Қой малын азықтандыру




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министирлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік унииверситеті

«Қой малын азықтандыру»

Орындаған:Нұрлыбекова Д
Тобы:ВМ 803
Тексерген:Жарқынқызы А
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім

Қой шаруашылығы
Қой шаруашылықтарын өсіру аймақтары
Қойларды азықтандыру
Саулықтарды азықтандыру
Буаз саулықтарды азықтандыру
Қой туралы қызықты мәліметтер

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Қой (лат.Ovis aries) — қуысмүйізділер тұқымдасына жататын,
күйіс қайыратын жұптұяқты мал.
Қой неолит дәуірінде қолға үйретіле бастаған жабайы қойлардан
шыққан. Үй қойларының ата-тегінің үш түрлі атауы бар. Олар
муфлон, арқар және жабайы қыр қойлары болып табылады.
Олардың ертеде қолға үйретілгендерінен үй қойларының түрлері
пайда болған. Басқа түліктерге қарағанда, қой қолға үйретуге өте
қолайлы келген. Жабайы қой тұқымдарын адам баласы көптеген
уақыт алып, бағып-қағып қолға үйретті, үй қойы етіп, жерсіндірді,
ауа райына көндіктіріп, дағдыландырды, содан қой түлігі атанды.
Қолға үйренген үй қойларының да тұқымдары әр түрлі болып
келеді.
Қой шаруашылығы
Қой шаруашылығы ет - жүн бағытындағы және биязы,
жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді.
Қой шаруашылығының өсіру аймақтары

Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалды
жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда,
ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ
аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2
млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн
бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және
Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік
Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік
Африканың қоңыржай және субтропиктік
белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған.
Қойдың басым көпшілігі жеке
иелерге немесе компанияларға
қарайтын ірі қой шаруашылығында
өсіріледі. Ондай шаруашылықтар
"шипстейшнз" деп аталады.
"Шипстейшнз" ондаған, кейде тіпті
жүздеген мың гектарды алып
жатады. Оның ең үлкенінің ауданы 2
мың км²-ден асады. Қой бүкіл жыл
бойы табиғи жайылымдарда
жайылып бағылады. Көбінесе
жоғары сапалы жүн беретін биязы
жүнді қой тұқымы — Аустралия
мериносы өсіріледі. Гоулберне
қаласында осы қойға "Үлкен
Меринос" деп аталатын ескерткіш
орнатылған.
Қойларды азықтандыру
Жайылым оты жетіспеген жағдайда қойға ірі, шырынды,
құнарлы азықтармен толықтырады.Қой ұсақ, майда пішенді
жақсы жейтінін, бірақ ірі қарамен салыстырғанда азық
клетчаткасын нашар қорытатынын ескеру қажет. Қой азыққа
онша талғампаз болмағанымен рацион азығы мол және әртүрлі
болғанын қалайды.Жылдың мал жаюға жайсыз мезгілдерінде
қосымша азықты үзбей беру керек. Әйтпесе, азықтандыру
жағдайы төмендеген қой арықтап, тері, одан жүн талшықтары
зардап шегеді.
Саулықтарды азықтандыру
Шаруашылықтағы қой басының басым үлесі саулықтар үлесіне
тисе ғана қойларды өз төлінен көбейтіп өсіруге болады. Демек,
саулық азықтандыру қой басының көбеюіне және олардан
алынатын өнім көлеміне тікелей ықпал етеді. Дер
кезінде ұрықтанып, мол қоздап, сапалы жүн қырқу үшін
саулықтарды дұрыс кұнарлы азықтандыру қажет. Олай болмаған
жағдайда саулықтардың күйі келмей, нәтижелі ұрықтанбай,
нашар жетілген жалқы қозытуады. Оны уызға, сүтке жарытпай,
өздерінің жүнділігі төмендеп, қырқылған жүн сапасыз болады.
Қойдың тұмсығы ілгері
қарай бағытталған сүйір, күрек
тістері өткір, еріндері жұқа,
икемді, епті келіп,
азу тістері қатты азықты
ұсатуға бейімделген. Ол биіктігі
3-5 сантиметр, тіпті одан да
төмен қылтиып шыққан
шөпті тістеп жей алады, ал
мұндай аласа шөпті басқа мал
жей алмайды. Қой жердегі
масақты, тіпті түсіп қалған дәнді
де, сондай-ақ сояулы шөптер мен
бұталар бұтақтарының
жапырақтарын да жеп, басқа мал
түлігінің ашығатын
жайылымында өзіне қажетті
азығын тауып, қорек ете береді.
Саулықтардың азықтандыруын күйекке түсерден 1-1,5 ай
бұрын күшейтеді. Олардың күйін келтіру үшін 1 кг қосымша
салмаққа 5 азық өлшемі, 500 г қорытылатын протеин
келетіндей етіп азықтандыру нормасын жоғарылатады. Күйі
келіп нәтижелі ұрықтанған саулықты буаздық кезеңінде де
құнарлы азықтандыру қажет.
Буаз саулықтарды азықтандыру
Буаз саулықтарды мейілінше
жайылымда жайып, тірі
салмағы 50-60 кг саулықтарға
тәулігіне 2-3 кг ірі азық, 1-2 кг
шырынды азық беріп,
буаздығының аяққы кезеңінде
құнарлы жемшөп мөлшерін
400-500 г дейін көбейтеді.
Қой уызы протеинге және
майға бай. Саулықтың
сүттілігін қозылардың
күнделікті салмақ қосуынан
байқауға болады. Саулық
сүттілігіне шырынды азықтар
жақсы әсер етеді.
Дұрыс азықтандырылған буаз
саулықтар тірілей салмағын
жоғалтпай, қондылығын кемітпей
мерзімінде қоздап,
жақсы дамып жетілген ірі қозы
туады да, жақсы желіндеп, қозысын
уыз бен сүтке жарытады. Меринос
тұқымының саулықтары тәулігіне
қоздағаннан кейінгі 1-2-ші айда —
1—1,3 кг, 3-4-ші айда 0,8-1кг сүт
береді. Қазақы қой саулықтарының
сүтгілігі бұдан жоғары — 1,3—1,5
кг болады. Саулық сүттілігіне көк
және шырынды жемшөп жақсы
әсер ететіндіктен тәулігіне 2—4 кг
сапалы сүрлем, 1—3 кг пішендеме,
1—2 кг тамыр жемістілер беруге
болады
Қой туралы қызықты мәліметтер
1. Қой – көзінің қарасы
төртбұрышты өте сирек
тірі тіршілік иелерінің
бірі.
2. Қойлар өте қатты сақ
құлақ. Сондықтан бұл
жануарлар қатты
дыбыстардан қорқады.
3. Ең ұзақ өмір сүретін
қойлар 22-24 жасқа
дейін өмір сүре алатын
қар қойлары.
4. Ғалымдар клондаған
алғашқы сүтқоректі
Долли атты атақты қой
болды.
Қорытынды
Қой шаруашылығы Қазақстандағы мал шаруашылығының
жетекші саласы. Сондықтан қой басын азықтандыруды
дұрыс азықтандырудың үлкен маңызы бар. Қой негізінен
жайлым малы. Оның табиғи жайылымды жақсы
пайдалануға бейімділік қасиеті өте жоғары.
Ас қорыту жүйесі бойынша ірі қара секілді көп қарынды
күйісті малға жатқанымен, қойдың өзіндік ерекшеліктері
бар. Олар басқа малға қарағанда жайылым шөбінің көбірек
түрін жейді және оларды толығырақ пайдаланады.
Тұқымына қарай түрлі жайылымдарға бейі келеді. Мысалы,
қазақ арқар мериносы тау жайылымдары, ққылшықты қой
тұқымдар шөл және шөлейт жайылымдарды жақсы
пайдаланады. Соның арқасында арзан қой етін өндіру үшін
табиғи жайылымдарды мүмкіндігінше толық, тиімді
пайдалану көзделеді.

Ұқсас жұмыстар
Малды жазғы кезеңде күтіп бағу гигиенасы
Сиыр сүті
Қой малын ұстаудағы орындарға қойылатын санитарлық - гигиеналық нормалар
Қойды азықтандыру
Малды тіркеу
Жаңа туған төлді күтіп бағу
Сойыс малдарын тасымалдау кезіндегі ветеринарлық талаптар
Экологияның зияны
Құрамында фотосенсибилизаторлары бар азықтар
ТАЙПАЛАРДЫҢ НАНЫМ - СЕНІМДЕРІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІ
Пәндер