Бағалау критерийлерін анықтау
Презентация қосу
Сабақтың сараланған нәтижелерін
даярлау. Оқушыға оқу нәтижесіне
жетуге және «Тәжірибедегі рефлексия»
бағдарламасының тақырыптарын
ықпалдастыруға көмектесетін
тапсырмалар жоспарлау. Бағалау
критерийлерін анықтау. Бағалау
критерийлері мен жаттығулардың
негізгі оқу мақсаттарымен байланысын
бағамдау.
Мақсаты
• Білім беру бағдарламасында жазылған оқу
бағдарламасынан күтілетін нәтижелерді
анықтау;
• Күтілетін нәтижеге қатысты әртүрлі
топтағы оқушылар үшін нақты бағалау
критерийлерін анықтау;
• Әртүрлі топтағы оқушыларға бағалау
критерийлеріне жетуге мүмкіндік беретін
жаттығуларды жоспарлау
. • Әр топтағы оқушылардың бағалау
критерийлеріне қаншалықты жақсы
жеткенін бағалау мүмкіндігі.
Нәтижесі
Мұғалімдер барлық оқушылар
қол жеткізетін, нақты өлшенетін
нәтижелері бар сабақты
жоспарлау тәсілдерін әзірлейді
Түйінді идея
Мұғалімдер жаңа білім беру бағдарламасында
берілгендей оқушылардың оқудағы нақты нәтижелерін
анықтайды. Олар оқушылардың үш деңгейі мен іс
қимыл жоспары бойынша бағалау критерийлерін
анықтайтын болады, ол оқушыларға өз табыстарын
көрсетуге мүмкіндік береді. Кейбір педагогикалық
ұстанымдар мен бағдарламаның стратегиялары сабақ
жоспарында көрсетіледі. Мұғалімдер оқытуды
жандандыру және оқушыларды ынталандыру бойынша
жаттығу әзірлеуге жұмылдырылатын болады, ол
тапсырмалар нақты оқу нәтижелеріне бағытталады.
САРАЛАУТӘСІЛДЕРІ
Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі бар:
Тапсырма
- Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді.
- Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керекпе, әлде күрделі тапсырмалар беру
керекпе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау.
- Күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды
пайдаланыңыз.
Дереккөздер
Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен
жұмыс істей алады.
- Дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын
сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады.
- Баспадан шыққан және электронды дереккөздер де пайдалануы мүмкін. - Бұл
материалды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.
Қарқын
- Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.
- Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға
болады.
- Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт
беріледі.
Қорытынды
- Барлық оқушылар бір тапсырманы орындасада олардың нәтижелері әртүрлі болады.
- Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі
оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді.
-Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не
күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек.
Диалог және қолдау көрсету
- Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.
- Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған
сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және
ынталандыруда маңызды рөл атқарады.
Бағалау
- Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызметпен саралаудың басқа да
түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі түзетіліп отырылуы мүмкін.
- Педагогикалық қызмет табыстылықты, жақсартуды, түзетуді қажет ететін салаларды анықтайтын
әмбебап үдеріс болуы керек. Сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға қарай жылжи
аламыз.
Жіктеу
Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда пайдалы көптеген тәсілдер бар:
- мүдделері ұқсас оқушылар (мысалы, қиындық деңгейі немесе қолдау деңгейі) – талаптары
әртүрлі оқушылар
- джигсо топтары
- кәсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар немесе сарапшы топ - гендерлік топ
- аралас гендерлік топ - ұйымшыл топ
Температураны өлшеу
Бұл әдіс оқушылардың тапсырманы
дұрыс орындап жатқандықтарын
тексеру үшін қолданылады. Ол үшін
оқушылардың іс-әрекеттері
тоқтатылады және ұстаз «Біз не істеп
жатырмыз?» деген сұрақ қояды.
«Оқушылар мінездемесі»
Үлгерімі жақсы (А) Үлгерімі орташа (Ә) Үлгерімі нашар (Б)
«Ойлан жұптас бөліс» стратегиясы
Жаттығу: Оқушыларға оқу нәтижесіне қол жеткізуге
және бағдарлама стратегиялары мен педагогикалық
идеяларды іске асыруға мүмкіндік беретін
тапсырмаларды жоспарлау
Бағалау Сөздік үлгісі
(еске салу)
Ұстаз оқушыларға сөздік үлгі береді, (подсказка)
көмектесушілер жауап құрады.
Мысалы: Негізгі идея (ұстаным немесе процесс)
_______ болып табылады, өйткені________т.с.с.
1-топ: Ойлау жолдары
2 –топ: Жұмыс әдістері
3-топ: Жұмыс құралдары
• Зерттеушілік әңгіме жүргізуге
ынталандыру үшін топтық жұмысты
қолдану;
• Сын тұрғысынан ойлауға үйретуде
жоғары деңгейлі сұрақтар қою;
• Оқушыларға өз оқуларын өздері
реттеуге мүмкіндік беру;
• Өзін-өзі және өзара бағалау үшін
мүмкіндік ұсыну;
• Инновациялық АКТ қолдану
Бұл ретте пәннің мазмұнын, оқу
нәтижелерін және Бағдарлама әдіс-
тәсілдері мен тақырыптарын ескере
отырып, күтілетін оқу нәтижелері барлық
тапсырмалар үш деңгейлі болуына баса
назар аударған жөн.
Мұғалімдер оқу нәтижелері мен
сараланған тапсырмалар әр топ
оқушыларына арналуы тиістігін есте
сақтауы тиіс, айталық олар әртүрлі
деңгейдегі 3 жаттығу немесе нәтижелері
әртүрлі 1 жаттығу әзірлей алады. Сабақ
жоспарын өзара бағалау
Шағын топта пәндер
бойынша ҚМЖ жасату
Әдісі: топтың бір өкілі
мұғалімдердің әр шағын
тобына сабақ жоспарын
таныстырады.
Кері дизайн әдісі
Білім беру үдерісінің заманауи әдістерінің бірі – білім нәтижесі қалыптастырылған құзыреттер /
құзыреттіліктер түрінде анықталатын құзыреттілік тәсілі болып табылады. Бұл тәсілдің білім
беруде жиырма жылдам астам қолданылатынына қарамастан, құзыреттілік тәсілін іске
асырудың бірқатар теориялық мен тәжірибелік проблемалары әлі де қалып отыр, олар:
қолданылатын ұғымдық-санаттық аппараттың, құзыреттілік құрылымның әлі де жүйеге
келмеуі, оны білім беру үдерісінде қалыптастыру мүмкіндіктері мен шарттары, бұл үдерістің
нәтижелілігін анықтау, зерттелетін жеке тұлға қасиетінің қалыптасу деңгейін диагностикалау.
Бұл проблеманы шешу үшін білім беру үдерісін жобалауда кері дизайн (Backward Design)
идеологиясын пайдалану дұрыс көрінеді.
Бұл дегеніміз -жобалау алгоритмін қолдану деген сөз (мақсаттан оны қамтамасыз ететін
мазмұнға қарай жылжу). Ол алгоритм қадамдары мынадай:
1-қадам: бағдарлама талаптарына негізделе отырып,пән бойынша жалпы немесе оның жеке
модулі бойыншаоқу нәтижелерін анықтау.Ғалымдардың пікірі бойынша, пән бойынша оқу
нәтижелерінің саны 4-5 болуы мүмкін.
2-қадам: оқу нәтижелеріне қол жеткізілгенін анықтауға мүмкіндік беретін бағалау
жаттығуларын белгілеу.Тиісті диагностикалау құралдарын әзірлеу.
3-қадам: оқудың қажетті нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін бағалау рәсімдерімен
бірге оқудың қажетті мазмұнын, технологияларын, құралдарын және түрлерін негіздеу.
Біз үшін маңыздысы кері дизайн логикасын белгілеу ғана емес, білім беру үдерісін
құзыреттілікті қалыптастыруға бағыттайтын құзыреттілік тәсілінің мәніне негізделе отырып,
тыңдаушылардың іс-шараларын жандандыратын педагогокалық технологиялардың маңызын
айқындау болып табылады.
САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ ҮДЕРІСІН БАҒАМДАУ
Сұрақтар Иә Жоқ Ұсыныс
Үш деңгейдегі оқу нәтижелерінің барлығы оқу
мақсаттарына сәйкес келе ме? Олар оқушылардың
әртүрлі үш деңгейіне лайық ма?
Мұғалім мен оқушылар орындайтыншаралар
оқушыларғаоқытылып жатқан тақырыпқа қатысты оқу
нәтижелеріне қол жеткізуге көмектесе ме?
Мұғалім мен оқушылар орындайтыншаралар
белгіленген үдеріс нәтижелеріне қол жеткізуге
көмектесе ме?
Мазмұнға қатысты табыс критерийлеріоқу нәтижелері
сәйкес келе ме?
Үдеріске қатысты табыс критерийлері үдеріс
нәтижелеріне сәйкес келе ме?
Оқушылар жаттығулар арқылы мазмұнға қатысты табыс
критерийлеріне қол жеткізгенін көрсете ала ма?
Оқушылар жаттығулар арқылы үдеріскеқатысты табыс
критерийлеріне қол жеткізгенін көрсете ала ма?
Бағалау моделі оқушылардың мазмұнға қатысты табыс
критерийлеріне қол жеткізген-жеткізбегендігін
бағалауға жарай ма?
Бағалау моделі оқушылардың үдеріске қатысты табыс
критерийлеріне қол жеткізген-жеткізбегендігін
бағалауға жарай ма?
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz