ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА


Slide 1

ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА

Slide 2

Жоспары: 1. Ядролық медицина 2. Заманауи медицинада қолдануы 3. Ауруларды емдеуде қолдануы

Slide 3

Молекулалардың ыдырауы­ туралы теория қа­зіргі кезде оқулық аясы­нан шығып, заманауи ғы­лымда еркін қол­даныла бастағаны соншалық, адам ағзасын терең тану­да да көмекке келуде. Жа­һандық денсаулық жүйе­сін­дегі озық үлгілер емделуі қиынға соғатын күрделі ауру­лармен күресте көзіміз же­те бермейтін беймәлім, түсі­ніксіз, жа­сушалардың молекуласы деңгейінде бетбұрыс жасау­ды стратегиялық межеге айналдырып отыр.

Slide 4

Қазіргі заманауи озық медицина онкологиямен осы дең­гейде күресуді қолға алды. Бұл әдістеме қа­терлі дерт туралы нау­қасқа ал­дын ала ескертуімен һәм емдей бі­луімен құнды. Осы ара­да қазір­гі медицинаның ең же­текші бағыт­тары саналатын молекулярлы және ядро­лық медицинаның жолы түйі­седі.

Slide 5

Ядролық медицина молекуланы «көре» алады және оның қайда тұрғанын дәрігерлерге «хабарлап» қана қоймай, оның құрамы, шығу тегі туралы мәліметтерді бе­ре алады. Дәл осындай зерттеу жұмыстары Президенттің Іс бас­қармасы Медициналық орталығы ауруханасының ядролық медицина орталығында жүргізілуде. Құрылғанына көп бола қоймаса да­ орталықта қатерлі ісікті анықтауда жаңа заманауи әдіс­те­­ме­лер қолданудың өзіндік тарихы қалыптасты.

Slide 6

Сондай-ақ шетелдік әріптестердің де ең соң­ғы тәжі­рибелері қолданылады. Әрине, ядро­лық медицинаның даму барысы, қатерлі ісіктің емде­летіні жөнінде жұртшылықты мазалаған мәселе көп. Таяуда аталған орталыққа Из­раиль­ден арнайы шақырылған Со­фия Ланцберг көпшілікті толған­дырған сауалдарға жауап берген еді.

Slide 7

Қазір әр науқастың ерекше­лігіне негізделген «дербестен­дірілген медицина» ұғымы кеңінен танымал. Бұл ядролық медицинада қалай көрініс тауып отыр? Рас, қазіргі әлемде ісік ауруларының саны шексіз. Адамдар ісіктің қатер­лісінің де, қатерсізінің де қан­дай екенін жете білгісі келеді. Яғни болжау, деңгейін білу, жасу­шалардың көбею барысына көз жеткізу адамның өмірін ұзарта түсетініне, қандай ем қолдану керектігін көрсететініне күмән жоқ.

Slide 8

Сондықтан ядролық медицинада науқасты қарау барысында көп көлемде диагностикалық маркерлер қолданылады. Бұл оқшауланған ісікті және қатер деңгейін көрсетеді. С. Ланцбергтің айтуынша, бүгінде ісікті анықтау үшін жасушаның гендік түрін радиоактивті заттармен белгілеуге мүмкіндік бар. Мәселен, омырау безінің қатерлі ісігі бойын­ша қа­растырсақ, оның бірі сүйек­ке таралса, екіншісі бауырды зақым­дайды. Бұл бір-біріне ұқсамайтын екі түрлі ауру.

Slide 9

Яғни дәрігерлердің омыраудың қатерлі ісігі деген жалпылама диагнозы жеткіліксіз. Оның қайсысына жататынын анықтаған ләзім. Дәлме-дәл қо­йыл­ған диагноз - дәрігердің қо­лын­дағы қару іспетті.

Израилдік маман ғалымдардың ісіктің көзге көрінбес жасушадан­ пайда болатынын, оның тез бөлі­не­тінін байқағанын айтады.

Slide 10

Жасу­шалар қантты көп жинақ­тағаннан зат алмасу мен өсудің көзі ретінде қызмет етеді. Сондықтан глюкоза­ны F18 радиоактивті заттармен белгілеп, қатерлі ісік жасушаларын табу үшін адам ағзасына енгізеді. «Алайда біз ісікті анық­тау мен зерттеу үшін молекула мен маркерді алмастыра аламыз. Өйт­кені әр науқастағы қатерлі ісік жасушаларының таралу жыл­дамдығын білгіміз келеді.

Slide 11

Бұ­ған белгілі ісік рецепторына қосы­латын немесе қарсы денелер са­на­­латын әртүрлі биологиялық мо­ле­кулалар қолданылады. Оны­­ радиоактивті эммитермен моле­куланың қосылу мүмкіндігіне байланысты белгілейді. Бұл жалпы жағдайды шолу үшін қажет. Ал бізге сыртқы анықтау құралы арқылы ең түбіне бойлаған жөн.

Slide 12

Бұл ретте қазіргі медицинада ісік­ті байқау үшін екі аппарат қол­­данылады. Оның бірі позитронды эммисиондық томография бол­са, екіншісі - компьютерлік томография. Мәселен, қара дақты бақылағанымызбен, оның қайда тұрғанын нақты біле алмаймыз. Ал компьютерлік томография анатомиялық картинаны толы­ғымен көруге, сол арқылы ісіктің бар екендігін ғана емес, қайда тұр­ғанын да анықтауға жол ашты. КТ аппараты үлкейтілген түйін­ді көрсете алады.

Slide 13

Бірақ оның бәрі патологиялық түрге жата бер­мейді. Сол сияқты кішкене түйінді де әрдайым жағымды қабылдауға болмайды. Оның көлемі кішкене болғанымен, ауруға алып келуі әбден мүмкін. Сондықтан молекулярлы деңгейде зерттеу жүргізудің маңызы зор», дейді израилдік дәрігер.

Slide 14

Сондай-ақ ядролық медицинада жаңадан дамып келе жат­қан «тераностика» атты емдеу тәсілі бар. Мұнда диагностикалау­да қолданылатын маркердің орнын Альфа және Бета эммитері ауыс­тырады. Гамма-эммитермен сканерлегеннен кейін науқасты Альфа және Бета эммитерімен емдейді.

Slide 15

Өкінішке қарай, заманауи медицина барлық ісікті жеңе алмайды. Десе де, радиоактивті зат­тармен емделетін ісік түрлері кез­деседі. Оның негізгі себебі уыт­ты­лығының аз болуында. Бірақ хи­миялық терапиядан ерекшелігі ретінде кері әсері көбіректігін ай­ту­ға болады.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Интервенциялық ядролық медицина
СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫ СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫ
Жаһандық проблемалар және болашақ мәселесі
Атом физикасы
Семей ядролық полигоны
Радиациялық және химиялық қауіптілік
Биологиялық мембраналар. Иондық каналдар. Электрогенез механизімі
Қоршаған ортаның антропогенді әсер
Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар
Радионуклидтердің қолданылуы мен өндіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz