Плимутрок тауығы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аргарлық- техникалық университеті

«Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы» институты
«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебі

6В08201-«Мал шарушылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша
«Мал шаруашылығы өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәнінен

Тақырыбы: Союға арналған малдың сапасына қойылатын талаптар. (Тауық еті)

Орындаған:ТППЖ-21 тобының студенті
Басболов З.Т.
Тексерген:аға оқытушы Абылгазинова А.Т.
Нормативті сілтемелер
• ҚР СТ 1406 – 2005 Буып – түю . Таңбалау белгілері
• ҚР СТ 1484 – 2007 Ет және ет өнімдері . Ылғалдылықтың салмақтық
үлесін анықтау түрлері
• ҚР СТ 1485 – 2007 Ет және ет өнімдері . Майдың салмақтық үлесін
анықтау әдістері
• ҚР СТ 1728 – 2007 Ет және ет өнімдері . Буып түю , таңбалау ,
тасымалдау жне сақтау
• ҚР СТ 1730 – 2007 Ет және ет өнімдері . Жалпы техникалық талаптар
Тауық еті — тауықтың еті, бұл құс етінің өндіру бойынша әлемде ең кең таралған түрі. Тауық еті
құрамында 2,5 — 13,1 % май, 20,3 — 22,4 % ақуыз. Тауық етінен әртүрлі бірінші және екінші тамақтар,
салқын және ыстық тағамдар дайындайды; тауық етін, сондай-ақ әр түрлі салаттар дайындау үшін
пайдаланады.
Жас тауық: түсі, аяқтарының тері түрі бойынша анықталады. Жас құс терісі, әдетте, ақ, жұмсақ, оның
сызықтары анық (әсіресе қанаттарының) ерекшеленеді, аяқтары ұсақ қабыршақтармен жабылған. Кәрі
тауықтың терісі кедір бұдыр және сарғыш реңк береді. Кәрі тауықтың аяқтары қатты және өрескел ірі
әктасты ісіктермен қабыршақтармен жабылған. Жас әтешті айдарының көлемі бойынша анықтауға болады:
жас әтештер (6 айға дейін) айдар орнына жұмсақ шағын төбешікпен жүреді; ересектерінде — ірі сүйектенген
айдары бар, ұзындығы 2 см және одан да көп. Жас тауық және әтешті сондай-ақ, кеуде сүйегінің ұшымен
анықтауға болады: кәрі құста ол сүйектенген, бүгілмейді, жаста — кәдімгідей бүгіледі және иілгіш.
Сорпа дайындау үшін ересек, бірақ өте кәрі емес құстың, орташа семіз етті алу керек, себебі балапандар мен
ескі тауық қайнатпалары өнімділігі жеткілікті түрде мөлдір және хош иісі аз сорпа шығады. Егер еттің майы
бар болса, оны кесіп тастауға және қайта қыздырып паштеттер үшін, құс етін қуыруға және т. б пайдалануға
болады. Майын көбінесе төменгі бөлігіндегі қарын бөлігінен кесіп алады.
Қуыру үшін жас тауықтар және орта және орташадан жоғары әтеш еті жарамды. Ескі құс етін ұсақ тағамдар:
котлет, тефтелей, фрикадельки және т. б дайындау үшін дұрыс. Тауық сүйектерінен, олардың еті кесіліп
алынған соң, ұзын саны аз, қою сорпа қайнатуға болады.
Салқын асау үшін (майонез құйылған тауық еті және т. б.), сондай-ақ салаттарға қосу үшін, кез келген
семіздігіне және жасына қарай тауық етін тұтынады.
Етті бағытта өсірілетін тауық қолтұқымдары. Тауық еті жеңіл әрі сіңімді. Оның
құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер, химиялық элементтер көптеп
кездеседі. Бұл бағытта виандот, род-айленд, шантеклер, доминикан, дисерсей, корниш,
плимутрок қолтұқымдары өсіріледі. Етті бағытта өсірілетін тауық қолтүқымдарының
балапандары тез жетіледі әрі қарқынды өседі. Ондай 7-8 апталық балапандар орташа 1,5 -
1,8 кг салмақ тартады. Балапандарды бройлер деп атайды және осы кезде оларды жаппай
сойып, сатуға шығарады. Бройлер - деген ағылшын сөзі, оның қазақша мағынасы отқа
қақтау деген ұғымды білдіреді. Олардың еті жұмсақ әрі дәмді болады. Етінің құрамында
өте бағалы нәруыз мол. Оларды өсіруге шығын аз жүмсалатындықтан, шаруашылық үшін
тиімді.
Техникалық талаптар
Құс еті осы стандарттың, құсты қайта өңдеу кәсіпорындарында ұшаларын, етін, құс өнімдерін,
жұмыртқалары мен жұмыртқа өнімдерін санитарлық- микробиологиялық бақылау жөніндегі
нұсқаулықтың, сойылған жануарларды ветеринарлық тексеру және етке және ет өнімдеріне тауық еті
бөлігінде санитарлық сараптама жасау ережелерінің, құсты қайта өңдеу кәсіпорындарына
(цехтарына) арналған ветеринарлық- санитарлық ережелердің талаптарына, белгіленген тағам
өнімдерінің қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығының гигиеналық талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Ұшалар және олардың бөліктері мынадай ең аз талаптарға сәйкес келуге тиіс:

• Жақсылап қаны тазартылған , таза;

• Бөгде қоспаларсыз (мысалға, шыны резеңке металл);

• Бөгде иіссіз;

• Саңғырық кірі жоқ;
Таңбалау айқын болуы тиіс , таңбалауға арналған құралдар тауық етінің көрсеткіштеріне әсер етпеуге тиіс
•және тамақ
Көзге өнімдерімен
көрінетін байланыста
ұйыған қансыз; болу үшін белгіленген тәртіппен рұқсат етілген материялдардан
дайындалуға тиіс.
Плимутрок тауығы (ағыл.Plymouth Rock) етті-жұмыртқалы тұқым. IXX
ғасырдың 2-жартысында Америкада шығарылған. Шұбар ала т.б. түсті. Шұбар
ала Плимутрок тауығы қара испан тауығы, ақ кихинкин, доминикан ала
тауығы, доркинг, ява қара тауықтарын будандастыру арқылы
шығарылған. Қоразы 306-4,3 кг, мекиені 2,7-3,4 кг. Жылына 160-
170 жұмыртқа салады, жұмыртқасының орташа салм. 55-60 г. Шұбар ала
Плимутрок тауығы. Украинаның құс өсіру ғылыми-зертеу институттарының
тәжірибе шаруашылығында өсіріледі. Ақ түсті плимутрок тауығы
Қазақстанның жергілікті тауық тұқымдарын жақсарту үшін пайдалынылады.

Ұқсас жұмыстар
Құс шаруашылығына жалпы сипаттама
Асыл тұқымды құстар
ТАУЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
ҚҰС ТҰҚЫМДАРЫ
Құстар жайлы жалпы сипаттама
Құс етінің классификациясы. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу және тасымалдау
ЕМДӘМДІК ЖӘНЕ АСХАНАЛЫҚ ЖҰМЫРТҚА
Құс сою технологиясы
Менің ауылым. Қазақ тілі
Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу және тасымалдау
Пәндер