ДІНДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ ТӘСІЛДЕРІ




Презентация қосу
Халықаралық білім беру Құрылыс технологиялары,
корпорациясы инфрақұрылым
Қазақ Бас Сәулет Құрылыс және менеджмент факультеті
Академиясы

СӨЖ №12
1. ДІНДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ ТӘСІЛДЕРІ.
2. ДҮНИЕТАНЫМ ТҮСІНІГІ. ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ ТАРИХИ ТҮРЛЕРІ.

Орындаған: Аукенова А.Б. ГиК 18-1
Тексерген: Нусипова А.У.
Жоспар:
• Зайырлы мемлекет
• Теология түсінігі
• Дүниетаным түсінігі
• Философияның дүниетанымы ретіндегі
эволюциясының үш кезеңі
• Пайдаланылған әдебиеттер
Зайырлы мемлекет
• Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-
тармағында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және
адамның өмiрi, құқықтары мен остандықтары» – делінген.
Мемлекетіміздің басты қазынасы – адам және адамның
өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары болғандықтан
азаматтарымыздың өзі қалаған дінге сенуі конституциялық
құқықтарының қатарынан табылады.
• Зайырлы мемлекет ұғымының түп-тамыры діни құқық тұрғысынан
адамсүйгіштік құқығын басшылыққа алуда жатыр. Адам және адамның
өмірінің құндылығы ғасырлар тереңінен зайырлы және құқықтық
мемлекет құруға деген талпынысты туындатты. Зайырлы мемлекет – діни
наным-сенімді адам болмысына тән қажеттіліктердің бірі ретінде
қарастырып, құқықтық нормаларды басшылыққа алады. Зайырлы
мемлекетте діни құқық емес, адамның дінге деген құқығы әлеуметтік
заңдылықтар шеңберінде қарастырылады. Мемлекеттің зайырлы немесе
теократиялық үлгілерінің қайсысы дұрыс екендігі жайлы пікірталас
туындағанда кейбір азаматтар зайырлы мемлекетте адам құқықтары
басты орынға қойылатындығына көңіл аудармай жатады. Құқықтық
мемлекет құрудың маңыздылығы еліміздің барлық азаматтарының діни
сеніміне қарамастан заң алдындағы теңдігінен көрінеді. Оған
азаматтарымыздың өз діни нанымдары себебінен Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін
атқарудан бас тартуға құқығының жоқтығы дәлел. Зайырлы мемлекетте
азаматтық құқық пен заң алдындағы теңдік маңызға ие. Өйткені, бүгінгі
таңда елімізде теріс пиғылды діни топтардың (әсіресе ислами теріс
пиғылды топтар) теократиялық немесе клерикалды мемлекет құруға
деген талпынысы зайырлылықпен тығыз байланыстағы құқықтық
мәселелеріне, адамсүйгіштікке нұқсан келтіруі мүмкін.
Теология түсінігі
• Теология (гр. theos - Құдай және гр. logos - ілім, сөз)
- Құдай жайлы дін ілімі. Теология ұғымын
зерттеушілердің дені теистік діни ілімдермен
байланыстырады. Теология ұғым ретінде христиан
діні келгенге дейінгі Платон еңбектерінде де
кездеседі. Платон бұл ұғымды өзінің Құдай жайлы
ілімінде қолданбаса да, филос. тұрғыдан талданатын
мифологияға байланысты қолданған. Кейіннен
теология термині Гомер, Гесиод, Орфейдің
поэмаларына қатысты қолданылып, оларды теолог
деп атады.Аристотель теология терминімен «Бірінші
философиясы» атап, оны Құдайлық мәңгілік
заңдылықтарды зерттейтін жоғары дәрежедегі
теориялық ілім деп таниды.
• Елiмiздегi философия ғылымдарының дiн саласымен
шұғылданатын бағыттары даму үстiнде. Соңғы
жылдары дiн философиясы, дiнтану, дiн тарихы және
социологиясы салаларында ғылыми еңбектердiң
жарық көруi, диссертациялардың қорғалуы
қуантарлық жағдай. Ал, аталмыш ғылыми еңбектерде
теологиялық және тарихи материалдардың жиi
қолданылатыны назар аудартады. Бiздiңше, бұл
дiндердi зерттеудiң, дiннiң онтологиясын түсiнудiң ең
басты қажеттiлiктерiнен туындайды.
Дүниетаным түсінігі
• Дүниетаным – дүние және ондағы адам орны
туралы тұтас көзқарас. Тарих дамуында адамзат
дүниетанымының үш тарихи түрі қалыптасты:

• Мифология
• Дін
• Философия
Философияның дүниетанымы ретіндегі
эволюциясы үш кезеңнен өтеді:

Космоцентризм Антропоцентризм

Теоцентризм
• Космоцентризм – әлем, табиғат құбылыстары.
Сыртқы күштердің Космостың күшімен, әсерімен,
шексізділігімен, түсіндірілетін тіршіліктің
Космостық циклдарға тәуелділігін
тұжырымдайтын философиялық дүниетаным.

• Теоцентризм – бүкіл болмыс, тіршілік тек қана
құдіреттің, Құдайдың үстемділігімен түсіндірілетін
пікірге сүйенетін философиялық дүниетанымның
түрі.

• Антропоцентризм – орталығында адам мәселесі
тұрған философиялық дүниетаным түрі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
• Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-
491-3
• Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна
Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
• Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме
сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN
9965-822-10-7
• www.google.kz
• www.yandex.ry
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !

Ұқсас жұмыстар
Дін әлеуметтануының дербес саласы ретінде қалыптасуы
Дінтанудың дін философиясынан айырмашылығы
Адамның діни сеніміне құ рмет оның таң дауына құ рмет ретінде
Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет ретінде туралы ақпарат
Дін мен ғылымның арақатынасы
ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРАЛУ СЕБЕПТЕРІ
Дін туралы түсінік
Қазақ тілі Ғаламдық тақырыптардағы Оқушылар Қазіргі заманның жаһандық мәселелері
Дін жайлы түсінік
Орта ғасыр батыс философиясы
Пәндер