ТОТЕМИЗМ ДІННІҢ АЛҒАШҚЫ ФОРМАСЫ




Презентация қосу
Халықаралық білім беру корпорациясы
Қазақ Бас Сәулет Құрылыс Академиясы
Құрылыс технологиялары, инфрақұрылым және
менеджмент факультеті

СӨЖ №13
Орындаған: Аукенова А.Б.
ГиК 18-1
Тексерген: Нусипова А.У.
ЖОСПАР

Діннің алғашқы формалары.

Тотемизм діннің алғашқы формасы ретінде.

Сиқыр және дін. Сиқырдың формалары.

Шаманизм: салт-дәстүрдің ерекшеліктері.
Қоғам өмірі мен рухани болмысы жайында ғылыми зерттеулер
жүргізген философтар, әлеуметтанушылар мен дінтанушылар
алғашқы діни жүйелер жайында түрлі тұжырымдар айтқан. Әр
ғалым өзінің зерттеу нысанының шеңберінде дінге түрлі түсінік
береді. Нәтижесінде, алғашқы діни жүйе ретінде, ғалымдар
анимизм, тотемизм, натуризм, магия, фетишизм, паганизмдерді
бөле-жара атайды. Аталмыш діндер негізінен көп тәңірлік
(политеистік) сенімнен тұрады. Ғалымдардың айтуы бойынша,
алғашқы қауымдық құрылыс уақыт өткен сайын мәдениеттілікке
қол жеткізіп, соңында мәдениетті, өркениетті елге айналғаны
секілді, діндер де алғашқыда көп тәңірліктен бастау алып, бертін
келе, бір құдайға (монотеизм) сыйынудың қалыптасқандығын
айтады.
ТОТЕМИЗМ ДІННІҢ
АЛҒАШҚЫ ФОРМАСЫ
РЕТІНДЕ.

Тотемизм – ру, тайпа, жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрлері
арасындағы туыстыққа сену. Тотемизм ру мүшелерінің кейбір
жануарларға киелі деп табынуы немесе әр алуан киелі нәрселерге
тәуелді болуы. Тотемизм көбінесе егіншілік және аңшылықпен
айналысқан алғашқы қоғамдарда кезігеді. Француз
әлеуметтанушысы Э. Дюркгейм (1858-1917 ж.) 1912 жылы жазған
«Діни өмірдің қарапайым пішіндері» атты еңбегінде «Тотемизмді»
алғашқы дін деп есептейді. Ол австралиялық тұрғындар арасындағы
тотемдік сенімнің кең тарағанын дәлел ретінде алға тарта отырып,
осындай тұжырым жасайды. Шынтуайтында, Дюркгейм
Австралияға арнайы зерттеушілік саяхат жасамаған, тек сонда
барып келген саяхатшылардан сұрастыру арқылы аталмыш
тұжырымды алға тартады.
СИҚЫР ЖӘНЕ ДІН.
СИҚЫРДЫҢ ФОРМАЛАРЫ.

Магия – ұғымы әр түрлі салт-жоралар мен оған сәйкес
наным-сенімдердің ортақ белгісі болып табылады. Магиялық
іс-әрекет – мақсаттылық бағыты бойынша емдеу магиясы
(тәуіптік), сақтаушы магия, зиянды магия (көз тию) секілді
түрлері болады. Ағылшын этнологы, алғашқы діндерді
зерттеуші ғалым Джеймс Джорд Фрэзер (1854-1941 ж.) 1890
жылы жазған «Золотая ветвь» (Алтын бұтақ) атты ауқымды
еңбегінде «магиялық өнерді» дін пайда болғанға дейінгі
шынайылық қарым-қатынастың әмбебап формасы болған
дейді. Фрезер пікіріне құлақ түрсек, магия белгілі бір
дәрежеде діннің дамуына үлес қосқан болып шығады.
ШАМАНИЗМ: САЛТ-
ДӘСТҮРДІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Шаманизм – кейбір адамдардың аруақтармен
қатынас жасау мүмкіндігіне сену арқылы, сол
аруақтар арқылы адамдардың ауруын емдеу,
жақсы аңшылықты қамтамасыз ету, қай жұмысы
болса да алға бастыру, жауын жауғызу
сияқты әрекеттер жасау.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР:
Алматы: «Қазақ универсиеті», 2002. 167-бет. [2] Klavuz
S.A., Köten A., Çetin O., Algül H. Din kültürü ve ahlak bilgisi. –
İstanbul, Байрак баспасы, 1997. 35-бет. [3] Яблоков И.Н..
Религиоведение. – Москва, 1998.151-152 -бет; Günay Tümer.
Abdurrahman Küçük. Dinler Tarihi. 29-бет. [4] М.
Орынбеков. ж.к.е., 169-бет. [5] Д.Дж. Фрэзер. Золотая
ветвь. – Москва, 1980. 61-62-бет; И.Н. Яблоков. ж.к.е., 184-
185-бет. Источник: http://fatua.kz/kz/post/view?id=344
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒ
А РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Алғашқы діни наным - сенімдер
Мәдениеттің көшпелілік типтері
Шаманизм - өмір басталуының тереңінен шыққан тарихи қалыптасқан көне мәдениет
Көне рим құдайлары
Архаикалық мәдениет
Дінтанудың дін философиясынан айырмашылығы
Діни бірлестіктер
Дін анықтамалары
Дін - және мәдениет туралы ақпарат
Христиан діні
Пәндер