көтеріп қойғызу.

Slide 12

Шығару - 1. Затты бір нәрсенің үстіне көтеріп қою, тысқа шығару. 2. Өлең шығару, ән шығару. 3. Қою.

Шығарушы - өлең шығарушы, ән шығарушы.

Шығарушылық - өлең, ән шығарушылық өнер.

Шығарыңқыра - затты бір нәрсенің үстіне көтеріп қоюдың, тысқа шығарудың әлі аяқталмағандығы, жасай түсуі.


Ұқсас жұмыстар
Есерсоқ тау, есерсоқ тық
Сөзжасамдық тәсілдер тілдің сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтарының біріне жататыны
Сөз құрамы
Сөзжасамдық тәсілдер
Аға редактор
Сөзжасамдық тәсіл
Сөзжасам тіл білімінің дербес саласы
Сөзжасам жүйесі
Сын есімнің сөзжасамы
Сөзжасамдық калька
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz