Химия факультеті


Slide 1

Евней Арыстанұлы Бөкетовтың өмірі мен шығармашылығы

Кураторлық сағат

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Химия факультеті

Қарағанды 2020

Орындаған: ХЕ - 31 тобы

Slide 2

Жоспар

Балалық

шағы

Ғылыми

жетістіктері

Әдебиет

саласына

қосқан үлесі

Жастық

шағы және

отбасы

Ұрпағына

үлгі болған

өнегелі тұлға

Slide 3

Бөкетов Евней Арыстанұлы

Химия және металлургия саласындағы қазақстандық ғалым (1925-1983жж. ), жазушы, ақын, Қазақ КСР ҒА академигі (1975), техника ғылымдарының докторы (1967), профессор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1969), КСРО Жазушылар Одағының мүшесі.

Slide 4

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Бағанаты ауылында (бұрынғы Октябрь ауданы) қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Оның студеттік шаққа дейінгі өмірі қиындықтарға толы болды. Евней үйіндегі оныншы бала болған. Анасы Балтай 14 құрсақ көтерген. Өзінің алдындағы барлық бауырлары жастайынан шетінеп кеткен. Бірақ өзінен соң төрт інісі болған.

7 жасқа толғанда ата - анасы орыс жеріне Марьевкаға қоныс аударады. Сол жерден Евней орысша мектепке барып, білім ала бастайды. 1938 жылы олар қазақ жеріне қайта қоныс аударады. Алайда әкесінің денсаулығы қатты нашарлайды. Ол кезде Евней бар жоғы 9 сынып оқушысы болғанымен, отбасын асыраушы жалғыз адам болды.

Балалық шағы

Slide 5

1940 жылы әкесі дүниеден өтеді. Сол кезде жеткілікті білім алған ол бастауыш және жартылай орта орыс мектебінде ұстаздық етеді. Мектепте 1945 жылға дейін жұмыс жасап, кейін экстернант ретінде емтихан тапсырып атестат алады. Жоғарғы оқу орнына түсу мақсатында Алматы қаласына келеді. Филолог мамандығына тапсырмақшы болады, алайда ол кезде техникалық мамандықтарға шәкіртақы екі есе көп берілгендіктен Қазақ тау-кен институтына түседі.

Жастық шағы

Slide 6

35 жасында (1960) Е. Букетов Қарағанды химия-металлургия институтының директоры болып тағайындалды. ХМИ-да жұмыс істеген 12 жыл ішінде ол өзін ғана емес, қазақстандық ғылымның беделін де жоғары көтерді. Ол басқарған ұжым 5 авторлық куәліктің иегері атанды және Канада, АҚШ, Австралия, Швеция, Франция, ГФР, Жапония, Италия сияқты елдер өздерінің патенттерін табыс етті. Бұл институтта түсті және сирек металдардың зерттеу зертханасы ашылды. Қазақстан ғылымы үшін бұл күтпеген жаңалық болды. Е. А. Бөкетов басқарған зертхана Ол молибден, вольфрам, селен және теллурмен зерттеу жүргізді. 1965 жылы зерттеулерге сіңірген еңбегі үшін Е. Букетов КСРО авторлық куәлігін, ал 1969 жылы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығын алды.

Ғылыми жетістіктері

Slide 7

Е. Бөкетовтің жаңалығы Ресейдің Орал электрмед комбинатында, Жамбыл фосфор зауытында, Теміртау "Карбид“ зауытында пайдаланылған. Екінші жаңалығы -бос жыныстардан оңай алынатын тотыққан мысты флотациялық байыту сатысында сульфидті қалыпқа айналдыру. Бұл аз жарамды жыныстардан жоғары сапалы шикізат алуға және нәтижесінде табиғи байлықтарды сақтауға мүмкіндік берді. Бұл өнертабыстар Е. Бөкетовты бүкіл әлемге танымал етті. 1966 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғады, 4 жылдан кейін ҚазКСР ҒА мүше-корреспонденті, ал 5 жылдан кейін - академик болып сайланды.

Slide 8

1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды. Жаңа оқу орнының құрылысы, оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие жұмысы және басқа да әкімшілік істер шебер ғалымның көп уақытын алды. Өзінің салмақты мінезі мен жаңашылдығының арқасында ол бүкіл процесті жоғары деңгейде жүзеге асырып республиканың екінші универсиеті деңгейіне көтеріп, оның атағын шығарды. Егер 1972 жылы тақырыптық жоспарға 10 жұмыс енгізілсе, 7 жылдан кейін 15 ғылыми бағыт бойынша 91 жұмыс орындалды. Е. Букетов Мәскеу, Ленинград, Алматы, Новосібір және басқа қалалардың жоғары оқу орындарымен ғылыми байланыс орнатты.

Slide 9

Бөкетов сонымен қатар белгілі жазушы әрі аудармашы. Эссе, Қ. Сәтпаев, М. Әуезов, Ш. Уәлиханов, Д. Менделеев туралы естеліктер жазған. «Шесть писем другу», «Человек, родившийся на верблюде», «Грани творчества», т. б. повестерінің авторы. Батыс және орыс классиктерінің «Макбет», У. Шекспирдің «Юлий Цезарь», Дж. Флетчердің «Испанский священник», Д. Маяковскийдің «Клоп» атты еңбектерін, И. Василенконың «Артемка» повесін, Э. Золдің әңгімелері мен мақалаларын аударған. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Әуезовтің Абай шығармашылығын зерттеудегі еңбектеріне шолу жасады. «Абай жолы» ақынның ақындық қасиетін, ойшылдығын, тұлға бітімін жан-жақты аша білген сыр сандық деп бағалады. Ал «Халқымыздың мерейі мен мақтанышы» деген мақаласында Әуезовті ұлтымыздың ары мен абыройы деген.

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
АЛКАЛОИДТАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Коллоидты жүйелердің молекула-кинетикалық және оптикалық қасиеттері
АЛКАЛОИДТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Орман,жер және су ресурстары факультеті
ТЕРПЕНДЕР
Мектеп төлқұжаты
Көмірсулар тақырыбы бойынша электрондық оқулықты құрастыру
Темір қасиетін жоюға бейім металл
Нанообъектілердің негізгі түрлері және олардың негізіндегі наножүйелер
Карбамид өндірісі. Өндірудің физико-химиялық жағдайы және схемасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz