Түрдің популяциялық құрылымы




Презентация қосу
ПОПУЛЯЦИЯЛЫҚ
ГЕНЕТИКА НЕГІЗДЕРІ

Орындаған: Сламбек Елдар
Группа:104А СТОМ
Тексерген: Мақсұтова А. М.
ЖОСПАРЫ:
I. Кіріспе.
1. Популяциялық генетика негіздері
II.Негізгі бөлім
1. Түрдің популяциялық құрылымы
2. Популяция құрылымы
3. Популяцияның генетикалық құрылымы
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер.
Популяция (лат. populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте
генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып
отыратын ағзалар тобы. Осы топтың популяция болып есептелуі үшін: тарихи
қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің
саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да
бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің
құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс.
Әр популяция өзіне ғана тән статиктикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы,
орналасуы, жас ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары
(саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді.
Популяцияның статиктикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін
көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның
динамикалық сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай) қажет
етеді. Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі
ағзалардың өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша
анықталады.
ТҮРДІҢ ПОПУЛЯЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Түрдің популяциялық құрылымы әрбір түр белгілі бер территорияда (ареалда)
тіршілік ете отырып сол территорияда популяциялар жүйесі ретінде көрінеді. Түр
тіршілік еткен ареал неғұрлым күрделі, бөлшектенген болса популяциялар
арасындағы алшақтық та соғұрлым жоғары болады. Алайда түрдің популяциялық
құрылымын оның биологиялық ерекшеліктері - особьтардың қозғалу
белсенділігі, табиғи кедергілерді, тосқауылдарды жеңе білуі және т.б. анықтайды.
Егер түр мүшелері үлкен кеңістікте үнемі қозғалып, араласып жатса мұндай түр
аз ғана ірі-ірі популяциялардан тұратын түр болып сипатталады. Көшіп-қону
(миграция) қабілеттілігімен әдетте солтүстік бұғылары, Африка
саванналарындағы тұяқты жануарлар ерекшеленеді. Олар маусымдық көшіп-
қону кезінде жүздеген шақырым жерлерді артқа тастайды. Мұндай түрге жататын
популяциялардың шекаралары әдетте, үлкен географиялық тосқауыл, бөгеттер -
үлкен өзендер, тау жоталары т.б. бойынша өтеді.
Қозғалуға белсенділігі төмен жағдайда түрдің құрамында ландшафттың
мозайкалығын білдіретін көптеген майда популяциялар құрылады. Мозайкалық -
қауымдастықтың кеңістікте көлденең таралуы. Өсімдіктер мен аз және баяу
қозғалатын жануарларда популяция саны ортаның әртүрлілігіне тікелей байланыста
болады. Мысалы, мұндай түрлердің таулы аудандарда жазық жерлермен
салыстырганда территория бойынша бір-бірінен алыстап, бөлінуі жоғары. Кейде
түрдің кішкентай ареалда тіршілік етуі ортаның әртүрлілігіне емес, ағзаның мінез-
құлқына да байланысты. Мысалы, аюлар өздері тіршілік етіп жатқан жерге бауыр
басып қалатындықтан ол жерді тастап кетпейді, сондықтан үлкен ареалда бір-
бірінен кейбір қасиеттері бойынша өзгешеліктері бар көптеген майда топтар болып
тіршілік етеді.
Көршілес популяциялардың бір-бірінен алшақ өмір сүру ерекшеліктері әртүрлі. Кей
жағдайда олар тіршілік етуге қолайсыз жерлермен бір-бірінен оқшауланса, кейде
тіршілікке қолайлы ортада (шөлді жердегі өзен аңғарлары мен оазистерде) бір жерге
көптеп шоғырланған.
Бір түрге жататын популяциялардың ішінде шекаралары жақсы байқалатын және
керісінше, анық байқалмайтын ареалда тіршілік ететін популяциялар да болуы мүмкін.
Көпшілікке белгілі, астық тұқымдастардың зиянкесі тасбақалы қандала жұмыртқаны
жарып шыққан сон 2,5-3 айдан кейін дәнді алқаптардан ондаған, жүздеген шақырым
жердегі тау етегіндегі ормандарға ұшып, қоныс аудару басталады. Ол жерде олар
келесі көктемге дейін ағаштардан түскен жапырақтар арасында қыстап шығады. Ұшу
ұзақтығы особьтардың қоңдылығына байланысты. Нәтижесінде қыстап шығатын бір
жерде әртүрлі жерлерден ұшып келетін қандалалар араласып кетеді. Ал көктемгі ұшу
бағыты желдің бағытына байланысты болады. Осыған байланысты үлкен кеңістікте
особьтардың үнемі қозғалуы және бір- бірімен араласуы болып жатады да жекелеген
популяциялардың шекаралары бола бермейді. Сондықтан түр ішінде популяциялар
әртүрлі көлемдегі топтар ретінде кездесуі мүмкін.
Популяциялар арасында жекелеген особьтардың алмасуы ұдайы немесе ара-тұра
болып жатады. Қарғалардың маусымдық көшуі кезінде жас құстардың бір бөлігі
қыстайтын жерінде сол жердегі басқа особьтармен жұп түзіп қалып қояды.
Жекелеген особьтар арасындағы байланыстар бір нәтижеге, популяция
арасындағы байланыстар басқаша нәтижелерге алып келеді. Мысалы, белгілі бір
паразиттің ұзақ уақыт бойы әсер етуі иесінің физиологиялық жағдайының, ұрпақ
шығаруының, өмір сүру ұзақтығының өзгеруіне байланысты болуы мүмкін. Осы
түрге жататын популяциялар арасындағы қарым-қатынастар олардың топтық
сипаттарының - санының, жастық құрамының, өлуі мен популяцияның өсу
қарқындылығьшың өзгеруіне алып келеді. Популяциялар арасындағы
байланыстар оларды бүтін бір түр ретінде ұстап тұруға көмектеседі.
Популяциялар арасындағы ұзақ және толық оқшаулану әдетте жаңа түрлердің
пайда болуына алып келеді.
Кейбір популяциялар арасындағы өзгешеліктер әртүрлі деңгейде болады.
Ол өзгешеліктер олардың тек топтық сипатына ғана емес, жеке
особьтарының мінез- құлық, морфологиялық және Физиологиялық
ерекшеліктеріне де қатысты болуы мүмкін. Ареалдың әртүрлі бөлігіндегі ақ
қояндар бір-бірімен түсі, дене мөлшері, ас қорыту жүйесінің құрылысы
бойынша айырмашылықтары болады. Мысалы, Ямал түбегіндегі ақ
қояндардың аш ішектерінің ұзындығы Орал тауының орманды
далаларындағы өкілдеріне қарағанда 2 есе ұзын. Бұл қоректену
ерекшеліктеріне, қорек құрамындағы қатты азықтардың мөлшеріне
байланысты.
Тіршілік орталарының айырмашылықтары неғұрлым көп және
особьтар арасындағы алмасу нашар болса, соғұрлым
популяциялардың бір-бірінен өзгешеліктері көп болады.
Генетикалық біртұтастығына және көбею түріне байланысты
популяциялар: панмиктикалық (айқас ұрықтану), клонды және
клонды-панмиктикалық (мысалы, шіркейлерде партеногенетикалық
ұрпақ жынысгы ұрпақпен алмасады) болып бөлінеді.
ПОПУЛЯЦИЯЛАР ҚҰРЫЛЫМЫ
Популяциялар құрылымы - бір жағынан түрдің биологиялық қасиеттеріне
негізделіп, екінші жағынан - ортаның абиотикалық факторлары мен басқа
түрлердің популяциялары әсерінен қалыптасып құрылады. Популяциялар
құрылымы тұрақты болмайды. Территориядағы особьтардың таралуы топтардың
жынысы, жасы, морфологиялық, физиологиялық, мінез-құлықтары және
генетикалық ерекшеліктері бойынша ара қатынастары популяцияның құрылымын
көрсетеді.
Популяцияның кеңістіктегі құрылымы - популяция особьтарының кеңістікте
орналасу ерекшеліктері. Ол тіршілік ортасының және түрдің биологиялық
ерекшелігіне байланысты. Жылдың маусымы, популяцияның сандық мөлшері
уақыт бойынша өзгеруі мүмкін. Сондықтан популяция особьтары кеңістікте
бірқалыпты, кездейсоқ және топтанып орналасады.
Табиғатта особьтардың бірқалыпты орналасуы сирек кездеседі. Кездейсоқ
(диффузиялық) орналасу көптеген өсімдіктерде, ясануарларда кездеседі. Топтанып
орналасуда (мозайкалық) особьтар топ-топ болып кездеседі, мысалы, сүтқоректілер
табыны, құстар колониясы. Топтанып орналасу популяция үшін қолайсыз
жағдайларда үлкен тұрақтылық береді. Жануарлардың ортаның қолайсыз
жағдайларына немесе олардың даму циклдарына байланысты жылжып қозғалуын
миграция деп атайды. Олар жүйелі (тәуліктік немесе маусымдық) ясәне жүйесіз
(қуаңшылық, су тасқыны, өрт, және т.б.) болуы мүмкін. Мысалы, құстардың жылы
жаққа ұшуы маусымдық миграцияжатады.
Ценопопуляциядағы өсімдіктер әрқалай, кейде топтанып, кейде бір-бірінен
оқшауланып орналасып микроценопопуляциялар, субпопуляциялар түзеді. Мұндай
топтанып орналасуда особьтардың саны, тығыздығы, жастық құрылымы бойынша
айырмашылықтар болады.
Жануарлардың қозғалуына байланысты территорияда орналасуы әр текті
болады. Тіпті субстратқа бекініп тіршілік ететін түрлерінің өзінде кеңістікті
үнемді пайдалануға икемділігі болады. Асцидияларда (су түбіне бекініп тіршілік
ететін омыртқасыз жануар) өсіп келе жатқан колонияларының шеті басқа түрдің
колонияларына жанасқан соң олардың үстін орай өсіп, оны көміп тастайды. Егер
бір түрге жататын колониялар кездессе, оның әрқайсысы көршісінің өсуін
тоқтатып басқа бағытқа қарай өсе бастайды.
Популяциядағы жекелеген особьтардың кеңістікте орналасуына қолдау
жасайтын инстинктер құстарда, сүт қоректілерде, кейбір балықтарда және
амфибияларда, сондай-ақ жүйке жүйесінің құрылысы күрделі кейбір
жәндіктерде, өрмекшілерде, сегізаяқтарда және т.б. кездеседі. Кеңістікті
пайдалануына байланысты қозғалатын барлық жануарларды екі топқа бөледі: бір
орнында тіршілік ететін және көшіп- қонып жүретіндер.
Бір орнында тіршілік ететін ағзаларда өмірінің барлық кезеңі немесе негізгі
кезеңдері ортаның белгілі бір бөлігінде ғана етеді. Мұндай жануарлар өзінің
тіршілік етіп жатқан жерін тастап кетпейді. Егер қандай да бір жағдайлармен
сол жерді тастап кетуге мәжбүр болса, кейінірек сол жерге қайтып оралады.
Көптеген түрлер ұзақ та алые миграциялардан кейін өздері көбейетін жерге
қайтып келеді. Мұны экологияда «хоминг» (ағылш. home -үй) деп атайды.
Мысалы, қараторғайлардың бір жұбы жыл сайын өзінің ұясына келіп қонатыны
белгілі. Ал көгершіндерді іс жүзінде - хат тасу үшін пайдаланғаны бәрімізге
белгілі.
Популяцияның жыныстық құрылымы - особьтардың жыныстары бойынша ара
қатынасы. Популяциядағы жыныстардың ара қатынасы генетикалық зандар
бойынша анықталады және оларға орта әсер етеді. Көптеген түрлерде болашақ
особьтың жынысы ұрықтану кезінде хромосомдардың комбинацияларының
өзгеруі нәтижесінде анықталады.
Жыныстық белгілері көбіне аталықтары мен аналықтарының морфологиялық
(өлшемі, түсі), физиологиялық (өсу қарқыны жыныстық жетілу кезеңі),
экологиялық және мінез-құлықтық айырмашылықтарын анықтайды. Мысалы, қан
сорғыш масалар (Culicidae) тұқымдасына жататын масалардың аталық особьтары
имаго кезеңінде (жәндіктер мен кейбір буын аяқтылардың жеке даму кезеңіндегі
ересек стадиясы) аналық особьтары сияқты қанмен емес, тек өсімдіктердегі
шықтарды жалаумен, өсімдіктер шырынымен қоректенеді немесе тіпті
қоректенбейді де. Табиғатта аналық особьтары көп өлетін түрлер де (мысалы,
ондатра, пингвин, жарқанат) және керісінше аталық особьтары көп өлетін
түрлерде де (көптеген кемірушілер, қырғауылдар) кездеседі. Кейбір
жарқанаттарда қысқы ұйқыдан сон аналық особьтардың үлесі популяцияның тек
20%-ын ғана құрайды. Сондай-ақ популяциядагы жыныстар ара қатынасына орта
жағдайлары да әсер етеді. Кейбір түрлерде жыныс генетикалық факторларға емес,
экологиялықщ факторларға байланысты.
• Мысалы, Arisaema japonica өсімдігінің жынысы түйнектеріндегі қоректік
заттар қорының жиналуына байланысты. Үлкен түйнектерінен аналық
гүлдері бар особьтар, майда түйнектерінен аталық особьтары өсіп шығады.
Сары орман құмырсқаларында (Formica rula] + 20°С төмен температурадағы
салған С төмен температурадағы салған жұмыртқалардан аталық особьтары,
ал жоғары температурада - аналық особьтары Дамиды. Бұл құбылыс ұрық
сақталатын ұрық қабылдағыштын бұлшық еттеріне байланысты, өйткені олар
тек жоғары температурада ғана белсенді болып, жұмыртқалардың
ұрықтануын қамтамасыз етеді. Ал ұрықтанбаған жұмыртқалардан жарғақ
қанаттыларда тек аталық особьтар дамиды.
Әсіресе популяцияның жыныстық құрылымына ортаның жынысты және
партеногенетикалық (жынысты көбеюдің бір түрі - аналық ұрық клеткалары
ұрықтанбай дами бастайды, эволюция барысында жеке жынысты және
гермафродит формаларда пайда болған бір жынысты көбею) ұрпақтары кезектесіп
отыратын түрлерде жақсы байқалады. Дафнияларда (Daphnia magna) қолайлы
температурада партеногенетикалық жолмен аналық особьтар, ал жоғары немесе
томен температурада популяцияларда аталық особьтар пайда болады. Ал
шіркейлерде қос жынысты ұрпақтың пайда болуына күн ұзақтығы, температура,
особьтар тығыздығының артуы және т.б. әсер етеді.
Популяцияның генетикалық құрылымы - особьтардың әртүрлі дәрежедегі
генетикалық әр түрлілігімен сипатталады. Популяция особьтарындағы гендердің
жиынтығын генефонд деп, ал бір ағзаның хромосомасындағы бүкіл гендердің
жиынтығын генотип деп атайды. Генетика тұрғысынан, популяция - генотиптер
жиынтығы.
Генотип орта жағдайларымен өз ара әрекеттесіп фенотип түзеді-
Фенотип - генотиптің орта жағдайларымен әрекетгесуі арқылы
құрылатын особьтардың барлық белгілерімен қасиеттерінің
(морфологиялық, физиологиялық және мінез- құлықтық)
жиынтығы.Вирустар мен микроағзалардан бастап жоғары сатыдағы
өсімдіктер мен жануарларға дейінгі тірі ағзалардың бәріне тән қасиет
- мутацияға ұшырау мүмкіндігі. Мутация - табиғи немесе жасанды
жолмен тұқым қуалайтын генетикалық материалдың өзгеруі
нәтижесінде ағзаның кейбір белгілерінің өзгеруі. Популяцияның
жастық құрылымы особьтардың барлық жас топтарын, оның ішінде
ағзаның барлық даму стадиялары мен фазаларын қамтиды (мысалы,
жәндіктердің қуыршақтары мен личинкалары, өсімдіктер өскіндері).
Жануарлар популяциясында үш экологиялық жасты бөледі:
репродуктив алды (өндіруге дейінгі), репродуктивті (өндіруші)
және репродуктив соңы (өндіруден кейін). Жалпы өмірінің
ұзақтығына қатысты әрбір жастың ұзақтығы әр түрде әрқалай
болады. Адамдарда әрбір жас тобына бүкіл өмірінің үштен бір
бөлігі келеді. Ал көптеген өсімдіктер мен жануарларда алғашқы
Жас тобы ұзақ болып келеді. Өсімдіктердің тіршілік циклын 4
кезеңге біріккен 11 жастық күйге бөледі
ПОПУЛЯЦИЯНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ
ҚҰРЫЛЫМЫ
Популяцияның генетикалық құрылымы ең әуелі оның популяциялық
генофондының аз, көптігіне байланысты. Генофонд деп популяциядағы
барлық дарақтардың гендерінің жиынтығын айтады. Генофонд біріншіден
түрдің негізгі сипатын, екіншіден тіршілік ету ортасының ерекшеліктеріне
популяцияның бейімделген ерекшеліктерін сипаттайды. Генетикалық
құрылымның генофондтық қоры популяциядағы әрбір дарақтың әртүрлі
қасиеттері мен белгілерінің өзгергіштіксипатын да мәлімдейді. Сонымен
қатар әрбір дарақтың геномының күрделілігі де популяцияның генетикалық
құрылымының маңызды көрсеткіштерінің біріне жатады. Геном күрделілігі
дарақтың әрбір сипаттар бойынша гетерозиготтық дәрежесіне байланысты.
Популяция – эволюциялық үрдістің қарапайым бірлігі деген ұғым
тұрғысынан алып қарағанда популяциядағы ағзалардың түрлік ерекшелігі
және сұрыптаудың әсерінен популяцияның генофондының өзгерісінің
маңызы зор. Жалпы популяцияның генетикалық құрылымы сол
популяциядағы әртүрлі генотиптер мен аллелдердің сандық қатынасымен
өлшенеді. Популяциядағы барлық дарақтардың гендерінің жиынтығы
генофонд деп аталады. Генофонд генотиптер мен аллелдердің популяцияда
кездесу жиілігімен сипатталады. Аллелдердің кездесу жиілігі деп белгілі
бір геннің аллелдерінің жиынтық санынан әрбір аллелдің иеленетін сандық
үлесін айтады. Барлық аллелдердің жиынтығының қосындысы бірге тең:
р+q=1 , мұндағы р – доминант аллелге (А) тиесілі үлес; q – рецессив
аллелге (а) тиесілі үлес.
Популяцияның генетикалық анықтамасы бойынша: «Бір түрге жататын, өзара
жыныстық жолмен бөгетсіз шағылысып көбейетін, туған ұрпағы да көбеюге
қабілетті ағзалар менделдік популяция деп аталады». Менделдік популяцияның
тұрақты тіршілік етуінің негізгі тірегі оны құрайтын дарақтардың жыныстық
жолмен көбеюі нәтижесінде өзара тектік ақпарат алмасуына байланысты.
(Тектік ақпарат алмасу дегенді әртүрлі жұп гендерді яғни гендердің әртүрлі
жұбын алмасу деп ұғынған жөн).
Жыныстық емес жолмен көбейетін, анығырақ айтқанда өздігінен ұрықтанатын
жануарлар, өздігінен тозаңданатын өсімдіктер және партеногенез жолмен
көбейетін жануарлар өзара генетикалық (тектік) ақпарат алмаса алмайды.
Сондықтан олар менделдік популяция емес, бірге тіршілік етіп, дараланып
көбейетін ұрпақтардың жиынтығы деп есептеледі.
Популяцияның сандық мөлшері әртүрлі. Популяцияны құрайтын ағзалардың
санына қарай, әсіресе популяциядағы көбеюге жарамды ұрғашы дарақтардың
санына негіздеп төмендегідей топқа бөледі:
а) 100 -ден аз көбею жасындағы дарақтары бар популяцияны – кіші популяция;
б) Ұрғашылары 1000-нан аз болса – орташа популяция;
в) Ұрғашылары 10000-нан аз болса – үлкен популяция;
г) Ұрғашылары 100000-нан көп болса – аса үлкен популяция.
Популяцияның сандық мөлшері үлкен болған сайын популяциялық
генетиканың заңдылықтарына жақсы сәйкеседі. Дарақтарының саны мол, олар
өзара бөгетсіз шағылысып көбейетін популяцияны панмиксиялық (гр. pan -
жаппай, түгелдей; mіхіх – қосылу, будандасу) популяция деп атайды.
Панмиксиялық популяция түрдің ең кіші бөлігін құрайды. Жоғарыда айтылған
барлық аллелдердың жиілігінің қосындысы бірге теңеседі (р+qq = 1) деген
заңдылылық Харди-Вайнберг зандылығы деп аталады. Ағылшын математигі
Г.Х.Харди, неміс дәрігері В.Вайнбергтер аллель гендердің жиілігін зерттеуі
нәтижесінде анықтаған бұл заңдылықтың негізгі тұжырымдамасы:
«Популяциядағы аллелдердің салыстырмалы жиілігі ұрпақтан ұрпаққа ауысқанда
тұрақты сақталады» деп дәлелдейді. Популяция төмендегі талаптарға сәйкес болса
Харди-Вайнберг заңы қуаттылығын дәлелдеп жүзеге асады: 1) популяцияның саны
мол, үлкен популяция болса; 2) популяциядағы дарақтар бөгетсіз еркін
шағылысатын болса; 3) сұрыптау жүрілмеген болуы шарт; 4) жаңа мутациялар
шықпаған болуы шарт; 5) популяцияға жаңа генотиптер (дарақтар) келіп
қосылмаған және генотиптер (дарақтар) басқа жаққа шығып кетпеген болуы шарт.
ПОПУЛЯЦИЯНЫҢ ӨЗГЕРМЕЛІ
КӨРСЕТКІШТЕРІ
Популяцияның ішіндегі әртүрлі құбылыстардың (туу, өлу, қоныс аудару т.б) және
сыртқы ортаның әртүрлі әсерінің салдырынан популяциядағы дарақтардың саны
мен тығыздығы үнемі өзгеріп отырады. Популяцияның өзгермелі (динамикалық)
көрсеткіштері белгілі бір уақыт аралығында популяцияда жүрілген құбылыстарды
мәлімдейді. Популяциялық генетиканың негізін қалаушылардың бірі
С.С.Четвериков бұл өзгерістерді «тіршілік толқыны» деп атаған. Популяцияның
негізгі өзгермелі көрсеткіштеріне туу, өлім-жітім, популяцияның өсім қарқыны
жатады. Табиғи популяциядағы бұл көрсеткіштерді тек ол популяция сол түрдің
басқа популяцияларынан ерекше оңашаланған жағдайда ғана толық анықтауға
болады. Мысалы аралда мекендейтін жануарлардың популяциясының туу, өлу
көрсеткіштері мен өсім қарқынын анықтау оңайға түседі.
Басқадай жағдайда кейбір популяция бірнеше ондаған ғана дарақтан, ал
кейбірі миллондаған дарақтардан құралады. Және кейбір популяцияның
тараған мекен орны бір неше жүз шаршы метрден аспайды, ал енді біреулері
көптеген мың шаршы километр аумақты иеленеді. Кейбір жануарлардың
популяциясында туу бір неше сағат сайын жүріліп (мысалы, қарапайымдар)
популяцияның саны қысқа мерзімде өзгеріске түседі, ал кейбір жануарлар
жылына бір рет, 2-3 жылда бір рет туады. Сондықтан популяциядағы туу,
өлім-жітім т.б өзгерістерді анықтау оңай емес, және әрбір жануарлардың
биологиялық , экологиялық ерекшеліктерін біліп, соған сәйкес зерттеу
жүргізуді талап етеді.
Егер популяцидағы дарақтардың кейбірінің қоныс ауыстырып басқа
популяциядан келіп қосылуын немесе басқа популяцияға кетуін ескермесек
популяцияның саны популяциядағы туу және өлім-жітім көрсеткіштерінің
сандық ара қатынасы арқылы анықталады.
Популяцияның өзгерімелі көрсеткіштерін сипаттау үшін төмендегі
белгілер қолданылады:
• N – популяциядағы дарақтардың саны;
• t – уақыт;∆N/ ∆t – 1дараққа (ағзаға) тиесілі мөлшермен есептегенде оның
санының белгілі бір уақыттың ішінді өзгеруінің меншікті орташа екпіні
(жылдамдығы).
Популяцияның өсу қарқыны. Популяциядағы дарақтар санының уақыт
бірлігінде өзгеру көрсеткіші популяцияның өсу қарқыны делінеді.
Популяцияның өсім қарқыны оң санды не теріс санды көрсетуі немесе
нөлге тең болуы мүмкін. Қандай көрсеткіште болуы туу, өлім және қоныс
аудару (миграция) құбылысының сипатына байланысты. Туу мен көшіп
келіп қоныстану (иммиграция) популяцияның өсімін арттырады. Өлім мен
көшіп кету (эмиграция) популяциясының өсімін азайтады.
Популяциядағы дарақтардың өсу қарқынын (немесе популяцияның өсімі)
жалпы яғни нақты (абсолют) өсім және сыбағалы (яғни салыстырмалы)
өсімі деп бөледі. Белгілі бір уақыт аралығында ) популяциядағы дарақтар
санының ) өзгерісі популяцияның жалпы немесе нақты өсімі деп аталады:
Популяцияның өсімін ) оның бастапқы санымен ( ) салыстырғандағы
сандық мәні сыбағалы (немесе салыстырмалы) өсім деп аталады
ҚОРЫТЫНДЫ
Популяцияның өсу қарқыны көбінесе оның дарақтарының тығыздығына
байланысты. Популяциядағы дарақтардың саны өсіп, тығыздығы артқан сайын
оның өсу қарқыны бәсеңдейді. Осылайша өсу қарқыны дарақтардың
тығыздығына (яғни санына) тәуелді популяциялардың өсімін сызба арқылы
бейнелесек ол S – бейнелі сызба болып шығады. Мұндай популяцияның саны
шегіне жеткен кезде өсім қарқыны мүлдем тоқтап өсім мен шығынның
айырмасы нөлге тенеседі. Бұл популяцияның санының тұрақтанғанын
көрсетеді.
Туу көрсеткіші жоғары болған сайын өлім – жітімге мол ұшырайды. Соның
нәтижесінде популяцияның шамадан тыс өсуі шектеліп, тұрақтылығы
сақталады. Табиғи жағдайда кейбір популяцияның өсу жылдамдығы кейде өсу
қабілетінің (яғни биоталық әлеуетінің) ең жоғары деңгейіне жетіп өсе
алғанымен мұндай жедел өсу қарқыны ұзаққа созылмайды, көп ұзамай
популяцияның санының өсімі қалыпты мөлшерге түседі.
Пайдаланылған әдебиет:

1. Википедия интернет сайты
2. 2. stud.kz

Ұқсас жұмыстар
Популяциялық таксономия
Урбанизация және көші - қон мәселелері
Ағзаға дейінгі деңгейлер
Популяциялардағы мутацияның кездесуі
ГЕНДЕР ДРЕЙФІ
Түрдің пайда болуы - жаңа түрлердің пайда болу процесі
Жалпы экология пәні, міндеттері және құрылымы
Табиғи сұрыпталу
Популяциялардың генетикалық құрылымы
ЭКОЛОГИЯ БИОЦЕНОЗ
Пәндер