ШЫҒЫС МӘДЕНИЕТІ




Презентация қосу
МӘДЕНИЕТ
ЖӘНЕ
ӨРКЕНИЕТ
ОРЫНДАҒАН:.
ТОБЫ:ДО-903
ТЕКСЕРГЕН:
МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
• Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан)
– табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер.
Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен
байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген.
Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның
бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды
белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші
табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық
жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы.
Мәдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық) келесі мағыналарды беруі
мүмкін:
• Мәдениет — белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен
шығармашылығының жиынтығы;
• Мәдениет — адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі
мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.);
• Мәдениет — адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі
(сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.);
• Агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.)
• Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап
жатқандарының бәрін түгел қамтитын құндылықтарының жиынтығы
МӘДЕНИЕТТІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
• Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі.
• Танымдық қызметі
• Реттеу қызметі
• Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызметі
ШЫҒУ ТАРИХЫ
• Мәдениет ұғымы алғашқы пайда болған кезде ол адамның табиғатқа ықпал етуін анықтау
үшін, яғни оның дүлей күштерін бағындырып, көздеген мақсатына жететіндігін білдіру
үшін қолданылады. Әсіресе Мәдениет туралы түсініктің кең қолданылуы 19 ғ-да
Мәдениет өрлеу дәуірінде тарихшылар мен этнографтардың еңбектерінде ерекше орын
алды. Тіпті сол кезде «Мәдениет тарихы» деген пән де пайда болды.
• Мәдениет ұғымының қалыптасуына ежелгі Рим ойшылдары да өз үлесін қосты.
(Цицерон)
• Ортағасырлық дәуір мәдениетінің негізгі құндылығы құдай еді. Қайта өрлеу дәуірінде
мүлде жаға таным қалыптасты.
• 1920 жылдан бастап 1950 жылға дейін ұғымның 157 анықтамасы шықты. Қазіргі кезде
ғалымдардың пікірінше 500-дің үстінде мәдениеттң анықтамасы бар көрінеді.
ШЫҒЫС МӘДЕНИЕТІ
• Ежелгі Шығыс адамды ертедегі дүние аясынан алып шыққан ұлы
мәдениеттер отаны болды. Ертедегі дүниеден шыға отырып,
Шығыс адамның дүниеге қатынасының мифологиялық тәсілін
жеңе алмады. Бірақ ежелгі шығыс мәдениеттерінің әлемі – бұл
табиғат апаттарының ғана емес, озбыр мемлекет қуатының
құдайдай көрінуі. Ежелгі шығыс мәдениетінің негізі адамның
дербестігі мен еркіндігін мойындамайтын абсолютті бірлік идеалы
болып табылады. Мемлекеттің бұл типі қатаң біріктіру
қажеттілігінен туды, ол нақты табиғат жағдайларына жауап болды.
Осы мемлекет – шығыс озбырлығы зор төрешілдік аппаратпен
басқарылады, оның бірлігі қол астына қарайтын адамдардың өмірі
мен өліміне абсолютті билік етуге ие билеушімен бейнеленеді.
Мемлекеттің мұндай типі Ежелгі Шығыс елдері Египет,
Месопотамия, Үнді, Қытайға тән. Медицина едәуір табысқа жетті.
Б.з дейінгі II мыңжылдықта қытайлықтарға екі ондық музыкалық
аспаптар белгілі болды:барабан,дабыл,сыбызғы,металл
қоңыраулар,ішекті шертпелі аспаптар, балшықтан жасалған және
басқалар. Б.з. Дейінгі мыңжылдықта арнайы сарай маңындағы
музыкалық қызмет құрылады, сонымен мәдениеттің барлық
сфералары реттеуге бағынып, мемлекет билігінде болды.
БАТЫС МӘДЕНИЕТІ
• Орта ғасырлар — эллиндік-классикалық мәдениеттің құлдырау шегіне
жетіп, ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес
келетін, ұзаққа созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды. Орта
ғасырлар мәдениетінін қайнар бұлағы — «романдық бастаудан» нәр
алатын Батыс Рим империясының мәдени дәстүрлері болып саналады.
Олар құқық, ғылым мен өнер, философия, жоғары құқықтық
мәдениет, христиан діні және т.б. Бұл мәдени дәстүрлер римдіктердің
«варварлармен» күресі кезеңінде тереңдей түсіп, Батыс Еуропаның
пұтқа табынушы көптеген тайпаларының мәдени өмірінде өз
жалғасын тапты. Мұндай мәдени тоғысулар Батыс Еуропалық
ортағасырлар мәдениетінің қалыптасып одан әрі дамуына даңғыл жол
ашып берді. Мәдениеттанушы ғалымдар көне заманнан бастап жаңа
заманға дейін созылатын уақыт шеңберін ортағасырлар деп атайды.
Бұл тарихи кезең бір мың жылдан астам уақытты қамтиды, яғни V
ғасырдан бастап XV ғасырға дейін созылады. «Орта ғасырлар» деген
термин алғаш рет Италияда Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған.
Итальян гуманистері бұл терминді бір жағынан «ежелгі дүние» мен
«жаңа заманның» ара жігін анықтау үшін де қолданған. «Орта
ғасырлар» терминінін сол бір тарихи кезеңде қалыптасқан мағынасы
біздің заманымызда да өз мәнін жойған жоқ.
ШЫҒЫС МӘДЕНИЕТІ МЕН БАТЫС МӘДЕНИЕТІНІҢ
АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

• Тағы айта кететін жайт, осы экология мәселелеріне байланысты Шығыс пен Батыстың арасындағы айырмашылық
туралы. Интровертивтік Шығыс мәдениеті табиғатқа жақын, ол үстемдік етуге шақырған жоқ. Сонымен,
мәдениет адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік
және рухани қыл-көпір. Осы үндестікті (гармонияны) одан әрі жетілдіру — адамзаттың алдындағы келелі міндет.
• Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына,
шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық,
ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек
анықталады деген заңды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің
қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз
жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние — бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні —
руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп
жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады.
• Ж. П. Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы
сипатта мәдениеттің құпиясы — адамдағы «Мендік». Одан сыртқа ерекше бір нұр — азаттық, жауапкершілік,
адамгершілік сәулесі нұр шашып түр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз
менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым.
МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ РУХАНИ
МӘДЕНИЕТ
• Адам, оның қызметімен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар. Бірақ материалдық
және рухани мәдениетті бір-бірінен ажырата білу қажет.
Мәдениет материалдық және рухани: бірі-материалдық өндірістің, екіншісі-рухани
өндірістің өнімі деп қаралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері –
еңбек құралдары және көркем шиғырмалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Олай
болса материалдық және рухани мәдениеттің қызметтік ерекшеліктері бар екен. Сонымен
қатар бұл екеуі – материалдық және рухани мәдениет тұтастыққа ие. Материалдық
мәдениетті мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ал рухани мәдениеттің
өнімі материалдық нысанда болады, соның нәтижемінде ол объектіге айналуы мүмкін
және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық
және рухани демей-ақ, тұтас бірлікте алып қарауға да болады. Мәселе бұларды
ажыратуда емес, бүкіл қоғамның дамуына сәйкес, органикалық бірлігін мойындауда.
ӨРКЕНИЕТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
• Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның
материалдық және рухани жетістіктерінің
жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл
ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған
басқа халықтар мен мемлекеттерден
айырмашылықтарын көрсету мақсатында
қолданған. Олардың түсініктері
бойынша “Өркениет” қоғам, қалалық
мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі
қалыптасқан рим империясының даму
дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет
ұғымымен тығыз байланысты
ШЫҒЫС ЖӘНЕ БАТЫС
ӨРКЕНИЕТТЕРІ

Шығыс пен Батыс ғаламның екі жартысы,
Бұл-саналы адамзаттың
Отаны аталатын біздің Жер шарымыз.

Олжас Сүлейменов
ШЫҒЫС ӨРКЕНИЕТІ
• Шығыс өркениеті өмірге қабілетті келді. Ол көптеген шапқыншылықтар мен отарлау
саясатын бастан өткерді.Шығыс өркениеті икемділігі мен өміршендігін арқасында
осынау өзгерістерден өз жолын таба білді. Дегенмен өзіне ұқсас келмеген дүниелерді
өндеген жаңа бағдарлама жолындағы, техника жағынан дамыған Еуропа өркениетінен
Шығыста қалыса қоймаған болатын
• Осынау түрлі мәдениеттер тоғысындағы өркениет әлемі бір-бірін толықтырып отырып.
Жалпы әлемдік мәдениетті құрады. Мұнда Шығыс пен Батысты біріктіретін түрлі
құндылықтар мен менталитеттердің үйлесімі қашан да салтанат құрмақ.
• Қазіргі заманғы жаһандау өрісалған тұста жер шары түрлі эсементтерден құралатын
тұтас жүйеге айналуда. Осы орайда «Ғаламдық Шығыс және Батыс тарихы мына
элементтердің негізін қалаушы дуализмге:Жер мен Су, Құрлық пен Теңізге толықтай
тәуелді»-дейді Карл Шмит
БАТЫС ӨРКЕНИЕТІ
• Батыс экономикалық,саяси және мәдени стандарттарының жаһандық
экспанциясы, батыстық мәдениет үлгілерінің ығыс аймақтарына жасанды
таңылуы Батыс пен Шығыс арасында қарама-қайшылықты ушықтыра
түспек. «Мәдениет диалогы» ұғымы «Мәдениет өнімдерімен алмасу»
баламасына алмасып,барлық құндылықтар жойылып,барлық құндылықтар
мен мәдениеттерді тауарға айналдырады. Осыған орай ширек ғасыр бұрын
ғалым К.Леви-Строс өзінің ойын былай деп білдірген болатын:
«Қазіргінің адамы мәдениет арасындағы айырмашылықты өзіне
ұнамсызын жоя отырып, түсінуге талпынады».
ӨРКЕНИЕТТЕРДІҢ
АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
• С.Хантингтонның айтуынша бүгінгі өркениет өзінің тарихы, тілі, діні
мәденитеті, дәстүрлерімен бір-бірімен ерекшеленеді.Осынау ерекшеліктер
«Батыс» және «Шығыс» терминімен айқындалды.Батысқа
рационализм,христиан дәстүрі,ағартушылық, демократия, дербестік тән
болса, Шығыс үшін керісінше,мистерия,сезімталдық,исламдық және
буддистік(басқа да) діни ұстанымдар, дәстүршілдік,
ұжымшылдық,қауымдастық, мемлекеттіктің ерекше түрі тән келді
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын төмендегідей
топтастыруға мүмкіндік бар:

Өркениет-
мәдениеттің
Мәдениет пен
прогресі,болашақ
өркениет
қа бой
бір.Олар
сермеуі,қоғамны
синонимдер
ң парасаттылық
(И.Гендер,
деңгейі
Э.Б.Тайлор)
(Ф.Вольтер,
Д.Белл)
Өркениет-
Өркениет-
мәдениеттің
тағылық пен
ақыры,оның
варварлықтан
кәрілік шағы,
кейінгі тарихи-
руханилықтың
мәдени саты
антиподы
(Л.Морган)
(Ж.Ж.Руссо)
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Шығыс евразия қола дәуірі
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
Өркениет және мәдениет ұғымдары
ОРТА АЗИЯ, КАВКАЗДЫҢ ҚОЛА ДӘУІРІ МӘДЕНИЕТТЕРІ
Әлем халықтарының этнологиясы пәні
Антикалық мәдениет
Арғы түркілердің мәдени мұрасы
Темір дәуірі - тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен
ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨРКЕНИЕТІ
ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ
Пәндер