Әлемдік діндер




Презентация қосу
Халықаралық білім беру корпорациясы
Қазақ Бас Сәулет Құрылыс Академиясы

Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және менеджмент факультеті

Практика №13
Тақырыбы: Әлемдік діндер. Буддизм

Орындаған: Ешенқұл Д.Е.
ПСМИК 18-1
Тексерген: Нусипова А.У.
Жоспар
• Әлемдік діндердің ерекшелігі.
• Буддизмнің пайда болуы.
• Буддизмның 4 ақиқаты
• Гаутам Будда өмірі мен ілімі.
• Буддизмді культтық үйрену.
• Буддизмнің негізгі бағыттары
• Қазіргі дінтануда буддизм, христиандық және исламның әрқайсысына тән
белгілеріне сай ерекшеліктері: а) қазіргі кезде бір аймақтан немесе құрлық
аумағынан шығып, кең таралуына орай; ә) осы діндердің кез келгеніне кіруге
тайпалық, рулық, этноұлттық және кастакландық шектеулердің болмауы; б) діннің
негізін қалаушылардың рөлі (Будда, Иисус Христос, Мұхаммед); в) діни-наным
ырымдарының салыстырмалы түрде қарапайымдылығы; г) діни уағыздарында
жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануды наным-сенімнің аса маңызды
көрінісіндей бағалау; ғ) бұл діндердің ресми құжаттарында, мойындалған
дінбасыларының уағыздарында дінаралық сыйласымдылыққа, ұстамдылыққа,
өркениеттің ғаламдық мәселелерін (жаппай қыру қаруына тыйым салу және жою,
мемлекетаралық қайшылықтарды шешуде бейбіт жолды таңдау, экологиялық
апаттардың алдын алу, ашаршылықпен және індеттермен күресу) бірлесіп шешуге
шақыратын үндеулердің болуы шарт және дінге сенушілердің осы діннің саясатын
қолдауға шақыратын мерзімдік іс-шаралары өткізіліп отырылуы.
Буддизм
• Буддизм атауы осы ілімнің негізін салушы Будда есімімен
байланысты. “Будда” санскрит сөзі “будх” (ояну, көзі ашылу)
ұйқыдағы сананың оянып, сергек санаға өтуін білдіреді.

• Бұл ілімді ҮІ ғасырда Үндістан жерінде тарихи қайраткер
Сиддхартха Гаутама таратты. 29 жасында Сиддхарха бар
байлықтан, патшалықтан, жанұясынан бас тартып, адамзатты азап
жолынан құтқарудың жолын іздеп шығады. 6 жыл әр-түрлі
даналармен, діндарлармен әңгімелесіп, тақуалық өмір кешкенде
өзін ойландырған сұрақтарға жауап таппайды. Бірде киелі
саналатын Бодхи ағашының түбінде ойға шомып отырған
Сиддхартхаға кенеттен шындық ашылады
Шындық буддизмнің төрт “ұлы ақиқаттарына” айналады:

• Бірінші ақиқат адам өмірі азап шегуден, қайғы-қасіреттен
тұрады.
• Екінші ақиқат азап шегудің себептері адамдардың тілегі мен
құмарлығына байланысты болады.
• Үшінші ақиқат – азаптан құтылудың жолдары, адамдардың
өздерінің тілек, құмарлық ұмтылыстарына тежеу салу.
• Төртінші ақиқат – азаптан толық құтқарылу, Будда көрсеткен
жолға түсу.
• Ол “игілікті сегіз жол” мыналар: дұрыс түсінік, дұрыс ой,
дұрыс сөз, дұрыс іс-әрекет, өзін ұстай білу, дұрыс мінез,
рухани дұрыс шынығу.
• Гаутама діни көзқарасына брахманизм және джайнизм
діндері үлкен әсер етті. Бірақ ол өз діни жолын тапты.
Өзінің қатаң тақуалық тәртіп жолында медитация әрекеті
мен сергектенуге жетті немесе Будда атағын алды.

• Буддалық дәрежеге жеткен соң, ол әрі қарай тақуалық
(мұғалім-монах) жұмысын жүргізе берді. Ол Сангха
(монах ордені) деген қауым құрды. Ол орден
халықтардың садақалық, қайырымдылық көрсетудің
арқасында өмір сүрді.
• Сангха болса, Будда ілімін (Дхарма) халықтарға жеткізу
үшін жұмыс істеді. Алғашқы Сангха бірте-бірте өсіп, дами
отырып «Әлемдік» буддизмге айналды. Алғашқы б.з.д. 300
ж. Сангхи бір қалыпта дами отырып, одан бірнеше ағымдар
бөлініп шығып, айрықша мектептерге айналды. Біздің
заманымыздың жаңа дәуірінің басында Сангханың әр түрлі
ағымдарынан екі үлкен мектеп пайда болды. Олар: Хинаяна
(кіші күйме) және Махаяна (үлкен күйме). Хинаяна
Тхеравада (ескі өсиеттік жол) көзқарасын дамытты.
Махаяна әлемге деген жаңа көзқарастықпен дамыды.
• Будда діні өзге әлемдік діндер сияқты біртұтас емес. Тарихи
деректерге қарағанда, Будда өлген соң бір ғасырдан соң монахтар
жиынында буддизмнің тапжылмас негіздері, принциптері мен дін
ережелерін жасайды.
• Осы мәселелерде пайда болған пікір-таластар будда дінінің екі
бағытқа бөлінуіне себеп болды.
• Хинаяна діни ілім мен ғұрыптардың мызғымастығын жақтады.
• Махаяна оған қосымшалар енгізуді, буддизмге кеңірек және
еркінірек түсіндірме беруді қолдады.
• Хинаяна өзінің таралу аумағына қарай “оңтүстік будда діні”
деп аталады. Осыладың ішінде хинаянаның Шри-Ланкада
беделі өте жоғары. Будда монахтары өздерінің білімдерін
жетілдіру және діни лауазым алу үшін осында бас қосып
тұрады.

• Манхаяна немесе “солтүстік будда діні” негізінен Қытай,
Жапония, Корея, Непал, Бутан территорияларында,
бертінректе ламаизм түрінде Монғолияда, Тибетте орнықты
Пайдаланылған әдебиеттер

• kk.wikipedia.org/wiki/Әлемдік_діндер

• Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007 ISBN 9965-32-491-3

• kk.wikipedia.org/wiki/Буддизм
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Ұлттық діндер
Конфессия - діни сенім
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездері
Ислам Христиан айырмашы лықтары
Дінтану курсын оқытуға қойылатын талаптар
ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРАЛУ СЕБЕПТЕРІ
Буддизм - әлемдік дін
Буддизмнің пайда болу тарихы
Дүниенің философиялық бейнесі
Періштелерге сену
Пәндер