Еуропалық қайта өрлеу және жаңа заман кезеңіндегі мәдениет




Презентация қосу
Тақырыбы: Еуропалық
қайта өрлеу және жаңа
заман кезеңіндегі
мәдениет.

Пәні: Мәдениеттану

Орындаған: Ислам Ұлан
18-гтк-3
Жаңа заман еуропалық мәдениеті -Еуропа үшін жаңа заман (XVII—XIX
ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып
саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени
төңкерістерге толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап
алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің
белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды.
Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға
көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола
бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, ұлтына, табына қарамастан
халықтың рухани дүниесін байытуда айтарлықтай рөл атқарды.
Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында XVII
ғасыр ғылыми революцияның даму қарқыны өте жоғары болды.
Ғылыми революция математика және механика саласында басталды да,
басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты.
XVII ғасыр ғылыми революция — адамзат
баласының өзін қоршаған дүниені танып-
білуге деген құлшынысының жемісі болды.
Ғылымның қарышты қадаммен алға басуы
және оның қоғамдық өмірдің барлық саласына
біртіндеп кіре бастауы рационализмнің
қалыптасу процесін аяқтауға мүмкіндік берді.
Рационализм жаңа заман адамының өмірі мен
бет-бейнесін жан-жақты айқындай отырып,
халық санасынан еркін орын алды.
Рационализм қоғамдағы орын алған тарихи
жағдайларды ескере отырып, христиан дінінің
католиктік тармағымен, оның дүниені
құдайдың жаратқандығы туралы ілімімен де
санасып отырды.
Жаңа заманда еуропалықтардың күш-жігері
табиғатты меңгеруге жұмсалды, сондықтан да
болар XVII ғасырда ғалымдарының басты назары
табиғат құбылыстарын ғылыми тұрғыдан зерттеуге
бағытталды. Сонымен қатар XVI—XVII ғасырлар
қалыптасқан ұлттық, мемлекеттік, экономикалық
және саяси қарым-қатынастардың негізінде
философиялық, әлеуметтік және саяси-құқықтық
теориялар өмірге келді. Олардың авторлары ғасыр
ойшылдары: Гоббс, Джон Локк, Спиноза, Гуго,
Гроций және т.б. болды.
Жаңа заман стильдері.

Бірақ осы жағдайға қарап XVIII ғасыр
мәдениеті мен өнерінің өзіндік
ерекшеліктері, дәлірек айтқанда өзіне
ғана тән көркемдік стильдері мүлде
болмаған екен деген ұғым туып қалмау
керек. Өнер саласында біртектес стильдер
(романдық және готикалық стильдер)
қалыптасқан өткен тарихи кезеңдерге
қарағанда бұл дәуір өнері өзіндік бет-
бейнесімен, өзіндік сипатымен
ерекшеленді. Жаңа заман стильдері —
заман талабынан туған мәдени қажеттілік
болып саналады.
XIX ғасырдың мәдениеті
Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерекше
орын алады. «Классика ғасыры» деп аталатын бұл кезеңде
буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен
қатар, тоқырау кезеңін де басынан кешірді. Мұндай әділ
бағаның авторлары заманымыздың ұлы ойшылдары: О.
Шпенглер, Й. Хейзинга, X. Ортега-и-Гассет және т.б. XIX
ғасыр, мәдениеті — бүкіл жаңа заман мәдениетінен рухани
нәр алып, көне дәуір мәдениетінің негізінде қалыптасты.
Олар :
•рационализм,
•антропоцентризм,
•сциентизм,
•еуроцентризм және т.б. болды.
Еуропа мәдениетінің тағдырына дәуірдің
үш ұлы уақиғасы:

1.Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі,
2.Солтүстік Америка отарларының
тәуелсіздік үшін күресі
3.Ұлы Француз революциясы ерекше
ықпал етті.
Ұлттық мәдениеттің қайнар бұлағына зер салу, мәдени құбылыстарды
тарихи тұрғыдан алып қарастыру, басқа халықтардың өмірімен танысу
кездерінде романтиктер бұл тарихи процестердің қайталанбайтындығына,
өте сирек кездесетініне, олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар
екендігіне көз жеткізді. Олай болса «романтикалық тарихилық» —
буырқанған революциялық дәуірдің жемісі болып табылады.
Романтиктердің көзқарастары бойынша, ақыл-ой немесе адамның санасы
арқылы тарихи болашақты, оның бұралаң жолдарын адам болжай
алмайды, олай болса таным процесінің басты көздерінің бірі — жүректің
үні, интуиция (сезіну) болып табылады. Осыдан келіп романтизмнің
«индивидуалистік субъектизм» бағыты келіп туындайды. Оның мән-
мағынасы — жат дүниеде адамның өзінің жалғыздығын сезінуі, адам
санасында өмірден түңілушілік сезімінің пайда болуы. В. Вейдле
«Романтизм дегеніміздің өзі — жалғыздық» деп тегіннен-тегін айтпаған
сияқты. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамға көңілдері толмаса да,
бостандық пен еркіндік жолындағы күрескер — энтузиастар болды.
XIX ғасырлардың 50 жылдарында Еуропа өнері декаданс
дәуірін басынан кешірді. Декаданс («құлдырау» деген
мағына береді) өзінің қалыптасу кезеңінде реализмнің
түрлі бағыттарымен байланыста болды, сондықтан да
болар бұл қарама-қайшылықтарға толы күрделі ағым
болып саналады. «Декаданс» термині XIX ғасыр аяғы мен
XX ғасыр басында пессимистік, селсоқтық көңіл-күйлерге
байла¬нысты рухани мәдениет пен өнер саласындағы
дағдарысты көрсету мақсатында қолданыла бастады.
Мұндай көңіл-күй алғаш рет француз «символизмінде»,
ағылшын «эстетизмінде», «өнер өнер үшін»
концепциясының теоретиктерінің (Д. Рескин, О. Уайльд
және т.б.) шығармаларында көрініс тапты. Одан кейінгі
уақытта «декаданс» сарыны «модернистерге» де пайда
болып, «импрессионизм» ағымында өз жалғасын тапты.

Ұқсас жұмыстар
Ежелгі мәдениет, антикалық және ортағасыр мәдениеттері
Өркениет және мәдениет ұғымдары
Жаңа заман мәдениеті
Қайта өрлеу мәдениеті
Мәдениет туралы түсініктердің тарихи эволюциясы
Реформация философиясы
Қайта өрлеу кезеңінде психологияның дамуы
ҚАЗІРГІ ЗАМАН МӘДЕНИЕТІ
Аристотельдің өнер философиясы
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері
Пәндер