Оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі


Slide 1

Оқушылардың ұжымдық таным әрекеттерін ұйымдастыру әдістемесі

орындаған: Алданова Г. М.

Тобы:102-18

Slide 2

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік

Диалектиканың қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық сияқты өзара қарым - қатынаста болатын қарама-қарсы жақтардың қарама-қайшылықты бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарам-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.

Slide 3

Тарихқа көз салсақ:

Оқу процесінің субъектілерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде ұжымдық танымдық іс - әрекет ретінде түсініледі. Бұл мәселелердің теориялық әдіс-тєсілдері Н. К. Крупская еңбектерінде қарастырылған. Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко жасаған.

Slide 4 Slide 5

Қазіргі күнде:

Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылықтармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар, жасалатын қарым-қатынастың зерделетін объектілері тұрғысындағы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс әрекеттердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.

Slide 6

Оқу белсенді топтардың жұмысы. Ұжымдық танымдық іс - әрекет сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын жұмыс түрлерінің жүйесі болуы мүмкін. Ұжымдық оқу әрекетінің тұлғаға, сол тұлғаның өзінің белсенділігіне қарай әсер етуі мүмкін, яғни ұжымдық танымдық іс - әрекет оқушының белсенділігін талап етеді. Оқушылардың басым көпшілігі белсенділік танытуы үшін танымдық іс - әрекет барысында қалаптасатын белсенді оқу әрекеттеріне сүйену қажет.

Белсенді топтар жұмысын ассистенттердің, кеңесшілердің, еңбекті ғылыми ұйымдастарудың мектебін құрудан бастау керек, ал мүшелерін таңдау белсенділердің, оқу ұжымының, мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіледі. Сонымен бірге оқу белсенді тобының қызметін оқу ісінің меңгерушісі басқарады және ол беделді, өзіндік маңызы бар топ болуы керек, оның жүргізген жұмыстарының барысы семинарларда, мектептік қорытынды конференцияларда тыңдалып отыруы қажет.

Slide 7 Slide 8

Оқу белсенді тобының мүшелерінің ішінде оқушылардың ішінен таңдалатын ассистент, кеңесші, лаборант, кітапханашы, безендіруші, шаруашылықты жүргізуші маңызды рөл атқарады. Олардың әрқайсысының атқаратын белгілі бір қызметі бар. Мысалы, безендіруші мұғалімге көрнекі құалдар (кестелер, графиктер, диаграммалар және т. б. ) дайындауға, оқу стенділерін, оқу кабинеттерін безендіруге, ақпараттар парақтарын шығаруға көмектеседі; лаборант лабораториялық, практикалық сабақтарды өткізуге қажетті техникалық құрал-жабдықтарды дайындайды, тәжірибелерді көрсетуге көмектеседі және т. с. с. ; кітапханашы мектеп кітапханашысымен бірігіп пән бойынша жаңа қызықты әдебиеттерге шолу дайындайды, көрмелер ұйымдастырылды, пән бойынша қызықты материалдар жинайды, мектеп кітапханасында және оқу кабинеттеріндегі әдебиеттер бойынша картотека жасайды.

Slide 9 Slide 10

Топтық жұмыстарды ұйымдастыру. Ұжымдық танымдық іс - әрекеттердің әртүрлі формалары мен түрлі жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады.

Топтық жұмыстарға жұптасып жұмыс істеуді (әр топта екі оқушы), мұғалімнің тапсырысымен сабақта жұптасып хабарлама жасауды, топтық сұрақ, кеңестік сұрақ жұмыстарын және т. б. жатқызуға болады. В. К. Дьяченконың зерттеуі өлеңдерді жаттауда, жаттығуларды, мысалдар мен есептерді ауызша және жазбаша орындатуда, көбейту мен бөлу кестесін жаттауда, сұрақтар мен жұмыс істеуде және т. б. жұптық жұмыстардың яғни жұптық - ұжымдық жұмыстардың тиімді екендігін көрсетті.

Slide 11

Назар аударғандарыңызға рақмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің дәстүрлі және қазіргі әдіс-тәсілдері
Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың шарттары мен құралдары
Бастауыш мектептегі оқу сабақтарында оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формалары (әдебиеттік оқу мысалында)
Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудағы заманауи педагогикалық технологиялар
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік негіздері
Балаларға арналған дене шынықтыру оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және әдістемесі
Оқушылардың ата-аналарымен ынтымақтастығын ұйымдастыру әдістемесі
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың шығармашылық қабілеттері мен танымдық-жобалық іс-әрекетін дамыту тәсілдері
Оқушылардың сыныптан тыс музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Сабақта оқушылардың ойлау әрекетін дамыту мен бағалауды ұйымдастыру: Блум таксономиясы негізіндегі сабақ жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz