Тұқым тазалығы мен өнгіштігі




Презентация қосу
Тұқым тазалығы мен өнгіштігі
Тұқымның тазалығы – тұқымның егуге
жарамдылығының басты көрсеткіші болып
саналады. Егуге арналған тұқымның тазалығы
жалпы алынған үгіндінің ішіндегі негізгі дақыл
тұқымның қанша % -ы екендігіне байланысты.
Егер басқа сорттар дақылдарының, арамшөптері
дәндерінің қосындылары аз болса, онда тұқымның
тазалық көрсеткіші жоғары болғандығы. Таза
тұқымның өнімділігі жоғары болады, әр гектарға
себу мөлшері лас тұқымға қарағанда аз болады. 1
класс тұқымның тазалығы – 99%, 2 және 3
кластың тазалығы 97-98 % болуы қажет.
Тұқымның өнгіштігі деп тұқымның өнуіне
қолайлы жағдай жасалғанда белгілі уақыттың
ішінде (7-10 күн) бірыңғай көктеп шығу
қасиетін, оның өнгіштігін атайды. Тұқымның
өнгіштігімен қатар өнгіштік күшінде
анықталады. Тұқымның өнгіштік күші деп
оның бір уақытта бірыңғай түп тамырының
пайда болуын айтады. Мемлекеттің талабына
сай 1 кластық тұқымның өнгіштігі 95%-дан
кем болмауы шарт. Тұқым өнгіштік күшінің
жоғары болуы – ортаның қолайсыз
жағдайларына төзімділігін арттырып,
ауырмай зиянкестермен зақымдануын
азайтады. Сондықтан тұқымның өнгіштігімен
қатар өнгіштік күші тұқым құжаттарында
көрсетілуі қажет. Тұқым өнгіштігі пайызбен
көрсетіледі. Бұл көрсеткіш 100 пайызға
жақындаған сайын тұқым сапасы жоғары
болып есептеледі.
Өнгіштікті анықтау үшін жақсы
араласқан таза тұқымнан таңдамай
әрқайсысы 100 дәннен тұратын 4
үлгі алады, әр үлгіні өзінше бөлек
електен өткізген құм не фильтрлі
қағазды дымқылдап, термостаттың
ішіне салады. Термостаттың іші
20°С температура болуы тиіс
Тұқымның ылғалдылығы – оның ұзақ
сақталуына себепші болатын басты
қасиеттерінің бірі. Ылғалдылық жоғары болса,
тыныс алуы артып, тұқымның қызуы
көтеріледі, аязды және жауынды күндерде
тұқымның өнімділігін жоюға әкеп соқтырады.
Кепкен тұқым ауаның жылы, суықтығына
қарамастан өз өнімділігін жақсы сақтайды.
Тұқымның дымқылдығы дегеніміз – пайызбен
көрсетілген ондағы ылғал мөлшері. Тұқымның
ылғалдығын ыдысқа салынған тұқым
үлгісінен екі тәуліктен кешіктірмей анықтау
керек. Оны арнаулы электр ылғал өлшегішпен,
не арнаулы кептіргіш шкафта 100-130°С
температура аралығында 40-60 минут құрғату
арқылы анықтайды. Кептіруге дейінгі және
одан кейінгі салмақтың айырмасын 100-ге
көбейтіп, тұқымның абсолютті құрғақ
салмағына бөліп барып, оның дымқылдығын
табады.
Тұқымның зиянкес және ауру
қоздырғышымен залалсыздануы себілген
тұқымда жұқпалы аурудың және
зиянкестердің болуы тұқымның өнгіштігін
азайтады. Өнімнің тағамдық қоректік
қасиеттерін төмендетеді. Егер себуге
арналған тұқымда тірі зиянкестер не
олардың дернәсілдері қаракүйе қаптары,
бидай нематодтары кездессе, ондай
тұқымды себуге болмайды.
Тұқымның себуге жарамдылығы дегеніміз – себуге
алынған тұқымдағы осы дақылдардың %-бен
көрсетілген өнгіштік қасиеті бар жарамды, таза дәндері.
Таза тұқымды есептегенде

X=А*В/100
теңдеуі пайдаланылады.

Мұндағы:
Х – тұқымның себуге жарамдылығы, %;
А – тазалығы, %;
В – өнгіштігі, %;
Осы көрсеткіш арқылы себу мөлшері анықталады.
Тапсырма

1.Тұқымның тазалығы деген не және оны қалай анықтайды?
2.Тұқымның өнгіштігі деген не және оны қалай анықтайды?
3.Тұқымның ылғалдылығы неге әсер етеді.
4.Тұқымның себу жарамдылығына есеп шығару.
ӘДЕБИЕТТЕР

И.Сейітов Өсімдік шаруашылығы 124-126 беттер
И.Үмбетаев Түркістан облысының суармалы жағдайында
көктемгі егіс іс-шараларын жүргізу – Ұсыныс
Қ.Жаңабаев, С.Арыстанғұлов Агрономия негіздері

Ұқсас жұмыстар
Тұқым себу мөлшерін анықтау
КҮРІШТІҢ ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Астық дақылдарының тұқымына қойма зиянкестерінің тигізетін зиянын зерттеу
Дәнді дақылдардың зиянкестері мен аурулары
Тұқымы түкті
Күздік және қыстап шығатын арамшөптер өкілдері және олармен күресу шаралары
Талшықты дақылдар
РЕЦИРКУЛЯЦИЯЛЫҚ АСТЫҚ КЕПТІРГІШТЕР
Эспарцет биологиялық, морфологиялық еркешеліктері,таралуы, шаруашылыққа маңыздылығы
Арамшөптер
Пәндер