Ортақ болашағы бар ұлттың қалыптасуы


Slide 1

Қазақстан Ресей Медицина Университеті

“Ортақ болашағы бар ұлттың қалыптасуы"

Орындаған: Аяжан Бимахан

Қабылдаған: Гүлжанар Шуланбекова

Slide 2

Жоспары:

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы

«Рухани жаңғыруды» іске асыру

«Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел»

Slide 3

Ортақ тарихи сана - ел бірлігінің кепілі

Әлемдегі мемлекеттердің қай-қайсысын алып қарасаңыз да ол өз болашағының жарқын болғанын және озық елдер арасында жүргенді тілейді. Бірақ кез-келген мемлекеттің бұл мақсатқа қол жеткізуге дәрмені жете бермейді. Оның себептері әр алуан. Адамзат дамуының өткеніне зер салып қарасақ, мемлекеттің ілгері дамуы мен өркендеуіне бөгет болатын негізгі кедергілердің бірі ол - ел ішіндегі алауыздық пен берекесіздік екенін тарих көрсетті. Мәселен, қазақ қазақ болғалы талай заманды өткерді, талай зобалаңды бастан кешті.

Slide 4

Қазақта «Елу жылда ел жаңа» деген сөз бар. Тұтас бір ұлтың санасын өзгерту оңай шаруа емес. Оған уақыт керек. Қажырлы еңбек керек. Тарихымызға қатысты екі-үш кино түсірумен, газет-журналдарға мақала жариялаумен ұлттың тарихи санасын қалыптастыра алмаймыз. Ол жүйлі һәм кешенді мемлекеттік саясаты қажетсінетін дүние. Оны қозғасаң ар жағынан ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен мәселенің төбесі көрінеді. Ол отбасындағы, балабақшадағы, орта мектептегі, жоғарғы оқу орнындағы тәрбие мәселелері. Ұлт санасын қалыптастыруда білім беру саласының маңызын Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та үнемі айтып келеді.

Slide 5

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы - Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады»

Н. Ә. Назарбаев

Slide 6

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың сәуір айындағы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы - Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады» деген болатын.

Slide 7

«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында болатын «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы Тұңғыш Президент ұсынысынан кейін оны жүзеге асыру ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Халықтары ассамблеясына жүктелді.

Slide 8

Рухани жаңғыруды іске асыру қазіргі таңда басты тапсырма болып отырғаны белгілі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері өткен ғасырлардағыдай ауырпалықтар: соғыс, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін және тағысын тағылар кездескен емес. Оның барлығы да біздің халықтың даналығы, жігерлігі, төзімділігінің арқасы. Қазақстан тарихының парағы тереңнен тамыр тартады. Оның ішінде ата-тегіміздің небір қиын дәуірлерден өткендігі де, керісінше жайлауда жүріп талай-талай қызықты дәуренде өмір кешкендері де жазылған. Сол қалың тарихты білу, ұмытпау, ата рухына әрдайым тағзым етіп жүру, бұрынғылардың кешкен ауыр тағдырын кешпеуге тырысып, тек олардың даналықтарынан үлгі-өнеге алуға талпыну, алға ұмтылу - барша Қазақстан азаматының, әсіресе бүгінгі өскелең ұрпақтың алдында тұрған міндет.

Slide 9 Slide 10

Қазақтың данышпан, көреген, қайсар ұлт екендігін барша әлем жұрты мойындаған. Оның ішінде өткен ғасырларда дүниеден өткен небір ұлы тұлғалар бары жасырын емес. Ұлтымыздың ерекшелігі - мәдениетінде, тәлім-тәрбиеге баса назар аударатынында, күнделікті өмірде әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді тастамай ұстанатынында болып табылады. XX ғасыр қазақ елі үшін аса қиын заман болды. Соның салдарынан еліміз біраз дәстүрлері мен ғұрыптарынан, ана тілінен, дінінен, өнерінің біршама бөлігінен ажырап қалды.

Slide 11

Қысқасы, мәдениетіміз едәуір есеңгіреп қалды. Егемендік алғаннан кейін тарихта болған қаншама жағдайларға қарамастан Қазақстан аяққа тез тұрып кетті. Бүгінде еліміз дамушы мемлекеттер қатарында. Республикамызда дарынды, болашаққа деген ұмтылысы жоғары жастар өте көп. Айналаға терең назар аударсаңыз қазақтың тарихын құштарлана оқып, ата-баба аманаты - киелі жерімізді сақтап тұруға тырысатын, олардың салған жолымен жүруге бағытталған қаншама жасты байқауға болады.

Slide 12

Сөйтіп, рухани жаңғыруға аса ықпал ететін «100 жаңа есім» жобасының алғашқы жылы жайлы айтайық. «Қазақстандық 100 жаңа есім» жобасы бойынша елімізде 2017 жылдан бері көптеген ел азаматтары танылуда. Олардың әрқайсысының өздеріне тән таланттары бар. Барлығы да еліміздің руханиятының қайта жаңғырылуына сүбелі үлестерін қосып жүр. 2017 жылы жобаның ресми порталына 2098 электронды өтінім келіп түскен. «100 жаңа есімді» анықтау үшін оффлайн акция басталды. Акция несімен өзгеше десеңіз, науқан барысында ұйымдастырушылар Қазақстандағы халық ең көп шоғырланған жерлерге барып анкета таратты. Онда кез-келген қазақстандық азамат өзінің немесе таныстарының бүгінгі және келешек қоғамға үлгі болған оқиғасын жаза алды. Ал ол жиналған ақпар барлық азаматтар анкетаны толтырғаннан соң арнайы сайтта жария етілді. Міне, бастапқы жылдың ерекшелігі осы. Яғни онда азаматтар өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік алды.

Slide 13

Жоғарыдағы статистикаға қарап Қазақстанда мыңдаған жас дарын иелері барын оңай байқамыз. Өз халқымыздың, өз ұлтымыздың ішіндегі ерекше қабілеттерге ие азаматтарын тани бермейтініміз жасырын емес қой?! Аталған жоба арқылы ел халқы мемлекетіміздегі өзгеге үлгі боларлық сан мың адамды танып, білді.

Slide 14

Жобаның басты мақсаты - Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту.

Slide 15

Жаңа 100 есімді таңдау кезінде сарапшылар әлеуметтік, мәдени, салалық, аймақтық тәрізді бірнеше қағидаларды ескерді. Мемлекетіміздің ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев: «Өтінімдерді жинау барысында елімізде мақтан етуге де, өскелең ұрпаққа үлгі етуге де лайықты мыңдаған бірегей жандардың бар екеніне куә болдық. Осынау жаңа есімдер арқылы тұтас Тәуелсіз еліміздің табыс тарихының жаңа парақтары ашылмақ» деп айтқан болатын. Министрдің бұл сөздерінен 100 есім иелерінен бөлек, тағы басқа да мыңдаған азаматтарды мақтан етуіміз керектігін аңғаруға болады. Себебі ол адамдар жеңімпаздар қатарына кірмегенмен, барлығының да өзіндік тарихтары, өзіндік дарындары бар.

Slide 16

«Қазақстанның 100 есімі» жобасына еліміздегі облыстар пен қалаларды алғанда барлығы 16 өңірден өтініш хаттар түскен. Соның ең көбі Қостанай мен Түркістан облыстарынан келсе, ең азы Талдықорған қаласынан ұсынылған. Жіберілген өтінімдер әртүрлі бағытта болды: спорт, ғылым, мәдениет, бизнес, медицина, қоғам. Оны жеке-жеке айтатын болсақ: спорт саласына қатысты 235, ғылыммен байланысты 210, мәдениетпен ұштасқан 307, бизнес саласының үздіктерінен 257, медицинаның шамын жағып жүргендерден 200, қоғамның жүйрік белсенділерінен 889 өтініш келіп түскен

Slide 17

Ең ерекше тұсы - оның алдыңғы жылы тізімге өтіп, алайда жеңіске жете алмаған қатысушылар бағын сынап көруге мүмкіндік ала алды. Ал талаптары мынадай болды:

- Үміткер Қазақстан азаматы болуы тиіс;

- 18 жасқа толуы міндетті;

- Мемлекеттің жағымды имиджін қалыптастыруға ықпал ететін қызмет саласында еңбек етуі керек;

- Заманауи Қазақстан келбетін өз жетістіктері мен табыстары арқылы бейнелей алатын тұлға болуы керек;

- Қазақстан дамуына нақты үлес қоса алған азамат болуы тиіс.

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Елбасы және бір сөзінде
XXI ғасырдағы ұлттық сана
Ұлттық қатынастардың субъектілері
Мемлекетті әлсіретудің амалы қоғамдағы ұлттық бірегейлікті ыдыратумен тең
Саяси түсіндірме сөздік
МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ АЛҒЫСӨЗ
ҰЛЫТАУ ҰЛАҒАТЫ
Қазақстандық елжандылық туралы ақпарат
Ұлттық құндылықтар мен Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білімінің сабақтастығы
Ұлттық құндылықтар - тұтас бір жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz