Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым
министрлігі

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік
технологиялар мен инжиниринг университеті

«Педагогикалық технологиялар» кафедрасы
«Дүниетану» пәнін оқыту әдістемесі
Тақырыбы: «Эстетикалық тәрбие берудегі
дүниетану пәнінің мүмкіндіктері»
Пән оқытушысы: С.Д.Махметова
Орындаған: Умирбаева Гулмира
Тобы: УСПМНО-19-1
Жоспар:
1. Оқушыларға эстетикалық тәрбие
беру.
2. Эстетикалық тәрбиенің міндеттері.
3. Дүниетану сабағында бастауыш
мектеп оқушыларының табиғатқа деген
эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру.
4. Қорытынды.
ОҚУШЫЛАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Эстетикалық тәрбие дегеніміз – қоршаған дүниенің, өнердің сұлулығын баланың көру
және сұлулыққа талпыну қабілетін дамыту мақсатымен оның жеке басына ықпал етуге
бағытталған, жүйелі үрдіс. Балаларды өнер құралдарымен тәрбиелеу – көркемдік тәрбие
пәнін құрайды. Тәрбиеші баланы сұлулықты қабылдауға, оған эмоциялық ықлас
білдіруге, сондай-ақ, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру
қасиетін қалыптастыруға жасау керек. Эстетикалық сезім дегеніміз – өмірдегі, көркем
өнердегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық нәр алу, толқу, рахаттану. Ол адам
табиғатына ғана тән жоғарғы сезім
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты –
баланың бойына эстетикалық
құндылықтарды сіңіруді қажетсіну, оған
деген қызығушылығын, эстетикалық
талғамын дамыту, эстетикалық іскерлік
пен дағдысын қалыптастыру. Баланың
сезіміне әсер ету – шексіз жұмыс және
тәрбие жұмысының күрделі саласы.
Баланың көркемдік-эстетикалық дамуы сәтті болу үшін тәрбиеші, педагог жас
ерекшелігіне сай әртүрлі ойындар, сабақтардың түрлерін қызықты, әрі
танымды өткізеді. Танымдық ықпалдар эстетикалық қобалжулармен неғұрлым
байланыста болса, соғұрлым нәтижесі де, әсер етуі де жақсарады. Педагогтың
балалар қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, қызығушылықтарын ескере отырып,
әр біреуімен жұмыс жасауы, бала тұлғасының дербестігін көркемдік
шығармашылық арқылы айқындауы, баланың өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік
береді.
Балаларға жағымды жағдай жасайтын болсақ, олар көркемдік-эстетикалық
түсініктерді еркін меңгереді. Оқыту мен тәрбиелеу арқылы оларға білім беріп
қана қоймай, тұлғалық дамуына жағдай жасай отырып, әрекеттілік қабілетін
(интеллектуалды, эмоционалды, еңбектік, ерікті) дамыту керек. Бала
адекватты, өнімді және нәтижелі дамиды
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы ‒ өнер. Ол
шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып
және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның өмірлік
көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық
көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланыста
қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін
ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу ‒ адамдардағы
әсемдікті, еңбек мазмұны мен үрдісін танымай саналы тәртіп пен мінез
құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ, әсемдікке көзқарасты
тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы
күрестен оқшау қарауға болмайды. Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден,
адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және
ләззат алуды үйреніп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау
ынтасы мен талпынысын тәрбиелейді.
Сонымен эстетикалық тәрбие ‒ табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі
ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі
әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға,
қастерлеуге баулиды.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері

Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі ‒
эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі,
өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әртүрлі болады. Біреулер
әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал, кейбіреулер оған
онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады,
әдемілікті сезу үшін, оны түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка
және ән саласы бойынша әрбір адамда түсінік, білім болуы қажет. Білім
адамды әдеміліктің обьективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді
адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық,
эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың
эстетикалық дамуының негізі болады.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор.
Эстетикалық таным ‒ бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен
нағыз сұлулықтың аражігін ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі баланың
эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және оның заңдарын түсініп
қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге
кіріккен эстетика (еңбек, табиғат эстетикасы, адамдар қатынасы және жай-жағдай
эстетикасы) адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке
өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.
Мектеп оқушыларының эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке әсемдік
тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс-әрекетімен байланысты екенін
көрсетеді. Мәселен өзі шешу мүмкіндігі болғанда ғана оның әрі мінез-
құлықты, әрі әсемдік көңіл-күйі жай табады.
Оқушылардың оқу еңбегіне талғампаздық көзқарасын дамыту, білімдегі
оқудың қозғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың
өзіндік белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркемдік ләззат және құлықтық
әсер алуды қамтамасыз ететін еңбектің нәтижесіне жетуіне көмектесу қажет.
М.Текесбаеваның пікірінше, дүниетаным тек дүние, ондағы адамның орны
туралы түсініктер жиынтығы ғана емес, сонымен қоса сол адамдардың
қоршаған ортаға, қоғамдық өмірге деген қарым-қатынасы. Ғылыми
дүниетанымды қалыптастырудың алғы шарттарының бірі - ғылыми білімді
меңгеру. Сондай-ақ, дүниетаным – білім берудің қажетті іргетасы екенін
ерекше атап, өлкетану материалдарының мүмкіндіктері аса жоғары бағалайды.
Өлкетану туған өлке табиғатын, оның байлықтарын, даму заңдылықтарын
және олардың өзара байланыстарын қамтиды. Өлкетану жұмыстары
оқушылардың дүниеге дұрыс көзқарасын қалыптастыруға, қоршаған
шындықты түсінуге, тікелей бақылау жасауға, сенімін қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Сонымен қоса, өлкетану – бастауыш сынып оқушыларының
ақыл-ой, дене, экологиялық, эстетикалық, адамгершілік, еңбек тәрбиесінің
маңызды факторы,-деп есептейді

Ұқсас жұмыстар
БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттары
Табиғат - біздің өміріміздің сәні
Тәрбие түрлеріне сипаттама
ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ
АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
Тәрбие түрлері
Дидактикалық ойынның маңызы
ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕРІ БОЙЫНША МЕКТЕПТЕН ТЫС ЖӘНЕ САБАҚТАН
Пәндер