Оқыту - қоғамдық қүбылыс


Slide 1

Оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізудің әдіс-тәсілдері

Орындаған: Алданова Г.

Қабылдаған: Әсілхан Н.

Slide 2

А. Байтұрсынұлы мұрасынан:

«Білім - қарудың бір түрі.

Терең білімді адам шеберлікке бейім:

ол не істесе де, зор құрметке лайық»

Slide 3

Оқыту - қоғамдық қүбылыс. Себебі, оқытудың мақсат, міндеттері және оның мазмұны мен әдістері туралы мәселелер қоғамның қажеттілігінен туындап, тарихи дамып, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде мектеп алдына қойылған міндеттерді қарастырып отырады.

«Процесс» деген ұғым - бүл ілгері қарай қозғалыс, бір ізділік әрекеттің заңдылығын көрсететін түсінік. Оқыту білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушыларда дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыратын, олардың дүние танымы мен шығармашылық күш-қайраты және қабілетін шыңдап дамытатын процесс.

Оқыту - мақсатты процесс. Оның мақсат, міндеттері мен мазмұны және ұйымдастырдағы амал-тәсілдері тек қоғамның талабымен, қажеттілігімен байланысты туындап, өзгеріп, жаңарып отырады.

Оқыту - таным процесі. Себебі, оқыту барысында оқушыда білмеуден білуге қарай ілгері қозғалыс болады.

Slide 4

Әлеуметтену

Білім беру

Оқыту

Тәрбиелеу

Slide 5

Оқыту процесінің

Бірінші қызметі - оқушыларға білім беру.

Үшінші қызметі - дамыту

Екінші қызметі - тәрбиелеу.

Білім беру, біріншіден, ғылым негіздеріне сай оқушыларды нақты фактілермен, қағида және тұсініктермен, заңдылықтармен , екіншіден солардың негізінде, дүниедегі әртүрлі құбылыстарға олардың ғылыми көзқарасын тәрбиелеу.

Оқыту барысында оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т. б. Көптеген тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктіліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді. Яғни, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды.

Оқыту процесі барысында оқушыларды теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамыту. Тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады.

Slide 6

Оқу-тәрбие тәсілдері-педагогикалық процеске қатысушылардың тәрбие мақсаттарына бағытталған оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталандыруы мен нақты әрекеті. Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері. Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:

• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.

• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.

Slide 7

Әдіс дегеніміз - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.

Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері - бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін шешуге бағытталған өзара бірлескен іс-әрекетінің тәсілі. Оқыту әдістерінде объективті /мұғалімнен тәуелсіз/ және субъективті /оған тәуелді/ бөлімдер болады.

Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызу керек. Олар оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары.

Оқыту әдістері әр түрлі функцияларды орындайды: оқытушылық, мотивациялық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, ұйымдастырушылық.

Slide 8

А. П. Пинкевич тәрбиені екі топқа бөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі - бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.

Slide 9

Тәрбие әдістері - бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. (Т. Е. Конникова)

Тәрбие әдістері - тәрбиеші мен тәрбиеленушілер іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері (В. А. Сластенин)

Тәрбме әдістері - бұл мектеп тәжірибесінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол (Ж. Әбиев)

Slide 10

Қорытынды

Әдістер-тәсілдер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі. Сондай-ақ, біз болашақ мұғалімдер үшін оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс жүргізу, дұрыс бағдар беру маңызды.


Ұқсас жұмыстар
Тәрбие үдерісінің мәні
Пән оқытушысы
Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие
Теория негізі
Эколгиялық білімнің формалары, әдістері және құралдары
Тәрбие - тәрбиелеу үрдісін ғылыми байыптаудың негізгі категориясы
Педагогика адам туралы ғылым жүйесінде
Глоссарий
Басқа сөзбен айтқанда, менеджмент - ғылым мен адамдарды және әлеуметтік процестерді басқару өнерін біріктіру
Педагогика ғылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz