Қаңқа сүйектерінің буынды байланысы, бассүйектегі буынды омыртқалар байланысы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-
техникалық университеті

Сабақтың тақырыбы
Қаңқа сүйектерінің буынды байланысы,
бассүйектегі буынды омыртқалар байланысы

Орындаған:ВС-11 тобы

Орал,2018
Қаңқа сүйектерінің байланысын зерттейтін ілімді-
SYNDESMOLOGIA (грек. syn- байланыс, destos-
дәнекер,logos-ілім)- деп атайды. Сүйектер байланысы
жануарлар қаңқасы сүйектерінің бір-бірімен өзара белгілі
заңдылықпен байланысуын қамтамасыз етеді. Жануарлар
қаңқасы сүйектерінің байланыс түрлерін 2 топқа бөлуге
болады. Олар: қаңқа сүйектерінің тұтаса байланысы және
буынды байланысы.
Тұтаса байланыс- қаңқа сүйектерінің бір-бірімен түрлі
ұлпалар арқылы байланысын қамтамасыз етеді.
Байланысқан сүйектердің аралықтарында ешқандай
қуыс қалмайды. Демек сүйектер аралықтарындағы
қозғалыстың сипаты, оларды байланыстыратын
ұлпалардың қасиеттеріне байланысты болады.
Қаңқа сүйектерін байланыстыратын ұлпалардың
түрлеріне сәйкес, сүйектер тұтаса байланысының 5
түрі ажыратылады:
• 1)Синзаркоз
• 2)Синэластоз
• 3)Синдесмоз
• 4)Синхондроз
• 5)Синостоз
• 1)Синзаркоз-сүйектердің бұлшықет арқылы байланысы.Синсаркозға жауырын
мен тоқпан жіліктің бұлшықеттер арқылы байланысын жатқызуға болады.
Синкаркозды байланыста сүйектераралықтарында ауқымды қимыл байқалады.
• 2)Синэластоз-сүйектердің серпімді талшықты дәнекер ұлпасы арқылы
байланысы. Синэластозға бассүйектің мойын омыртқаларының және көкірек
омыртқалары жоталық өсінділерінің өзара желке, сондай-ақ омыртқа доғалары
мен жота өсінділері аралықтарындағы эластинді байламдар арқылы
байланысын жатқызады. Сүйектераралықтарында серпімді қимыл байқалады
• 3)Синдесмоз-сүйектердің талшықты дәнекер қлпасы арқылы байланысы.
Жануарлар организмінде мұндай байланыстың 3 түрі кездеседі: Жұқа талшықты
жарғақ, байлам, жік. Сүйектераралықтарындағы қимыл шектеулі болады.
• 4)Синхондроз-сүйектердің шеміршек ұлпалары арқылы байланысы.
Синхондрозға омыртқа денелері мен төссүйек бөліктері аралықтарындағы және
қабырғалардың төссүйекпен байланысы жатады. Сүйектераралықтарындағы
қимыл тіптен шектеулі.
• 5)Синостоз-сүйектердің сүйек ұлпасы арқылы байланысы. Байланыстың бұл
түріне ересек жануарлар бас сүйектерінің, құйымшақ омыртқаларының,
жамбассүйектерінің, кейбір тізе және тілерсек сүйектердің баланысы жатады.
Сүйектераралықтарындағы қимыл тіптен болмайды.
• Қаңқа сүйектерінің буынды байланысы.
• Буынды байланыс-diarthosis- сүйектердің қозғалмалы
байланысын қамтамасыз етіп, организмдегі түрлі
қозғалыстарды іс жүзіне асырады.Буынды құрайтын
сүйектер бастары аралықтарындағы буын қуысында
қоймалжың сұйық синовия болады.
• Буын-articulatio-құрылысына байланысты:
Қарапайым буынды тек 2 сүйектің буын бастары құрайды. Олардың
аралыңында бір буын қуысы болады.

Күрделі буындарды түзетін негізгі сүйектердің буын бастары аралығында
бір немесе бірнеше қатарда орналасқан майда сүйектер,болмаса
шеміршектер болады.Сондықтан олардың аралықтарында екң не оданда
• Буындардағы қозғалыстарды бір-біріне
қарама-қарсы бағыттарда жүретін
бірнеше топтарға бөледі.Олар:

ЖАЗЫЛУ АЛЫСТАУ
(ЭКСТЕНСИ БҮГІЛУ (АБДУКЦИО
О) (ФЛЕКСИО) )

ЖАҚЫНДА
У АЙНАЛУ СЫРТҚЫ
(АДДУКЦИ (РОТАЦИО АЙНАЛУ(СУПИН
О) ) АЦИО)

ІШКЕ
АЙНАЛУ(ПРОНАЦИО)
• Буынның құрылысы
• Буынды сыртынан буын қапшығы (capsula
articularis) қаптап жатады. Буын қапшығы өз
кезегінде 2 қабат жарғақтан тұрады. Олар: сыртқы
талшықты(фибриозды) және ішкі- синовиалы
жарғақтар. Фибриозды жарғақ (membrana
fibrosa)буынды құрайтын сүйектер бастарының
сүйекқаптарының сыртқы фиброзды
қабаттарының буындағы жалғасуынан түзіледі. Ол
қорғаныс қызметін атқарады. Синовиалы
жарғақты(membrana sinovialis) ішкі беті буынның
қоймалжын сұйығын бөлетін бір не бірнеше қабат
жалпақ торшаларымен астарланған борпылдақ
дәнекер ұлпасы құрайды. Синовиялы жарғақ қан
мен лимфа тамырларына бай. Буынның
құрылысына байланысты буында бір немесе
бірнеше буын қуысы(cavum articularis) болады.
Буын қуысына қараған сүйектердің буын беттері
гиалинді буын шеміршегімен( cartilago articularis)
қапталған. Синовия сүйектердің шеміршекті буын
беттерін майлап, оларды қоректендіріп тұрады.
Синовия құрамының 98% су , 2%ы белок.
• Буынның көмекші мүшелеріне буынның ішіндегі шеміршек
дискілер, шеміршек тегіршіктер ( менискілер ) ,буын ішіндегі
және сыртындағы сіңірлі байламдар, буынның сыртындағы
тиекше сүйектер жатады. Буын қуысындағы шеміршек діскілер
мен тегіршіктер, буынды құрайтын негізгі сүйектер бастарының
бір-біріне сәйкес келмейтін буын беттерін сәйкестердіріп
үйлестіруге көмегін тигізеді. Буын ішіндегі байламдар сүйек
бастарының берік байланысуын қамтамасыз етеді. Сыртқы
байламдар сүйектер бастарын байланыстырумен қатар ,
буындағы қозғалыстардың белгілі бір бағыттарда іс жүзіне
асуына ат салысады. Буын баайлмдары буын қапшығы
фиброзды жарғаның қалыңдап жуандауынан дамып жетіледі.
Тиекше сүйектер буын маңындағы сүйектермен бұлшық еттер
сіңірлері аралықтарында орналасып , оларға тіректік қасиет
береді және бұлшық еттердің жиырылу қызметтерінің іске
асуына көмектеседі.
Бассүйек сүйектерінің байланысы.
Бассүйек сүйектері бір-бірімен негізінен талшықты дәнекер
ұлпалық жұқа аралықтарымен жіктер түзу арқылы тұтаса
байланысады. Жіктер, әсіресе жас төлдер бассүйектерінде жақсы
көрінеді. Жануарлар есейген сайын, дәнекер ұлпалық жіктер
сүйектеніп кетеді. Бассүйек сүйектері аралықтарында жіктің 3 түрі
кездеседі: тегіс жік(sutura plana) тісше жік(sutura serrata) және
қабыршақша жік(sutura squamosa). Бұлардың ішіндегі ең берік
жіктік байланыс қабршақша жік. Қабыршақша жіктің байланысы
кезінде, сүйектердің байланысатын жиектері жұқарып барып, бір-
бірімен тығыз жанаса жабысып байланысады. Тісше жіктерді
сүйекше жиектері тіс тәрізденіп, бірінің қырлары екіншісінің
сәйкес ойықтарына еніп байланысады. Тегіс жіктер беріктігі
жағынан ең нашары. Бұларда сүйектер жиектері жәй ғана жанаса
байланысады.
• Бассүйектің буынды байланыстар
• 1)Самай-төменгі жақ буыны(articulatio temporo mandibularis)-
құрылысы жағынан күрделі,қос күрделі буын. Самай мен төменгі жақ
сүйектерінің аралығында аталған сүйектердің буын беттерін
сәйкестендіретін шеміршек диска болады осының нәтижесінде буын
қуысы 2-ге бөлінеді.Сүйектердің буын беттерінің пішіні сопақ болып
келеді.Бұл буын қызметі жағынан қос білікті буынға жатады,яғни
буындағы қимыл 2 біліктің бойымен жүреді: 1)Жақтар ашылып
жабылады және 2)Екі бүйіріне қарай қозғалады.Буынның қозғалысын
буын қапшығының сыртындағы латеральды және каудальды
байламдар реттеп тұрады.
• 2)Тіласты сүйек бунақтарының буындары (articulatio
hyoideum)қарапайым буындар.Олар сыртынан буын қапшықтарымен
қапталған.
• Омыртқалар байланысы
• Омыртқа бағаны бойында сүйектер байланысының бірнеше түрлері
кездеседі.Омыртқалар денелері:
• Синхондроз (құйымшақ омыртқыларының денелері-синостоз),омыртқа
доғалары-синдесмоз,буын өсінділері қарапайым жалпақ буындар арқылы
байланысады.
• Омыртқа бағанының байламдары
• 1)Сигментаралық байламдарға доғааралық байламдар (ligametum
flavum),жоталық өсінділер аралық байламдар (ligamentum interspinalia) және
көлденең өсінділераралық байламдар (ligamentum intertransversarium)
жатады.Бұлар көрші омыртқалар тетіктерін өзара байланыстырады.
• 2)Жалпы байламдарға 1)дорсальды ұзын байлам (ligamentum longitudinale
ventrale),білік мойын омыртқасынан бастап,құйымшаққа дейін омыртқа денелрін
байланыстырады.Ол омыртұа денелерінің дорсальды бетінде,омыртқа өзегінде
орналасады;2)вентральды ұзын байлам соңғы көкірек омыртқаларының
вентральды қырларынан басталып,құйымшаққа дейін созылып омыртқалар
денелерін төменгі вентральды қыр жағын байланыстырады.
• 3)Жотаүстілік байлам көкірек, бел, құйымшақ омыртқалары жоталық өсінділері
үстінде орналасып, оларды өзара байланыстырады;
• 4)желке (ligamentum nuche) шүйде сүйекті,мойын омыртқаларын және көкірек
омыртқаларының жоталық өсінділерін байланыстырады.
• Омыртқа бағаныныңбуындары
• 1.Шүйде атлант буыны құрылысы қарапайым, қызметі жағынан қос білікті буын. Оң
және сол шүйде айдаршықтары мен атланттың алдыңғы буын ойысы арасындағы
буын қуыстарын жеке буын қапшықтары қаптап, олардың аралықтарындағы
дорсальды және вентральды кеңістіктерді жұқа талшықты дорсальды және
вентральды буын жарғақтары жауып тұрады.

• 2.Атлант білік буыны құрылысы қарапайым,бір білікті буын.Ол атланттың каудальды
буын ойысы мен білік омыртқаның тісше өсіндісінің вентральды буын бетінің
байланысуынан түзілген.Атлант білік омыртқаның тісше өсіндісі білігі бойымен
сақинашаға айналады.Буын қапшығынан басқа атлант пен білік омыртқа доғалар
кеңістікті жауып тұратын дорсальды жарғағы және білік омыртқаның тісше өсіндісін
атланттың вентральды доғасымен байланыстыратын дорсальды байлам болады.
Lorem
Lorem
studium!
studium!

Ұқсас жұмыстар
ҚАҢҚА СҮЙЕКТЕРІНІҢ ТҰТАСА ЖӘНЕ БУЫНДЫ БАЙЛАНЫСЫ
Адам қаңқасының бөлімдері
ТІРЕК - ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІГІ
Буыннан шығып кеткен төменгі жақты орнықтыру
Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем Сүйектің сынуы
Бұлшықет морфологиясы
Нәрестенің бас қаңка сүйектері
Остеон қан тамырлары
Қожа Ахмет Йассауи
Сүйек типтері және олардың байланысуы. Байламдар созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек
Пәндер