ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕН БЕРІЛЕТІН ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІ


Slide 1

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Курстық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ: ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕН БЕРІЛЕТІН ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІ

Қостанай, 2019 жыл

Slide 2

Курстық жұмыстың мазмұны

Slide 3 Slide 4

Тақырыптың өзектілігі: Өскелең өміріміздің өршіл талабына сай жас буындарды биік рухта тәрбиелеп, оларға ғылым негіздерін білдіруде мектепте негізгі пәндер қатарында оқылатын қазақ әдебиетінің мәні зор.

Шынында да, өзінің әдебиетін, оның ішкі заңдылықтарын жете білген оқушы ғана ғылымның сара жолына түсіп, онан өмірлік азық ала алады. Ал оқушының ғылыммен сусынын қандыру үшін, мектепте оқылатын әр пәнді, оның ішінде әдебиетті методикалық талаптарға сай оқыта білу маңызды. Осыған орай ғылым мен техниканың даму дәрежесіне байланысты, оқушылардың ой өрісін, таным белсенділігін, дербестігін, творчестволық инициативасын одан әрі арттыру болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

- тапсырмалар жүйесінің зерттелу тарихына шолу;

- тапсырмалар жүйесінің теориясы мен оған қойылатын дидактикалық талаптарға тоқталу;

- әдебиетті методикалық тұрғыдан оқытуға байланысты материалдарды саралап, оқыту ұстанымдары мен әдістерін анықтау;

- жан-жақты білім беруге жағдай туғызу және оқушының логикалық, творчестволық ойлай білуіне дағдыландыру;

- оқушыларға теориялық білім мен практикалық дағды берудегі тапсырмалар жүйесінің методикасын анықтау;

Кіріспе

Slide 5 Slide 6

Ғылым мен техниканың шарықтап дамуына байланысты ғалымдар, методистер, мұғалімдердің алдынд тұрған басты проблема - қай пәнді оқытуда болсын оқушыларды материалды ой елегінен өткізіп саналы сапалы меңгеруіне, өздігінен білім алуына, ой белсенділігіне, дербестігіне дағдыландыратын өзіндік тапсырма түрлерін терең әрі ғылыми зерттеу болып отыр.

Жоғары кластарда әдебиет пәнін оқытумен байланысты жүргізілетін тапсырмалар жүйесінің накты методикасының болмауы мұғалімдерді бірсыпыра қиыншылықтарға кездестіріп жүр. Оны оқушылардың алған білімдерінен, класта және кластан тыс жазу жұмыстарының нәтижелерінен, яғни өтілетін тақырыпқа оқушылардыц ынта-ықыласының болмауынан, жаттап айту, өз бетінше дербес жұмыс істеу дағдысының жеткіліксіздігінен, ой өрісінің тарлығынан, іздену, зерттеу қабілеттерінің нашар дамығандығынан байқауға болады. Бұл жағдай республика мектептерінің VIII-X кластарында казак әдебиетінен сабақ беретін мұғалімдердің тапсырмалар жүйесі мен оған қойылатын дидактикалык талаптар жайлы еңбекке зәру болып отырғанын көрсетеді.

Slide 7

Сондықтан біз тапсырмалар жүйесінің қазақ әдебиеті методикасындағы дидактикалық табиғатымен ерекшеленуін экспериментпен ғылыми бір жүйеге келтіруді өзімізге негізгі міндет етіп қойдық. Атап айтқанда:

Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11

II тарау

ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Жалпы білім беретін орта мектепте жаңа программа бойынша оқытудағы ең басты міндеттің бірі - әр пән бойынша оқушыларға берілетін ғылым негіздері мен тәлім-тәрбиенің мазмұнын заман талабына, ғылым мен техниканың осы кездегі даму дәрежесіне сәйкестендіру.

Демек, мектептегі оқу-тәрбие процесі оқушыларға жұмыс істеуді, еңбек етуді қажетсіну мен білім алуға деген ынта-талабын дамыту бағытында жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ оқушының творчестволық белсенділігін арттырып, жан-жақты жарасымды дамуына, бойындағы бар қабілетін барынша арттыруға күшті ықпал тигізетін жұмыс түрлерін ұйымдастыру мақсаты қойылып отыр.

Тапсырмалар жүйесінің теориялық негізін көрнекті совет психологтарының, педагогтарының, методист-ғалымдардың еңбектеріндегі дамыта оқыту принципі негізіне байланыстыра қарауды қажет деп санаймыз.

Аса көрнекті совет психологы Л. С. Выготскийдің еңбектерінде дамыта оқыту проблемасы жан-жақты сөз болады. Көптеген совет психологтары Л. С. Выготскийдің "Жақын даму аймағы" идеяларын қастерлеп қарап, ілгері дамытуда. Яғни бұл теория бойынша оқушыны бүгінгі ғана емес, ертеңгі даму деңгейіне бағыттайтын, "Тек дамудан озып отыратын оқыту ғана пайдалы болмақ".

Slide 12

Тапсырмалар жүйесіне қойылатын дидактикалық принциптер

«Барлық байланысты қамту. . . » дегеніміз мектептегі әдебиет пәні үшін түрлі ағымдар мен методтардың, әдеби топтар мен адамдардың идеялар күресін, нақты тари­хи дәуірдегі күрделі мәселелерді қоғамдық және әде-биеттегі тартыста әр түрлі көзқарастағы адамдар тобының қалай шешкенін керсету болып табылады. Демек, айту, баяндаумен бірге көрсету, көзін жеткізу керек де­ген ұғым туады. Жалпы әдебиеттің оқытудың бірнеше принциптері болады:

Slide 13

Соңғы жылдары білім беру процесін педагогикалық жаңа идеялар тұрғысынан түбегейлі өзгерту бағытында жүргізіліп жатқан эксперименттер мен зерттеулер жаңа оқу жүйесіне көшудің негізгі себебі мен жаңа программа талаптарын қанағаттандырарлық ғылыми-методикалық ұсыныстар жасап отыр. Яғни білімді дамыта оқыту жүйесімен беру, оқушылардың практикалық және ақыл-ой қызметіне негіздей, сатылай меңгерту білім берудегі алгоритмизация, проблемалы, программаланған оқыту. Демек, кез келген міндет сұрау формасында айтылып тапсырмаға айналады. Ең алыдмен, проблемалы жағдай, одан міндет көрінеді де, ол міндет сұрау формада тұжырымдалып балаларға беріледі, тапсырмаға айналады.

Тапсырмалар жүйесінің

кейбір теориялық мәселелері

Slide 14

В. А. Крутецкий шамамен проблемалы оқудың деңгейін былай нұсқайды:

Slide 15 Slide 16

Оқыту формаларындағы тапсырма түрлері

Жинақтай келгенде, тапсырмалар жүйесінің теориясы мен оған қойылатын дидактикалық талаптарды жан-жақты қарастыра келіп, мынадай қорытынды шығаруға болады:

1. Тапсырмалар жүйесін жеке пәндерді оқытумен байланысты қойылатын дидактикалық талаптар негізінде қарастыра отырып шешеуге болады.

2. Әдебиеттің танымдық, тәрбиелік және көркемдік қызметінің тұтастығы, өнердегі идея мен форманың диалектикалық бірлігі жайындағы маркстік-лениндік қағиданы тапсырмалар жүйесінің дидактикалық табиғаты мен методикалық ерекшелігін зерттеп білуде басшылыққа алу.

3. Бүгінгі дамыта оқыту принципі проблемалы оқытусыз мүмкін емес. Сондықтан проблемалы оқыту проблемалы жағдайсыз, іздендіруші тапсырмалар жүйесінсіз іске аспайтындығына көз жеткізу

Slide 17 Slide 18 Slide 19 Slide 20

Жоғарғы сыныптарда очеркпен жұмыс жүргізу

Мектеп программасында: «Әдебиетке бейімі бар оқушыларға өлең, әңгіме, очерк жаздыру, жұмбақ ойлап тапқызу сияқты жазба жүмыс түрлеріне жаттықтырып, әдеби талғам мен қабілетін жетілдіру ісіне ерекше назар аударылуы тиіс. Бұл оқушыларды творчестволық жүмысқа баулу болып табылады», - деп көрсетілген. Бұл оқулық көлемінде шектеліп қалмай, оқушылармеп класта және кластан тыс уақытта творчестволық жұмыс жүргізу керек деген сөз. Осы негізге сүйене отырып, жоғары кластарда «жауынгер жанр»- очеркпен үнемі жұмыс жүргізген дұрыс. Оның негізгі мақсаттары: еңбек адамдарының өмірімен таныстыру, еңбек сүйгіштікке баулу, очерк туралы ұғым беру, оны жазуға үйрету. Бұған қоса мына үлгідегі жүмыстарды жүргізуді жөн дер едік.

Slide 21

Жоғарғы сыныптарда әдебиет теориясының мәселелерін оқыту

IX сыныпта бұған дейінгі кластарда оқытылып келгсн әдеби-теориялық материалдар белгілі бір жүйегс түсіп, тереңдей қарастырылады. Әдебиеттің өзіндік ерекшелігі, өмірмен баиланысы, әдебиет кейіпкері жәнс оның образын жасау проблемалары, жанрлық формалар бұған дейінгі әрбір класс материалдарына лайық жеке-жеке күйінде түсіндірілсе, IX класта сол айтылған ұғымдарды жинақтау әдсби-тарихи процеске бағындырылады. Сондыктан ІХ сынып программасына сәйкес өтілуге тиісті әдебиет теориясының матсриалдарын біз бес жуйеге бөліп карастыруды ұсынамыз.

Slide 22 Slide 23

VIII-X кластардағы тапсырмалар жүйесінің әдіс-тәсілдері

Әдебиетті оқытудағы әңгіме, сұрау-жауап, баяндау, лекция, түсіндірмелі оқу, мәнерлеп оқу, талдау, жаттығу, кітаппен жұмыс, әр түрлі мақсаттағы жазу жұмыстарын орындату дағдысына үйрететін тапсырмалардан басталып, бара-бара оның табиғаты мен түрі әр кластың оқу материалдары мен оқушылардың жасына, класына алған білімдерінің көлемі мен ерекшелігіне қарай күрделене береді.

Оқу-тәрбие ісінде әдебиетті оқытумен байланысты тапсырмалар жүйесі пәндік және педагогикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болады:

Slide 24 Slide 25

VIII-IX кластарда негізінен мына түрдегі жоспарларды іске асыру мақсаты қойылады:

Slide 26

ҚОРЫТЫНДЫ

Оқушылардың проблемаларды ажырату, шешу, ол жөнінде ойлана, іздене, зерттей білу дағдыларын қалыптастыру, оны дамытуға педагогикалық шаралар қолдану - балалардың өмірге, еңбекке деген белсенділік, творчестволық қатынастарын тәрбиелеудің ең әсерлі де ықпалды жолы болуда. Жаңаша оқыту оқушыларға материалды игрету әдістерінің диидактикалық негізін жетілдіріп, әдіс-тәсілдерін өзгертті. Соның нәтижесінде оқушылар оқыту процесінде творчестволықпен қызыға жұмыс істейтін болды. Олардың еңбектене білумен қатар, өзіне талап қою, өзін бақылау, өз еңбегін бағалай білу сияқты белсенділіктері де арта түсті. Бұл жағдай олардың өз кемшіліктерін байқап, өзіндік еңбектерін саналы ұйымдастыруларына жағдай жасады.

Slide 27

Қазақ әдебиетін оқыту - қиын да қызық жұмыс. Қазіргі кезде қазақ әдебиетін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Ұстаз үшін ең басты мәселе - оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологияларды дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқулардың жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады [11; 13] .

Оқушылардың әдебиеттік білімі мен шығармашылық қабілеті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым олардың эстетикалық сезімі тереңдейді. Сондықтан әдебиетті үйрену оқулықта жазылған қағиданы жаттап алумен бітпейді, оқушылар шығарманы оқып, оны өз бетінше талдауға, ұғынуға, үйренуге тиісті [14; 3] .

Slide 28

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі».

Сабақтың мақсаты.

1. Ш. Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, айналысқан ғылым салаларына шолу жасату.

2. Шоқан өмірін үлгі ете отырып, оқушыларды еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа, саналыққа тәрбиелеу, ғылымға деген құштарлықтарын ояту.

3. Олардың өз бетінше ізденушілік қабілеттерін ұштау, өз ойын еркін жеткізіп, тұжырымды пікір айтуға үйрету.

Түрі: іздену, білімді жинақтау сабағы.

Әдісі: СТО әдістері, сұрақ-жауап, баяндау, талдау.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, этнография.

Көрнекілігі: портреті, электрондық оқулық, кеспе қағаздар, слайдтар.

Slide 29

I Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру, түгендеу, назарын сабаққа аудару. Оларды үш топқа біріктіріп, бағалау парағын тарату.


Ұқсас жұмыстар
Емтихан тапсырмалары
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен мазмұнды суреттермен жұмыс
Сұрақтар түрі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
бастауыш мектептегі музыка сабағының типтік бағдарламасы 1-4 сынып
Әбіш Кекілбаев
Құрастыру Қорытынды аттестаттау тапсырмаларына қойылатын талаптар
Қазақ тілі оқыту әдістемесі
Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері
КІЛТ СӨЗДЕР:
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz