Жапырақ пішінді қына




Лихенология -қыналарды зерттейтін ғылым.
Негізін қалаушы швед ғалымы Ахариус
Грекше «лиһен»-қына, «логос» - ілім
Орыс ғалымы А. Н. Бекетов 1860 жылы «лишайник» терминін ұсынды.
Қына өсімдік пионері деп аталады.
Қына- өте баяу өсетін ағза.
Бір жылда 1-8 мм өседі.

Қына- еркше тірі ағза. Саңырауқұлақтардың бір бөлімі ретінде қарастырылады.
Қыналар
26000 түрі белгілі. Антарктидада 350 түрі.
Оңтүстік полюсте 7 түрі өседі.
Қынаны зерттейтін ғылым - лихенология.
Грекше “лиһен”- қына, “логос”- ілім.
Лихенология ғылымы ХҮІІІ ғасырдың соңында,
ХІХ ғасырдың басында пайда болды. Оның негізін
қалаушы- швед ғалымы А. Э. Ахариус. Орыс ғалымы
А. Н. Бекетов 1860ж «лишайник» терминін ұсынды.
Қыналар өте баяу өседі. Бір жылда 1-8 мм.
Қына “өсімдік пионері” деп аталады. Себебі өсімдік
өспейтін жерлерге өсіп, тау жыныстарын бұзады,
кейін ол жерге басқа өсімдіктер өседі.
Қыналар 80-100 жылға дейін, кейбіреуі 600 жыл тіршілік етеді.

Тастың үстінде, шөлді-шөлейтті жерлерде, тундрада өседі.
Қоректенуі: Саңырауқұлақтың жіпшелері су мен минералды тұздарды сіңіреді.
Балдыр қышқылы газы мен судан органикалық зат құрайды
Ауа тазалығының индикаторы. Оттегіне бай, таза ауада,
жарық жерде тіршлік етеді.
Денесі саңырауқұлақтың жіпшелерімен көк-жасыл балдырлардың
селбесуінен құралады
Құрамында 44%-крахмал, 4 %- қант, С, В, В1, РР1-дәрумендері, аланин,
лизин, валин аминқышқылдары кездеседі
Қ Ы Н А Л А Р

Табиғатта таралуы

Ормандарда, тундрада өседі

Тастың үстінде, ағаш діңінде өседі
Тастың үстінде, ағаш діңінде өседі.

Қыналардың сан алуандығы
бұта қына
пельтигера
нефрома
стереокаулон
бұғы қына
құрттәрізді қына
кладония
цетрария

Қынаның құрылысы

Қынаның құрылысы
балдыр жасушалары
Саңырауқұлақ гифтері

Қынаның қоректенуі
Саңырауқұлақ
жіпшелері балдырларға
құрамындағы су және
минералды заттарын
береді.
Балдырлар көмір
қышқылы газын,
суды сіңіріп, фотосинтез
нәтижесінде түзілген
ағзалық заттарды
саңырауқұлаққа
береді.
Саңырауқұлақ
Балдырлар

Қынаның көбеюі
Өсімді жолмен
Жынысты жолмен
Өсімді көбейгенде оның денесінде көптеген балдырлар мен саңырауқұлақ жіпшелерінің бөліктері қынаның қабықшасын жарып сыртқа шашылады. Әрбір бөліктен және денесінен бөлініп түскен бөлшектерден де қына өседі
Жынысты көбейгенде
саңырауқұлақтар сияқты
аскокарп (жемісті дене)
пайда болады. Оның
ішінде жыныс жасушалары
ның қосылуы нәтижесінде
зигота түзіледі. Зиготаның
ядросы 3рет бөлініп, 8
аскокарп, ал зиготаның
қабығынан қалта (аско) пайда
болады. Аскоспоралар
шашылып, қолайлы жағдайда
өніп, саңырауқұлақ жіпшесіне
айналады, балдырлармен
Кездескенде ғана
қынаға айналады.

Қына пішіндеріне қарай үш топқа бөлінеді.
Орманда,
ағаш діңіне,
түбіріне жабысып
өседі.
Пармелия,
Ксантория
Ағаштың діңіне,
тасқа жабысып
өседі. Сары,
қызыл, сұр,
көгілдір, қоңыр түсті.
Лецидия, леканора
Қарағайлы орманда
төсемікте өседі.
Ақшыл-жасыл түсті
Бұғы мүгі (ягель)
Цетрария,
кладония



ҚЫНАЛАР және ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ, ТҮРЛЕРІ

ҚЫНАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Қына талломында 2 түрлі ағзалар селбесіп (симбиоз) яғни бірігіп тіршілік етеді, олар: саңырауқұлақтар мен балдырлар. Саңырауқұлақтардан қыналар талломында көбірек (90-95%) кездесетіні - қалталы және қалпақшалы саңырауқұлақтардың жіпшелері (гифтері) .
балдыр жасушалары
Саңырауқұлақ гифтері

Қыналардың морфологиясы
Қыналар түстері бойынша алуан түрлі болады. Қыналардың түсі саңырауқұлақ жіпшелерінде жиналатын қышқылдардағы пигменттерге байланысты болады. Қыналарда бес түрлі пигмент болады: қызыл, жасыл, күлгін, көк және қоңыр. Олардың пайда болу механизмі әлі күнге дейін белгісіз, дегенмен, ең басты фактор -жарық екені даусыз.

Саңырауқұлақтардың ғылыми атауы - микобионт
(грекше "микес" - саңырауқұлақ), балдырлардың
ғылыми атауыфикобионт (грекше "фикос" -
балдыр) дейді.
Саңырауқұлақтар гетеротрофты
(дайын органикалық затпен) қоректенеді,
балдырлар автотрофты (қорек затын өзі түзеді)
қоректенеді.
Сонымен, қыналар талломында (денесінде) болатын
саңырауқұлақты микобионттар, балдырларды
фикобионттар деп атайды.

Қыналардың анатомиясы

Қыналардың түрлері
Сырттай қарағанда қыналардың пішіні - қабыршаққа, жапырақ тақтасына, жіңішке бұтаға ұқсас болып көрінеді. Бірақ қыналарда қабыршақ та, жапырақта, бұта да болмайтыны бізге белгілі, сондықтан да қыналардың денесін - таллом (өсінді) деп атайды. . Пішіндеріне қарай қыналарды 3 топқа бөледі: 1. қабыршақ пішінді 2. Жапырақ пішінді қына; 3. Бұта пішінді қына.





ҚАБЫРШАҚТЫ ҚЫНАЛАР
Қабыршақ пішінді қыналар бекінетін затына (тас, топырақ, ағаш қабығы, жартастар және т. б. ) тығыз жабысып жатады. Тастың үстіндегілерді пышақпен қырғанның өзінде түгел ажыратып алу қиын, себебі талломы тұтас жабысып жатады. Жер бетіне ең көп (80%) таралған, әсіресе үлкенді-кішілі тастардың үстінің түрлі-түсті бояумен шұбарланып жатуы осы қыналарға байланысты.

Талломының қалыңдығы 1-5 мм, диаметрі әр түрлі,
20-30 см-ге дейін жайылып жатады.
Талломдарының үсті (беті) біртегіс емес,
кедір-бұдырлы, төмпешікті болады.
Талломын көлденеңінен кесіп қараса - қабық қабатын,
балдырлар орналасқан қабатын, өзегін көреміз.
Бұл қабаттар қына бекінген затының ішіне де енеді
(тас, ағаш қабығы және т. б. )
Тау жыныстарының ішіне енген саңырауқұлақ жіпшелері
(микобионт) тез еритін минералдың
айналасын қоршап алады. Әсіресе қабатты кристалдарды
(слюданы) тез ыдыратады. Ыдыраған тау жыныстары
ұсақ түйіршікке айналады, ол түйіршіктердің үстіне
мүктер және т. б. өсімдіктер өседі.

Жапырақ пішінді қыналар
Талломының пішіні жапырақ тақтасына ұқсап төсемікке көлбей орналасатындықтан осылай атаған. Жас талломының пішіні дөңгелек болады, өсе келе жайылып жиектері иректеліп пішіндері өзгереді. Төсемікке талломының ортаңғы бөлігі арқылы бекінеді, шеті (жиегі) бос тұрады. Талломының диаметрі 10-20 см жайылып өседі, өте тығыз қоңырқай-сұр, қоңыр, қара түсті болады. Талломының жиегі тегіс немесе ойықталып тілімденген түрлері де кездеседі. Ағаш діңдерінде, ылғалды көлеңкелі ормандарда, мүк өскен тастардың үстінде өседі.

Бұта пішінді қыналар
Бұта тәрізді тік өседі немесе салбырап ағаш бұтағына ілініп тұрады. Олардың қабыршақты және жапырақ пішінді қыналардан айырмашылығы саңырау-құлақ жіпшелері тік, талломы ұшынан өседі. Төсемікке талломының астыңғы жағының кейбір бөліктері арқылы бекінеді Бұтаққа ілініп тұрғандары қысқа өскіншелері арқылы бекінеді. Таллом-дарының мөлшері 10 мм-ден 30-50 см-ге дейін жетеді. Қылқан жапырақты тайга ормандарында балқарағай мен сібір самырсынының бұтақтарында сақал тәрізді топтанып ілініп тұрған ақшыл-сұр түсті уснея қынасының ұзындығы 7-8 метрге жетеді. .

Бұта пішінді қыналардың талломдары - топтанып өскен жіңішке таяқша (тамнолия қынасы), жіп тәрізді өсінді (цетрария қынасы) бұта тәрізді тарамдалған және т. б. болып өседі Антарктидада бұта пішінді қынаның ұсақ тастар мен жартастарда төселіп өсетін алектория - деген түрі кездеседі. Оның талломы тасқа әр жерінен бекінетіндіктен қатты соққан желге өте шыдамды. Бұта пішінді қыналарға: кладония, тамнолия, рамалина, уснея және т. б. жатады.
Бұта тәрізді қына «сақал» ағашта өсіп тұр

Кім тез табады?
Суретте берілген қыналар қандай топқа жатады?

Қыналар - пайдалы ма?
1. Қыналар - ауа зиянды газдармен ластанған жерлерде ғана өспейді. Климаты қатаң аймақтарда (Арктика, Антарктика және т. б. ) қыналардан басқа өсімдік өспейді (тек балдырлар ғана кездеседі) . Қыналардың бір ерекшелігі басқа ешбір өсімдікте болмайтын қына қышқылын бөліп шығаруы. Қына қышқылы органикалық қосылыс болғандықтан қатты заттарды (тас, минералдар және т. б. ) ыдырататын қасиеті бар. Қатты заттар ыдырап үгілген жерге басқа организмдер қоныстанады. Уснея қынасынан бөлінетін уснин қышқылы топырақтың микрофлорасының дамуына әсер етеді.
2. Қына қышқылы ағаш сүрегін шірітетін саңырауқұлақтардың өсуін тежейді.
3. Омыртқасыз жәндіктердің (300-400 түрі) тіршілігі қыналармен байланысты: олар қыналардың талломы және оның ыдыратқан өнімдерімен қоректенеді, әрі мекен тұрағы болып есептеледі.
4. Қыналар талломында ыдыраған заттардан топырақтың үстіңгі бетінде қарашірік түзіледі.


Қынамен жабылған құрғақ ағаш

Барак Обама атымен аталған қына
Жақында ғана ашылған қынаның жаңа түріне АҚШ президенті Барак Обаманың аты берілді. Ғалымдар президентке деген өздерінің құрметтерін осылай білдіріпті. Бұл жаңа «Обама» жойылу қаупі төніп тұрғандықтан Қызыл кітапқа енгізілді.

Шаруашылықтағы маңызы
Тундра аймақтарында солтүстік бұғылардың негізгі қорегі
(кладония, цетрария, алектория, уснея және т. б. қыналар)
Батыс Азия, Солтүстік-шығыс Африкада леканора
(қабыршақ тәрізді қыналар) қынасын (қына жармасы)
тағамға пайдаланады.
Қыналардың талломындағы саңырауқұлақ
жіпшелерінде болатын "орсеин" бояуымен жүн бояйды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz