Ата-аналармен педагогикалық ағарту: мектеп пен отбасының бірлескен тәрбие үрдісі


Slide 1

Ата-аналармен педагогикалық ағарту ісі.

Орындаған: Алданова Г.

Тобы: 102-18.

Қабылдаған: Әсілхан Н.

Slide 2

Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастық-пен мектептің бірлескен әрекетінде. Мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасында негізгі рөлді педагог атқарады, өйткені тәрбие жұмысы - оның негізгі мамандығы. Мұғалім ата-аналармен жұмыс істей жүріп, балаға, оның қылықтарына, оқудағы табыстары мен көзқарасына, тағы басқаларға баға беріп отырады. Әрбір жағдайдан шығудың, оны түзетудің жолдарын табуы қажет. Ата-аналар ортасындағы арақатынасты одан әрі нығайтуға негіз боларлықтай тартымды да қызықты іс-шаралар өткізіліп отырған дұрыс.

Slide 3

Отырыстар мен тренигтер ата-аналармен мектеп арасындағы алшақтықты жақындатар ең төте жол болары анық. Тәрбие сағаттарында, аналар жиналыстарында ұсыныстар мен кеңестер, сауалнамалар, ойындар, пікір-таластар, ой ашар сұрақтары, тренингтер т. б. жұмыстар жүргізіп отыру керек деп есептеймін.

Slide 4 Slide 5

Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарасатары олардың өзара қарым-қатынасы сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу технологиясы көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш - мұғалім - оқушы - ата - анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым - қатынасқа ие болды. Олай болса осы қарым - қатынасты реттеп отыратын әкімшілік басқару жүйеде ендігі жерде келмеске кетті.

Slide 6

Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу»деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіры отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай ата - аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі

Slide 7

А. Сухомлинский оқушылардың ата - аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата - аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата - аналармен жұмыстың маңызы ерекше екендігін көрсетеді.

Slide 8

Педагогикалық консилиумның мақсаты:

1. Оқу-тәрбие жұмысында нәтижеге қол жеткізу;

2. Сыныптың оқушыларының 1-тоқсандағы білім сапасы мен тәртібіне байланысты саралау жұмыстарын жүргізу;

3. Оқушылардың жетістіктерімен танысу, жіберген кемшіліктерімен ата-аналарға жеке пікірлесу барысында таныстыру, бірлесе кемшіліктерді жою жолдарын анықтау.

Slide 9

Қорытындылай келе, тәрбие үрдісінің бір тарауы aта-аналармен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Қазақтың отбасында өмірге келген әр бала ес біліп, етек жыйғанша, негізінен әке мен ананың тәрбиесінде болады. Бүгінгі мақсат-әрбір балаға түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан - жақты дамуына ата-ана, мектептің жағдай жасауы болып табылады. Ата-аналар мектеппен тығыз байланыста болу керек. Жоғарыдағы айтылған баланы оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері және түрлері ата-аналармен мұғалімдерге пайдасы тиер деғен ойдамын. Бала, ата - ана және мектеп осы үш бірлік бірлесе жұмыс атқарғанда ғана табысты нәтижеге қол жеткізе аламыз.

Slide 10

Назар аударғаныңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Бала тәрбиесі: мектеп пен отбасының бірлескен іс-әрекеті мен ата-аналармен ынтымақтастық стратегиялары
Мектеп пен отбасының тәрбие жұмысын біріктіру: ұйымдастыру және ынтымақтастық әдістері
Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық: ата-аналармен жұмыстың формалары және ұйымдастыру қағидалары
Мектеп пен отбасының тәрбиелік ынтымақтастығы
Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтастығы: оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және міндеттері
Отбасылық тәрбие: ықпал факторлары, отбасылардың типологиясы және ата-аналармен жұмыс формалары
Қиын оқушылар мен ата-аналармен жұмыс: мектеп-мұғалім-ата-ана қарым-қатынасы мен әдіс-тәсілдері
Мектеп пен сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау: педагогикалық негіздер мен әдістемелік ұсынымдар
Сынып жетекшісінің бала тәрбиесіндегі ата-аналармен ынтымақтастығы: мазмұны, міндеттері және формалары
Ата-аналарды психолого-педагогикалық ағарту: отбасылық тәрбие мен мектеппен ынтымақтастықтың ғылыми-әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz