Тәрбиенің жалпы әдістері
Презентация қосу
«Тәрбие теориясы» бөлімі
бойынша сабақ жоспарын құру
Оырндаған:Бекарысова.Д
ПиП-18-3
Тексерген :Сапарбайқызы.Ш
Жоспары:
• 1. «Тәрбие теориясы»
• 2. Тәрбие – мақсатты үрдіс
• 3. Тәрбие – мақсатты үрдіс
• 4. Тәрбие теориясы мен әдістерінің мәселелері
• 5. Тәрбие кұралдары – іс-әрекеттің түрлері, көрнекі
құралдар,
• 6.Қолданылған Әдеиеттер
• «Тәрбие теориясы» бөлімін оқытудың
ғылыми-әдістемелік негіздері. А.С.
Макаренконың ұжым теориясы. С.Т.
Щацкийдің әлеуметтік-педагогикалық
орта жағдайында тәрбиелеу теориясы.
И.П, Ивановтың әрекет арқылы
тәрбиелеу теориясы.Тәрбиенің
заманауи тұрғылары, заманауи тәрбие
технологиялары.
• Педагогтың кәсіби даярлығының тиімділігі, көбінесе,
теориялық-әдістемелік қалыптасуының жаңа мазмұнымен
анықталады. Студенттердің болашақ педагогдік
мамандығының басты бағыттарын анықтауына, соның ішінде
олардың оң кәсіби ынтасының қалыптасуына педагогика
пәнінің «Тәрбиелеу теориясы» бөлімі зор ықпал етеді.
• Педагогика ғылымында «тәрбие» терминіне әрқашан ерекше
нақты мән беріліп келді. Тәрбиелеу теориясы – тарихи тұрғыда
құрылып ХІХ ғасырда түбегейлі қалыптасқан педагогика
ғылымының бөлімі. ХІХ ғасырдың басында неміс педагогы
И.Ф.Гербарт (1776-1841жж.) тәрбиелеу теориясын оқыту
теориясына пара-пар қылып педагогиканың құрамдас бөлігі
ретінде бөліп қойды. Уақыт өте тәрбиелеу теориясының
шешуге тиісті мәселелерінің шеңбері анықтала басталды.
• Көптеген жылдар тәрбиеге «тұлғаның
дамуын басқару» деген анықтама берілді.
Сонымен қатар білім беру және тәрбие ісі
тұлғаны дамыту мен қалыптастырудың
құралы ретінде қарастырылады. «Тұлғаның
қалыптасуы» – тұлғаның шынайы
шындықпен өзара әрекеті барысындағы
өзгерске түсу үрдісі және оның дене
құрылысы мен әлеуметтік-психологиялық
жаңаруындағы өзгерістердің пайда болуы
• .«Тұлғаның қалыптасуы» ұғымына білім алушының
қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өзінің
тағдырына өзі үкім ете білуі және өзінің мінез-құлқын
жөнге сала білуі, сондай-ақ әлем мен өзінің қарым-
қатынасын түсіне білу қабілетін меңгерген және
құндылық атаулыны тұрақты таңдай алатын деген сияқты
дамудың шартты түрдегі жетістіктері енеді.
• Адамның қабілетін, қоршаған ортаны оның санасында
қалыптастыруда мақсат ететін болғандықтан, тәрбие
психологиялық салаға да қатысты. М.Жұмабаев «Түзу
ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу
сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны
толғанарлық болса, білім алушының дұрыс тәрбие алып,
шын адам болғандығы», – деп жазды.
• Тәрбие жалпы адамзаттық мәдениеттің бір
бөлшегі болғандықтан, оны мәдениеттанымдық
тұрғыдан оқып, үйренуге де тура келеді. Олай
болса, бұл үрдіс білім алушыға ғасырлар бойы
қалыптасқан мәдени мұраны меңгертіп, сол
арқылы осы заман мәдениетіне енуіне көмек
береді деп түсінуіміз керек. Білім алушының оны
игеруі барынша қысқа мерзімде атқарылуға тиіс.
Нәтижесінде, тәрбие ісі жалпы адамзаттық
ізгіліктік бағытта жүргізіліп, жеке бас
бостандығын, ар-ожданын қорғауға бағытталуы
керек.
Тәрбие – мақсатты үрдіс
• . Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай болған
жағдайда ғана оның нәтижесі дұрыс болады. Педагог тәрбие
мақсатын өз қалауы бойынша анықтай алмайды. Себебі
тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің саяси бағыт
бағдарымен тығыз байланыста болады.
• Тәрбие – біртұтас үрдіс. Адам жеке тұлға ретінде
тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның адамгершілік
қасиеттерін қалыптастырып дамыту жеке емес, керісінше бір
мезгілде барлық адамдар үшін бірыңғай жағдайда жүзеге
асырылады.
• Тәрбие ұзақ әрі күрделі үрдіс. Жеке адамның қалыптасуы
бүтіндей бір ұзақ кезеңді қажет етеді. Адам білім алушысы
туғаннан бастап есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің
ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін-өзі тәрбиелеу
үрдісімен жалғасады.
Тәрбие – көпжақты үрдіс.
• Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу,
қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу үрдісі
қоғамның барлық мүшелерінің: отбасының,
оқу орыны пен жұртшылықтың бірлесіп
атқаратын ортақ міндеті. Дегенмен ата-
аналар мен жұртышылық әрекетін
қадағалап, бағыт-бағдар беріп, олардың
білім алушы тәрбиесіндегі жұмыстарын
бірыңғай бағытта ұйымдастыруда
педагогтың орны ерекше. Бұл үрдістің
орталығы – оқу орыны
Тәрбие теориясы мен әдістерінің мәселелері
• Бүгінгі таңдағы тәрбиелеу теориясының көкейкесті
мәселелері ретінде мыналарды атауға болады: қазіргі тәрбие
жұмысының мақсаттары мен міндеттерін анықтау; тәрбиенің
объективті заңдылықтарын анықтау және оның негізде
педагогикалық практиканы жетілдіру; қазіргі жағдайдағы
тәрбие жұмысының мазмұнын, әдістерін және формаларын
анықтау; тәрбие теориясының басқа ғылымдар салаларымен
пәнаралық өзара әрекетін тереңдету; ізгіліктік тәрбиенің
педагогикалық технологияларын жасау және тәрбиелеу
практикасына енгізу; тәрбиелік жұмыстың озық
педагогикалық тәжірибесін жалпылау және тарату, т.б.
• Тәрбие теориясының сұрақтарын меңгеру әдетте қиын болып
келеді. Негізгі міндет – осы сұрақтарды оқытудың ғылыми
деңгейін сақтай отырып, оны меңгерудің тиімді жолдарын
табу. Ол үшін оқытуға және меңгеруге қажетті сұрақтар
шеңберін, құрылған жоспар бойынша жүру, түрлі әдіс-тәсіл
мен құралдарды пайдалану керек.
Тәрбиенің жалпы әдістері.
• Әдіс дегеніміз – алға қойылған мақсатқа жетудің
жолы, амалы, тәсілі, айласы. Тәрбиелеу әдістері –
тәрбиелеушілер мен тәрбиеленушілердің өзара
байланыстағы іс-әрекетінің тәсілдері. Бұл іс-әрекет
тәрбиенің міндеттерін шешуге бағытталған.
• Тәрбие тәсілі, амалы – жалпы әдістің бөлігі, жеке
дара әрекет (әсер ету), нақты жақсарту. Тәсілдер,
әдетте, әдістерді белгілі бір жағдайларда нақты
пайдалануды қамтамасыз етеді. Мысалы, мадақтау
тәсілдері – мақұлдау, мақтау, сыйлық беру; сендіру,
нандыру тәсілдері – иландыру, түсіндіру,
баяндамалар; жазалау тәсілдері – ескерту, айыптау,
сөгіс, т.б.
Тәрбие кұралдары – іс-әрекеттің
түрлері, көрнекі құралдар,
• көптеген коммуникация кұралдары,
педагогикалық ықпал жасау құралдары (педагог,
ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі
т.б.) жатады. Жеке тұлғаның қалыптасуын
басқаруды қамтамасыз ету – тәрбиенің негізгі
құралдарын толық және тиімді пайдалану, яғни
тәрбиедегі шешуші роль атқаратын нәрсе
оқшауланған құралдар емес, керісінше, олардың
үйлесімді құрылған жүйесі екенін практика
көрсетіп отыр. Тәрбие құралдары – бұл тәрбиелеу
тәсілдерінің жиынтығы. Мысалы, еңбек – тәрбие
құралы, ал еңбекті көрсету, бағалау, жұмыстағы
қателіктерді көрсету – тәсілдер болады.
Қолданылған әдебиеттер
• 1 https://ppt-online.org/511488
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz